БҚН
кәсіби мамандарының қызметі
- Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- Клирингтік
қызмет
- Құнды қағаз
иеленушілерін тіркеу қызметі
- Депозитарлық
қызмет
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
Құнды қағаздарды
басқару қызметі
- Құнды
қағаздарды басқару
қызметі дегеніміз
заңды тұлғаның белгілі бір мерзім
ішінде өзіне басқаруға сеніп тапсырылған
өзге бір тұлғаның меншігіндегі заттарды
сол тұлғаның мүддесіне немесе сол тұлға
арқылы көрсетілген үшінші тұлғаның мүддесіне
сай қорғау және сыйақы алу мақсатында
басқару. Олар:
- құнды қағаздар;
- құнды қағаздар
инвестициясына салуға арналған ақша;
- құнды қағаздарды
басқару үдерісі барысында алынған ақшалай
қаражат пен құнды қағаздар;
- Сенімгерлік
басқару құқы берілген
заңды тұлға басқарушы
деп аталады. Әдетте басқарушы қызметін
нарықта коммерциялық банктер, инвестициялық
компаниялар және осы мақсатта арнайы
құрылған басқару компаниялары атқарады.
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- Сенімгерлік
басқарудың артықшылықтары.
Нарықтағы сенімгерлік басқару қызметінің
артықшылығы оның басқару саласындағы
кәсіби деңгейіне және оның шектеусіз
потенциялдық мүмкіндіктеріне байланысты
анықталады.
- Құнды
қағаздарды жеке басқарумен
салыстырғанда ірі капиталды
басқарудың төмендегідей
артықшылықтары бар:
- құнды қағаздарға
салынған инвестицияның табысы әлдеқайда
жоғары болады;
- құнды қағаздар
нарығында жүргізілген операцияларды
жүргізуге аз шығын шығарады;
- нарықтық
конъюнктураның өзгеруіне байланысты
туындайтын қауіп-қатер аз.
- Құнды қағаздарды
сенімгерлік басқару құнды қағаздар нарығында
ұжымдық инвестиция формасы негізінде,
әр түрлі инвестициялық қорлар түрінде:
инвестициялық үлескерлік қор, мемлекеттік
емес зейнетақы қорлар т.б. іске
асырылады.
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- Сенімгерлік
басқармасының шарттары.
-
Құнды қағаздарды басқару қызметі сенімгерлік
басқаруға берілген келісімшарт
негізінде жүзеге асырылады. Оның
негізгі сипаттары:
- Шартқа
отырушы тараптардың
заңды атаулары:
- аталмыш шарт
бойынша тұтынушы басқарма құрылтайшысы,
ал нарыққа кәсіпқой қатысушы – сенімгерлік
басқарушы деп аталады;
- Келісімшарт
мазмұны:
- тұтынушы
басқарушыға белгілі бір мерзімге құнды
қағаздарға инвестициялауға арналған
қаржысын тапсырады, ал басқарушы мүлік
жиынтығын (ақшалай қаражат және құнды
қағаздар) тұтынушының мүддесіне сай басқаруға
міндеттенеді.
- Сенімгерлік
басқарушының міндеттері: сенімгер
басқарушы сенімгерлік басқару шартында
көрсетілген шаралар аясында ақша және
құнды қағаздарға қатысты меншік иесінің
сеніп тапсырған басқару қызметтерін
орындайды.
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- Басқарушының
міндеттері:
- өзіне сеніп
тапсырылған мүліктерді сенуші тұлғалардың
мүддесіне сәйкес басқару;
- өзіне басқаруға
тапсырылған құнды қағаздарға байланысты
шарттарда міндетті түрде өзінің сенімгер
басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсетуі
тиіс (СБ деген белгі қойылады);
- өзіне сеніп
тапсырылған мүліктерге өзінің жеке
мүлкінен бөлек шартты түрде есеп жүргізу;
- Басқарушы
қызметінің ақысы:
- Сенімгер
басқарушы келісімшартқа сәйкес сыйақы
алады, ал сенімгерлік басқару үдерісіне
кеткен шығын басқару барысында түскен
табыс есебінен толтырылады.
- Құнды
қағаздарды сенімгерлік
басқару ерекшеліктері.
- Құнды
қағаздарды сенімгерлік
басқару келесі аспектілерді
қамтиды:
- егер сенімгерлік
басқару нысаны акциялар болатын болса,
басқарушы оларды тек құнды қағаздар нарығында
ғана басқарып қоймайды, яғни тек нарық
мүлкі ретінде ғана басқармайды, сонымен
қатар оларға қатысты акционерлік
қоғамды да басқарады;
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- құнды
қағаздарды нарықта
басқару дегеніміз
шамасынша оларды ақшаға немесе керісінше
құнды қағазға үнемі айналып отыруын қадағалу,
сондықтан да уақытша құнды қағаздар
нарығынан босатылған ақшалай қаражатты
да сенімгерлік басқару қажеттілігі туындайды
(сол инвестициялық капиталдың ақшалай
формасы);
- аталмыш ақша
қаражаты банк шотында қалып, банк тарапынан
төленетін пайыздық табыс әкелуіне болады.
- сенімгерлік
басқарма тек жеке тұтынушымен ғана емес,
көптеген нарыққа қатысушылардың сенімгерлік
басқарушысы ретінде қарым-қатынаста
болады;
- нарықта сенімгерлік
басқарушылар көп болғандықтан, жеке инвестор
өзіне қолайлы сенімгер басқарушыны таңдап
алуы керек;
- сенімгерлік
басқарма сенімгер басқарушының өкілеттілік
деңгейін анықтауы тиіс, яғни оның инвестициялық
декларациясы болуы қажет және онда өзіне
сеніп тапсырылған қаражат көздерінің
(жеке капитал немесе инвестиция) инвестициялау
бағыты мен тәсілдері көрсетілуі керек.
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- Басқарушы
қызметіне қойылатын
шектеулер.
- Құнды
қағаздар нарығында сенімгер басқарушы
өз қызметін өзіне сенім білдірген ұжымдық
инвесторлар мүддесін неғұрлым жақсы
қорғау мақсатында мемлекеттік заң актілеріне
сәйкес қатаң шектеулер аясында жүзеге
асырады;
- Сенімгердің
төмендегідей шараларды
атқару құқығы жоқ:
- өзі басқарып
отырған қаражат есебінен өзіне құнды
қағаздар алуға;
- өзінің басқаруындағы
құнды қағаздарды өз қаражатына сатып
алуға;
- құнды қағаздарды
сату-сатып алу жөніндегі келісімшартқа
отырушы екі тараптың да мүддесін қорғауға;
- таратылғалы
отырған ұйымның құнды қағаздарын сатып
алуға;
- құнды қағаздарды
30 күнтізбелік күннен кешіктіріп сатуға;
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- өзіне
сеніп тапсырылған құнды қағаздарды
өз міндеттерінің кепілдемесі
ретінде беруге;
- өзіне сеніп
тапсырылған ақша қаражатын үшінші тұлғаның
пайдалануына беруге;
- өзіне тапсырылған
қаржы есебінен үшінші тұлғаның мүддесін
қорғап сақтандыру шарттарын жасауға;
- Сенімгерлік
басқарушы қызметінің
ақысын төлеу жолдары.
- теориялық
тұрғыдан алғанда сенімгерлік басқарушы
қызметінің ақысын төлеудің түрлі формалары
бар. Олардың ішіндегі
ең негізгілері:
- жылдық
тұрақты сыйақы көлемі.
Сыйақы берудің мұндай тәсілінің кемшілігі
– басқарушы қызметінің нәтижесіне назар
аударылмайды;
- Сыйақы
қаражат айналымына
қарай тағайындалады
(мысалы, құнды қағаздарды сату-сатып алу
бойынша жасалған келісімшарт көлемі).
Бұл нұсқа бойынша басқарушы құнды қағаздардың
нарықтық бағасының өсуіне қарағанда,
құнды қағаздар саудасының дамуына мүдделі;
Бағалы
қағаздарды басқару қызметі
- сенімгерлік
басқармада жатқан
құнды қағаздар
портфелінің нарықтық
бағасының тұрақты
пайыздық көрсеткіші
мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Оның кемшілігі – басқарушы өзіне тапсырылған
қаражаттың нарықтық құнының өсу, өспеуіне
қатыссыз сыйақы ала береді. Тіпті оның
құны төмендесе де басқарушы сыйақысын
алады, осыған байланысты сенімгерлік
басқарманың басқа мүшелері шыныға ұшырап
отырған кейбір жағдайларға қарамастан,
оның табысы өседі;
- сыйақы
жылдық табыс көлемінің
пайыздық мөлшері көлемінде
беріледі, ол сенімгерлік
басқаруға тапсырылған
құнды қағаздар бағасының
құнына байланысты.
- Мұндағы негізгі
мәселе - бұл табыстың көлемі үнемі басқарушының
әрекетіне байланысты болмайды. Егер құнды
қағаздар нарығында ұзақ уақытқа баға
түсіп кетсе, (мысалы қор дағдарысы),
барлық қатысушылардың құнды қағаздары
құнсызданады, онда басқарушы табысқа
да жете алмайды, өзінің басқаруға кеткен
шығындарын да жаба алмай қалады.
Клирингтік
қызмет
- Өзара
міндеттерді анықтау
қызметі (клиринг).
- Клирингтікқызмет
– бұл өзара міндеттерді анықтау бойынша
көрсетілетін қызмет түрлері (құнды қағаздар
бойынша жасалатын мәмілелер бойынша
ақпарат жинау, салыстыру, түзету және
сол бойынша бухгалтерлік құжаттар дайындау).
- Клиринг қызметін
лицензиясы бар заңды тұлға ғана жүзеге
асыра алады. Клирингке
мамандандырылған ұйымдар:
- клирингтік
ұйым,
- клирингтік
палата,
- клиринг
орталығы,
- есеп-қисап
палатасы жатады.
- Клирингтік
ұйымдарға қойылатын
талаптар.
- Клирингтік
ұйымдар өз қызметін өздері жасаған және
құнды қағаздар нарығы бойынша атқарушы
билік органы бекітетін ережелерге сәйкес
жүргізеді.
- Егер клирингтік
ұйым құнды қағаздар мәмілесі бойынша
есеп-қисап та жүргізетін
Клирингтік
қызмет
- болса, онда
ол құнды қағаздар мәмілесінің
жүзеге аспай қалу қаупін төмендету
мақсатында бекітілген көлемде
арнайы қаржы қорын құруы керек.
- Клиринг
процедурасы.
- «Клиринг
қызметі» ұғымына сәйкес
клиринг процедурасы
үш бөлімнен тұрады:
- 1) бастапқы
ақпаратты жинау, оны салыстыру, мәмілеге
қатысушы қарсы тараптардың ақпараттарына
сәйкес келмейтін жағдайда оған түзетулер
енгізу;
- 2) мәміле
жасау туралы бастапқы ақпараттар негізінде
бухгалтерлік құжаттар дайындау; мұндай
ақпараттар нарыққа қатысушының банктегі
немесе басқа да есепшотындағы ақшалай
қаражаттарды түгендеу үшін қажет;
- 3) нарыққа
қатысушылардың бір-бірінің алдындағы
ақшалай төлемақылар мен әрбір құнды қағаз
туралы өзара талаптарын есепке алу. Есепке
алу процедурасы ақша ағымын күрт қысқартып,
құнды қағаздарды қатысушыларға бөліп
тастау, себебі бұл жағдайда тек қорытынды
ақша сомасының айналымы мен құнды қағаздарды
ауыстыру сальдосы жүзеге асырылады.
Клирингтік
қызмет
- Клиринг
және есеп-қисап
байланысы.
- Клиринг процедурасы
есеп айырысу процедурасына тәуелді.
- Құнды
қағаздар бойынша есеп
айырысу – қатысушылар
арасындағы ақшалай
қаражатты аудару және
бұл аударымдар үдерісіне
сәйкес құнды қағаздарды
иелену құқығын қайта
тіркеу.
- Клиринг үдерісі
кезінде мәмілелерге қажетті бухгалтерлік
құжаттар дайындалады, соның нәтижесінде
жалпы құжат айналымы күрт қысқарады,
жылдамдайды және арзандайды.
- Көрсетілген
құжаттар банктерге барып түседі, олар
құнды қағаздарды иелену құқығын қайта
тіркейді (депозитарий,тіркеушілер).
- Құнды қағаздар
нарығына қатысушылардың көбі мәмілелерді
жиі жасайтын болғандықтан, оларға клиринг
және есеп айырысу сияқты мамандандырылған
орталықта, яғни мамандандырылған
клиринг орталығында қызмет көрсету тиімді.
Клирингтік
қызмет
- Мұндай
жағдайда қор нарығына белгілі
қатысушылардың ақшалай қаражаттары
мен құнды қағаздары клиринг
орталығының есебінде болады, оларда
клиринг пен есеп айырысу қызметі
екі бөлек ұйымдарда болғанға
қарағанда аударым кеңістігі
болмайды.
- Клиринг
кезінде өзара есептесу
түрлері.
- Өзара
есептесу – нарыққа қатысушылар арасында
белгілі бір мерізім өткен кезде барлық
мәмілелер бойынша өзара қорытынды есеп
жасау.
- Өзара есептесу
екі түрлі болады:
- қостарапты
– бұл нарықтағы екі қатысушы арасында
есеп беру мерізімінде жасалған барлық
мәмілелер бойынша есептесу (әдетте
бір күнде);
- көптарапты
– бұл нарыққа қатысушылар арасында
есеп беру мерізімінде жасалған барлық
мәмілелер бойынша өзара есептесуі; ол
«неттинг» терминімен белгіленеді.
- Көптарапты
клиринг екі түрлі формада
жүзеге асырылады:
- есеп-қисап
делдалының қатысынсыз;
- есеп-қисап
бойынша орталық делдалының қатысуымен,
мұндай клиринг «новейшн» деп аталады.
Клирингтік
қызмет
- Көптарапты
клиринг «новейшн» жүйесінде
– нарыққа барлық қатысушылардың
міндеттері бір-біріне қатысты
тіркелмейді, клиринг орталығына
байланысты тіркеледі, ол нарыққа
қатысушылардың арасында жасалған
әрбір мәміле тұрғысынан қызмет
етеді.
- Нәтижесінде
бір жағынан әрбір қатысушының клиринг
орталығы алдындағы міндеттері айқындалады;
- екінші
жағынан клиринг орталығының олардың
алдындағы міндеттерінің көлемі айқындалады.
Содан кейін өзара есептесу жүзеге асырылады,
соның нәтижесінде ақша және құнды қағаздар
сальдосы анықталады.
- Ортақ есеп-қисап
делдалының болуы клиринг орталығына
есептесу шараларын арзандатып және жеделдетіп
қана қоймай, нарықтық қауіптерді басқарудың
жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді.
- Қазіргі заманғы
клиринг және есеп айрысу жүйелері қуатты
есептеу техникаларына негізделген.
Клирингтік
қызмет
- Клиринг
қызметіндегі негізгі
тәуекелдер.
- Клиринг қызметі
де кез-келген басқа қызмет түрлері сияқты
тәуекелдер пен шығынға ұшырауы мүмкін,
ол шығындар тек клиринг орталығына ғана
қатысты емес, оның тұтынушыларына да
қатысты болуы мүмкін.
- Клиринг
қызметінде кездесетін
екі үлкен тәуекел бар:
- операциялық
- бұл қауіп клиринг компаниялары жүргізетін
операциялар барысында болуы мүмкін және
компанияның өзінің шығынға ұшырауына
әкеліп соғуы ықтимал;
- ерекше
– бұл қауіп те клиринг компаниялары жүргізетін
операциялар барысында туындауы мүмкін
және клиринг үдерісіне қатысушыларды
(мәміле жасаушы тараптарды) шығынға ұшыратады.
- операциялық
тәуекел келесі жағдайлардан
құралады:
- жасалатын
мәмілеге қатысты ақпараттардың дұрыс
болмауы;
- басқа нарыққа
қатысушылардың клиринг орталығы мәліметтерін
заңсыз пайдалануы (оның ақпараттық базасына
санкциясыз кіру);