Әлемдік шауашылық өмірдің ырықсыздану және ашық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 10:05, реферат

Описание работы

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Экономикалық жанарудың қорытындылары
2.2 Қазақстаның әлеуметтік саясатының бағыты
2.3 Зейнетақы реформасы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Әлемдік шауашылық өмірдің ырықсыздану және ашық экономика.docx

— 36.84 Кб (Скачать)

                 
 
 

       Тақырыбы.

Әлемдік шауашылық өмірдің  ырықсыздану және ашық экономика 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Жоспар.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1 Экономикалық  жанарудың қорытындылары

2.2 Қазақстаның әлеуметтік саясатының бағыты

2.3 Зейнетақы реформасы

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.

Әлемдік шаруашылықтың одан әрі дамуы капиталды үдемелі түрде сыртқа шығарумен, трансұлттық компаниялардың құрылуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, әлемдік шаруашылықтың даму процесі үкіметаралық және үкіметтен тыс халықаралық ұйымдардың өркен жаюымен де сипатталады. Ондай ұйымдар XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап құрылып, қазіргі кезде оның саны 20 мыңға жуықтады. Атап айтсақ Халықаралық телеграф одағы (1865 жылы), Дүние жүзі сауда ұйымы (ЮНКТАД), Дүние жүзі кеден одағы, Шикізат өндіруші елдер одағы (ОПЕК, АПЕФ т.б.), Энергетикалық ресурстармен сауда (Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС т.б.) және т.б. кіреді.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалык қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялдық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзі сауда ұйымы, Дүние жүзі сауда ұйымы, әр түрлі банкілер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтары мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты

Экономикалық  жаңарудың қорытындылары

   Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан экономикалық жаңаруларды төмендегідей caтыларга бөлуге болады:

  1. 1992 — 1994 жылдары - Ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдық негізі жасалды.
  2. 1995 - 1999 жылдары - Өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке салу, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т.б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар ел дамуының алғышарты есепті «Қазакстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. 1998-1999 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстандық экономикаға да кері әсерін тигізді. Бірақ Үкімет пен Ұлттық Банктің ұстанған қатаң ақшалай-несиелі және салықтық бюджет саясаты отандық өндірушілерді көтеруде, Қазақстанның қаржылық жағдайын және сыртқы экономикалық қызметін жақсартуға қажетті жағдай жасап берді. 1999 жылы жалпы ішкі өнім 1998 жылға Қарағанда 2,7%-ға өсті. Құнсыздануы, теңгенің айырбас құны мемлекеттік бюджеттегі келеңсіз сипатқа ие болды.
  3. 2000— 2006 жылдары - Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылы сектор одан әрі нығая түсуде. Осы уақытқа дейін елдің үлттық жөне экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, ұлттық қор мен Даму банкі құрылды. Одан баска ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды. Халықтың төлем қабілеттілігі қайта қалпына келтірілді.
  4. Қазақстанның әлеуметтік саясатының бағыттары
  5. Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі объектадам. Адамның өмірі мен қызметіне байланыстының барлығы әлеуметтік салаға жатады. Әлеу меттік сала тарихи қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін — білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек заңдары жүйесін құрайды.
  6. Қоғамдық және өндірістік қатынастарды реформалауға байланысты мемлекеттік аппараттың әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қызметі мен мүмкіндіктері де өзгереді. Экономикалық дағдарыс жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерден жөне басқа көптеген мекемелерден түсетін бюджеттік қаржы әсіресе егемен Қазақстанның алғашқы өмір сүру жылдарында азая түсті. Қалыптасқан жағдай мемлекеттің әлеуметтік саясатты бұрынғы деңгейінде жүргізу мүмкіндіктерін айтарлықтай тарылтты. Қазақстанның әлеуметтік саясатында өзгерістер байқалды. Енді бұл саладағы басты міндеттердің бірі — жеке кәсіпкерлік әрекет мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, оның белсенді дамуы ақыр соңында мемлекетті бұрынғыша халықты кеңінен әлеуметтік көтермелеу кажеттілігінен босатар еді.

   Экономикалық  қатынастар жүйесінің өзгеріске ұшырауы, сондай ақ нарықтың дамуы Қазақстан өмірінде әлеуметтік салаға да өзгерістер енгізді. Өзгерістің алғашқы белгісі жұмыссыздық десек болады. Қайта құру кезінде жасырын сипат алған ол (өндірістердің тоқтап қалуы, ақысыз демалысқа шығу, т.б.) өкімет ауысқаннан кейін ресми статусқа ие болды. Әлеуметтік көрініс есебінде қабылданған жұмыссыздық қоғамның экономикалық дамуына, жұмысшы күшіне деген сұраныстың өзгермелі сипат алуына, оның деңгей-дәрежесі мен біліктілігіне тікелей байланысты болды. Кеңестік жүйе кезінде мемлекет жоспарлы әдіс арқылы халықты жұмыспен толық қамтамасыз етуге әрекеттенді. Ал нарықтык жағдайда бұл мәселені мемлекет емес, сұраныс пен ұсыныс заңдары шешетін болды. Бүгінде әр жұмыс күші песінен жоғары мамандық, жан-жақты іскерлік, шығармашылық ізденіс пен тапқырлық, кез келген өзекті мәселені шешудегі белсенділік талап етіледі. Қалыптасып отырған жағдайға байланысты мемлекет қоғамның белгілі бір өкілдеріне ғана ардагерлер, зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар, балалар, мүгедектер, т.б. тиесілі жәрдем бере алады.

   Нарықтык  қатынастарға көшу жағдайында үкімет халықтың тұрақты өмір сүру деңгейін сактауға бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс еді. Алайда елде болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекет әлеуметтік жәрдемді өмір сүру деңгейі өте нашар азаматтарға ғана көрсете алды. Мемлекеттік арнайы жәрдемді белгілеу үшін билік органдары кедейліктің ресми деңгейін анықтайды. Әлеуметтік жәрдемнің саны арналу бағытына орай (бала тууға берілетін, мүгедектікке байланысты, жұмыссыздыққа, асыраушысынан айырылған, т.б. жағдайларға байланысты) жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Негізінен, біртіндеп азаю және одан кейін жеңілдіктер мен мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек қысқаруы жүзеге асады. Өндірістің құлдырауы мен құнсыздану (инфляция), сондай-ақ ел бюджетіне түсетін ақшаның кемyi бюджет қызметкерлері айлығын, зейнетақы мен жәрдемақыны дер кезінде өтеп отыруды қиындатты.

  1. 1998—1999 жылдардагы қаржылық дағдарыс республика Үкіметін бірқатар әлеуметтік жәрдемақыларды қысқартуға мәжбүр етті. Алда халықты нормативті тұрғыда қамтамисыз ету мен әлеуметтік кепілдік жүйесін қайта қарау міндеті тұрды. Осы себептен де Қазақстанда бюджеттік қаржыландырудан әлеуметтік қамсыздандыруға көшу саясаты таңдап алынды.
  2. 2001—2006 жылдары мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта құрудың негізгі бағыты зейнетақы реформасын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беру жүйесін нығайту, жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес шараларын қарастырудан тұрады

Зейнетақы реформасы

Кеңестік  дәуірде жұмыс істейтіндердің есебінен зейнетақылық қордың толықтырылып келгендігі белгілі. Өндіріс орындарының тоқтап тұруына, жұмыссыздыққа байланысты бұл жүйе мүмкін болмай қалды. 1997 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Осы заңды орындау негізінде Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) құрылды. МЗЖҚ-ның құрылу мақсаты — негізгі қызмет түрлері — салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинау және зейнеткерлерге зейнетақы төлеу; зейнетақы активін қалыптастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттік қүұнды қағаздар, мемлекеттік банк депозиттері, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына айналдыру.

   Нарықтық экономика жағдайында МЗЖҚ-мен қатар мемлекеттік емес қорлардың құрылуы да жаппай сипат алуда. Жартылай мемлекеттік қамтамасыз ету жағдайында жаңа жинақтау жүйесіне көшу зейнетақы төлеудіц мемлекеттік орталығын (ЗТМО) құру қажеттігін көрсетті, ол бірыңғай нөмірлеу үшін әлеуметтік жеке код (ӨЖК-СИК) үлестірумен айналысады.

   Зейнетақымен  қамтамасыз етуді реформалаудың басты мақсаты — мемлекеттік зейнетақы жүйесін тұрақты қаржыландыруға қол жеткізу.

Денсаулық сақтау жүйесі

   Нарыққа өту кезеңінің денсаулық сактау жүйесін көтермелеуге арналған мүмкіндіктерінің бірі — міндетті медициналық сақтандыру болды. 1996 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарын медициналық сақтандыру туралы» Заңының негізінде медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істеді. Аталған жүйенің өмірге енуінің басынан оның қызметіндегі қиын мөселенің бірі — сақтандырушылар мен жергілікті бюджет тарапынан бюджет қорына каржының жеткіліксіз түсуі болды. Бұл республикадағы жалпы дағдарыс жағдайына байланысты еді.

   Осындай жағдайдан шығу үшін республикада медициналық сақтандырудың әр түрлі формалары: жеке, мемлекеттік және қоғамдық түрлері енгізіле бастады. Республикада сақтандыру медицинасын дамыту басымдығының бір түрі — денсаулық сақтауды қаржыландыру, бұл салада кәсіпкерлік қызметті дамытуға мүмкіндіктер беру. 1998 жылғы 9 шілдеде республика Үкіметі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылы 27 сәуірдегі «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігін қорғау туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулының негізінде мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету Ережелері түзілді. Осы кезде мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің ақылы қызмет көрсету түрлері қарастырылды және медициналық қызмет түрлері анықталып, олардың ақысы белгіленді. Бұл бағыттағы келесі қадам түрлі меншік формаларына негізделген медициналық мекемелер жүйесін дамытуға арналды. Бұл жерде мемлекет халыққа тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді мөлшерін сақтайды.

   Қазіргі кезде дүние жүзіндегі денсаулық сақтау жүйесінде екі негізгі бағытты дамыту байқалуда: көсіби медицинаны дамыту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесі. Кәсіби медицина әр түрлі ауруларды емдеуде нақты кәсіптік міндеттерді шешуге бағытталған. Медициналық санитариялық көмек жүйесі аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыруға, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер етуге бағытталған.

   XX ғасырдың 90-жылдарының ортасында республикада дәрі-дермекпен және медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету мәселесі туындады. Отандық фармацевтік өнеркәсіп халықтың дәрідермекке деген сұранысын 3,7%-ға ғана қанағаттандыра алды. Бұл жағдай республикадағы фармацевтік өнеркәсіп дамуы мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір тармағына айналганын көрсетті. Дегенмен дәрі-дәрмектердің айтарлықтай бөлігі республикаға алыс және жақын шетелдерден келіп түсуде.

   Сөйтіп, денсаулық сақтау жүйесін реформалауды дамытудың бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге болады, бұлардың бәрі медициналық қызмет көрсету рыногын құруды мақсат етеді. Үкіметтің бұл саладағы іс-әрекеті денсаулық сақтаудың халыққа қызмет етуін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем көрсету жүйесін нығайтуға, денсаулық сақтауда аурудың алдын алу бағытына баса көңіл бөлуге бағытталған.

Информация о работе Әлемдік шауашылық өмірдің ырықсыздану және ашық экономика