Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Скачать)
  • Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына келесі жүйелер кіреді:
  • Реттеуші инфрақұрылым;
  • Техникалық инфрақұрылым;
  • Ақпараттық инфрақұрылым;
  • Маман кадрлар инфрақұрылымы.

Бағалы  қағаздар нарығындағы негізгі  элемент - бұл реттеу.

Заңдық, құқықтық және нормативтік актілер арқылы бұл нарықты реттеу - маңызды мәселе.

  • Реттеуді жүзеге асырушы органдар төмендегілер:
  • Қаржы министірлігі;
  • ҚР Ұлттық банкі;
  • АФН.
  • Бұл органдардың негізгі функциялары:
  • Бағалы қағаздар нарығының даму бағадарламасын шығару және жүзеге асыру;
  • Бағалы қағаздар нарығын реттейтін заң жинақтарын шығару және бекіту ;
  • Бағалы қағаздар нарығының даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін қаржы, техникалық, ұйымдық ресурстарды шоғырландыру;
  • Бағалы қағаздар нарығын бақылауды жүзеге асыру;
  • Бағалы қағаздар нарығының қазіргі заманға сай инфрақұрылымын қалыптастыру.

Мемлекеттік реттеу мен өзін - өзі реттеуші ұйымдар  тарапынан реттеудің арақатынасы  әр елде әр түрлі деңгейде болады.Бір  мемлекеттерде тек мемлекеттік  реттеу орын алса, екіншілерінде өзін - өзі реттеуші ұйымдар реттеуге толық араласады, ал үшіншілерінде осы екі әдістің комбинациясы арқылы бағалы қағаздар нарығы реттеліп отырады

Қазақстанда мемлекеттік реттеумен қатар  өзін - өзі реттеуші ұйымдарға да реттеу құқығы берілген.

  • Өзін - өзі реттеуші ұйымдар ҚР екі формада құрылған:
  • Кәсіби мамандар ассоциациасы;
  • Қор биржасы.

БҚН инфрақұрылымының тағы бір маңызды элементі - бұл  техникалық инфрақұрылым.

  • Оның негізгі атқаратын функциялары:
  • Бағалы қағаздарды есепке алу;
  • Оларды сақтау;
  • Олармен мәміле жасаудың техникалық жағын қамтамасыз ету.

Бұл функцияларды нарықтық экономикасы дамыған елдерде  орталық депозитарийлер атқарады. Батыс  Европа, Жапония, АҚШ елдерінде бұндай ұйымдар ұзақ уақыт бойы өз қызметін атқарып келеді.

Қазақстанда “Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі” АҚ 1997 жылы құрылды.

Оның  құрылтайшылары ретінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары үлестерін  қосты.Қазақстан қор биржасы қазіргі  таңда бағалы қағаздармен сауда  жүргізуші жалғыз ұйым болып табылады.Ол тендерді жеңіп, 1997 жылы өз қызметін бастады.Биржада биржалық сауда электрондық жүйе арқылы жүргізіліп отырады.

  • Техникалық инфрақұрымдағы ең мобилді ұйым бұл кастодиан болып табылады.
  • ҚР заңға сәйкес кастодиан келесі функцияларды атқарады:
  • Номиналды ұстаушы;
  • Бағалы қағаздарды сақтаушы;
  • Бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді қадағалаушы;
  • Клиенттің төлем,
  • Ақпараттық агенті.
  • Банктер де техникалық инфрақұрылымда маңызды орын алады.
  • Банктердің төмендегідей құқықтары бар:
  • депозитарий және кастодиандар үшін шот ашуға құқылы;
  • Клирингтік палата;
  • Сақтандырушы;
  • Кредитор;

Бағалы  қағаздармен операциялар бойынша  негізгі төлеуші бола алады.Қазіргі таңда техникалық инфрақұрылымды дамыту үшін айтарлықтай шаралар жасалуда. Кастодиан, депозитарий, тіркеушілердің экономикалық қызметтеріне көп көңіл бөлініп отыр.Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық инфрақұрылымы айтарлықтай дамымаған. Оған келесі факторлар әсерін тигізеді:

  • Инвесторлардың қаржы есебін толық бермеуі;
  • Бағалы қағаздар туралы толық ақпараттың болмауы;
  • Нарыққа берілген ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі т.с.с.

Бағалы  қағаздар нарығындағы басты құндылық - білікті мамандардың болуы, яғни осы нарықты қалыптастырушы және оған қызмет көрсетуші мамандар. Қазақстан нарығында жалпы жоғары білікті мамандар жеткілікті. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығында кәсіби мамандар жетіспеушілігі сияқты проблемалар әлі де орын алуда.

Жоғары  білікті мамандарды дайындау мүмкіндіктері  мен формаларын кеңейту қажеттіліктері осы нарықтағы басты мәселе болып  табылады. 

Бақылау сұрақтары: 

  1. БҚН инфрақұрылымының даму проблемалары қандай?
  2. Инфрақұрылымның жүйелерін атаңыз?
  3. Инфрақұрылымның атқаратын функциялары қандай?
 
 

9 - шы лекция

тақырып: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет

Жоспар: 

  1. Кәсіби  қызмет ұғымы, түрлері
  2. Кәсіби қызметті лицензиялау тәртібі
  3. Брокерік қызметті жүзеге асыру
  4. Нарықтағы дилерлік қызмет
 

Кәсіби  қызмет түсінігінің мәні.

Кәсіпқой  қатысушылар —  «Құнды қағаздар туралы» заңға сәйкес әрекет етуші заңды тұлғалар.

Құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет ұғымы Заңда құнды қағаздар  нарығында атқарылатын кәсіби қызмет қызмет түрлері ретінде ғана атап өтілген.

Ал экономикалық тұрғыдан алғанда бұл мәселе еңбек  бөлінісі үдерісіне негізделеді, соның  нәтижесінде еңбек үдерісінің жиынтығындағы  белгілі бір еңбек түрлері  жеке қызмет ретінде оқшауланады. Құнды қағаздар нарығында бұл құнды қағаздардың ерекшелігіне қарай атқарылатын арнайы іс-шаралар ретінде көрініс табады.

Тағы  бір маңызды мәселе - нарық ішілік қызметтің өзі кәсіби және кәсіби емес болып жіктеледі.  Оның негізгі алғышарты  - құнды қағаздар нарығына қатысушының капитал шығару нысаны, яғни капиталды құнды қағаздардың өзіне жұмсауға немесе аталмыш нарықта көрсетілетін негізгі  қызмет түрлерінің біріне жұмсауына болады (коммерциялық қызмет нәтижесі ретінде).  Эмитенттер мен инвесторларға, яғни каптиалдары құнды қағаздармен байланысты қатысушыларға көрсетілетін қызмет түріне капитал салу құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет деп аталады.

  • Құнды қағаз нарығындағы кәсіби қызмет – аталмыш нарыққа

қатысушыларға құзырлы және коммерциялық негізде  қызмет көрсету; құқықтық тұрғыда – мемлекет тарапынан рұқсаты (лицензиясы болуы шарт) болуы тиіс. Құнды қағаздар нарығындағы эмитенттер мен инвесторлардың қызметімен салыстырғанда кәсіпқой қатысушының қызметі –оның тікелей жұмысы, ол аталмыш нарық кірісінің негізгі көзі болып табылады.Эмитент пен инвестордың таза кіріс көзі - салынған капитал немесе құнды қағаз формасындағы капитал.

  • Құнды қағаздар  нарығы қызметіне өз капиталын бизнес ретінде

жұмсаушылардың  қызметі өзгеше. Ол бұл нарықтан оңай және ерікті түрде кете алмайды, себебі басқа нарықта ол кәсіпқой ретінде әрекет ете алмайды, лицензия алғанша оның жаңа қызметкерлерді іске тартып, оларды қайтадан үйретіне тура  келеді.

  • Құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет және кәсіпқой қатысушылар түрлері.

«Құнды  қағаздар нарығы туралы» Заң бойынша құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлері төмендегіше жіктеледі:

  • брокерлік
  • дилерлік;
  • құнды қағаздарды басқару бойынша;
  • өзара міндеттерді анықтау бойынша;
  • депозитарлық;
  • құнды қағаздарды иеленушілер тізімі;
  • нарықта құнды қағаздарды сату бойынша.
  • Құнды қағаздар нарығындағы кәсіпқой қатысушылар және нарықаралық кәсіпқой қатысушылар.
  • Құнды қағаздар нарығындағы кәсіпқой қатысушылар мен  жалпы

нарыққа  кәсіпқой қатысушылардың, немесе нарықаралық  кәсіпқой қатысушылардың айырмашылықтарын білу қажет.

  • Нарықаралық кәсіпқой қатысушылар –   бірнеше нарыққа

қатысушыларға кәсіби деңгейде қызмет көрсететін   нарық мүшелері.

Әдетте  мұндай қызмет белгілі бір дәрежеде бір-біріне ұқсас нарықта, мысалы, қаржы  нарығы, өндірістік құралдар немесе базистік активтер нарығында көрсетіледі.

  • Нарықаралық кәсіпқой қатысушыларға төмендегі ұйымдар жатады:
  • кез -келген нарықтың кез- келген мүшесіне ақшалай есеп айырысу немесе несие беру бойынша қызмет көрсететін коммерциялық банктер;
  • барлық қаржы нарықтарының қатысушыларына қызмет көрсететін рейтинг агенттігі;
  • бірден бірнеше нарыққа қызмет көрсететін ақпараттық агенттіктер;

құқықтық, аудиторлық, бағалау ұйымдары да бірден бірнеше нарыққа қызмет көрсетеді.

  • Нарықаралық кәсіпқой қатысушылар «Құнды қағаздар нарығы

туралы» Заңға сәйкес  және басқа да заңнамалық база негізінде жұмыс істейді. Басқа  нарықтағы кәсіпқой қатысушылар  бір мезгілде  құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы статусын да ала алады.Оған  құнды қағаздар нарығында сол нарықтағы кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес  қызмет көрсететін болса ғана қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда ең басты мәселе – басқа нарыққа кәсіпқой қатысушылар құнды қағаздар нарығына қатысушыларға өздеріне тікелей қатысты қызмет түрін көрсетіп қана қоймай, тек құнды қағаздар нарығына тән қызмет түрлерін көрсету құқығына ие болады.  Соған сәйкес олар екіжақты кәсіпқой атанады: нарықаралық және құнды қағаздар нарығының кәсіпқойы. Мұндай екіжақты кәсіби қызмет түрімен айналысуы  төмендегі мүдделерден туындайды:

  • кәсіби қатысушының қызметін әртараптандыру қажеттілігі;
  • жаңа пайдалы кәсіби қызмет түрлерін іздеу;
  • жеке тұлғалардың капиталына шығу мүмкіндігі;
  • жеке меншік капиталын жұмсауға қолайлы мүмкіндіктер іздеу;
  • Кәсіби қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
  • Құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары эмитентер мен

    инвесторларға қажетті қызмет түрімен айналысады және бір-біріне   қызмет көрсетеді.

  • Құнды қағаздар нарығындағы қызмет түрлерінің негізгі қағидалары мыналар:
  • тұтынушыға адал және жауапкершілікпен қызмет ету;
  • өзінің коммерциялық қызметін тұтынушының пайдасына бағыттау,

    коммерциялық  қызметтен бөліп қарау;

  • тартыс туған жағдайда тұтынушының мүддесін өз мүддесінен жоғары

    қою:

  • нарықта қауіпті жағдайда туындаса, міндетті түрде тұтынушыны

    хабардар  ету;

  • кәсіби қатусышыда сақталған активтен   түскен пайданы тұтынушымен

    бөлісу;

  • кәсіби қатысушының кінәсінен залалға (шығынға) ұшыраған жағдайда,

    тұтынушының шығынын төлеп беру;

  • тұтынушының міндеттері бойынша басқа кәсіби қатысушылар

    алдындағы жауапкершілігі;

  • жүзінде нарықтың даму деңгейіне қарай,   аталмыш қағидалардың

    бірқатары ғана орындалады

  • Кәсіби қызметті лицензиялау.
  • Құнды қағаз нарығына қатысушы белгілі бір кәсіби қызмет түрін

    көрсетуге рұқсат алғанда ғана оның кәсіби қатысушысы статусына ие болады.

  • Лицензия – өзіне тиісті кәсіби қызмет түрімен айналысуға құқық

    беретін ресми құжат.

  • Құнды қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін лицензияны атқарушы

    билік  органдары мен өкілетті органдар   береді. (АФН, ҚР ҰБ).

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"