Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Скачать)

тақырып:  Облигациялар  
 

  • Облигациялар  ұғымы
  • Облигацияларды шығару тәртібі
  • Купонды, дисконтты және айырбасталатын  облигациялар
  • Облигациялар бойынша табысты төлеу әдістері

  

Облигациялар  ұғымы 
 

  • Көптеген  мемлекеттерде облигациялық займдар - эмитенттерді несиелеудің негізгі  көзі.
  • Облигациялық займдардың артықшылықтары:
  • эмитент облигацияларды сәтті орналастырған жағдайда өзін жайлы сезіне алады;
  • корпоративтік облигацияларды шығару мен орналастыру эмитентке банктік қысқа мерзімді несиеге қарағанда ұзақ мерзімді заемдық қаржыландыруға иек артуға мүмкіндік береді.

Облигациялар  ұғымы 
 

  • Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік  реттеуді жетілдіру мақсатында  «мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік реттеу мен облигацияларды орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы есепті қарастыру ережелері» бекітілген.
  • Эмитент үшін облигацияларды шығару акциялар шығаруға қарағанда дұрысырақ, өйткені облигацияларды орналастыру инвесторларға акционерлік қоғамның қызметіне араласуға мүмкіндік бермейді.

Облигациялар  ұғымы 
 

  • Облигация  – эмитенттің  қарыз нысанын  білдіретін, инвесторлар  арасында орналастырылған  қаржы құралы.
  • Облигациялар белгілі бір мерзімде өтелуі тиіс және мезгіл-мезгіл пайыздар төлеуді талап етеді.
  • Немесе
  • Шығарған кезде алдын ала белгіленген айналу мерзімі бар, шығарылым шарттарына сәйкес,оны шығарған тұлғадан сыйақы алу және айналу мерзімі аяқталысымен облигациялардың нақтылы құнын ақшалай немесе басқа мүліктік баламада алу құқықтарын растайтын борыштық бағалы қағаз. 

Облигациялар  ұғымы 
 

  • Облигациялардың  эмитенттері:
  • ҚР Үкіметі;
  • ҚР Ұлттық Банкі;
  • атқарушы өкіметтің жергілікті органдары;
  • коммерциялық ұйымдар.
  • Мемлекеттік облигацияларды шығару мақсаттары:
  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджет тапшылығын,
  • нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған нысаналы шығындарын,
  • басқа бағалы қағаздар бойынша қарызын жабуға,

Облигациялар  ұғымы 
 

  • бюджеттің  кассалық тапшылықтарын жабуға,
  • бюджеттік түсімдердің шығындардан болашақ артылымына есептеліп шығарылады.
 
  • Жергілікті  атқарушы өкімет органдары облигацияларды  нақты ауданның нақты инвестициялық  бағдарламаларын іске асыру үшін  шығарады.

                       Топтастыру белгілері   

                  Облигация түрлері 

1  Иелену тәртібі 

Атаулы

Ұсынбалы 

2.Қамтамасыз  етілуі 

Кепілдендірілген

Кепілдендірілмеген 

3.Айырбасталымдылығы 

Айырбасталымды

Айырбасталмайтын 

4.Эмитент 

Корпорация  облигациялары

Мемлекет  облигациялары 

5.Шығару  мақсаты 

Жаңа  инвестициялық жобаларды  қаржыландыру

Өндірістік  емес салаларды  қаржыландыру 

6.Айналыс  мерзімі 

Өтеу  мерзімі бекітілген

Өтеу  мерзімі бекітілмеген 

7.Шығару  нысаны 

Құжатты

Құжатсыз 

8.Кіріс  төлеу формасы 

Пайызсыз (дисконтты)

Пайыздық (өзгермелі  мөлшерлемемен) 

Облигациялар  ұғымы 
 

  • ҚР заңды  тұлғалары қосымша қаражат тарту  үшін мемлекеттік емес облигациялардың  сан алуан түрін шығаруға құқылы.
  • Облигацияларды эмитенттің мынадай активтері қамтамасыз ете алады:
  • эмитентке тиесілі бағалы қағаздар,
  • ақша қаражаттары,
  • басқа жылжымалы мүлік.
  • Облигацияларды қамтамасыз ететін мүлікті иеліктен шығаруға болмайды.

Облигациялар  ұғымы 
 

  • Облигациялық  бағдарлама - эмитент  бiрнеше облигациялар  шығаруды, оның iшiнде  шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн  әртүрлi құрылыммен  шығаруды жүзеге  асыруға құқылы  болатын шекте  облигациялар шығару.
  • Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Облигациялық бағдарламаларда:
  • облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптар,
  • эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер

белгiленедi. 

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Облигацияларды  заттық және затсыз  нысанда шығаруға  болады, растау әдісі бойынша олар, халықаралық облигацияларды қоспағанда, атаулы болуы тиіс.  
  • Заттық нысанда шығарылған облигацияда мынадай деректемелер болуы тиіс:
  • бағалы қағаздың атауы – «облигация»;
  • бағалы қағаз түрі – «атаулы»;
  • эмитенттің фирмалық атауы,
  • заңды мекен-жайы және банктік деректемелері;
  • осы шығарылымды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі уәкілетті органында (қазір Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі);

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • берілетін  ұлттық бірдейлендіру нөмірі;
  • осы облигация шығарылымының жалпы көлемі;
  • облигацияның нақтылы құны,
  • ол бойынша төленетін пайыздар мөлшері немесе, егер қарастырылса, басқа мүліктік құқықтар;
  • облигацияны өтеу мерзімі;
  • облигацияның сериясы және нөмірі;
  • уәкілетті тұлғалардың қолы және эмитенттің мөрі.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Облигациялардың  екінші бетінде  мыналар көрсетіледі:
  • меншік иесі-заңды тұлғаның фирмалық атауы мен орналасқан жері (немесе меншік иесі-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және төлқұжат деректері );
  • шығарылым шарттарында көзделген тираждар мен ұтыстарды өткізу шарттары;
  • өтеу жасалатын орын;
  • өтеудің басталуы мен аяқталу күндері нақты көрсетілген өтеу шарттары.

Облигацияларды  шығару тәртібі 

  • Облигацияға  пайыздарды төлеуге  арналған купондық  парақ тіркелуі  мүмкін. Купондық төлемдер облигацияны ұстаушыға облигация айналымының бүкіл мерзімі бойы төленетін мерзімді пайыздық төлемдерді білдіреді. 
  • Купондық парақта мынадай деректемелер болуы тиіс:
  • облигацияның нөмірі мен сериясы;
  • эмитенттің атауы;
  • пайыздарды төлеу мерзімділігі;
  • уәкілетті тұлғалардың қолдары мен эмитенттің мөрі.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Облигацияның  нақтылы құны - облигация  құнының ол шығарылған  кезде белгiленген, купондық облигация  бойынша пайызбен  көрсетiлген сыйақы  есептелетiн ақшалай  көрiнiсi, сондай-ақ  облигацияны өтеген  кезде оны ұстаушыға  төленуге тиiстi сома. 
  • Ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында да, шетел валютасында да белгіленеді, және бір эмиссияның барлық облигациялары үшін бірдей болуы тиіс. Нақтылы құны шетел валютасында анықталған облигацияларды төлеу Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Ал  нарықтық баға  әдетте келесі  факторларға байланысты  болады:
  • Эмитенттің тұрақты қаржы жағдайына;
  • Пайыздық мөлшерлемеге.
  • Облигация кірістілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
  • Номиналды, яғни купондық мөлшерлемемен;
  • Ағымдағы, яғни облигацияның ағымдағы бағасына байланысты.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Облигациялардың  рейтингі - олардың  инвестициялық сапасын  арнаулы фирмалардың  анықтауы.
  • Жоғары рейтингті облигациялар “инвестициялық кластағы” облигациялар деп аталады.
  • Белгіленген рейтингтен төмен сапалы облигациялар спекулятивті облигациялар болып табылады.
  • Облигацияның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның бағамы деп аталады.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Акционерлiк  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында  құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.
  • Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.

Облигацияларды  шығару тәртібі 
 

  • Эмитент  мынадай талаптарды  сақтаған жағдайда  ғана:
  • дефолт фактiлерi болмаған;
  • облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;
  • соңғы үш жыл iшiнде қызметтi залал шекпей жүзеге асырған (арнайы қаржы компаниясын қоспағанда);
  • облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар қойған талаптарға сай келген жағдайларда

облигациялар  шығаруды жүзеге асыруға құқылы.  

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Эмитенттің  облигационер алдындағы  міндеттемелері:
  • Әрбір облигация бойынша процент төлеу;
  • Облигация және купондық парақтар иелеріне берілетін жерді анықтау;
  • Кепілдік затын және заңды титулды анықтау;
  • Кепілдік затын әртүрлі күтпеген оқиғалардан сақтандыру;
  • Салық төлеу;
  • Эмитент және оның іс әрекетінің құқықтық негіздері туралы ақпарат беру.

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Облигациялардың  келесі қасиеттері  бар:
  • Эмитент пен облигационер арсындағы қарыздық қатынастарды білдіреді;
  • Кепілдендірілген пайда әкеледі;
  • Эмитент өтеген мерзімге дейін қор нарығында айналыста болады және өз бағамы бар;
  • Өтімділік, кірістілік, сенімділік деңгейі бар;
  • Кіріс алуда акциямен салыстырғанда артықшылықтары бар;
  • Кәсіпорын таратылған жағдайда акциямен салыстырмалы түрде оны ұстаушылардың  талаптары бірінші кезекте орындалады.

Информация о работе Лекции по "Экономике"