Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций
Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ
Қаржы және экономикалық факультеті
Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Декан Абдрахманова Г.Т.
___________________ «_____» _________ 2011 ж.
FIN 333 «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ»
«5В050900 Қаржы»
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Алматы, 2011ж.
1 –2 ші лекциялар
тақырып: Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру және оның құрылымы
Жоспар:
Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.
1-ден, меншік белгісі
2-ден, қарыз міндеттемесі, яғни олар арқылы табыс алу құқығы және табыс төлеу құқығы пайда болады.
Бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны, яғни номиналы өте төмен болғанымен, ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді.
1. Қаржы ресурстарын шоғырландыру
2. Оларды
нарыққа қатысушылардың
Бағалы қағаздар нарығының міндеттері:
Бағалы қағаздар нарығын қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығының және оларды қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді.
Бұл өте ауқымды процесс. Ондай институттар Қазақстанда шын мәнінде болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет ерекше құқықпен өз қол астында ұстады, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды.
1. айналымдағы қолма - қол ақша нарығы және оған қолма - қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары вексельдер, чектер т.с.с. Республиканың ақша нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануына ұшырауда.
2. қарыз капиталы нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар ғана алуға мәжбүр.
Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға проценттік өсімі өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән.
Бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО да Қазан революциясына дейін болғанмен, соңғы жетпіс жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Қазіргі кезде егемен мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелерді шығарумен айналысуда.
Бағалы
қағаздар нарығының қалыптасуы сауда
және өсімқорлық операцияларымен байланысты.
Капиталдың бағалы қағаздарға инвестициялануы ХIX ғасырдың ортасында кең тарады.
Осы кезеңде бағалы қағаздар нарығы кеңінен дами түсті, оған қатысушылар да айқындала бастады.Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар деген бағалы қағаздарды сатушы,
не сатып алушы, сонымен қатар олар бойынша есеп айырысуды және олардың айналымын қамтамасыз етуші жеке немесе заңды тұлғалар. Олар бағалы қағаздардың айналымдылығы бойынша өзара экономикалық қатынастарға түсетін жақтар.
Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық бұл қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға дайын.
біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді.
Олардың төрттен үш бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек төрттен бір бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді.
жағдайын мемлекет белгілейді.
оның міндетін атқаратын делдалдарды кәсіби мамандар деп атайды. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін нарық талаптарына сай дайындалған кәсіби мамандар қажет.
Бақылау сұрақтары:
3-4 - ші лекциялар
тақырып: Бағалы қағаздар және қаржы құралдары
Жоспар:
Бағалы қағаздар дегеніміз мүліктік құқықты білдіретін бекітілген нысандағы құжат.
Олардың заңды жағының сипаты: оларды жүзеге асыру немесе басқа тұлғаға беру оларды ұсыну арқылы жүзеге асады.
Экономикалық сипаты: тауар әлемі екі топқа бөлінеді: тауарлар және ақша. Ақша жай ақша және капитал болып бөлінеді. Әлемдік практикада ақшаны басқа тұлғаға берудің келесі әдістері бар:
Бағалы қағаздар бұл ақша да емес, тауар да емес. Оның құндылығы оның өз иесіне беретін құқығында.
Бағалы қағаздардың қасиеттері төмендегідей:
2. Есеп айырысу құралы;
3. Кепілдік заты бола алады;
4. Бірнеше жылдар бойы сақталады немесе мұрагерлікке беріледі;
5. Сыйға беріледі т.с.с.
Сонымен бағалы қағаз деп иесіне кіріс, құқық және кейбір міндеттемелер беретін нақты бекітілген үлгідегі құжатты атайды.
Оны жаңа келісім жасамай - ақ үшінші түлғаға беруге болады, яғни бағалы қағаздар бойынша құқық пен міндеттемелерді үшінші тұлғаға беру ешқандай жаңа келісімсіз жүзеге асады.
Бағалы қағаздар қарыз міндеттемесі.
Қарыз міндеттемесі қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге беретін құжаты.
Қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды тұлғалардың , яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат.
Қарыз міндеттемесін шығарып және одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Эмитент пен қарыз міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқығын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.
Әлемдік практикада бағалы қағаздардың екі түрі бар: негізгі бағалы қағаздар және туынды бағалы қағаздар.
ҚР заң жинақтарына сәйкес елімізде келесі бағалы қағаздар айналыста жүреді:
Бағалы қағаздармен операциялар немесе қор операциялары - бұл қор нарығында белгілі мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарымен жүргізілетін іс әрекеттер.
Бағалы
қағаздармен операцияларды
Инвестициялық операциялар операция субьктілерінің салымдарын немесе тартылған қаржы ресурстарын қор активтеріне салуды қамтамасыз ететін операциялар болып табылады.