Ұлттық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 08:19, реферат

Описание работы

Ел экономикасының дұрыс бағытта өркендеп дамуы – халықтың ұлттық-ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда айтатынымыз, тәуелсіздік алғалы экономикамыздың өсуіне бағыт-бағдар беретін мекемелердің басқару тұтқасын ұстаған кейбір маман-ғалымдар мен шенеуніктердің ұлттық-ойлау қабілеті өте төменгі деңгейде. Бұл пікірге, кемшіліктердің ең сорақыларынан дәлелдер келтірейік:

Работа содержит 1 файл

Ұлттық экономика.docx

— 35.86 Кб (Скачать)

Ұлттық  экономика 

 

Ел экономикасының дұрыс  бағытта өркендеп дамуы – халықтың ұлттық-ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда айтатынымыз, тәуелсіздік алғалы экономикамыздың өсуіне бағыт-бағдар беретін мекемелердің басқару тұтқасын ұстаған кейбір маман-ғалымдар мен шенеуніктердің ұлттық-ойлау қабілеті өте төменгі деңгейде. Бұл пікірге, кемшіліктердің ең сорақыларынан дәлелдер келтірейік: 

 

- Әлем елдері ЖЕР және СУ ресурстары тапшылығын сезініп, қыруар қаржы бөліп, мухитты-мәңгі мұздықты-космосты-басқа планеталарды зерттеп, оларды өз игіліктеріне пайдаланудың бар мүмкіндіктерін қарастырып әлекке түсіп жатқанда, біздің өзге тілде оқып, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымыз – кеше ғана ата-бабаларымыз мыңғыртып төрт түлік малын өрістеткен-ұрпағын өсірген-әлі іздері суымаған ауылдық өңірлерді – «болашағы жоқ (депрессивный) ауыл-аудан» деп шатасты; 

 

- Жердің жекеменшікке сатылуы, әлемдік басым күштерді басқа планеталардан ресурс іздеу машақатынан құтқарып, оңай олжаға кенелтті; 

 

- Өзін-өзі бағуға ЖЕР және СУ ресурстары жеткілікті, мол табиғи байлығы бар 15-ақ миллион халыққа, дәл бүгін аса қажет емес салаларға - жүздеген миллиард доллар шетелдік инвестициялар тарту арқылы, бүгінгі және болашақ ұрпағымызды  ұлттық байлығынан айырды; 

 

Ата-бабаларымыз орыс-совет  империясы орнағанға дейін өз ақыл-ойымен, ұлан-байтақ қазақ  жерінде әрбір қазақ отбасын (түтінін) дербес, тұрақты өндіруші күшретінде қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық  қоғамы мен мәдениетін дамытқан. Халқымыз осының бәріне - ЖЕР мен СУ ресурстары әр Ауыл, Рудың ортақ байлығы болғандықтан, оны бүкіл Ауыл, Ру болып бірігіп көздің қарашығындай қорғап, дұрыс, тиімді пайдалану арқасында ғана - қол жеткізді. 

Егемендік алған күннен бастап, еліміздің  Өкіметі мен Үкіметі – егіншілік пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын ұлғайтып, оны ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын  Қазақ елінің әр ауданының орталығында енгізіп, қалың қазақты жұмыспен қамтып, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін экспортқа шығарып, барлық аудан орталықтарын жоғары деңгейдегі инфраструктурасы бар кіші-қалаларға  айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін мемлекеттің бар мүмкіндіктерін ұлттық мүддеге дұрыс пайдаланудың орнына, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының «нәтижесінде» ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіп- ауыл  шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты  ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда қазақтың малын жойып, халқымыздың өмір сүру дәстүрін күшпен өзгерту арқылы ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы  жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп жүрген  еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты  қалаға жиып  алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған автобазалары, сауда және өндіріс орындарынан тыс,  бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен  көптеген сая – бақтары құйтырқы  саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір  байытып тастады...

Осындай жолмен байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған байырғы қала тұрғындары, елдің  әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік  ашып, арнайы  ЖЕР туралы ЗАҢ  қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді бірінен алып біріне сатып, алыпсатарлық пен сыбайлас жемқорлықты өрістетіп жіберді. Ұлттық экономиканың негізгі тірегі – қазақтың кең байтақ мол ЖЕРІ тауарға айналды. Енді ЖЕР саудасы тоқталмай, Елімізде басқа тауар шығаратын өндіріс орындары кеңінен дами қоймас...

Жағдай мен қаражаттың жоқтығынан жерін игере алмай, күнкөріс үшін  қалаға қашқан  үйсіз-күйсіз, ата кәсібінен айырылған, арзанқол қазақтар – Кеңес империясының қалалық мұрагерлерінің отымен кіріп,  күлімен шығатын болды.

Ал дүние жүзінің дамыған  елдерінің (Англия,  Франция,    Италия,  АҚШ т.с.с.)  ауыл-селолары  ешқандай «оптимизацияларға» ұшырамай,  байырғы халқының көпшілігі ата кәсібін өзгертіп, тентіремей-ақ, өз ата қоныстары мен кәсіптерін  заманға сай гүлдетіп-дамытып өмір сүріп келеді. Себебі, бұл елдерде өте жоғары механикаландырылған ауыл шаруашылығы қалыптасып, табиғи ресурстары толық игеріліп болып, қолы босаған және жері жоқ адамдар пайда болған кезде ғана үлкен қалалардың дамуы  басталып, өзін-өзі ақтап өмір сүре алатын көп шығынды-мегаполистерді қалыптастырудың жүздеген жылдарға созылған сол үрдісі  әлі жалғасып келеді...

Сондықтан Қазақ Елі ұлттық экономикасының табиғи даму мүмкіндіктерін әлі толық игеру үшін, халқымыздың  бүгінгі-ертеңгі несібесін опыра  жеп жатқан, көп шығынды-үлкен  қалаларды ұлғайтуды тоқтатып, Елдің  бар қаражаты мен мүмкіндіктерін - барлық аудан орталықтарын тікелей  Үкіметке бағынышты индустриалды кіші-қалаларға  айналдыруға бағыттау керек.

Біз – қоғамымыздың кез-келген саласындағы ғылыми-техникалық прогресске қарсы емеспіз, бірақ – ұлттық экономикамыздың негізі, алтын қазығы – ата кәсібіміз –  мал шаруашылығы мен егіншілік екенін мойындап, ауыл шаруашылығының осы салаларында, ата-бабаларымыздың ғасырлар сынағынан өткен технологияларын қолданып, экологиялық таза, әрі жоғары сапалы өнім өндіруде әлемдік ең соны техника – жабдықтарын пайдаланып, дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беретін ұлттық өнімдерді жаңғыртып, оларды әлемдік экспортқа шығарудың нақты жолдарын ұсынамыз: 

 

-       Қазақ Елінің кез келген азаматы өз туған жерін-Ауылын мәңгілік отаным деп тануы үшін, ұрпағының ертеңгі күніне сенімді болуы үшін, қай уақытта болмасын өз ауылының экономикасына үлес қосуға мүмкіндігі болуы үшін, Жерге тек қана мемлекеттік меншік орнату арқылы әр бір елді-мекен төңірегіндегі ЖЕР және СУ ресурстары осы Ауылдың қазіргі және болашақ тұрғындарының ортақ байлығы саналып, оларды пайдалану тек қана ұзақ мерізімді жалға беру арқылы жүргізілуі тиіс;    

-  Еліміздегі 200  аса аудан орталықтарын, сол төңіректегі елді-мекен тұрғындарының мәдени-рухани-ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтейтін және  олардың өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа шығара алатын технопарктерге айналдыру үшін,  ҮКІМЕТ әр ауданның  ДАМУ  ҚОРЫ-ның құрылуына ықпал етіп, оған тәжірибелі-білімді Ел ағаларынан қоғамдық бақылау жасап, Қорға жыл сайын ең болмаса 1(бір) млн.евро бөліп тұрса, бірер жылдан соң аудандық  ДАМУ  ҚОРЫ-ның бақылауымен жұмсалған қаржы бірнеше есе болып қайтып, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, иммиграция, демография т.б. мәселелер кешенді түрде шешілер еді; 

 

Осындай жолдармен, Еліміздің  табиғи даму ресурстарын толық игеріп байыған, соның арқасында өсіп-өніп, оқып-тоқыған, Еліміздің түпкір-түпкірінде пайда болатын  200 асахалықтың өмір сүруіне ыңғайлы кіші-қалаларда одан әрі өз ақыл-ойын-қайратын қолдануға мүмкіндік таппай, қолы босайтын болашақ ұрпақ – сол кезде ғана үлкен қалаларға барып, бәсекеге қабілетті зерделік және өндірістік өнім шығарып, өзін ақтайтын мегаполистерді дамыту міндетін - өз еншісіне алуы керек

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1]Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Адам Смит

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаосорын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалықтепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.


Информация о работе Ұлттық экономика