12 Февраля 2013, курсовая работа
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.
12 Января 2012, реферат
Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады. Жұмыссыз азаматтар мен олардың отбасын анықтау, кедейшілік тегінде және табысы аз қамтылған отбасыларын, жастар, мүгедектер арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында мониторинг өткізілуде. 1308 адамның жұмыссыздығы анықталды, қала бойынша 2491 адам жұмыссыздыққа тіркелген, тіркелмеген адамдардың тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды, әлі де анықталу үстінде.
13 Февраля 2012, курсовая работа
Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.
24 Ноября 2011, реферат
Сіздердің қарауларыңызға Елдің 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы енгізіліп отыр, бұл қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады, оның негізінде Бюджет параметрлері болжамдары қалыптастырылады.
25 Ноября 2011, курсовая работа
Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да , жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
15 Февраля 2013, доклад
21-желтоқсанда Астанада бейнекөпір арқылы облыстардың қатысуымен Индустриаландыру Картасының тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.
Бұл жобалар «Самұрык-Қазына» УӘҚ мен оның еншілес компанияларының қаржысымсн іске асқан.
21 Ноября 2011, курсовая работа
Өнімнің бағалары сұраныс пен ұсыныстың өзара байланыстары нәтижесінде орнатылады. Экономикалық теория курсынан барлығымызға мәлім, сұраныс пен ұсыныс түрлі факторларды анықтайды. Фирмалардың өз өнімін нарыққа өткізуге ынтасы мен мүмкіндігін анықтайтын ең маңызды фактор - өндіріс шығындары болып табылады. Қандай да болсын тауарды өндіру белгілі бір мөлшерде шығындалуды қажет етеді. Ал шығындардың өзіндік салыстырмалы аздығына байланысты арнайы бағасы болады. Фирманың нарықты ұсынайын деп отырған белгілі бір тауардың саны бір жағынан, құнға (шығынға) және оны өндіруге арналған ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және екінші жағынан, тауардың нарықта өткізілетін бағасына тәуелді болады.
27 Ноября 2011, реферат
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады.
10 Февраля 2012, курсовая работа
Нарықтың теориясы мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік:
«Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
18 Апреля 2012, лекция
Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы.
26 Октября 2011, курсовая работа
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
26 Февраля 2012, реферат
Ел экономикасының дұрыс бағытта өркендеп дамуы – халықтың ұлттық-ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда айтатынымыз, тәуелсіздік алғалы экономикамыздың өсуіне бағыт-бағдар беретін мекемелердің басқару тұтқасын ұстаған кейбір маман-ғалымдар мен шенеуніктердің ұлттық-ойлау қабілеті өте төменгі деңгейде. Бұл пікірге, кемшіліктердің ең сорақыларынан дәлелдер келтірейік:
27 Февраля 2013, реферат
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады. Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып табылады.
03 Марта 2013, дипломная работа
ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.
10 Октября 2011, реферат
Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.
16 Мая 2012, реферат
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
22 Февраля 2013, курсовая работа
Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% болды. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.
03 Ноября 2011, лекция
Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылықтың мәні.
Бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымы.
Елдердің экономикалық даму деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер.
20 Февраля 2012, реферат
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
13 Февраля 2012, реферат
Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.
07 Ноября 2011, курсовая работа
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.
24 Ноября 2011, курсовая работа
ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы « мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.
10 Апреля 2011, реферат
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.
22 Ноября 2012, курсовая работа
Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.
05 Мая 2012, курсовая работа
Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.
Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.
18 Октября 2012, курс лекций
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы күні дүниежүзі халқының бір миллиард халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде.
02 Декабря 2011, реферат
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.
10 Февраля 2012, реферат
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі халықаралық, қаржы капиталының, либерализациялық қозғалысын оқып үйренуді талап етуі.
Қазіргі таңда мұның маңызы өте зор. өйткені, ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін әлемдегі шаруашылық факторларын білуіміз қажет. Сонда ғана экономикалық өсу болады.
01 Ноября 2011, реферат
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі