тақырып: Акционерлік
қоғамдардың акциялары
- Акция
ұғымы, түрлері
- Жай және
артықшылықты акциялар
- Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару тәртібі.
- Акцияларды
құндық бағалау
Акция
ұғымы, түрлері
- Акция
деп акционерлік қоғам
шығаратын және акционерлік
қоғамды басқаруға қатысу,
ол бойынша дивиденд
және қоғам таратылған
жағдайда оның мүлкінің
бір бөлігін алу құқығын
куәландыратын бағалы
қағазды айтады.
- Акцияның
нақтылы құны - барлық
жай және артықшылықты
акцияларға арналған
және акционерлiк қоғамның
құрылтай шартында айқындалатын
бiрыңғай баға, осы баға
бойынша акциялар құрылтайшылар
арасында орналастырылады.
Акция
ұғымы, түрлері
- Акция
мынадай жағдайларда
шығарылады:
- Жаңадан акционерлік
қоғам құрып, оның жарғылық капиталын
орналастырғанда;
- Меншікті
акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік
қоғам ретінде қайта құрғанда;
- Қоғамның
жарғылық капиталын молайтқанда.
Топтастыру
белгілері
Акция
түрлері
1. Акционер құқықтары
бойынша
Жай, артықшылықты
2. Акциялар таратылатын
субьектілер бойынша
Еңбек ұжымдарының
акциялары, кәсіпорын акциялары, акционерлік
қоғам акциялары
3. Акцияны айналысқа
шығару және төленуі бойынша
Жарияланған, орналастырылған,
ақысы төленген
4. Шығару формасы
бойынша
Құжатты, құжатсыз
5. Инвестициялық
сапасы бойынша
Жоғары, орта, төменгі
сапалы
6. Эмитенттері бойынша
Корпоративтік, биржалық,
банктік
7. Айналымдылығы
бойынша
Айырбасталымды, айырбасталымсыз
8. Биржада сатылу
мүмкіндігі бойынша
Тіркелген, тіркелмеген
9. Айналыс сипаттамасы
бойынша
Еркін айнымалы, айнымалылығы
шектеулі
10. Мемлекет бақылауы
бойынша
Алтын акция
Акция
ұғымы, түрлері
- Акциялар
айналыс мерзімі көрсетілмей
шығарылады. Акционерлік қоғам жай
және артықшылықты акциялар шығаруға
құқылы.
- Өз қызметін
жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен
акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік
қоғам деп танылады.
- Артықшылықты
акциялардың меншік иелері қоғамның жарғысында
белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік
берілген мөлшерде дивидендтер алуға
және қоғам таратылған кезде осы Заңда
белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне
басым құқығы бар.
- Акционерлік
қоғамның артықшылықты акцияларының саны
оның жарияланған акцияларының жалпы
санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс.
Акция
ұғымы, түрлері
- Мынадай
жағдайларда артықшылықты
акция акционерге
қоғамды басқаруға
қатысу құқығын
береді:
1. қоғам акционерлерінің
жалпы жиналысы қоғамды қайта
ұйымдастыру не тарату туралы
мәселені қараса;
2. артықшылықты
акция бойынша дивиденд оны
төлеу үшін белгіленген мерзім
өткен күннен бастап үш ай
ішінде толық мөлшерінде төленбесе.
- Сондықтан,
артықшылықты акцияны сатып алатын тұлға
ұсыныс шарттарымен мұқият танысып, қандай
нақты артықшылықты акцияларды сатып
алатынын айқындап алуы тиіс.
Акция
ұғымы, түрлері
- Халықаралық
іс-тәжірибеде жай акцияныңда, табысы
тұрақты акцияның да белгілеріне
ие болса, ондай бағалы қағазды
гибрид бағалы қағаз деп атайды. Мұндайда
артықшылықты акциялардың дивиденд қатысында
және қоғам таратылғаннан кейінгі мүліктің
бір бөлігін алуға қатысты басым құқығы
болады.
- Артықшылықты
акциялар бойынша төленбеген дивидендтер
жинақталып, шығарылым проспектісіне
сәйкес дивидендтерді төлеудің белгіленген
мерзімі өткенен кейін төленуі тиіс.
Акция
ұғымы, түрлері
- Жай
акция иелерінің
құқықтары:
1. акционерлік
қоғамды басқаруға қатысуға;
2. қоғам жабылып
қалғаннан кейін несие берушілермен
есеп айырысқан соң мүліктің
бір бөлігін алуға.
- Оларға дивиденд
артықшылықты акция иелеріне дивиденд
төленгеннен кейін ғана төленеді.
- Дивиденд
мөлшері бекітілмеген, акционерлік қоғамның
тапқан пайдасының көлеміне қарай өзгеріп
отыруы мүмкін.
Акция
ұғымы, түрлері
- Жарияланған
және орналастырылған
акциялар ұғымдары болады.
- Жарияланған
акциялар - шығарылуын Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына
сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар
- Орналастырылған
акциялар - акционерлік қоғамның бағалы
қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар
және инвесторлар құнын төлеген акциялары.
- Акционерлдік
қоғамның жарығысында жарияланған акциялардың
саны, түрлері мен санаттары, сондай-ақ
артықшылықты акциялардың әрбір санаты
бойынша құқықтар айқындалуы тиіс.
Акция
ұғымы, түрлері
- Құрылтайшы
акцияларды толық төлемеген жағдайда
акциялардың төленбеген бөлігі
акционерлік қоғамның шешімі
бойынша басқа құрылтайшыларға
қоғам жарғысымен белгіленген
тәртіпте акцияларды сәйкесінше
бөлумен төлеуге беріледі.
Акция
ұғымы, түрлері
- Ақшадан
басқа, өзге де мүлікпен төлеу
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес берілген лицензия негізінде
әрекет ететін бағалаушы белгілейтін
баға бойынша жүзеге асырылады.
- Егер қоғамның
орналастырылатын акцияларын төлеуге
мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай
құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға
төленетін ақының мөлшері негізге алына
отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл
мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім
біткенге дейін қоғам акционерлері жалпы
жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті
алып қоюға тыйым салынады.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Акционерлік
қоғам бұрын шығарылған акцияларын
бөлшектеуі (сплит) немесе жинақтауы
мүмкін. Бұл әрекеттер акционерлердің
құқытарының шектелуіне әкеп соқтырмауы
тиіс.
- Акциялар
сплиті шығарылған акциялардың жалпы
санын акционерлік капиталдың мөлшерін
өзгертпей олардың нақтылы құнын пропорционал
азайта отырып, арттыру жолымен жасалады.
Бұл шара азғана соманы ғана салуға мүмкіндіктері
бар ұсақ инвесторларды тарту үшін өткізіледі.
Бір жағына бұл, акция бағамының көтерілуіне,
екінші жағынан дивиденд нормасының артуына
әкеледі.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Акцияларды
жинақтау шығарылған акциялардың
жалпы санын олардың нақтылы құнын пропорционал
кеміте отырып қысқарту жолымен жасалады.
- Акцияларды
басқа бағалы қағаздарға айырбастауға
болады. Артықшылықты акцияларды жай акцияларға
айырбастауға болады. Айырбастау бағасы
артықшылықты акцияларды айырбастау туралы
шешім қабылданған күнгі жай акциялардың
нақтылы құнынан төмен болмайды. Айырбастау
құқығы мен айырбатау шарттары акционерлік
қоғамның жарғысында айқындалады. Сондай-ақ
акцияларды облигацияларға айырбастау
тәртібі де қарастырылады.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Акционердің
өзіне тиесілі акциялар бойынша
акционерлік қоғам төлейтін кірісін
дивиденд деп атайды.
- Қоғамның
акциялары бойынша дивидендтер төлеудің
кезеңділігі қоғамның жарғысымен және
(немесе) акцияларды шығару проспектісімен
белгіленеді.
- Дивидендтер
оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде
төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің
негізгі сомасы және ақша міндеттемесін
немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын
негізге ала отырып есептелетін өсімпұл
төленеді.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Қоғамның
жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның
жарияланған акцияларын орналастыру
арқылы жүзеге асырылады.
- Компаниялардың
бәрі өз акцияларын котировкалау (бағалау)
парағына енгізуге ұмтыла бермейді. Оған
себеп, өз қаржылық жағдайын жария етуге
құлықсыздық, аудиторлық тексерудің қымбаттығы,
листингке енгізу шығындары, қор биржасының
қатаң талаптары, қор биржасының тізімдеріне
қосу үшін капитал жеткіліксіздігі.
- Әлемдік іс-тәжірибе
резервтік капиталды
құру қажеттігін көрсетеді, ол акционерлік
қоғам мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейінгі екі жыл ішінде жыл сайын
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- қоғамның
таза кірісінен шегерімдер жасау
арқылы құрылуы тиіс. Егер
қандай да болмасын төлемдер
нәтижесінде қоғамның резервтік
капиталы оның жарияланған жарғылық
капиталының 15 пайызынан азайып
қалса, акционерлік қоғам белгіленген
мөлшерге жеткенше резервтік
капиталды толықтыруы тиіс.
- Қоғамды құру
туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе)
заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып
табылады.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Қоғамның
жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(жалғыз құрылтайшының) акцияларды
олардың нақтылы құны бойынша
және инвесторлардың «Акционерлік
қоғамдар туралы» Заңда белгiленген
талаптарға сәйкес айқындалатын
орналастыру бағалары бойынша
төлеуi арқылы қалыптастырылады
және ол Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасымен көрсетiледі.
- Акцияның
құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем
мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының
ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және
оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде
мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз
күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
Акцияларды
тіркеу, сату және иеліктен шығару
тәртібі.
- Акцияларды
сатып алу өте ұтымды инвестиция
болып табылады, алайда оны сатып
алу оңай қол жетімді және
көп шығынсыз болуы тиіс.
- Яғни акцияларды
сатып алудың мәні мынада: акциялар бойынша
дивидендтер - инвестор алатын кірістің
бір бөлігі ғана. Сондықтан акцияларға
бағамдық айырманың жоғарылауы күтіміне
таңдау жасалады. Егер акциялардың құны
өсетін болса, онда уақыт өте келе акция
дивиденд сомасымен бірге, борыштық ақша
құралдарына қарағанда, инвесторға табыстың
анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз
етеді.
Акцияларды
құндық бағалау
- Қоғам
акционерінің құқықтары:
- 1) «Акционерлік
қоғамдар туралы» Заңда және қоғамның
жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды
басқаруға қатысу;
- 2) дивидендтер
алу;
- 3) қоғамның
қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде
акционерлердің жалпы жиналысында немесе
қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен
қоғамның қаржы есептілігімен танысу;
- 4) қоғамның
тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан
оның бағалы қағаздарға меншік құқығын
растайтын үзінді көшірмелер алу;
- 5) қоғам акционерлерінің
жалпы жиналысына қоғамның директорлар
кеңесіне сайлау үшін кандидатура ұсыну;
Акцияларды
құндық бағалау
- 6) қоғамның
органдары қабылдаған шешімге
сот тәртібімен дауласу;
- 7) қоғамға
оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға
және қоғамға сауал келіп түскен күннен
бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар
алу;
- 8) қоғам таратылған
кезде мүліктің бір бөлігін алу;
- 9) «Акционерлік
қоғамдар туралы» Заңда белгіленген тәртіппен
өз акцияларына айырбасталатын қоғамның
акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын
артықшылықпен сатып алу.