Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Скачать)

Бағалы  қағаздар нарығында сауданы ұйымдастыру 

  • Сауданы  ұйымдастыруға қойылатын басты  талаптар
  • Қор биржасы нарық ұйымдастырушысы ретінде
  • Қазақстан қор биржасы, құрылымы, атқаратын міндеттері
  • Электрондық сауда жүйелері 

Сауданы  ұйымдастыруға қойылатын басты  талаптар 

        Құнды қағаздар нарығындағы сауда ұйымдарының қызметі – құнды қағаз нарығына қатысушылар арасында құнды қағаздарды сату –сатып алу бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға ықпал ететін шаралармен айналысады.

  • Нарыққа қатысушылар жалпы алғанда сауда ұйымдастырушылары деп аталады, ал құнды қағаздар нарығындағы негізгі міндетті қор биржасы атқарады.
  • Сауда ұйымдастырушысы 10 жылдық мерізімге лицензия алады. Лицензия биржалық емес сауда ұйымдарына бөлек, қор биржасы ретінде сауда ұйымдастырушыларына бөлек беріледі.
  • Мұндай лицензиялардың екі түрі бар:
  • мемлекеттік құнды қағаздар;
  • корпоративтік құнды қағаздар нарығын ұйымдастырушыларға арналған.
  • Сауда ұйымдастырушыларына қойылатын талаптар.
  • Сауда ұйымдастырушыларының құнды қағаздар нарығын ұйымдастыруға қажетті құжаттар пакеті болуы керек.

Сауданы  ұйымдастыруға қойылатын басты  талаптар 

                                                                               Ол пакеттерде:

•      нарыққа қатысушылардың нарыққа (саудаға) қатысуға жіберу ережелері;

  • құнды қағаздарды нарыққа жіберу ережелері;

•      Нарықта мәмілелер жасау және  тексеру ережелері;

•      мәмілені тіркеу ережесі;

•      мәміленің орындалу тәртібі;

•      нарықтағы бағаны өсірулі шектеуге  ықпал ететін ережелер;

•     сауда ұйымдарының қызметтерінің  кестесі;

•     нормативті құжаттарға толықтырулар  мен өзгерістер енгізу тәртібі;

•     саудаға жіберілген құнды қағаздар  тізімі болуы тиіс.

Сауда ұйымдастырушысы  әрбір қызығушы тұлғаға әрбір  мәміленің орындалу барысы туралы  мәліметтер  беруге міндетті.

                                                             Онда төмендегідей мәліметтер қамтылады:

•   мәміленің  жасалу орны және уақыты;

•   құнды  қағаз атауы;

•   оның  мемлекеттік тіркеу нөмірі;

•   нарықтық  бағасы (бір бірлікке) 

•   мәмілелер  бойынша сатылған (алынған)құнды  қағздар саны.

   

Қор  биржасы нарық ұйымдастырушысы  ретінде 
 

  • Қор  биржасы қызметін  жүзеге асырушы  заңды тұлға өз  қызметін нарықтағы  келесі қызмет  түрлерімен үйлестіре  алады:
  • валюта биржасы қызметімен;
  • тауар биржасы қызметімен;
  • клиринг қызметімен (құнды қағаздар операциялары және инвестициялық үлестік жарна (пай) бойынша клиринг ).
  • ақпарат тарату қызметі;
  • баспа қызметі;
  • мүлікті жалға беру.
  • Аталған тізім бойынша қор биржасы статусы бар заңды тұлға өз қызметін депозитарлық қызметпен үйлестіре алмайды.

Қор  биржаларын  ұйымдастыру  формалары 

  • Заңнама  бойынша қор биржасы  төмендегідей формада  болады:
  • коммерциялық емес серкітестік;
  • акционерлік қоғам.
  • Қор биржасы коммерциялық емес серіктестік   – оның мүшелері аталмыш ұйым қалыптастырған ережелер бойынша, құнды қағаздарды сату мақсатында ұйымдастырған коммерциялық емес ұйым.
  • Оның ұйым ретіндегі мақсаты табыс табу емес, оның мүшелерінің құнды қағаздарды сатудан пайда табуына қолайлы жағдай жасау.
  • Басында қор биржалары коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған, яғни табыссыз ұйым ретінде. Соған сәйкес оларға мемлекет тарапынан салық салынбайтын.
  • Қор биржасы акционерлік қоғам ретінде – бұл  коммерциялық ұйым, олар табыс табуды және өз акцияларының курстық құнын өсіруді мақсат тұтады.
  • Коммерциялық биржалар құнды қағаздар нарығын компьютерлендіру үдерісіне байланысты пайда болды:

Қор  биржасы нарық ұйымдастырушысы  ретінде 

  • құнды  қағаздар нарығында сауданың  компьютерлік формасын ұйымдастыру  бүгінгі таңдағы коммерциялық  қызметтің ерекше түрі болып  табылады. Компьютер биржасының  иесі өзінің компьютерлік нарығына  кіргізуді ақылы негізде ұйымдастырады, ол оған үнемі табыс әкеліп  отырады.  
  • Биржалық сауда ұйымдары құнды қағаздар нарығының коммерциядан оқшауланып коммерциялық қызмет түріне айналады.
  • дәстүрлі қор биржаларына коммерциялық емес ұйым ретінде өздерінің сауда жүйесін дамытуға қаржы ресурстары жетіспейді.  Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы – оларды акционерлік қоғамға айналдыру, әрі қарай дамытуға қажетті капитал жинау, бірақ сонымен қатар, акциялар  бойынша пайда түсіру және дивидент төлеуді өз  міндеттеріне алу.
  • Заң бойынша бір акционер  (мүшеге) биржада 20 пайыздан артық акцияны иелене алмайды (мүшелікке өтер болса  дауыс жинауға). Биржа акционері басқа қор биржасынан болса бұл шектеулер күшін жояды.
  • Коммерциялық емес серіктестік формасындағы қор биржасы оның мүелерінің шешімі бойынша акционерлік қоғам ретінде қайта құрыла алады.

Қор  биржасы нарық ұйымдастырушысы  ретінде 

  • Қор  биржасына қатысушылар.
  • Қор биржасына қатысушылар ұйымдастыру формаларына қарай әр түрлі болады.
  • Егер биржа коммерциялық емес серіктестік болатын болса, тек оны құруға атсалысқан мүшелері ғана оған қатысушылар бола алады.
  • Егер биржа акционерлік қоғам болатын болса, оның мүшелерін акционерлер және қатысушылар бөлу үдерісі жүргізіледі, яғни аталмыш биржада саудамен айналысу құқына ие болатындар. 
  • Құнды қағаздар нарығының кез-келген қатысушысы биржа акционері бола алады. Тек кәсіби саудагерлер ғана акционерлік биржа қатысушы  бола алады: брокерлер, дилерлер және басқарушылар.
  • Қатысушыларды биржа саудасына кіргізу  тәртібін биржа  бекітеді.
  • Құнды қағаздар нарығының басқа қатысушылары қор биржасында өз операцияларын осы биржа қатысушылары арқылы жүзеге асырады.

Қор  биржасы қызметіне қойылатын  негізгі талаптар 

  • Бұл  талаптардың өзіндік  ерекшеліктері де  бар:
  • құнды қағаздарды саудаға салу ережелері  екі түрлі болады:
  • Құнды қағаздардың листинг/делистинг  ережесі және құнды қағаздарды листинг процедурасынсыз саудаға жіберу;
  • қор биржасы мәміле жасау ерекшеліктерін бекіте алады, ол бойынша міндеттерді атқару құнды қағаздар бағасының өзгеруі мен қор индексінің өзгерулеріне байланысты болады. Мұндай мәмілелер әлемдік тәжірибеде фьючерстік (сату-сатып алу) немесе опциондық (бірден пайда түсіретін) шарттар деп аталады.
  • Қор биржасы өз саудаларының жариялылығын және көпшілік алдында өтуін қамтамасыз ету тиіс:
  • олардың өту уақыты мен орнын көрсету,
  • құнды қағаздар котировкаларын (баға белгілерін) хабарлау,
  • сауда қорытындысын жариялау т.б.
  • Бұл нормалардың негізгі мәні сонда, оны екі түрлі тұрғыдан түсіндіруге болады:  биржаға не құнды қағаздарды жариялы  түрде сату тапсырылады, немесе электронды түрде құнды қағаздармен мәміле жасау.

Қор  биржасының табысы және шығыны 
 

  • Қор  биржасының табысы  және шығыны.
  • Биржа өзінің табысы  мен пайыздық өсімдерінің көлемін және оларды пайдалану  бағытын өз бетінше анықтайды. 
  • Қор биржасының негізгі кіріс көзі төмендегідей:
  • өз қатысушыларының жарналары (егер биржа коммерциялық емес серіктестік  болса):
  • листинг төлемдері;
  • бижаның әр түрлі қызметінің ақылары, ең алдымен жасалған мәмілелерден түскен биржалық жинақ;
  • биржалық ақпараттарды сатудан түскен түсім;
  • ғимараттарды және құрал-жабдықтарды жалға беруден түскен түсім;
  • биржа технологияларын сатудан түскен табыс;
  • аталмыш биржаның  қор индекстерін нарықтық актив ретінде пайдаланудан түскен түсім;
  • айыппұл;

Қор  биржасының табысы және шығыны 
 

  • кез-келген  нарықтық ұйымдар  сияқты қор биржасының  шығын түрлері  төмендегідей:
  • ағымдағы шығындар – жалдамалы персоналдарға еңбекақы төлеу;
  • әкімшілік және басқа да эксплуатациялық шығындар;
  • амортизацияға ақша бөлу;
  • ғимарат пен құралдарды жалға алу төлемдері;
  • сауданың жаңа жүйелерін енгізуге кеткен шығындар: құрал-жабдықтар алу, бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алу, коммуналдық жүйе шығындары.

Қор  биржасының құрылымы, міндеттері  және қызметі 
 

    
  • Қазіргі  заманғы биржалар орта ғасырлардағы  жәрмеңкелерден бастау алады. Олардың  ішіндегі ең танымал жәрмеңкелер XIV-XV ғғ. солтүстік италия, оңтүстік  франция және орталық европа  қалаларында орналасқан болатын. Венециядан, Генуиден, Флоренциядан  сауда флотилиялары Византияға, Малазияға, Сирияға, Кипрге, Солтүстік  Африка жағалауларына жеткізілді. Кемелер қайтар жолда тәтті  тағамдар, бояулар, жібек және мақта  маталарын алып қайтататын. Тауарларды  теңіздің арғы бетіне Фландрия, Англия, Солтүстік Франция саудагерлері  тасымалдайтын болған.
  •  Әр түрлі елдерден жәрмеңкеге саудагерлердің келуі –әр түрлі ақша  бірліктерінің ағылуы. Сондықан, Орта ғасырларда сауда орталықтары ақша сататын орталықтарға айналды. Сауда мәмілелерінің іріленуі айырбастау операцияларының ғана емес, сондай-ақ несиелік операциялардың дамыуна да ықпал етті.

Қор  биржасы нарық ұйымдастырушысы  ретінде 

  • Ақша айырбастағыштар  сол кездердегі банкир қызметін  атқарды. Олардың ашық аспан астында  немесе жабық галереяларда өздіренің  үстелдері болды. Жәрмеңкеде тек  тауарлар ғана емес, сондай-ақ  ақша белгілері, вексельдер сауда-саттығы  қызу жүзеге асырылып, жылжымалы  мүлікті   кепілдікке қою арқылы  ссудалар да берілді.
  • Адамдар жәрмеңкеге көбінесе коммерциялық және саяси жаңалықтарды білу мақсатында келетін болды. Құнды қағаздар құны туралы, ақша қаражатына деген сұраныс жөніндегі, сол кездегі маңызды ссудалар туралы ақпараттардың бәрін сол жерден білуге болатын еді. Басқаша айтқанда, сауда орталықтарындағы тауаларға, ақшаға, құжаттарға деген сұраныс пен ұсыныс туралы мәліметтердің барлығы осында жинақталатын болды, баға да – яғни, қазіргі кездегі құнды қағаздар бағамы осында түзілетін еді.
  • «Биржа» сөзінің этимологиясы сауда ұғымымен байланысты. Ол көне латын тіліндегі «бурса» деген сөзден шыққан, «былғары әмиян» деген мағынаны білдіреді. Термин алғаш рет солтүстік Европадағы ірі сауда орталықтарының бірі болып табылатын голландияның Брюгге қаласында қолданысқа енді.

Қор  биржасы нарық ұйымдастырушысы  ретінде 

  • «Биржа»  термині Брюггедегі осы аттас  биржалық апқараттар алаңының  атауынан шықты, онда Ван  дер  Бурсе әулетіне тиесілі үй  орналасқан болатын. Ол үйдің  өзінің гербі    болған, онда  үш былғары әмиян бейнеленген  болатын (тер бурсе). Кейіннен «Биржа»  сөзінің мағынасының кеңейіп, ол  ауыс мағынада – жалпы «ақша  соммасы» дегенді білдірді.
  • 1688ж. Амстердамда тұңғыш биржа туралы кітап жарық көрді – ол биржа ойындары бойынша оқулық ретінде басылып шықты және сондай-ақ оған қызықты теориялық және психологиялық пікірлер де енгізілген еді.
  • XVІІ ғасыдың басында биржа өткізу үшін арнайы ғимараттарды жасақтау мұқтаждығы пайда болды.
  • Тура сол кезеңде капиталистік жинақ үдерісі дами бастады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып, сауда фирмалары мен банктері дами бастады. Өндірісті дамыту үшін, жекелеген кәсіпкерлердің мүмкіндіктері жеткіліксіз болды.
  • Капиталды игеру үшін, оны біріктіру қажет болды. Тұңғыш акционерлік компаниялар пайда бола бастады және олардың саны күннен күнге өсе берді.

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"