Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Скачать)

ұйым  қалыптастырған ережелер бойынша, құнды қағаздарды сату мақсатында ұйымдастырған коммерциялық емес ұйым.Оның ұйым ретіндегі мақсаты табыс табу емес, оның мүшелерінің құнды қағаздарды сатудан пайда табуына қолайлы жағдай жасау.Басында қор биржалары коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған, яғни табыссыз ұйым ретінде. Соған сәйкес оларға мемлекет тарапынан салық салынбайтын.

  • Қор биржасы акционерлік қоғам ретінде – бұл  коммерциялық ұйым, олар

табыс табуды және өз акцияларының курстық  құнын өсіруді мақсат тұтады.

  • Коммерциялық биржалар құнды қағаздар нарығын компьютерлендіру

үдерісіне байланысты пайда болды:

  • құнды қағаздар нарығында сауданың компьютерлік формасын ұйымдастыру

бүгінгі таңдағы коммерциялық қызметтің  ерекше түрі болып табылады. Компьютер  биржасының иесі өзінің компьютерлік нарығына кіргізуді ақылы негізде ұйымдастырады, ол оған үнемі табыс әкеліп отырады.

  • Биржалық сауда ұйымдары құнды қағаздар нарығының коммерциядан

оқшауланып  коммерциялық қызмет түріне айналады.

  • дәстүрлі қор биржаларына коммерциялық емес ұйым ретінде өздерінің сауда

жүйесін дамытуға қаржы ресурстары жетіспейді.  Бұл мәселені шешудің бірден бір  жолы – оларды акционерлік қоғамға  айналдыру, әрі қарай дамытуға қажетті  капитал жинау, бірақ сонымен  қатар, акциялар  бойынша пайда  түсіру және дивидент төлеуді өз  міндеттеріне алу.Заң бойынша бір акционер  (мүшеге) биржада 20 пайыздан артық акцияны иелене алмайды (мүшелікке өтер болса  дауыс жинауға). Биржа акционері басқа қор биржасынан болса бұл шектеулер күшін жояды.Коммерциялық емес серіктестік формасындағы қор биржасы оның мүелерінің шешімі бойынша акционерлік қоғам ретінде қайта құрыла алады.

  • Қор биржасына қатысушылар. Қор биржасына қатысушылар ұйымдастыру

формаларына қарай әр түрлі болады.

Егер  биржа коммерциялық емес серіктестік  болатын болса, тек оны құруға атсалысқан мүшелері ғана оған қатысушылар бола алады.

  • Егер биржа акционерлік қоғам болатын болса, оның мүшелерін акционерлер және қатысушылар бөлу үдерісі жүргізіледі, яғни аталмыш биржада саудамен айналысу құқына ие болатындар.
  • Құнды қағаздар нарығының кез-келген қатысушысы биржа акционері бола

алады. Тек кәсіби саудагерлер ғана акционерлік  биржа қатысушы  бола алады: брокерлер, дилерлер және басқарушылар.Қатысушыларды  биржа саудасына кіргізу  тәртібін биржа  бекітеді.Құнды қағаздар нарығының  басқа қатысушылары қор биржасында өз операцияларын осы биржа қатысушылары арқылы жүзеге асырады.

  • Бұл  талаптардың өзіндік ерекшеліктері де бар:
  • құнды қағаздарды саудаға салу ережелері  екі түрлі болады:
  • Құнды қағаздардың листинг/делистинг  ережесі және құнды қағаздарды листинг процедурасынсыз саудаға жіберу;
  • қор биржасы мәміле жасау ерекшеліктерін бекіте алады, ол бойынша

міндеттерді атқару құнды қағаздар бағасының  өзгеруі мен қор индексінің өзгерулеріне байланысты болады. Мұндай мәмілелер әлемдік тәжірибеде фьючерстік (сату-сатып алу) немесе опциондық (бірден пайда түсіретін) шарттар деп аталады.

  • Қор биржасы өз саудаларының жариялылығын және көпшілік алдында өтуін

қамтамасыз  ету тиіс:

  • олардың өту уақыты мен орнын көрсету,
  • құнды қағаздар котировкаларын (баға белгілерін) хабарлау,
  • сауда қорытындысын жариялау т.б.
  • Бұл нормалардың негізгі мәні сонда, оны екі түрлі тұрғыдан түсіндіруге

болады:  биржаға не құнды қағаздарды жариялы  түрде сату тапсырылады, немесе электронды түрде құнды қағаздармен мәміле жасау.

  • Қор биржасының табысы және шығыны.Биржа өзінің табысы  мен пайыздық өсімдерінің көлемін және оларды пайдалану  бағытын өз бетінше анықтайды.
  • Қор биржасының негізгі кіріс көзі төмендегідей:
  • өз қатысушыларының жарналары (егер биржа коммерциялық емес

серіктестік  болса):

  • листинг төлемдері;
  • бижаның әр түрлі қызметінің ақылары, ең алдымен жасалған мәмілелерден

түскен  биржалық жинақ;

  • биржалық ақпараттарды сатудан түскен түсім;
  • ғимараттарды және құрал-жабдықтарды жалға беруден түскен түсім;
  • биржа технологияларын сатудан түскен табыс;
  • аталмыш биржаның  қор индекстерін нарықтық актив ретінде пайдаланудан түскен түсім;
  • айыппұл;
  • кез-келген нарықтық ұйымдар сияқты қор биржасының шығын түрлері

төмендегідей:

  • ағымдағы шығындар – жалдамалы персоналдарға еңбекақы төлеу;
  • әкімшілік және басқа да эксплуатациялық шығындар;
  • амортизацияға ақша бөлу;
  • ғимарат пен құралдарды жалға алу төлемдері;
  • сауданың жаңа жүйелерін енгізуге кеткен шығындар: құрал-жабдықтар алу, бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алу, коммуналдық жүйе шығындары.
 

    Бақылау сұрақтары: 

  1. Сауданы ұйымдастыруға қойылатын  басты талаптар қандай?
  2. Қор биржасы деген не?
  3. Қазақстан қор биржасы, құрылымы, атқаратын міндеттеріне сипаттама беріңіз?
  4. Электрондық сауда жүйелерін атап беріңіз?
 
 
 
 
 
 
 

13 - ші лекция

тақырып: БҚН институционалды инвесторлары

Жоспар: 

  1. Коммерциялық  банктердің делдалдық  операциялары
  2. Зейнетақы қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік
  3. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және қызмет ету тәртібі
 
  • Бағалы  қағаздар нарығының  институционалды  инвесторлары төмендегілер:
  • Екінші деңгейлі банктер;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
  • Инвестициялық қорлар;
  • Сақтандыру ұйымдары.
  • Депозит ретіндегі уақытша бос ақша қаражаттарын жеке және заңды тұлғаларға

несиеге беру арқылы, қайта бөлу функциясын жүзеге асыратын банк ақша қаражаттарын артық субъектілер мен ақша қаражатарына мұқтаж субъектілердің арасындағы өзіндік өзгешелігі бар делдал ретінде алға шығады.

  • Мұндағы ерекшелік мынада: қажетті ресурстары бар тұлға оны тиісті

кепілдемесімен  қарыз алушыға нақты мерізімге  пайызбен бергісі келеді. Әрине, осы заманғы экономикада несие беруші мен қарыз аушының мүдделері бір жерден шыға бермейді. Яғни, мүдделердің сәйкес келуі сирек кездеседі. Бұл арада сұраныс пен ұсынысты ескеру арқылы мәмілелерді жүзеге асырудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін делдал –банк байланыстырушы буын ретінде алға шығады. Жекелеген несие берушілерге қарағанда, банк әр түрлі қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, әрі оларға өздерінің қалау  бойынша несие түрін, мерізімін, пайызын т.б. таңдауға мүмкіндік береді. Өйткені, банктер орасан зор ресурстарға ие әрі осы ресурстарды пайда әкелетіндей дұрыс орналастыра алады.

  • Банктің негізгі фунцияларының біріне  - ең алдымен кімнің кімге қарыз болуына

қарай сатып алушыдан сатушыға ағылатын ақша қаражатына делдалдық еткен қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жатады.

  • Ақша қаражаттарының қолма қолсыз ақша айналысын вексель, чек, банкнот, төлем

карточкалары  және әр түрлі төлем құжаттары  секілді қаржылық құралдар арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болады. Бүгінгі таңда банктер олардың әр түрін ұсынып жүр. Есеп айрысудағы делдалдық - әмбебап коммерциялық банктердің ең ірі функциясы болып табылады. Осыған орай, бүгінгі таңда банктер ел ішінде және одан тыс жерлерде әр түрлі ақшалай аударымдарды жүзеге асырып жүр.

  • Банктер қаржы делдалы ретінде мынадай операцияларды жүзеге асырады:

● несиелік делдалдық;

● есеп айырысудағы делдалдық;

● кастодиандық делдалдық;

● брокер - дилерлік делдалдық қызмет және т.б.

  • Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табылады. Олар биржалық

операцияларды дербес ұйымдастыра алады, әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды  да дербес орындай алады.Коммерциялық банктер өз тұтынушыларына әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл өтімділікте клиенттің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

  • Банк бұдан басқа мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

● пассивті опарециялар;

● активті  операциялар;

● меншікті операцияларды.

  • Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған және эмиссияланған

қаражаттардың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен  байланысты болады.

  • Меншікті қаражатқа акционерлік, резервтік капитал және бөлінбеген пайда

жатады. Олар бұл жерде өте маңызды  рөл атқарады, себебі өзіндік капиталдың кемуі кейде банкті банкротқа ұшыратады. Коммерциялық банктік активті опрерациясының негізгі көзіне тартылған қаражат жатады.

  • Акционерлік капитал, яғни банктің жарғылық қоры акцияларды шығару және

орналастыру арқылы құрылады. Әдетте, банктер өз қызметінің даму шамасы мен операцияларының ұлғаюына қарай акцияларды жүйелі түрде шығарып отырады.

  • Резервтік капитал немесе банктің резервтік қоры пайдадан аударып отырудың

есебінен  қалыптасады, ол болжанбаған залалдарды және бағалы қағаздар бағамының құлдырауынан орын алатын ысырапты өтеуге арналған.

  • Бөлінбеген пайда – резервтік қорға аударымдарды аударудан және дивиденттерді

төлеуден  кейін қалатын пайданың бөлігі.

  • Тартылған қаражат коммерциялық банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды.

Бұлар депозиттер, сонымен қатар контокоренттік және корреспонденттік шоттар.

  • Банктің негізгі тартылған ресурстары ретінде клиенттің барлық салым ақшасын

білдіретін  әр түрлі депозиттер алға шығады. Бұл  кәсіпорын шотындағы, жұмысшылар мен  қызметкерлердің еңбекақы шотындағы, мемлекеттік мекемелердің шотындағы  уақытша пайдаланбайтын қаражат. Депозиттер талап етілгенге дейін, мерізімді және жинақ салымдарына бөлінеді.

  • Банктерде төлем операцияларын жүргізуге біршама шығын кетеді. Алайда ол

(шығын)  кем немесе артық деңгейде  талап етілмелі шоты бар клиенттердің  өз қаражаттарын толық пайдаланбауына қарай  өтеледі. Әдетте тұрлаулы деп аталатын қалдық болады, оны банк өзінің коммерциялық мақсаттары үшін тартады, яғни пайда алу мақсатында қысқа мерізімді несие, ссуда белгілі бір мөлшерде берілуі мүмкін.

  • Банкаралық несиелер, яғни басқа банктен алынған ссудалар банк ресурстарының

маңызды көзі болып табылады. Коммерциялық банк оны Ұлттық банктен қайта  есептеу және вексельдерді қайта  кепілге салу формаларында алады.

  • Контокоррент – бірыңғай шот. Ол арқылы банк пен клиент арасындағы барлық

есеп  айырысулар мен несие операциялары жүргізіледі. Егер клиентте қаражат  болатын болса, онда бұл шот пассивтік  болып табылады, клиенттің қаражаты болмаса да ол банкке төлем тапсырмасын  берсе немесе чек жазса, онда шот  активке айналады.

  • Банктер қаражатын ұзақ мерізімге салатын клиенттерді іздестіреді. Бұл банкке

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"