Ұлттық байлық көзі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 20:42, лекция

Описание работы

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы.

Содержание

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ұлттық байлық срсп 9.pptx

— 97.18 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 
Семей Мемлекеттік Медицина университеті 
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы  
 
 

    Тақырыбы: Ұлттық байлық көзі 
     

    Орындаған: Жұмаханова Г.С.

    Аканова А.Е.

                                     Факультет: ҚДС                                                                                        Топ: 204 

                               Тексерген: Рымбаева Т.А. 
     

    Семей, 2012 жыл  

Срсп  №9

    • I. Кіріспе
    • II.Негізгі бөлім
    • III. Қорытынды
    • IV. Пайдаланылған әдебиеттер
 

ЖОСПАР

    • Ұлттық  байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы.

        ҰБ-бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және ол барлық уақытта қоғам меншігінде болады.

       ҰБ құрамына мыналар кіреді:

    -айналым қоры

    -тұрғындар  мүлкі

    -айнымалы өндірістік қорлар

    -негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар

    -материалдық  резервтер мен сақтандыру қоры

    • Ұлттық  байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.
    • Шабындықтар мен жайылым(162 млн.га) көлемі бойынша Қазақстан тек Австралиядан(450 млн.га),АҚШ-тан(320млн.га) және Қытайдан(234млн.га) кейін тұр.Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі.Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.ТМД бойынша еліміздегі мұнай қорының үлесі 6-10%құраса,марганец қорының 13% шоғырланған.
    • Вольфрам  қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші,фосфор рудасы бойынша-екінші,ал қорғасын мен молибден бойынша-төртінші орында тұр.Менделеев кестесіндегі 60-тан астам ең белгілі элементтер де Қазақстан жерінен табылған.Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен оны рационалды игеру -  экономиканы дамытудың ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.
    • Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір уақытта мемлекетте қорланған экономикалық активтердің жиынтығы: қаржылық емес және таза қаржылық активтер , тауарларды өндіруге, қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
    • Ұлттық  байлық мөлшерін анықтау  үшін мағлұматтың  қайнар көздері болып баланстық кестелер саналады.Бұлар капиталмен байланысты операциялар туралы шот, қаржылық шот, активтер мен пассивтер көлемдері арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде активтер мен пассивтер балансы өңделеді.Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл басында немесе жыл аяғында активтер немесе пассивтер болып көрсетіледі.
    • Активтер мен пассивтер балансы көрсеткіші бойынша экономика секторнының «меншік капиталының таза құны» есептеледі. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер ішкі экономика секторлары арасында өзара өктеледі. Сонымен , ҰШЖ барлық экономика секторларының меншік капиталына таза құнының жиынтығына еліміздің ұлттық байлығын немесе ұлттық капиталын құрайды.

    Елдің ұлттық                   Осы елдің резиденттерінің          Қалған елдердің

    байлығы немесе                 қаржылық емес                            талаптарына

    меншік капиталының      активтерінің

    таза құны                            =     құны                                    +      арналған

                                                                                                                      қаржылық таза құн

     

    • Қазақстан Республикасының  статистика жөніндегі агенттігі ұлттық байлықты, бұрынғы әдіс бойынша, қоғам еңбегімен жасалған , жинақталған материалдық игіліктер ретінде санайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық байлық элементтері экономикалық мақсатқа сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал, материалдық емес активтер, тауарлы материалды қосалқы қорлар.
    • Ағымдағы  бағада жиналған мемлекеттік ұлттық байлығы материалдық, табиғи ресурстарға жыл аяғында келген институционалдық бірліктердің ақша шығынын көрсетеді. Құрылымның үлес салмағы жалпы қорытындыдағы ұлттық байлықтың құрамдас бөлігі ретінде есептеледі және ұлттық байлықтың құрамын көрсетеді. Ұлттық байлықтың құрылымдық теңдігі базистік және есептеу кезеңдеріндегі өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді.

         Ұлттық байлықтың динамикасының нақты көлемін суреттеу үшін тұрақты бағада оның элементтерінің бағалануы қолданылады немесе индекс көмегімен қайта санау жүргізіледі, индекстің көмегімен есептеледі:

                        I= ∑Pq / ∑P q= ∑P q/ i / P q 

    Мұндағы:

    І-ұлттық байлықтың физикалық көлемінің индексі.

    ∑Pq- есептеу кезеңдегі тұрақты бағада есептегенде реалды ұлттық байлықтың көлемі;

    ∑Pq – базистік кезеңдегі ұлттық байлық;

    ∑Pq – есептік кезеңдегі ұлттық байлық;

    I – ұлттық байлықты құрайтын элементтердің жеке индекстері. 

Қорытынды 

    • Сонымен,қорытындылайтын  болсақ, ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер 

    • С.Р.Нарматов, А.С.Нарматова "Экономикалық теория" Алматы, 2009 жыл.
    • Интернет желісіндегі мәліметтер.

Информация о работе Ұлттық байлық көзі