Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:03, курсовая работа
Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Қаржы дағдарысы және Қазақстандық қадам......................................3
1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы.....................................................................5
1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы әлемдік сарапшылар көзімен...................8
1.3 Дағдарыс шырмауы...............................................................................10
II. Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері.............................13
2.1 Қазақстанның дағдарыспен күресуі және оған әсері.........................13
2.2 Дағдарысқа қарсы қимыл: Қазақстандық тәжірибе..........................22
2.3 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға игі әсері.......................25
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
Астана 2010
Жоспары
Кіріспе.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.
Сондықтан да бүгінде оларға қарсы әрекет ету барша халықтық іске айналды. Әрине, құқық қорғаушылар бұл орайда басымдықпен жұмыс атқарып келе жатқаны анық. Соның ішінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аузын арандай ашқандарға қарсы күресі ерекше көзге түседі.
Қаржы дағдарысына қарсы бағытталған осы бірлескен іс-қимыл жоспарын талдамастан бұрын жаһандық қаржы дағдарысы дегеніміз не, оның пайда болуының себеп-салдары қандай деген сұрақтар төңірегінде ой қорытып көрелік. Иә, қазір “жаһандық қаржы дағдарысы” деген сөз озық ойлы адамзаттың азаннан бастап ақшамға дейін бір күмән, бір күдікпен қайталайтын “жарапазанына” айналды. Әлемдік дәрежедегі саясаткерлер мен оқымысты мамандар жылға тарта уақыттан бері “жарғақ құлақтары жастыққа тимей” бұл күрделі дағдарыстың шығу себебі мен одан құтылудың жолын іздеп, шарқ ұруда. Бірақ әлі күнге дейін дүние жүзінің атышулы ғалымдары да, аузы дуалы қайраткерлері де ашық күнде жай түсірген “жаһандық қаржы дағдарысының” басты себебін де, қарсы тұрар тиімді амалды да тап басып айта алмай отыр. Ал аурудың диагнозын дұрыс қоймасақ, оны емдеу шаралары да нақты нәтиже бермейтіні белгілі.
Қаржы
дағдарысы болса, жаһанды
Сонымен жаһанды жайлаған қаржы дағдарысының шығу себебі неде?
Қаржы мамандарының айтуы бойынша, оның себебі – қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі жалпы өнімдердң нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі – еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі – нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.
Қарапайым тілмен айтқанда, біздің түсінгімізше, қаржы саласы қандай да бір бақылаудан сырт қалған. “Ақша есепті сүйеді” деген ұғым ұмыт қалып, банктерге шектен тыс еркіндік берілген. Қаржы жүйесін бақылайтын халықаралық және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі жойылған. Тіпті батыра айтсақ, бетімен кеткен банктерді бақылайтын органдар сыбайластыққа ұшыраған. Банктерге құйылатын қаржы мен мемлекеттік органдардағы лауазымды шенеуніктердің қалтасына құйылатын қаржы қабысып кеткен.
I. ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАДАМ
1.1 Жаһандық қаржы дағдарысы
Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:
АҚШ нарықтарынан туындаған дағдарыс бүкіл дүние жүзіне әсер етті. Уақыт өткен сайын дағдарыс тереңдеп, жаңа өріс ала бастады. АҚШ нарықтарында шыққанына қарамастан, бүкіл әлем нарықтарына әсер етуде. Бұл жағдай да әлем нарықтарының бір-бірімен қаншалықты байланысты екенін көрсетеді. Осылайша дағдарыс жергілікті бір оқиға болудан шығып, жаһандық жағдайға айналды. Дағдарыс әсер еткен елдер шара қолдана бастады, бірақ қысқа уақытта барлық елдердің бірігіп шара қолдануы керек екені белгілі болды.
Дағдарыстан бұрыңғы жағдай: Дағдарыс қарсаңында нарықтарда оптимист атмосфера бар еді. Жылжымайтын құндылықтардың құны артып отыр еді. Мұнай бағасы да артқан талап аясында артып отырды. Шілде айында мұнайдың барреліның бағасы 147 долларға жетті. Мұнай бағасының артуы және құрғақшылық салдарынан азық-түлік материалдарының бағасы артты, дағдарысқа айналды. АҚШ-да тұрғын үй бағалары жоғарыландықтан, банктер осы салада несие беріп, табас табуды жоспарлаған болатын. Төлем күштері төмен тұтынушылар да осы несиелерден пайдаланған еді. Несие көмегімен үй алғандар тұрғын үй құнының арты нәтижесінде, тұрғын үйдің қосымша бағасын кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алып жүрді. Мысалы он мың долларлық бір үй толығымен несиемен алынған болса, үйдің құны елу пайыз көбейсе, үйдің бағасы он бес мың болады, осылайша тұтынушы қосымша бес мың доллар кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алу мүмкіндігіне ие болатын. Несие ашқан банктер несиелердің кері төленуін күтпестен, ипотекадағы тұрғын үйлердің құнын көрсетіп, нарыққа акция шығарып, нарықтан жаңа материал табуда және жаңа несиелер ашуда. Сатып алынған осы акциялар да тұтынушыларға қор ретінде сатылып жатты.
Дағдарыстың туындауы: АҚШ-да тұрғын үй бағасы төмендей бастағанда, төлем күші аз тұтынушылар төлеуде қиыншылық шеге бастады, несиелері кері төленбеген үйлерді банктер қайтып алды. Алынған үйлер банктерге ақшалай кері оралуы үшін сатыла басталды, осылайша ұсыныста үй көп болғандықтан, баға одан сайын арзандады. Тұрғын үй бағасындағы арзандау тұрғын үйге байланысты акциялардың құнсыздануына жол ашты. Бұл жағдай аталмыш акцияларды сатып алған қаржы мекемелерін қиыншылыққа итермеледі. Есепшот иелеріне қарсы төлем жауапкершіліктері өзгермесе де банктердің болмыстары құнсызданғандықтан капитал жетіспеушілігі басталды. Банктер қалған қаржы мекемелерінен қарыз алып, кемшіліктерін толтыруы керек еді, алайда жағдай қауіпті әрі бұлыңғыр болғандықтан, қарыздану қымбатқа түсті. Осы жағдайда банктер жаңа несие ашуға жылы қарамай, қаржы жүйесі тарылды. Осы жағдай қаржы жүйесінде сенімсіздік атмосферасын қалыптастырды және банктер банкрот бола бастады. Қаржы дағдарысы іс жүзіндегі салаға да әсер ете бастаған болатын.
Дағдарыстың әсерлері, Нарық тарылғандықтан, сұраныстың азаюы инвесторларды қинады. Қаржы дағдарысының көлемі үлкен болғандықтан, әлем нарықтарына көп әсер етті. Алтынның бағасының көтерілуі сенімсіз атмосфераның бір көрсеткіші болып табылады. Осы дағдарыс 1929 жылы АҚШ-нда басталған үлкен дағдарыспен салыстырылуда. Сол кезеңде АҚШ өте үлкен шығынға ұшырады, жұмыссыздық шегіне жеткен еді. Аталмыш дағдарыс АҚШ-на көп жыл бойы әсер етті. Несиелердің тарылуы инвестиция және тұтыну шешімдерінде бір шектемеге жол ашатындықтан, жұмыссыздық пен тоқырау өрбуі мүмкін. Сондықтан осы тақырыпта маңызды шаралар қолданылуда. АҚШ либералды экономиканың орталығы деп аталуда және нарықта мемлекеттік шаралары аз деңгейде. Бірақ қаржы дағдарысының қауіпті жағдайға келгені соншалықты кейбір банктер мемлекеттің қатарына алынды. Кейбіреулер мұны социалистік көзқарас деп түсіндіруде.
Мұнай бағасы: Дағдарыстан бұрын мұнайдың бағасы артып, ең жоғары деңгейге жеткен болатын. Шілде айында мұнайдың барель бағасы 147 доллар болған еді. Мұнай экспорттайтын елдер мұнайдың бағасының артуына риза болғандарына қарамастан, түтынушылар қымбатшылыққа наразы болатын. Осы қымбат баға жалғасады деп болжаған елдер бюджеттерін осыған орай жоспарлап, төлемдерін жобалаған еді. Бірақ қаржы дағдарысы ортаға шыққаннан кейін, нарықта сұраныс азаяды деген көзқарас басым болды, бұл да бағаның жылдам төмендеуіне себеп болды. Қазан айының ортасында шикі мұнай бағасы елу пайыз арзандап, 70 доллардан төмендеді. Бұл мұнай экспорттайтын елдерге көп әсер етті, OPEC-тің /Мұнай Экспорттайтын елдер ұйымы/ жедел түрде бас қосуы ұйғыралды. Аталмыш елдердің уайымға түскені соншалықты, ұйымның 17 желтоқсан күнгі кезекті жиналысын күтпестен, 24 қазан күні жиналды. Кейбір мүше елдер жылдам төмендеген мұнай бағасын тежеу үшін өндірістің азайтылуын ұсынды. OPEC әлем мұнай экспортының 40 пайызына жуық өндіріске ие болғандықтан, баға өзгерісінде көп ықпал ете алмауы мүмкін, мұнай бағасы төмендеуін жалғастырар еді.
Қолданылған шаралар: АҚШ-да басталған дағдарыс барша әлемге әсер етті. АҚШ кейбір банктерді өз қолына алды, Ирландия да банктарге мемлекеттік кепілді қамдады. Кейбір елдер қолдау пакеттерін іске қосты, қиын жағдайындағы банктерге капитал да берді. Қаржы дағдарысы тарылған кезеңде банктерде ақшасы бар азаматтар уайымға түсіп, есепшоттарындағы ақшаларын кері алуды да ойлайды. Банктерден шыққан ақша алтын секілді кейбір тауарларды алуда немесе ақшалай сақталғанда, банктердің ақша мәселесі өрбуі мүмкін. Бұл жағдай қалған бірқалыпты банктердің де банкротына жол ашуы мүмкін. Сондықтан кейбір елдер банктерге кепілдік беріп, немесе кепілдік астындағы ақша мөлшерін арттыру жолын таңдады. Басқа жағынан қаржы дағдарысы әсер етіп, қиын жағдайда қалған, алайда жаңа капитал көмегі арқылы құтқарыла алатын банктер банкрот болғанда, экономикада сенімсіздік артады, дағдарыс одан сайын тереңдей түседі. Сонымен қатар банкрот болған банктерден жұмыссыз қалған қызметкерлер жұмыссыздық сақтандыру кепілдігін пайдаланып, осындай мекемелерге де әсер етуі мүмкін. Бұл да экономикалық тоқырауды өрбітуі мүмкін. Сондықтан банктердің мемлекет құрамына алынуы немесе оларға капитал бөлу орынды іс секілді. Қаржы мекемелері бір бірлеріне тікелей немесе жанамалы түрде тәуелді. Дағдарыс атмосферасында да ең ықпалды саясат құралдары болып табылады. Сондықтан банк банкроттарын тоқтату маңызды. Алайда банктерге берілген ақша салық арқылы жиналғандықтан мұқият болу керек. Бірқалыпты жағдайда капитал арқылы құтқарыла алмайтын банктерді ауқымды капиталмен ұстап тұру болымды нәрсе емес. Сондықтан өте нашар жағдайдағы банктердің банкрот болуын елемеу де нашар саясат деп қаралмайды.
Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі