Бағалы
қағаздар нарығындағы кәсіби
қызмет
- Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Кәсіби қызметті
лицензиялау тәртібі
- Брокерік
қызметті жүзеге асыру
- Нарықтағы
дилерлік қызмет
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Кәсіби
қызмет түсінігінің
мәні.
- Кәсіпқой
қатысушылар —
«Құнды қағаздар туралы» заңға сәйкес
әрекет етуші заңды тұлғалар.
- Құнды қағаздар
нарығындағы кәсіби қызмет ұғымы Заңда
құнды қағаздар нарығында атқарылатын
кәсіби қызмет қызмет түрлері ретінде
ғана атап өтілген.
- Ал экономикалық
тұрғыдан алғанда бұл мәселе еңбек бөлінісі
үдерісіне негізделеді, соның нәтижесінде
еңбек үдерісінің жиынтығындағы белгілі
бір еңбек түрлері жеке қызмет ретінде
оқшауланады. Құнды қағаздар нарығында
бұл құнды қағаздардың ерекшелігіне қарай
атқарылатын арнайы іс-шаралар ретінде
көрініс табады.
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Тағы бір
маңызды мәселе - нарық ішілік
қызметтің өзі кәсіби
және кәсіби емес
болып жіктеледі. Оның негізгі алғышарты
- құнды қағаздар нарығына қатысушының
капитал шығару нысаны, яғни капиталды
құнды қағаздардың өзіне жұмсауға немесе
аталмыш нарықта көрсетілетін негізгі
қызмет түрлерінің біріне жұмсауына болады
(коммерциялық қызмет нәтижесі ретінде).
Эмитенттер мен инвесторларға, яғни каптиалдары
құнды қағаздармен байланысты қатысушыларға
көрсетілетін қызмет түріне капитал салу
құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
деп аталады.
- Құнды
қағаз нарығындағы кәсіби
қызмет – аталмыш нарыққа қатысушыларға
құзырлы және коммерциялық негізде қызмет
көрсету; құқықтық
тұрғыда – мемлекет тарапынан рұқсаты
(лицензиясы болуы шарт) болуы тиіс. Құнды
қағаздар нарығындағы эмитенттер мен
инвесторлардың қызметімен салыстырғанда
кәсіпқой қатысушының қызметі –оның тікелей
жұмысы, ол аталмыш нарық кірісінің негізгі
көзі болып табылады.
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Эмитент
пен инвестордың таза кіріс
көзі - салынған капитал немесе
құнды қағаз формасындағы капитал.
- Құнды қағаздар
нарығы қызметіне өз капиталын бизнес
ретінде жұмсаушылардың қызметі өзгеше.
Ол бұл нарықтан оңай және ерікті түрде
кете алмайды, себебі басқа нарықта ол
кәсіпқой ретінде әрекет ете алмайды,
лицензия алғанша оның жаңа қызметкерлерді
іске тартып, оларды қайтадан үйретіне
тура келеді.
- Құнды
қағаздар нарығындағы
кәсіби қызмет және
кәсіпқой қатысушылар
түрлері.
- «Құнды қағаздар
нарығы туралы» Заң бойынша құнды қағаздар
нарығындағы кәсіби қызмет түрлері төмендегіше
жіктеледі:
-
• брокерлік
- •
дилерлік;
- •
құнды қағаздарды басқару
бойынша;
- •
өзара міндеттерді анықтау
бойынша;
- •
депозитарлық;
- •
құнды қағаздарды иеленушілер
тізімі;
- •
нарықта құнды қағаздарды
сату бойынша.
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Құнды
қағаздар нарығындағы
кәсіпқой қатысушылар
және нарықаралық
кәсіпқой қатысушылар.
-
Құнды қағаздар нарығындағы кәсіпқой
қатысушылар мен жалпы нарыққа
кәсіпқой қатысушылардың, немесе нарықаралық
кәсіпқой қатысушылардың айырмашылықтарын
білу қажет.
- Нарықаралық
кәсіпқой қатысушылар – бірнеше
нарыққа қатысушыларға кәсіби деңгейде
қызмет көрсететін нарық мүшелері.
- Әдетте мұндай
қызмет белгілі бір дәрежеде бір-біріне
ұқсас нарықта, мысалы, қаржы нарығы, өндірістік
құралдар немесе базистік активтер нарығында
көрсетіледі.
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Нарықаралық
кәсіпқой қатысушыларға
төмендегі ұйымдар
жатады:
- кез -келген
нарықтың кез- келген мүшесіне ақшалай
есеп айырысу немесе несие беру бойынша
қызмет көрсететін коммерциялық банктер;
-
барлық қаржы нарықтарының қатысушыларына
қызмет көрсететін рейтинг агенттігі;
- бірден бірнеше
нарыққа қызмет көрсететін ақпараттық
агенттіктер;
- құқықтық,
аудиторлық, бағалау ұйымдары да бірден
бірнеше нарыққа қызмет көрсетеді.
- Нарықаралық
кәсіпқой қатысушылар «Құнды қағаздар
нарығы туралы» Заңға сәйкес және
басқа да заңнамалық база негізінде жұмыс
істейді.
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Басқа
нарықтағы кәсіпқой қатысушылар
бір мезгілде құнды қағаздар
нарығының кәсіпқой қатысушысы
статусын да ала алады.
- Оған құнды
қағаздар нарығында сол нарықтағы кәсіби
қызмет түрлеріне сәйкес қызмет көрсететін
болса ғана қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда
ең басты мәселе – басқа нарыққа кәсіпқой
қатысушылар құнды қағаздар нарығына
қатысушыларға өздеріне тікелей қатысты
қызмет түрін көрсетіп қана қоймай, тек
құнды қағаздар нарығына тән қызмет түрлерін
көрсету құқығына ие болады. Соған
сәйкес олар екіжақты кәсіпқой атанады:
нарықаралық және құнды қағаздар нарығының
кәсіпқойы.
- Мұндай екіжақты
кәсіби қызмет түрімен айналысуы төмендегі
мүдделерден туындайды:
- кәсіби қатысушының
қызметін әртараптандыру қажеттілігі;
- жаңа пайдалы
кәсіби қызмет түрлерін іздеу;
- жеке тұлғалардың
капиталына шығу мүмкіндігі;
- жеке меншік
капиталын жұмсауға қолайлы мүмкіндіктер
іздеу;
Кәсіби
қызмет ұғымы, түрлері
- Кәсіби
қызметті ұйымдастырудың
негізгі қағидалары.
- Құнды қағаздар
нарығының кәсіпқой қатысушылары эмитентер
мен инвесторларға қажетті қызмет түрімен
айналысады және бір-біріне қызмет
көрсетеді.
- Құнды
қағаздар нарығындағы
қызмет түрлерінің негізгі
қағидалары мыналар:
- тұтынушыға
адал және жауапкершілікпен қызмет ету;
- өзінің коммерциялық
қызметін тұтынушының пайдасына бағыттау,
коммерциялық қызметтен бөліп қарау;
- тартыс туған
жағдайда тұтынушының мүддесін өз мүддесінен
жоғары қою:
- нарықта қауіпті
жағдайда туындаса, міндетті түрде тұтынушыны
хабардар ету;
- кәсіби қатусышыда
сақталған активтен түскен пайданы
тұтынушымен бөлісу;
- кәсіби қатысушының
кінәсінен залалға (шығынға) ұшыраған
жағдайда, тұтынушының шығынын төлеп беру;
- тұтынушының
міндеттері бойынша басқа кәсіби қатысушылар
алдындағы жауапкершілігі;
- жүзінде нарықтың
даму деңгейіне қарай, аталмыш қағидалардың
бірқатары ғана орындалады.
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Кәсіби
қызметті лицензиялау.
- Құнды қағаз
нарығына қатысушы белгілі бір кәсіби
қызмет түрін көрсетуге рұқсат алғанда
ғана оның кәсіби қатысушысы статусына
ие болады.
-
Лицензия – өзіне тиісті кәсіби қызмет
түрімен айналысуға құқық беретін
ресми құжат.
- Құнды қағаздар
нарығында жұмыс істеу үшін лицензияны
атқарушы билік органдары
мен өкілетті органдар береді. (АФН,
ҚР ҰБ).
- Лицензия
беру тәртібі құнды қағаздар нарығында
кәсіби қызмет көрсету түрлерін лицензиялау
ережелері бойынша реттеледі.
-
Кәсіби қызмет түрін
лицензиялау қажеттілігі
төмендегідей талаптарға
байланысты туындайды:
- нарыққа қатысушылардың
тобын жауапкершілігі жоқ делдалдардан,
алаяқтардан және де басқа қатысушылардың
кәсіби білімсіздігін өз мүддесіна
қарай пайдаланушы тұлғалардан қорғау;
- мемлекеттің
нарықтық қатынасты реттеу тетігін басқару
мүмкіндігі, нарықтың мүддесіне
сәйкес ықпал ету;
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Құнды
қағаздар нарығындағы
лицензия түрлері:
- құнды қағаздар
нарығының кәсіпқой қатысушысының лицензиясы;
- құнды қағаздар
иеленушілерін тіркеу қызметін атқару
лицензиясы;
- Қор биржасының
лицензиясы.
- Лицензияны
беру және қайтарып
алу тәртібі.
- Лицензия
алу үшін нарыққа қатысушы лицензиялау
органына қажетті құжаттарды тапсыруы
керек (өтініш, коммерциялық қызметінің
сипаты, құрылтайшы құжаттар көшірмесі,
т.б), солардың негізінде оған лицензияны
беру туралы шешім шығарылады және
белгіленген мөлшерде лицензия төлемақысын
төлейді.
- Лицензиялау
туралы шешім 30 күннің ішінде шығарылады.
Төмендегі мәселелерге байланысты лицензия
берілмеуі мүмкін:
- дұрыс ақпарат
бермеу;
- үміткердің
лицензия талаптарына сай болмауы;
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Лицензия
3 жылға беріледі. Ал құнды қағаздарды
сату ұйымдары мен биржа қорларына
лицензия 10 жылға беріледі. Лицензия
мерізімі аяқталғанда, оны әрі
қарай создыруға болады.
- Төтенше жағдайларда
ғана лицензиялау органы лицензияны тәркілейді
және жоққа шығара алады.
- Лицензияның
күшін жоюға төмендегідей
жағдайлар негіз болады:
- лицензия
алу кезінде толтырылған құжаттарда қате
мәліметтердің болуы;
- лицензия
талаптары мен шарттарын бірнеше рет бұзу;
- лицензияны
беру туралы заңсыз шешім шығару;
- заңды тұлға
болмау немесе оның төлем қабілетсіздігі;
- Нарықтың
кәсіпқой қатысушысы тек бір ғана кәсіби
қызмет түрі бойынша емес, бірнеше қызмет
түріне лицензия алуға құқығы бар.
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Лицензиялауға
қойылатын талаптар:
- кәсіби қатысушының
құқықтық- ұйымдастыру формасына қойылатын
талаптар;
- жеке капиталының
мөлшеріне қойылатан талаптар;
- кәсіби қатысушының
кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар;
- тағы да басқа
талаптар, олардың ішіндегі ең маңыздысы
- нарықта атқаратын кәсіби қызмет түрлерін
атқаруға қатысты құжаттар,
мысалы, нарықтағы сауда ережелері,
тіркеу ережелері, депозитарлық қызмет
ережелері, клиринг қызметін жүзеге асыру
ережелері т.б.
- Құқықтық-ұйымдастыру
формасы. Құнды қағаздар нарығының
кәсіпқой қатысушысының анықтамасына
сәйкес ол міндетті түрде заңды тұлға
болуы тиіс. Жеке тұлға ешқандай жағдайда
аталмыш нарық қатысушысы бола алмайды.
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Кәсіпқой
қатысушының құқықтық-ұйымдастыру
формасы әдетте қатаң қаралмайды.
Оның коммерциялық немесе коммерциялық
емес ұйым ретіндегі формасына
баса назар аударылады.
- Жеке
капитал мөлшері.
- Кәсіпқой
қатысушының жеке капиталының мөлшері
бекітілген ережеге сәйкес оның бухгалтерлік
балансының мәліметтері бойынша есептеледі.
Оның есебі жалпы баланстағы активтер
мөлшерінен қарызы, материалдық емес және
жүзеге асырылуы күрделі активтері, шығыны
мен залалы алынып тасталады.
- Лицензия
алуға қажетті жеке капитал нормативтері
құнды қағаздар нарығы бойынша атқарушы
органдармен әрбір кәсіби қызмет түріне
байланысты жеке тағайындалады.
- Көрсетілген
нормативтер негізінен елдегі нарықтық
коньюнктураның өзгеруіне (инфляция т.б.)
байланысты жиі қайта қаралып отырады.
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- Біліктілікке
қойылатын талаптар.
- Құнды қағаздар
нарығы бойынша атқарушы өкімет органы
барлық кәсіби қызмет түрлері деңгейлері
бойынша басқару қызметіне біліктілік
аттестаты бар мамандарды ғана тағайындайды.
- Аталмыш
аттестатқа қол жеткізу
үшін:
- қызметкердің
жоғары білімі болуы керек;
- базалық біліктілік
емтиханын тапсыруы тиіс;
- мамандыққа
байланысты біліктілік емтиханын тапсыруы,
кәсіби қызмет түрлері бойынша емтихан
тапсыруы қажет.
- Кәсіби
қызмет түрлерін қатар
алып жүру.
- Құнды қағаздар
нарығында бір кәсіпқой қатысушы өзара
үйлестіруге келетін қызмет түрлерін
қатар алып жүруіне болады.
- Мұндай
өзара үйлесетін қызмет
түрлеріне мыналар жатады:
Кәсіби
қызметті лицензиялау тәртібі
- бірінші
топ — атаулы
құнды қағаздар иеленушілерін
тіркеу қызметі құнды қағаздар нарығындағы
басқа бірде бір қызмет түрімен үйлеспейді;
- екінші топ—
брокерлік, дилерлік,
депозитарлық қызмет
түрлері және құнды
қағаздарды басқару
қызметі әр түрлі тұрғыдан өзара үйлеседі;
- үшінші топ
— депозитарлық,
клиринг қызметтері
және құнды қағаздарды
сату қызметтері өзара
үйлеседі.
- Құнды
қағаздарды басқару
қызметі үлестік жарнапұл қорын басқару,
мемлекеттік емес зейнетақы қорларының
активтерін, инвестициялық қорды басқару
қызметтерімен өзара үйлеседі.
Бірақ, бұл жағдайда құнды қағаздарды
басқару қызметі брокерлік, дилерлік және
депозитарлық қызмет түрлерімен үйлесе
алмайды.