Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Скачать)

БҚН  институционалды  инвесторлар 

  • Инвестициялық  қор және оның  қызметі
  • Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері
  • Сақтандыру ұйымдары  және олардың қызметі

 
Инвестициялық қорлардың  қызметін жүзеге  асырудың негіздері
 
 

  • «Инвестиция»  ұғымы кең мағынасында ел экономикасын  қажетті қаражатпен қамтамасыз  етудің механизмін білдіреді. Бұл  мәселені шешу үшін тиісті  қаржы институттары құрылады, онын  ішінде инвестициялық қорларды  бөліп көрсетуге болады.
  • Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бүл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бүл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық  қорлардың қызметін  жүзеге асырудың  негіздері 

  • Инвестициялық  қор өзіндік акцияларды  шығару әрі ашық  орналастыру жолымен  және тартылған  қаражаттың есебіне  бағалы қағаздардың  инвестициялық портфелін  қалыптастыру арқылы  ақша қаражаттарын  тарту бойынша  қызметті жүзеге  асыратын занды  түлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.
  • Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
  • Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық  қорлардың қызметін  жүзеге асырудың  негіздері 

  • Инвестициялық  қор өз қызметінде  нақты қағидаларды  басшылыққа алады:
  • инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
  • бағалы қағаздармен аса қауіпті  операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • бағалы   қағаздарды   сатып   алуда    кәсіби   тәсілдемені қолдану;
  • жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.
 
  • Инвестициялык   қор    ондіріспен   және    сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы  қағаздар мен қаржылық құралдардан  өзге), кез келген кепілдік түрін  бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің  және бірлескен түлғалардың эмиссиялык  емес бағалы қағаздарын, акцияларын  сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын  мерзімге банктерден қарыз каражатын  тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті  мәмілелерді орындайды, қарызды  кез келғен тәсілмен береді, сонымен  бірге опциондық және фьючерстік  шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап  сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық  қорлардың қызметін  жүзеге асырудың  негіздері 

  • Инвестициялық  қордың ұйымдық  құрылымын былайша  көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы —басқарма — инвестициялық қордың басқарушысы.
  • Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:
  • инвестициялық   қордың   типін   қайта   құру   (өзгерту) туралы;
  • инвестициялық   декларацияға   өзгертулер   мен   толықтыруларды енгізу туралы;
  • бағалы қағаздар портфелінін басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері    және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.
  • Қордың атқарушы органына басқарма жатады.
  • Басқарманың заңда қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылык жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды түлғалардың, осы қорды баскаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).

Инвестициялық  қорлардың қызметін  жүзеге асырудың  негіздері 

  • Инвестициялық  қордың басқарушысы - бағалы қағаздардың  портфелін басқару бойынша кәсіби  қызметгі орындайтын және инвестициялық  қормен бекітілген келісімшартгың  негізінде әрекет ететін занды  тұлға.
  • Мұндағы міндетті шарт — тиісті лицензияның болуы.
  • Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.
  • Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданысындагы заңдар жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып  алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

 
Инвестициялық қорлардың  негізгі түрлері  мен типтері
 
  
 

  • Қазақстан  Республикасыньщ заңдары инвестициялық  қорлардың белгілі бір типтерін  аныктап береді.
  • Екі негізгі типі:
  • өзара қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.
  • Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады.
  • Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайды.
  • Сонымен қатар өзара қор былайша сипатталады:
  • оның акциялары үйымдастырылмаған  нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған.

Инвестициялық  қорлардың негізгі  түрлері мен типтері 

  • Инвестициялык  компания   - бұл   осы   қордың   құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестиялық қор. Өз акционерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосымша акцияларды шығару аркылы көбейтілмейді немесе акциялардың   бір   бөлігін   өтеу  арқылы   кемітілмейді.   Инвестициялық компанияның акциялары қор биржаларында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.
  • Үлестік   (шартты)   және   акционерлік   (корпорациялық) инвестициялық қорлары бөліп көрсетіледі.
  • Үлестік  инвестициялық қор (шартты) былайша бөлінеді:

ашық  ~ пайды 2 аптада ең аз дегенде  1 мәрте сатып алады;

жабық  ~ жарнашының (пайшы) пайда  (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;

Инвестициялық  қорлардың негізгі  түрлері мен типтері 

  • интервалды  — пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.
  • Оның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (үлескерлердің) салым қаражатының үлестерінен қүралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға құқығы болмайды, бағалы қағаздар уйымдастырылған нарыққа түспейді.
  • Сонымен қатар акционерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды калыптастырады.
  • Инвесторлық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады.
  • Акционерлік инвестициялык қордың негізгі сипаттамасы мынада:
  • ол басқа кызмет турлерін жүзеге асырмайды және жай акциядан өзге қаржылык құралдарды шығармайды. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акциялардан құралады.

Инвестициялық  қорлардың негізгі  түрлері мен типтері 

  • Қор  инвестициялык стратегиясыньщ  сипатына қарай  шартты түрде мына  санаттарға бөлінуі  мүмкін:
  • Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы;
  • Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы;
  • Қаржылық активтерді әртараптандырушы;
  • Ақша  нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.
  • Бірінші санатқа көбінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі төмен бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын үжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Инвестициялық  қорлардың негізгі  түрлері мен типтері 

  • Екінші  топқа үзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мұндай компанияның клиенттеріне қауіпі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген түлғалар жатады.
  • Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға үзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бұл капиталдан айрылып қалудың қаупін азайтатын сенімді әдіс болып табылады. Мұндай инвестициялық стратегияны жүргізу үшін үлкен капиталға ие болу керек.
  • Төртінші топ ақша нарығынын пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті бір күндік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айы-рылып қалудың қауіпі аз болады. Портфельдік инвестицияның қүрылымы мен мұндай инвестициялық қорлардың клиентурасы әр түрлі - банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке тұлғалар мен фирмалар.

Инвестициялық  қорлардың негізгі  түрлері мен типтері 

  • Әрбір  елдегі инвестициялық қорлардың  қызметі қор нарығының ерекшеліктеріне  қарай әр түрлі болады. Көптеген  елдердін портфельдік инвестициясының  құрамында акциялар емес, облигациялар  мен қысқа мерзімді бағалы  қағаздар басымдылықтарға ие.
  • Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қыска мерзімді бағалы қағаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестициялық қорлар көптеп кездеседі.
  • Мысалы, ипотека қоры, корпорация облигациясының қоры, ұзақ мерзімді муниципалдық бағалы кағаздар қоры, қаражатын кәсіпорын акциясына салатын өсім қоры, опциоңдық табыс коры кездеседі. Өздерінің бағалы қағаздар портфелінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін олар эмитенттің бағалы қағаздарына сальш ақшаны аз салады немесе шектейді. Қауіптің деңгейін осылайша азайтады. Өнеркәсіп компаниясының акциясына қаражат салынар кезде оның салалық әртараптандыруы (жан~жақтылығы) жүзеге асырылады.
 

 

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Қаржы  нарығындағы аса маңызды делдал  — сақтандыру компаниясы. Сақтандыру  нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру  және қолдану процесі жүзеге  асырылып, экономикалық қатынастар  пайда болады, жеке, топтық жәнс  үжымдық кызы-ғушылықтар (мүдделер) туады.
  • Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтык экономикаға өту, оның рөлін, үйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.
  • Сақтандыру компаниясы — коммерциялық ұйым. Ол өзінің, қызметін лицензия негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардын құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке түлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"