Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:48, курсовая работа
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.
КІРІСПЕ....................................................................................................
3
1.
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.................................................................
4
2.
БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ...........................................................................
2.1.
Жетілген бәсеке туралы түсінік.............................................................
6
2.2.
Монополистік, жетілмеген бәсеке.........................................................
11
3.
ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI
16
3.1.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары.................................................................................................
3.2.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде екi рыноктың айырмашылығы.........................
20
4.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ
23
4.1.
Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық рыноктың экономикамызға тигiзер оң және терiс жақтары.................................
4.2.
«Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес және монополист компания ретiнде экономикаға қызмет ету барысы..............................................
24
5.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................
26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
33
ЖОСПАР
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
1. |
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК....................... |
4 |
2. |
БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ....................... |
|
2.1. |
Жетілген бәсеке туралы түсінік....................... |
6 |
2.2. |
Монополистік, жетілмеген бәсеке........................ |
11 |
3. |
ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI |
16 |
3.1. |
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген
бәсеке және монополия рыноктары........... | |
3.2. |
Ұзақ мерзiмдi кезеңде екi рыноктың
айырмашылығы.................. |
20 |
4. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ |
23 |
4.1. |
Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық
рыноктың экономикамызға тигiзер
оң және терiс жақтары....................... | |
4.2. |
«Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес
және монополист компания ретiнде
экономикаға қызмет ету барысы.................... |
24 |
5. |
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ
НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ................. |
26 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
31 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... |
33 |
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс
ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің
белгілі әрекеттерінің
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:
1-кесте
2.1. Жетілген бәсеке туралы түсінік
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне, тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне байланысты.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.
Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
2. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3. Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез-келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс қисығы горизонталь болып қалады.
Р
Р0
Q
Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келедi.
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға көбейтiндiсiне тең , яғни
TR = p * Q (1)
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
Осындай сату-сатып алу шарттарының
орындалуы өндірушілер мен
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады. Осыны 2-кесте және 2-сурет арқылы байқауға болады.
2-кесте
Баға |
Сұраныс |
Ұсыныс |
Баға |
Сұраныс |
Ұсыныс |
0 |
40 |
0 |
70 |
20 |
30 |
10 |
35 |
10 |
90 |
10 |
35 |
30 |
30 |
20 |
100 |
5 |
45 |
50 |
25 |
25 |
Информация о работе Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары