Ұлттық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:25, реферат

Описание работы

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады. Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері............................4
1.2 Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы...............8
II БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
2.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс....................................................................14
2.2 Тұтыну және жинақтау...................................................................................18
2.3 Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуінің деңгейі....................21
III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ
3.1 Инвестициялардың функционалдық ролі.....................................................25
3.2 Тұтынуға бейімділік........................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................35

Работа содержит 1 файл

1 ,Ұлттық экономика .doc

— 172.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I БӨЛІМ. Ұлттық экономиканың қалыптасуы мен дамуы

1.1 Ұлттық экономика және оның  қызмет етуінің деңгейлері............................4

1.2 Тәуелсiздiк жылдарындағы  Қазақстанның экономикалық дамуы...............8

II БӨЛІМ.  ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ

2.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс....................................................................14

2.2 Тұтыну және жинақтау...................................................................................18

2.3 Ұлттық экономиканың  тепе-теңдікте қызмет етуінің  деңгейі....................21

III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

3.1 Инвестициялардың функционалдық ролі.....................................................25

3.2 Тұтынуға бейімділік........................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елiмiздiң нарықтық экономикаға  өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.

Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң  негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады. 

Кез келген тұтынушы нарықта  ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Бiрақ шын мәнiнде  тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi, нарықтық экономикада тұтыну мен жинақтау   арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.  

 

 

 

 

І. Ұлттық экономиканың қалыптасуы мен  дамуы

1.1 Ұлттық экономика  және оның қызмет етуінің деңгейлері

 

Ұлттық экономика жүйесін  экономикалық ғылымда баланстық, яғни оның қызмет етуінің деңгей бағыттарының бірі болып табылады.

Ұлттық экономика әлемдік  қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс  жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғыладың әл-ауқат деңгейін көрсету болып  табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық  нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне  жатады. Ол осы туралы өзінің көз  қарасын «экономикалық кесте» деген  белгілі еңбегінде баяндалған. Ф.Кенэ Францияның XVIII –ші ғасырдағы экономикасын негізгі ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.

Өнеркәсібі дамыған  барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық  талдаудың қажеттілігін көрсетті.

Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шөт  жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қостық айналыса бастады.

Алғашқы рет ұлттық есеп-шөт  жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның  статистикалық бөлімінде басылып  шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шөт табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданады.

Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы  және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.  

       Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздыысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.

Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетнудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.

Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан  келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім өлшерін есептегенде мынаны ескереді:

Өндіріммен өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерің де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің  жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкілеті жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).

Қоғамдық өнім жиынтық  қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып топтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын болдырмайды.

Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық  көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табығының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз %), меншіктен табыс, корпорация пайдалы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ=ТҰД – жанама салықтар

Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ=ЖҚД-МШ

мұндағы: ҰТ=ұлттық табыс,

ЖКӨ=жиынтық қоғамдық өнім

ИШ=материалдық шығындар.

Өзінің қозғалсында  ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді, өндіріс, балу, айырбас және қолдану. 

Өндіріс стадиясына ұлттық табыс барлық салада құралатын таза өнім түрінде болады, болу стадиясында  әртүрлі бірінші және екінші табыс  түрінде болады; айырбас стадиясында  – тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды, қолдану стадиясында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейі –  ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейімен өсуі, сондай-ақ өндіріс  аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 % құрайды. Ұлтық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына келе, шамамен 8-10% болады.

Егер ұлттық табыс  көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір денгейнің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

Әлемдік қауымдастыққа  ететін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға  болады.

Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлтық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіш қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құндылық сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдесі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және т.б.) артық болады.

Сыртқы экономика операция бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей  сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.

Бұл жағдай мынандай кезде  де ескеріледі американдық өндіріс  факторы басқа елде қолданса, онда олардың құны да ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.

Қазақстан Респубикасында ЖІӨ-нің жылдың ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерін бағаланды немесе, бір тұрғынға 60,2 мың теңдеген кеседі. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-і мен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда – 18,7 % бұрынғы одақпен салыстырғанда – 69,3% деңгейін құрады.

Ұлттық экономикалық қызмет ету деңгейін методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.

Ұлттық экономикадағы  қызмет етудегі ұлтық өнім еліміздің  экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға  мүмкінді туды.

ТМД елдері мен Қазақтанда ЖҰӨ-ң экономикалық есептеудегі  қызмет ету деңгейі. 1988 жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсетіліктерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің  жиынтық қоғамдық өнімнен айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар  құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

 

1.2 Тәуелсiздiк  жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

 

Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңi 1991 жылы, яғни Кеңес Советтiк Социалистiк Одақтың  тарау кезiмен тұспа тұс келдi.

Сол алғашқы жылдары бұрынғы  Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр экономикалық, саяси дағдарыстарға тап болды.

Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын едi. Себебi Қазақстан Республикасының  экономикасы iс жүзiнде негiзiнен  осы шикiзат өндiрумен және тапсырумен ғана ғана шектелiп қойған болатын.

Сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайда тым ауыр хал кештi. Жарты ғасырдан көп жылдар бойы бұрынғы Кеңес  Одағындағы Социалистiк қоғам саясаты  азаматтардың ынталы әрекетiн басып  оған әркез мүмкiндiгiнше кедергi келтiрiп, шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейiмдеп келдi.

Оның үстiне Қазақстан үшiн жаңадан  тәуелсiз мемлекет құру осы алғашқы  жылдары өте оңайға тиген жоқ  болатын.

Шыныменде тәуелсiз мемлекттi құру мен оны қалыптастыру шын мәнiнде  барлық мәселенiң ең бастысы болатын.

Бiрақ Қазақстанның Ел басы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделi iстер сол кезеңдерде жеткiлiктi денгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп  айтуға бүгiн толық негiз бар.

Сонау 1990-шы жылдардың басында шынмен де үлкен iстердi алғаш бастауға тура келдi, сол себептен де болар кейбiр кезеңдерде бiздiң елiмiздiң дамуында да сан-салалы жаңылысулар мен қателесiп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайына жол берiлген кезеңдер болды.

Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.

  Кеңес Одағы ыдырағанға дейiн Қазақстанда экономикалық бағыттар көп жағдайда тек ауыл шаруашылығы мен тығыз көп байланысты болып келедi.

Қазақстана жағрапиялық орналасуы  жағыныан өте қолайлы мемлекеттердiң  қатарына жатқызуға болады.

Жалпы бұл Қазақсатанның болашағына мол жақсы ықпал етерi сөзсiз. Яғни, Қазақсатнда тоғыз жолдың торабында  Азия мен Еуропа материктерiнiң қиылыспа тұсында орналасқан және осыған сәйкес бiздiң елде темiр жол мен, су жолы , автомобиль және әуе жолдары арқылы қарым қатнас жасау экономикалық дамуға зор мүмкiндiк ашады.

Информация о работе Ұлттық экономика