Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Скачать)

Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында «мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік реттеу мен облигацияларды орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы есепті қарастыру ережелері» бекітілген.

Эмитент үшін облигацияларды шығару акциялар шығаруға қарағанда дұрысырақ, өйткені  облигацияларды орналастыру инвесторларға  акционерлік қоғамның қызметіне  араласуға мүмкіндік бермейді.

Облигация – эмитенттің қарыз  нысанын білдіретін, инвесторлар арасында орналастырылған қаржы құралы.

Облигациялар  белгілі бір мерзімде өтелуі тиіс және мезгіл-мезгіл пайыздар төлеуді  талап етеді.

  • Немесе

Шығарған  кезде алдын ала  белгіленген айналу мерзімі бар, шығарылым  шарттарына сәйкес,оны  шығарған тұлғадан сыйақы алу және айналу мерзімі аяқталысымен облигациялардың нақтылы құнын ақшалай немесе басқа мүліктік баламада алу құқықтарын растайтын борыштық бағалы қағаз.

Облигациялардың эмитенттері:

  • ҚР Үкіметі;
  • ҚР Ұлттық Банкі;
  • атқарушы өкіметтің жергілікті органдары;
  • коммерциялық ұйымдар.

Мемлекеттік облигацияларды шығару мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджет тапшылығын,
  • нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған нысаналы шығындарын,
  • басқа бағалы қағаздар бойынша қарызын жабуға,
  • бюджеттің кассалық тапшылықтарын жабуға,
  • бюджеттік түсімдердің шығындардан болашақ артылымына есептеліп шығарылады.

    Жергілікті  атқарушы өкімет органдары облигацияларды нақты ауданның нақты

инвестициялық бағдарламаларын іске асыру үшін шығарады.

ҚР заңды  тұлғалары қосымша қаражат тарту үшін мемлекеттік емес облигациялардың сан алуан түрін шығаруға құқылы.

Облигацияларды  эмитенттің мынадай  активтері қамтамасыз ете алады:

  • эмитентке тиесілі бағалы қағаздар,
  • ақша қаражаттары,
  • басқа жылжымалы мүлік.

Облигацияларды  қамтамасыз ететін мүлікті иеліктен шығаруға болмайды.

Облигациялық  бағдарлама - эмитент  бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде  шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн  әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға  құқылы болатын шекте  облигациялар шығару.

Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Облигациялық бағдарламаларда:

  • облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптар,
  • эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер

белгiленедi.

Облигацияларды  заттық және затсыз нысанда шығаруға болады, растау әдісі бойынша олар, халықаралық облигацияларды қоспағанда, атаулы болуы тиіс.

Заттық  нысанда шығарылған облигацияда мынадай  деректемелер болуы  тиіс:

  • бағалы қағаздың атауы – «облигация»;
  • бағалы қағаз түрі – «атаулы»;
  • эмитенттің фирмалық атауы,
  • заңды мекен-жайы және банктік деректемелері;
  • осы шығарылымды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі уәкілетті органында (қазір Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі);
 

Бақылау сұрақтары: 

  1. Облигацияларға  анықтама беріңіз?
  2. Облигацияларды шығару тәртібін көрсетіңіз?
  3. Купонды, дисконтты және айырбасталатын облигациялар дегеніміз не?
  4. Облигациялар бойынша табысты төлеу әдістері қандай?
 
 

7 - ші лекция

тақырып: Мемлекеттік бағалы қағаздар

Жоспар: 

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың  мәні, функциялары, түрлері
  2. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуы
  3. Еврооблигациялар нарығы
 

Мемлекеттік бағалы қағаздар  (МБҚ)–  бұл ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары немесе ҚР ҰБ шығаратын борыштық  бағалы қағаздар.

Мемлекеттік бағалы қағаздар –  ішкі және сыртқы қарыздану есебінен мемлекеттік борыш нысаны. Олар қарыз алушы ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары немесе ҚР ҰБ болып табылатын займдар қатысында ұстаушының мүліктік құқықтарын куәландырады.

ҚР  Үкіметі шығарған бағалы қағаздарды ішкі қаржы нарығында бастапқы орналастыруды  ҚР Қаржы министрілігінің тапсырмасы бойынша ҚР ҰБ олардың арасында жасалған  Бас келісімге сәйкес жүзеге асырады. (ҚР ҰБ НОТ-тары дәл солай орналастырылады).

МБҚ-ды бастапқы орналастыруға ҚР Қаржы  министрлігі МБҚ бастапқы нарығына қызмет көрсету туралы шарт жасаған  бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (бастапқы дилерлер) ғана қатысады.

МБҚ-ды бастапқы орналастыру әдісі, шығару күні, орналастыру көлемі, МБҚ-ды сатып алу бойынша шектеулер мен басқа талаптар ҚР Қаржы министрлігінің ұйғарымы бойынша шығарылым шарттарында көрсетіледі, бұған ҚР ҰБ өз бетінше анықтайтын резидент емес-инвесторлардың қатысу үлестері қосылмайды.

МБҚ-ды бастапқы орналастыру  әдістері:

  • Көптеген бағаларды қанағаттандыратын аукциондық сату әдісі - әдетте,

дисконтты МБҚ-ды орналастырған кезде пайдаланылады. Тапсырыстарды қанағаттандыру ең жоғары дисконттық бағалардан басталады да, шығарылымының бүкіл жарияланған көлемі таусылғанда аяқталады

  • Аукциондық әдіс (бірыңғай баға шарты бойынша) - әдетте,  айналу мерзімі екі

және  одан артық МБҚ-ды бастапқы орналастырған  кезде қолданылады.

  • Қатысушылардан тапсырыстар олар ұсынған бағалар бойынша аукцион шартына

сәйкес  қабылданады, ал оларды қанағаттандыру тапсырыста көрсетілген, аукционның жарияланған  көлемі таусылған пайыздық шарт деңгейінде жүреді, басқаша айтқанда бірыңғай кесіп тастау шартымен жүзеге асырылады.

  • Жазылым – эмитент орналастырылатын МБҚ типі бойынша  анықтаған

табыстылық  пайызы белгіленетін орналастыру, оларды сатып алуға тапсырыстар БҚН  қатысушыларынан жарияланған шығарылым  көлеміне жеткенше қабылданады.

  • Белгіленген орташа салмақталынған пайыз шарттарымен Қосымша орналастыру

әдісі -  - МБҚ-дың осы типі бойынша соңғы өткізілген бастапқы орналастыру негізінде жүзеге асырылады.

  • Қазіргі уақытта МБҚ тек қана құжатсыз нысанда шығарылады. Оларды кез келген

заңды және жеке тұлға, соның ішінде ҚР резидент емес тұлғалар сатып ала алады.

МБҚ-ды шығару мақсаттары:

  • Республикалық бюджет тапшылығын бейинфляциялық негізде қаржыландыру

(айналысқа  қосымша ақша шығарусыз);

  • Нысаналы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру;
  • Экономикалық белсенділікті реттеу (айналыстағы ақша массасын реттеу, бағалар

мен инфляцияға ықпал ету, экономикалық өсу, инвестициялау бағыттары және т.с.с.);

  • Республикалық бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету (МБҚ-ды шығару

қазынаны  толықтырады).

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына уақытша бос қаржы ресурстарын

жинақтаудың сенімді әрі жоғары өтемді құралдарын беру;

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына МБҚ-ға эталондық пайыз

мөлшерлемесін беру;

  • Банк жүйесіне қолдау көрсету (банктер бас қаражаттарын МБҚ-ға салады);
  • Бағалы қағаздарман жұмыс істеу тәжірибесін жинақтау, Бағалы қағаздар нарығын

дамыту.

МБҚ жіктеу:

  • Эмитент бойынша: қазынашылық, муниципалды, ҚР ҰБ.
  • Айналу мерзімдері бойынша: нарықтық, бейнарықтық.
  • Қаражаттарды орналастыру тәсілі бойынша:
  • қысқа мерзімді  - 1-жылға дейін;
  • орта мерзімді – 1-ден 10жылға дейін
  • ұзақ мерзімді – 10 жылдан ұзақ.
  • Шығару шарттары бойынша: құжатты, құжатсыз.

Табыс алу тәсілдері  бойынша:

  • дисконтталған құн бойынша, яғни құбылмалы проценттік пайыз бойынша.
  • нақтылы құн бойынша, яғни проценттік пайыз бекітілген.

Әйгілі  экономистер Макконел мен Брюдің ойынша бағалы қағаздар келесі функцияларды атқарады:

  • Фискалдық саясат құралы;
  • Ақша несие саясатының құралы.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың  артықшылықтары:

  • Сенімділік деңгейі өте жоғары және тәуекел деңгейі төмен қаржы құралы;
  • Басқа бағалы қағаздарға қарағанда салық салу деңгейіі төмен;
  • Мемлекеттік бағалы қағаздардың кейбір түрлерімен жүргізілетін операцияларға және олардың табыстылығына салық мүлдем салынбайды
 

Бақылау сұрақтары: 

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың  мәні, функциялары, түрлерін атаңыз?
  2. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму себептері қандай?
  3. Еурооблигациялар нарығына сипаттама беріңіз?
 
 
 

8 - ші лекция

тақырып: Бағалы қағаздар нарығының коньюнктурасы

Жоспар: 

  1. БҚН инфрақұрылымының даму проблемалары
  2. Инфрақұрылымның жүйелері және олардың атқаратын функциялары
 
 

Бағалы  қағаздар нарығының даму деңгейі  ел экономикасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы ресурстарын қайта бөлуде үлкен роль атқарады.Қазіргі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуы үшін құқықтық, ұйымдық, экономикалық негіз қалыптасып отыр.

  • Нарық инфрақұрылымын дамыту келесі мәселелерді шешуге септігін тигізеді:
  • Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды қорғау;
  • Нарықтағы іс - әрекеттерді реттеудің жүйесін қалыптастыру;
  • Бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді жоғары техникалық деңгеймен қамтамасыз ету;
  • Нарықтың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.
  • Инфрақұрылым дегеніміз - осы нарыққа қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы.

Бұл ұйымдар  инвесторлар мен эмитенттер арасындағы экономикалық қарым - қатынасты реттеп, оларға қолайлы жағдай жасап отырады. Бұл процестер мемлекет тарапынан, өзін - өзі реттеуші ұйымдардың  әр түрлі әдістерінің көмегімен реттеледі.

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"