Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Скачать)

БҚН  институционалды инвесторлары 

  • Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары
  • Зейнетақы қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік
  • Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және қызмет ету тәртібі

Бағалы  қағаздар нарығының  институционалды  инвесторлары 

  • Бағалы  қағаздар нарығының  институционалды  инвесторлары төмендегілер:
  • Екінші деңгейлі банктер;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
  • Инвестициялық қорлар;
  • Сақтандыру ұйымдары.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  •  Депозит  ретіндегі уақытша бос ақша  қаражаттарын жеке және заңды  тұлғаларға несиеге беру арқылы, қайта бөлу функциясын жүзеге  асыратын банк ақша қаражаттарын  артық субъектілер мен ақша  қаражатарына мұқтаж субъектілердің  арасындағы өзіндік өзгешелігі  бар делдал ретінде алға шығады.
  • Мұндағы ерекшелік мынада: қажетті ресурстары бар тұлға оны тиісті кепілдемесімен қарыз алушыға нақты мерізімге пайызбен бергісі келеді. Әрине, осы заманғы экономикада несие беруші мен қарыз аушының мүдделері бір жерден шыға бермейді. Яғни, мүдделердің сәйкес келуі сирек кездеседі. Бұл арада сұраныс пен ұсынысты ескеру арқылы мәмілелерді жүзеге асырудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін делдал –банк байланыстырушы буын ретінде алға шығады. Жекелеген несие берушілерге қарағанда, банк әр түрлі қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, әрі оларға өздерінің қалау  бойынша несие түрін, мерізімін, пайызын т.б. таңдауға мүмкіндік береді. Өйткені, банктер орасан зор ресурстарға ие әрі осы ресурстарды пайда әкелетіндей дұрыс орналастыра алады.
  • Банктің негізгі фунцияларының біріне  - ең алдымен кімнің кімге қарыз болуына қарай сатып алушыдан сатушыға ағылатын ақша қаражатына делдалдық еткен қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жатады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Ақша қаражаттарының  қолма қолсыз ақша айналысын  вексель, чек, банкнот, төлем карточкалары  және әр түрлі төлем құжаттары  секілді қаржылық құралдар арқылы  ғана жүзеге асыру мүмкін болады. Бүгінгі таңда банктер олардың  әр түрін ұсынып жүр. Есеп айрысудағы  делдалдық - әмбебап коммерциялық  банктердің ең ірі функциясы  болып табылады. Осыған орай, бүгінгі  таңда банктер ел ішінде және  одан тыс жерлерде әр түрлі  ақшалай аударымдарды жүзеге  асырып жүр.
 
  • Банктер  қаржы делдалы  ретінде мынадай  операцияларды жүзеге  асырады:

● несиелік  делдалдық;

● есеп айырысудағы  делдалдық;

● кастодиандық  делдалдық;

● брокер - дилерлік  делдалдық қызмет және т.б. 

  • Банктер  биржалардың міндетті қатысушысы  болып табылады. Олар биржалық  операцияларды дербес ұйымдастыра  алады, әрі бағалы қағаздар саудасы  бойынша операцияларды да дербес  орындай алады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Коммерциялық  банктер өз тұтынушыларына әр  түрлі депозит түрінде ақша  сақтаудың қолайлы формаларын  ұсынады, бұл өтімділікте клиенттің  қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың сақталуын қамтамасыз  етеді.
 
  • Банк  бұдан басқа мынадай  қызметтерді жүзеге  асырады:

● пассивті  опарециялар;

● активті  операциялар;

● меншікті  операцияларды. 

  • Пассивті  операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған және эмиссияланған  қаражаттардың есебінен банк  ресурстарын қалыптастырумен байланысты  болады.
  • Меншікті қаражатқа акционерлік, резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады. Олар бұл жерде өте маңызды рөл атқарады, себебі өзіндік капиталдың кемуі кейде банкті банкротқа ұшыратады. Коммерциялық банктік активті опрерациясының негізгі көзіне тартылған қаражат жатады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Акционерлік  капитал, яғни банктің жарғылық қоры акцияларды шығару және орналастыру арқылы құрылады. Әдетте, банктер өз қызметінің даму шамасы мен операцияларының ұлғаюына қарай акцияларды жүйелі түрде шығарып отырады.
  • Резервтік капитал немесе банктің резервтік қоры пайдадан аударып отырудың есебінен қалыптасады, ол болжанбаған залалдарды және бағалы қағаздар бағамының құлдырауынан орын алатын ысырапты өтеуге арналған.
  • Бөлінбеген пайда – резервтік қорға аударымдарды аударудан және дивиденттерді төлеуден кейін қалатын пайданың бөлігі.
  • Тартылған қаражат коммерциялық банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Бұлар депозиттер, сонымен қатар контокоренттік және корреспонденттік шоттар.
  • Банктің негізгі тартылған ресурстары ретінде клиенттің барлық салым ақшасын білдіретін әр түрлі депозиттер алға шығады. Бұл кәсіпорын шотындағы, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы шотындағы, мемлекеттік мекемелердің шотындағы уақытша пайдаланбайтын қаражат. Депозиттер талап етілгенге дейін, мерізімді және жинақ салымдарына бөлінеді.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Банктерде  төлем операцияларын жүргізуге  біршама шығын кетеді. Алайда  ол (шығын) кем немесе артық деңгейде  талап етілмелі шоты бар клиенттердің  өз қаражаттарын толық пайдаланбауына  қарай  өтеледі. Әдетте тұрлаулы  деп аталатын қалдық болады, оны  банк өзінің коммерциялық мақсаттары  үшін тартады, яғни пайда алу  мақсатында қысқа мерізімді несие, ссуда белгілі бір мөлшерде  берілуі мүмкін.
  • Банкаралық несиелер, яғни басқа банктен алынған ссудалар банк ресурстарының маңызды көзі болып табылады. Коммерциялық банк оны Ұлттық банктен қайта есептеу және вексельдерді қайта кепілге салу формаларында алады.
  • Контокоррент – бірыңғай шот. Ол арқылы банк пен клиент арасындағы барлық есеп айырысулар мен несие операциялары жүргізіледі. Егер клиентте қаражат болатын болса, онда бұл шот пассивтік болып табылады, клиенттің қаражаты болмаса да ол банкке төлем тапсырмасын берсе немесе чек жазса, онда шот активке айналады.
  • Банктер қаражатын ұзақ мерізімге салатын клиенттерді іздестіреді. Бұл банкке пайда әкеледі.
  • Оған айналысқа шығарылған банк қаражаттары: облигациялық займдар, банктік вексельдер және т.б.жатады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Активтік  операциялар банк ресурстарын орналастырумен байланысты. Оған ең алдымен несие операциялары жатады. Несие берудің мерізімі белгілі бір мезгілге берілетін мерізімді несие және банктің алғашқы талап етуі бойынша қайтарылуы тиіс онкольдық несие деп бөлінеді.
  • Ссудамен қамтамасыз ету тұрғысынан вексельдік, тауарлық, қор және банктік операциялар болып бөлінеді.
  • Вексельдік операциялар вексель есебі бойынша операцияға және вексель кепілімен берілетін несие операциясына бөлінеді.
  • Вексель есебі (дисконттау) оларды банктердің өтеу мерізімі біткенше сатып алуды білдіреді. Банк өз кезегінде, егер ол қаражатқа мұқтаж болса, бұл вексельдерді өзі Ұлттық банкте қайта есептей алады.
  • Вексельді есептегеннен кейін банк оның иесі болады  әрі оны айналысқа шығарған немесе оны есепке, нақты ақша сомасына ұсынған тұлғаға төлейді.
  • Бұл операция үшін банк клиенттен есептік пайыз немесе дисконт деп аталатын нақты пайызды өндіріп алады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Дисконт – вексельде белгіленген сома немесе вексельдің иесіне төленген соманың арасындағы айырмашылық.
  • Банктің активтік вексель операцияларына акцептік және авальдық операциялар жатады.
  • Акцептік операцияның мағынасын былайша түсіндіруге болады: банк клиентке өзі акцептейтін, яғни ол бойынша өз есебінен төлемді кепілдендіретін вексельді жазып берудің құқығын ұсынады. Ал оны пайдалануға алған клиент банкке вексельдің мерізімі біткенше вексель төлемі бойынша тиісті соманы енгізуге міндеттенеді.
  • Вексельдік несиені пайдаланудың маңызды формасына аваль жатады.
  • Бұл жағдайда вексель бойынша төлемді вексельдің иесі өзі (тікелей) орындайды, ал аваль бұл арада тек төлем кепілдігі ретінде ғана қызмет етеді.
  • Вексель иесі ол бойынша төлемді жүзеге асыра алмаса, онда төлемнің жауапкершілігі авальды қойған банкке жүктеледі.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Банктің  маңызды активтік операцияларының  түріне тауарлық несие жатады.
  • Ол тауардың және варрант (тауардың сақталуы үшін қоймаға алынғаны туралы куәлік), темір жол жүк құжаты, коносамент (жүкті кемеге қабылдау туралы пороход куәлігі), жүкті тиеу туралы жүк құжаты секілді тауарға ілеспе құжаттардың кепілдігімен берілетін қарыз болып табылады.
  • Нарық жағдайында тауарлық қамтамасыз етумен несие беру арқылы банктер үлкен тәуекелге барады, өйткені ол белгіленген мерізімде қайтарылмаса, банк тауарға тиым салып, оны сатады. Содан кейін тауарды сатудан түскен түсімнің есебінен клиенттің берешегін жабады. Алайда бұл арада мынадай мәселе бар: тауар барлық жағдайда өтпей қалуы мүмкін.
  • Банктің активтік операциясының тағы бір түріне қор операциясы жатады.
  • Оның объектілері - әр түрлі бағалы қағаздар.
  • Бұл операция бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін және банк өз есебінен сатып алатын несие түрінде болады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Бағалы  қағаздармен қамтамасыз етілетін  несие, әдетте олардың нарықтық  құнының толық бағамы мөлшерінде  емес, оның белгілі бір бөлігінің  мөлшерінде (50-60%) беріледі.
  • Сонымен қатар банктің бағалы қағаздардағы инвестициясы болады, оның нәтижесінде банк бағалы қағаздар портфелін иеленеді. Мұндай сатып алудың мақсаты — осы кағаздарды одан ары қайта сату немесе ұзақ мерзімді капитал салымы.
  • Банктің беретін несиесін төмендегілер де қамтамасыз ете алады:
  • жылжымайтын мүлік,
  • басқа банктің немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру кепілдігі.
  • Банктің аса маңызды делдалдық операцияларына:
  • инкассалық,
  • аккредитивтік,
  • аударымдык,
  • комиссиялық сауда операциялары жатады.

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Сенімді (трастық) операцияның да алар орны айрықша.
  • Ол сырттай делдалдықка үқсас, алайда оның да, лизингтік операцияның да аясынан шығып кетеді.
  • Инкассалық операция аты айтып түрғандай операция болып табылады.
  • Ол арқылы банк өз клиентінің табыс етуі бойынша ақшалай және тауарлық есеп айырысу қүжаттарымен ақшаны алады.
  • Инкассаға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетелдік валюта және т.б. қабылданады. Банк инкассалық операцияны орындағаннан кейін мөлшері операция түріне, қарай болатын комиссияны өндіріп алады.
  • Аккредитив бұл аккредитивтік хатта көрсетілген шарттарды орындағанда компанияға немесе тұлғаға белгілі бір соманы төлеу туралы тапсырма.
  • Мұндай операцияға мыналар қатыса алады:
  • аккредитивті ашу туралы тапсырма берген клиент;
  • аккредитивті ашқан банк;

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • аккредитив     ашылған     және      оның     шарттарының орындалуын  қадағалап отырған банк;
  • пайдасына   аккредитив    ашқан   түлға    (бенефициар немесе алушы).
  • Аударым операциясы банкке енгізілген алушының ақшасын басқа орында (басқа елді мекенде) жүрген оған аударуды білдіреді.
  • Ол банк чегін жіберу арқылы немесе корреспондент-банкке аудару жолымен жүзеге асырылады.
  • Банктер жеке түлғалар үшін мынадай сенімді (трастық) операцияларды орындайды:
  • мүліктік   құқықтан   уақытша   айырылған   тұлғалардың 
    (жетім-жесірлер, кәмелетке толмағандар) мүліктерін уақытша басқару;
  • мұрагердің мүддесі үшін қайтыс болған гүлғаның мүлігін басқару;
  • капиталды көп пайда алу мақсатында басқару (акцияға, жылжымайтын мүлікке ақша салу);
  • Құндылықтарды сейфтерде сақтау және т.б.  

Коммерциялық  банктердің делдалдық операциялары 
 

  • Компаниялар  үшін  жүзеге  асырылатын  сенім  операцияларының  аударым операцияларынан  айырмашылығы мынада: банк облигациялық займ бойынша кепілгер ретінде, нарыққа шығарылған акцияларды тіркеу және трансферт бойынша агент (атаулы акция бойынша меншік құқығын беру) ретінде алға шығады және т.б.
  • Банк операциясының бір түріне лизингтік операция жатады.
  • Банктер немесе лизингтік компаниялар өнеркәсіп, көлік және басқа да кәсіпорындарға машиналарды, құрал-жабдықтарды, өзге де негізгі қорларды ұзақ мерзімді пайдалануға белгілі бір жалдау ақысын белгілеумен береді. Банктер өз есебінен әр түрлі негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды жалға береді. Банктер немесе лизингтік компаниялар жалға берілген мүліктің меншік иелері болып қалады.
  • Банктердің лизингтік операцияларды жүзеге асыру барысында көретін (табатын) пайдасы былайша алынады: екеуі нақты мерзімге (уақыт аралығына) берілсе де жалдау ақысының шамасы үзақ мерзімді несиенің пайыздық мөлшерлемесіне карағанда жоғары болады. Оның үстіне бұл арада клиенттің төлем қабілетсіздігіне байланысты орын алатын ысырап тәуекелі болмайды. Өйткені келісімшарттың шарттары бұзыла қалған жағдайда банк жалға берілген мүлікті өзіне кері қайтарып алуға құқылы.

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"