Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:37, лекция

Описание работы

Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылықтың мәні.
Бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымы.
Елдердің экономикалық даму деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер.

Работа содержит 1 файл

лекция.docx

— 32.23 Кб (Скачать)

1 тақырып. Әлемдік  (бүкіләлемдік) шаруашылық. 

      • Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылықтың мәні.
      • Бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымы.
      • Елдердің экономикалық даму деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер.
 

1.1. Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылықтың мәні.

   Бүкіләлемдік (әлемдік) шаруашылық – бұл тұрақты  динамикада, қозғалыста болатын, нарықтық экономиканың объективті заңдарына  бағынатын, өсе түсуші халықаралық  байланыстар мен өзара ықпал  ету нәтижесінде қарама-қайшылықты, сонымен бірге ауқымды немесе шағын жүйелерді құрайтын ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы.

Әлемдік шаруашылық құрудың  жалпы негіздеріне  жататындар:

  1. өндіргіш күштердің дамуы (бу двигателдерінің     пайда болуы,   өндіріс құралдарын жетілдіру, техникалық прогрестің жетістіктерін өндірісте пайдалану);
  2. халықаралық қоғамдық еңбек бөлінісі белгілі бер сандық және сапалық арақатынастарда өндіріс нәтижелерімен өзара алмасуға әкелуші елдер арасындағы аумақтық еңбек бөлінісі;
  3. ірі машина өндірісінің дамуы.
  4. Бүкіләлемдік шаруашылықта құрудың құралдары мен жолдары.
  5. 1) Тауарлар мен капиталдарды сыртқа шығару. Ірі монополистік капиталдың пайда болуы кезінде ішкі нарықтан тысқары жерлерге тауарлар мен капиталдарды шығару болады. Жаңа пайдалар алуға басқа елдер де ұмтылады. Капиталды сыртқа шығару мен халықаралық айырбас шаруашылық қатынастарын интернационалдандыруды туғызады, әлемдік өткізу нарығы мен шикізат көздерін және жалға беру, шарттар, концессиялар арқылы капиталды жұмылдыру салаларын өзара бөліскен халықаралық монополиялар формасындағы интернационалдық капитал құрылды. Олардың құрылуы былайша сипатталады:
  6. 2) Әлемді экономикалық бөлу тек өзінің ғана аумағында емес, басқа көптеген мемлекеттерден үстеме пайда табудағы монополистік капиталдың мүмкіндіктерін түбегейлі түрде кеңейтті.
  7. 3) Әлемдік аумақтарға бөлу. Әлемнің экономикалық бөлінісі бір рет қана және мәңгілікке белгіленбейді, ол әртүрлі жағдайлардың ықпалымен өзгеріп отырады. Басты капиталистік елдердің ұлттық монополистік капиталы өздерінің позицияларын нығайта түсу үшін, саяси - әкімшілік үстемдік етуді орнықтыру жолымен басқа елдердің аумақтарын басып алуға да ұмтылады.

    • Қазіргі заманғы әлемдік  шаруашылықтың негізгі

       белгілері:

    • өндіріс факторларының, әсіресе капиталды, жұмыс күші мен технологияларды сыртқа шығару және сырттан әкелу түрлеріндегі халықаралық ауыс-түйістің дамуы;

      осы негізде бірнеше елдер ішінде, бірінші кезекте (ТҰК) шеңберіндегі елдер басқаратын кәсіпорындарда өндірістің халықаралық формаларының көбейе түсуі;

    • екі жақты және көпжақты негізде, тауарлардың халықаралық қозғалысы мен өндіріс факторларын қарайтын мемлекеттердің экономикалық саясаты;

    ұлттық мемлекеттер  мен мемлекет аралық бірлестіктер шеңберінде ашық экономиканың пайда болуы.

       1.2. Бүкіләлемдік шаруашылықтың  құрылымы..

    Қазіргі заманғы әлемдік  экономиканың даму эволюциясын  бірнеше кезеңге  бөліп көрсетуге  болады:

       І. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы кезеңі әлемдік шаруашылық дамуындағы дағдарыстық құбылыстармен сипатталады. Дүниежүзілік соғыс пен капитализмнің баламасы болып саналатын Ресейдегі төңкеріс оның басталғанын көрсетті. Экономикалық дағдарыс индустриалды-дамыған елдердегі өндірістің күрт төмендеуімен (18%) қабаттаса келіп 1927-1932 жылдарда АҚШ-тың жалпы өнімі 28%-ға, өнеркәсіп өндірісі 44,1,%, ал Францияда тиісінше 11 және 25,6%-ға, Германияда 15,8 және 40,8%-ға қысқарды. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттық тауар өндірушілердің табыстары азайды, әлемдік экспорттың қарқыны төмендеді.

       ІІ. ХХ ғасырдың 40-80 жылдардағы кезеңі кәсіпкерлік капиталдың қарқынды өсуімен сипатталады. Интернационалдық өндірістік кешендерді құрушы, өнімдерді шығарушы, оны өткізуші, есептерді жүргізетін және несиелер беретін трансұлттық (ТҰК) корпорациялар басты күшке айналады. 50-80-жылдары АҚШ пен басқа өнеркәсібі дамыған елдердің даму деңгейінің жақындасуы болды. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңейіп және тереңдей түсті.

       ІІІ. ХХ ғасырдың соңғы он жылдық кезеңі географиялық кеңістіктерді игерудің жоғары дәрежесімен, өндіруші халықаралық күштердің қалыптасуымен, экономикалық өзара іс-қимыл жасаудағы өзара тәуелділіктің күшеюімен сипатталады.

       Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған, әлеуметтік құрылымы, саяси  құрылысы, өнімділік деңгейі, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастар (ХЭҚ) ауқымымен ерекшеленетін мемлекеттер  кіреді. Тұтастай алғанда, әлемде экономикалық даму деңгейі бойынша әртүрлі,  200-ге жуық ел бар. Экономикалық дамуы мен олардың тәжірибесін терең зерттеп-үйрену үшін сол елдердің жіктелуін (классификациясын) білудің айрықша маңызы зор.

       Халықаралық экономика шеңберінде тек мемлекет болып саналатын аумақтық бірліктер ғана ел болып саналмайды, сонымен бірге мемлекет болып саналмайтын, бірақ дербес және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізетін кейбір аумақтық бірліктер ел болып саналады. Мысалы, Ұлыбритания, Франция, Нидерландия.

       Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі социалистік  төңкеріс (революция) бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымын өзгертті. Тұтастай алғанда шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі екінші дүнижүзілік соғыстан соң, 40 жылдардың аяғында қалыптасты. Осы кезеңдегі шаруашылықтың құрылымын:

    1. капиталистік елдер;
    2. социалистік елдер;
    3. үшінші әлем елдері деп бөлуге болады.

       1.3. Елдердің экономикалық  даму деңгейін 

              сипаттаушы көрсеткіштер.

     

       Әлемдік шаруашылық субъектілерінің экономикалық даму деңгейі негізгі көрсеткіштердің көмегімен бағаланады:

    1. халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ, ЖҰӨ;
    2. ұлттық экономиканың салалық құрылымы;
    3. халықтың жан басына шаққандағы өнімнің негізгі түрлерін өндіру немесе жекелеген салалардың даму деңгейі;
    4. халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
    5. экономикалық тиімділік көрсеткіші.

    1. Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ, ЖҰӨ.

       Бұл – экономикалық даму деңгейіне талдау жасау кезіндегі индустриалды-дамыған және дамушы елдерді халықаралық жіктеудің негізгі көрсеткіштері. Мысалы, 1996 жылы индустриалды дамыған елдер қатарына өндірілетін ІЖӨ-нің көлемі жылына жан басына есептегенде 6 мың доллардан келетін елдер жатқызылады. Кейбір дамушы елдерге, мысалы, Сауд Арабиясындағы ІЖӨ-нің көрсеткіші ортадан анағұрлым жоғары болып, жылына 10-11 мың долларды құрады, бірақ басқа көрсеткіштердің жиынтығы бойынша мұндай елдер дамыған елдер санатына жатпайды.

       2. Салалық құрылымдар.

       Салалық құрылымдарға талдау жасау салалар  бойынша есептелінген ІЖӨ көрсеткіштері  негізінде жүргізіледі. Ең алдымен  материал және материалдық емес өндірістің халықшаруашылығының  ірі салалары арасындағы арақатынасы есепке алынады. Жекелеген салалардың құрылымдарын зерттеу аса маңызды болып саналады.

          Ірі шаруашылық кешендері:

    • отын энергетикалық;
    • агроөнеркәсіптік;
    • құрылыс;
    • әскери өнеркәсіп және т.б. салалардың алатын үлесіне талдау жасалады.

      3. Халықтың жан басына шаққандағы өнімдердің

          негізгі түрлерін өндіру.

       Ұлттық  экономиканы дамыту үшін базистік негізгі  өнімдерді өндірудің көрсеткіштеріне төмендегіше талдау жасалады:

       а) өндірістің барлық түрлерін дамытудың  негізіне жататын халықтың жан басына шаққандағы электр энергиясын өндіру. Одан басқа, халықтың жан басына өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің ең маңызды түрлерінің ішінен: болат пен шойын балқыту, автомобиль шығару, минералды тыңайтқыштар, химия талшықтары, қағаз мен тауарлардың басқа түрлерінің мәліметі бөліп көрсетілді;

       б) халықтың жан басына шаққандағы өзі  өндіретін тамақ өнімдерімен  халықтың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі туралы пікір білдіруге  мүмкіндік беретін, елдегі тамақ  өнімдерінің негізгі түрлерін: астық, сүт, ет, қант және т.б.өндіру;

       в) азық-түлік емес тауарларды өндіру;

       г) ұзақ пайдаланылатын тауарларды: тоңазытқыш, телевизор, компьютер және т.б. шығару немесе олардың қолда болуының көрсеткіштері.

       4. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы.

       Ұзақ  пайдаланылатын тауарларды тұтынушылардың үлес салмағының көп болуы елдегі халықтың өмір деңгейінің неғұрлым жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

    Халықтың  өмір сүру деңгейіне  талдау жасау келесі көрсеткіштерді талдаумен  қоса жүреді:

    • тұтыну себеті;
    • күн көрістің ең төменгі деңгейі;
    • өмір жасының орташа ұзақтығы;
    • білім деңгейі;
    • білікті қызметкерлердің деңгейі;
    • білім беруге жұмсалатын шығындар үлесі және т.б.

       5. Экономикалық тиімділік көрсеткіші.

       Негізгі және айналым капиталын пайдаланудың деңгейі мен оның жайын көрсетеді. Оған жататындар:

    • еңбек өнімділігі;
    • капитал сыйымдылығы;
    • қор қайтарымы;
    • материал сыйымдылығы;

       Жоғарыдағы  көрсеткіштердің барлығы бір-бірімен  өзара тығыз байланыста қарастырылады.

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    2 тақырып. Шаруашылық  өмірді интернационалдандыру.

     
        • Халықаралық еңбек бөлінісінің маңызы мен  түрлері.
        • «Интернационалдандыру» категориясының мазмұны.
        • Интеграциялық процестердің қалыптасуы.
        • Интеграциялық бірлестіктердің түрлері (типтері).
        • Түйін.
        • Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар.
     

    2.1. Халықаралық еңбек  бөлінісінің (ХЕБ)  маңызы мен түрлері.

       Халықаралық еңбек бөлінісі – тауарлардың, қызметтердің, білімдердің халықаралық айырбасының басты негізі, олардың экономикалық даму деңгейі мен қоғамдық құрылыстың сипатына қатыссыз түрдегі, әлемнің барлық елдері арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және т.б. ынтымақтастықтың дамуы.

    Халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) дамуы келесі процестермен байланысты болды:

    1.    бір елдерде өндірілген (пайдалы кең қазбалары) немесе өңделген (ауылшаруашылық шикізаттары) шикізаттардың аса ауқымды көлеміне өнеркәсіпті елдердің   қажеттілігінің өсуі;

      2.   азық-түліке деген сұраныстың  көбеюі;

      3.   өнеркәсіп өнімдерін шығарудың  күрт өсуі.

    Халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) экономикалық көзқарас тұрғысынан:

    1. өндіргіш күштердің алдағы уақытта прогрессивті дамуына;
    2. өндірісті шоғырландыруды дамыту мен оны мамандандыруға;
    3. әлемдік ауқымдағы еңбек өнімділігінің өсуіне;
    4. бір елдің екінші елді қанауының пайда болуы мен күшеюіне ықпалын жүргізеді.

       Халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) жетілмеушілігі, біріншіден, өнеркәсіптік қатынастары  дамыған елдердің тар шеңбердегі топтарының құрылуынан, екіншіден, елдердің үлкен топтарының алғашқы елдердің аграрлық – шикізаттық  сарқыншақтарына айналуынан пайда болады.

    Халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) негізгі себептері:

    1. жекелеген елдердің және тұтастай әлемдік шаруашылықтың экономикалық дамуының сәйкес келуінің дұрыс есебі;
    2. еңбек бөлінісінің жоғары тиімділігінің қамтамасыз етілуі;
    3. халықаралық мамандану мен жекелеген елдер экономикасының кешенді дамуының үйлесім табуы;
    4. жекелеген елдердің экономикалық дамуының деңгейіндегі айырмашылықтарды жою.

           Халықаралық еңбек бөлінісінің  мәні өндірістің екі процесінің - бөлшектенуі мен бірігуінің динамикалық бірлігінен көрінеді. Біртұтас өндірістік процесс бір-бірінен өзгеше сатыларда дербес бөлшектене алмайды. Сонымен бірге бұл бөлшектену өндірістің бірігуімен елдер арасындағы өзара байланыстың орнатылғаны болып саналады.

       Елдердің  алғашқы бетте қандай да бір бұйымдарды жасауға мамандануы, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын егу мен мал өсірудің бірдей емес мүмкіндіктерін туғызатын табиғи-климаттық  жағдайлардың айырмашылықтарымен байланысты болды.

            Өндірісті ұлғайту процесін жүзеге  асырудағы халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі барған сайын өсе түсуде, елдердің өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, өндірістің  тиімділігін арттырады. Әлемнің барлық елдері үшін экономикалық пайда алуға деген ұмтылыс, халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ынталандыру тудыратын әдістері болып саналады. Өндірісті интернационалдандырудың жаңа кезеңі ҒТР-ды өрістетумен байланысты туындайды. Қазіргі заманғы ғылымның техникалық және технологиялық жаңару ауқымы аса зор, сол себептен де оны бір мемлекеттің күшімен жүзеге асыру мүмкін емес. Экология, соғыс және бейбітшілік, ғарышты игеру және т.б.с. сияқты ғаламдық проблемаларды шешудің қажеттігі, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу, оның мүмкіндіктерін пайдалануға жатады. Өнімді бірқатар елдерге ғана емес, әлемдік нарықтың ірі аймақтық әлеуетті (потенциалды) тұтынушыларына шығару, экономикалық жағынан өзін-өзі ақтаушылықпен  қажеттілікке айналады.

    Халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) негізгі түрлеріне  мыналар жатады:

       а)   материалдық және материалдық емес (өнеркәсіп,

      ауыл  шаруашылығы, көлік, байланыс) ірі салалар 

      арасындағы жалпы еңбек бөлінісі;

       б)  салалар бойынша және ішкі салалар  бойынша (ауыр

             және жеңіл өнеркәсіп, мал шаруашылығы  мен егін-

      шілік), сондай-ақ, мысалы, ауыр өнеркәсіп шеңберіндегі мұнай өндіру, металлургия және автомобиль жасау сияқты ірі салалар ішіндегі жеке еңбек бөлінісі;

       в)  бір кәсіпорын ішіндегі еңбек  бөлінісі кәсіпорынның

            толық жасап бітпеген тауарды  аяғына дейін жасап 

            шығаруы ретінде кең  түрде  түсіндіріледі.

    22. «Интернационалдандыру»  категорияларының  мазмұны.

     

       Айырбастағы интернационалдандырудан капитал  мен өндірісті интернационалдандыруға дейінгі интернационалдандыру процесінің тұрақты өсуі, әлемдік шаруашылықтың неғұрлым маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді үрдестерінің бірі болып саналады.

       Өндірісті интернационалдандыру - әртүрлі елдердің кәсіпорындары арасындағы орнықты өндірістік байланыстарды орнату, осының әсерінен бір елдегі өндірістік процесс интернационалдық немесе әлемдік ауқымда болатын процестің бөлігіне айналады. Өндірісті интернационалдандыру түпкі өнім шығарудың әртүрлі кезендерінде әлемнің көптеген елдеріндегі кәсіпорындардың қатысуына әкеледі.

       Өндірісті интернационалдандыру – бұл, сондай-ақ өндірістің қоғамдануының жоғары дәрежесін болжайтын және халықаралық маманданудың тереңдеуінің және еңбек бөлінісінің нәтижесі болып саналады, тар мағынасындағы өндірісті интернационалдандыру бұл - өндіргіш күштердің қызмет істеуі процесіндегі халықаралық байланыстардың даму процесі. Сөздің кең мағынасында бұл - бүкіл экономикалық өмірді, өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды интернационалдандыру процесі болып саналады.

       Интернационалдандыру  тек экономикалық қана емес, сонымен  бірге қоғамдағы адам өмірінің барлық жақтарын қозғайтын қоғамдық үрдіс  те. Оларды тежеуші экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа байланыстардағы әртүрлі кедергілерді бірте-бірте жою кезінде халықтарды жан-жақты жақындастырады.

       Интернационалдандыру  процесі әлемдік шаруашылыққа оң және кері әсерін тигізеді. Мысалы, білім деңгейін көтеру, ғылымды дамыту, мәдениетті өркендету деңгейінен интернационалдандырудың оңды әсері көрінеді. Экономикалық және басқа дағдарыстық құбылыстардың таралуы кезінде келеңсіз әсерлер көрініс береді.

    Қазіргі жағдайдағы өндірісті  интернационалдандыру әртүрлі факторлардың әсерін бастан кешіруде:

    1. ғылыми-техникалық революция. Өнеркәсіп өнімдерінің номенклатурасы жаңа салалардың дамуы арқасында көбейе түседі;
    2. халықаралық маманданудың дамуы. Бастапқы бетте мамандану салааралық түрде дамиды, дегенмен өндірісті интернационалдандырудың тереңдеуімен ішкі салалық маманданудың рөлі өсе түседі;
    3. ғылыми-техникалық зерттеулерді интернационалдандыру. Ғылыми және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін  жекелеген елдердің компаниялары бірігеді. Жекелеген елдердің ғылыми-технкалық ақпараттармен алмасу формасы ретінде пакеттер және лицензиялар арқылы халықаралық сауда жасау дами түседі;
    4. халықаралық көліктің дамуы. Халықаралық мамандану бір елдерден екінші елдерге өнімдерді тасымалдау жағдайында ғана тиімді болуы мүмкін. Сондықтан көліктегі техникалық прогресс, кең тарамдалған халықаралық көлік жүйесін құрудың өсе  түсуі маңызды болып саналады;
    5. каптиалды интернационалдандыру. Бұл процесс басқа бір елдерде шаруашылық субъектілерін құру, сол сияқты елдер арасындағы ұлттық байланыстарды дамытудан көрінетін ұлттық капиталдарды  біріктіру болып саналады;
    6. халықаралық сауданы дамыту. Көптеген елдер экономикасының сыртқы нарыққа тәуелділігі өсе түседі;
    7. интеграциялық процестердің дамуы.
     

    2.3. Интеграциялық процестердің  қалыптасуы.

     

       Білімді интеграциялау, кейбір тұтастықтардың қалыптасуы-шаруашылық өмірді интеграцияландандырудың сапалық түрдегі жаңа кезеңі болып саналады.

       Интеграция - бұл, экономикалық даму деңгейі бойынша  жақын, ұлттық шаруашылықтағы еңбек  бөлінісі мен тұрақты экономикалық байланыстарды дамытудың объективті процесі. Ол сыртқы экономикалық айырбас пен өндіріс аясын қамти отырып, ұлттық шаруашылықтың тығыз байланыста дамуы мен шаруашылық жүргізуші аймақтық кешендерді құруға әкеледі. Халықаралық экономикалық интеграция бұл – шаруашылық тетіктерін (механизмдерін) жақындастыруға әкелетін, мемлекетаралық келісімдердің формасын қабылдайтын және мемлекетаралық органдарды реттейтін, елдердің экономикалық өзара іс-қимылы. Микродеңгейдегі бұл процесс, олардың арасындағы алуан түрлі экономикалық қатынастар негізінде, оның ішінде шетелдерде филиалдар ашу жолымен, жақын шетелдердің жекелеген фирмаларының өзара іс-қимылы арқылы жүреді. Мемелекетаралық деңгейдегі интеграция мемлекеттердің экономикалық бірігуін қалыптастыру және ұлттық саясаттың келісімі негізінде болады.

    Интеграцияланудың алғышарттары болып  саналатындар:

       1. Интеграцияланатын елдердің нарықтық  пісіп-жетілуінің дәрежесі мен экономикалық даму деңгейінің жақындығы. Мемлекетаралық интеграция, индустриалды дамыған елдер арасында, дамушы елдер арасында дамиды. Индустриалды және дамушы мемлекеттер арасындағы интеграциялық үлгіге (типке) бірігуге ұмтылушылық қалыптастырудың әлі бастапқы кезеңін басынан кешіруде.

       2. Интеграцияланушы елдердің географиялық  жақындығы, көп жағдайларда ортақ шекаралардың және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстардың болуы. Әлемдегі интеграциялық бірлестіктердің басым көпшілігі бір-бірімен тікелей географиялық жақындықтағы бір құрлықта орын тепкен көрші елдерден бастау алған.

       3. Экономиканы реттеу, дамыту, қаржыландыру, саяси ынтымақтастық және т.б.  саладағы елдердің алдында тұрған экономикалық және басқа проблемалардың ортақтығы. Экономикалық интеграциялану, интеграциялаушы елдер алдында тұрған нақтылы проблемалар жиынын шешуге бағытталған. Сондықтан, басты проблемалары нарықтық экономиканың негіздерін жасау болып табылатын елдер, нарықтың дамуы ортақ валюта енгізуді талап ететін деңгейге жеткен мемлекеттермен интеграциялана алмайды.

       4. Демонстрациялық әсері. Интеграциялық  бірлестіктер құрған елдерде, негізінен, экономикалық оңды алға жылжулар болады, бұл жайлар осы өзгерістерді қадағалап отырған басқа елдерге білгілі бір психологиялық әсерін тигізеді.

       5. «Домино әсері». Қандай бір аймақтағы  елдердің басым көпшілігі интеграциялық бірлестіктердің мүшелеріне айналғаннан соң, қалған елдер, осы топқа кіретін елдердің қайта бағдарлануымен байланысты қиындықтарды сөзсіз бастарынан өткереді. Бұл, интеграцияның сыртында қалған елдер саудасының қысқаруына әкеледі. Сондықтан, олардың кейбірі оның сыртында қалып қаламын деп сақтанғандықтан ғана, интеграциялық процестерге қосылуға мүдделіліктерін білдіреді.

       Интеграцияланудың негізгі мақсаттары:

       а) Экономиканың аумақтық артықшылықтарын  пайдалану. Экономика теориясы ауқымы негізінде басқа мүліктерді қатыстыру, трансакциялық шығындарды қысқарту және нарық көлемін кеңейтуді қамтамасыз ету шетелдік инвестицияларды тартуға тікелей мүмкіндік береді.

       ә)  Саяси Қолайлы сыртқы орта жасау. Саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және экономикалық емес салаларға қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту интеграциялық бірлестіктердің басым көпшілігінің  ең маңызды мақсаттары болып саналады.

       б) Сауда саясатының міндеттерін шешу. Аймақтық интеграция, көпжақты келіссөздер шеңберіне қатысушы елдердің келіссөздер жүргізу негізіндегі ұстанымдарын нығайтудың тәсілі ретінде жиі түрде қарастырылады.

       в) Экономиканы құрылымдық қайта құруға көмектеседі. Нарықтық экономиканы жасаушы елдердің, нарықтық дамудың неғұрлым жоғары деңгейіндегі елдердің аймақтық сауда келісімдеріне қосылуы, нарықтық тәжірибені беру каналы, таңдап алынған нарық бағытына өзгермеушілігінің кепілі ретінде  қарастырылады.

       г) Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларына қолдау көрсету. Интеграциялық бірлестіктер жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетуге тырысады.

    2.4. Интеграциялық бірлестіктердің  типтері.

       Әртүрлі типтегі интеграциялық бірлестіктер ХХ ғасырдың екінші жартысында өз дамуына ие болды. Қандай да бір интегарциялық топтардың көзқарастарындағы, анықтамаларындағы және атауларындағы айырмашылықтарға қарамастан, солар арқылы ортақ белгілері мен заңдылықтарын бөліп көрсетуге болады. Тарихи интеграция, олардың әрбірі оның пісіп-жетілгендік дәрежесі туралы куәландыратын бірнеше кезеңдер арқылы өрістейді.

       Жақындасуға жаңа-жаңа ғана алғашқы қадамын жасап  жатқан кездегі бірінші кезеңде, олардың арасында, я мемлекеттер арасындағы екі жақты негізде, я осыған дейін өмір сүруші интегарциялық топтар арасында қол қойылатын преференциалды сауда келісімдері жасалады. Осыған орай ұлттық кеден тарифтерін сақтау қаралған.

       Интеграцияланудың екінші кезеңінде, елдер үшінші бір  елдерге қатысты ұлттық кеден  тарифтерін сақтау жағдайында өзара саудадағы кеден - тарифтерін толық алып тастауды қарайтын, еркін сауда аймағын құруға өтеді. Жағдайдың басым көпшілігінде бұл шарттар, ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа барлық тауарларға тарайды.

       Интеграциялаудың  үшінші деңгейі, ұлттық кеден тарифтерінің келісімді түрде алынып тасталуымен үшінші елдерге қатысты сауданы тарифсіз реттеудің біртұтас жүйесі мен жалпы тарифін енгізу арқылы кеден одағының құрылуымен байланысты. Кеден одағы бас салығынсыз тауарлармен және қызметтермен ішкі интеграциялық сауда жасауда және оларды аймақ ішіне орналастырудың толық еркіндігін қарастырады. Министрлердің мерзімді мәжілістері мемлекетаралық органдар болып саналады.

       Интеграциялық процесс төртінші кезең – ортақ  нарыққа жеткен кезде - интеграцияланушы елдер тауарлар мен қызметтер қозғалысының еркіндігі туралы ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторлары капитал, жұмыс күші туралы да келіседі. Мемлекет басшыларының мерзімді мәжілістеріне мемлекетаралық органдар қатысады.

       Бесінші кезең – экономикалық одақ, жалпы  кеден тарифі және тауарлар қозғалысының еркіндігімен, өндіріс факторларымен  қатар, сондай-ақ макроэкономикалық  саясатты үйлестіруді және валюта, бюджет, ақшаның шешуші салаларындағы заңдылықтарды жүйеге келтіруді қарастырады.

       Алтыншы кезең – саяси одақтың өмір сүруі, ұлттық үкіметтің өз қызметінің басым бөлігін үшінші елдермен  қатынасы үшін мемлекеттік емес органдарға беруді қарастыру принципті түрде маңызды болып саналады. Бірақ, бұл жайлар жекелеген мемлекеттердің егемендігін жоғалтып алуын білдіреді.

Информация о работе Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылық