28 Марта 2013, дипломная работа
Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы – несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т.б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.
Зерттеу объектiсi боп “Прогресс- СС” ЖШС таңдалды. “Прогресс-СМ” ЖШС Алматы облысы Үштөбе қаласында орналасқан. Ол “РМЗ” АҚ сегменттелуi нәтижесiнде құрылған.Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады.
17 Сентября 2012, реферат
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқарады. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының территориясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
28 Ноября 2011, курсовая работа
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.
27 Октября 2011, курсовая работа
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
07 Февраля 2013, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.
15 Ноября 2011, курсовая работа
Несие – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
01 Апреля 2013, курсовая работа
Қазақстан - 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы - Парламент. Ол республиканың заң шығарушылық қызметін жүзеге асырады.
ҚР басқару жүйесі үш сатыдан тұрады: 1.Заң шығарушы орган (Парламент ). 2. Атқарушы орган (Үкімет). 3. Сот билігі.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейін 10 күн ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы республиканың Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады.
27 Ноября 2011, курсовая работа
Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.
14 Марта 2012, реферат
Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең маңызды құраушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті экономикалық қамсыздандырусыз әрекет ете алмайды. Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі.
29 Марта 2012, реферат
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
29 Ноября 2011, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
02 Декабря 2011, реферат
Жұмыстың мақсаты: Елдегі қаржы секторын мемлекеттік реттеудегі әдістер мен проблемаларды зерттеу
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Қаржы жүйесін реттеу әдістерін зерттеу
Қаржы секторының қазіргі жағдайын талдау
Қаржы секторын дамыту проблемаларын анықтау мен оларды шешу жолдарын зерттеу
02 Марта 2013, курсовая работа
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық
Кәсіпкерлік дегеніміз- белгілі бір істі істей білу.
Іс «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік Кәсіпкерлік- ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ.
09 Марта 2012, курсовая работа
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шетелдік күрделі салымдардың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады.
16 Февраля 2012, курсовая работа
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
26 Февраля 2013, реферат
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж.
10 Марта 2013, реферат
1990-шы жылдардың басында, КСРО құлағаннан кейін, Қазақстанда нарықтық экономика жасау басталды. Кәсіпорындар, кен орындары, және инфрақұрылымдық кешендер бөлігі жекеменшікке берілді. 1993 жылы ел кеңестік сомнан бас тартып, өз ақшасын – теңгені енгізді. Қазақстан шын мәнісінде түк жоқ жерден тиімді банк жүйесін құрды. Республикада бұрын дәстүрлі банк ісі мүлде болмаған еді. Бұл реформаланған және қарқынды дамушы сектор боп саналады. Түсті және қара металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және мұнай өңдеу Қазақстан экономикасының жетекші салалары. Республикада түсті және қара металдың, тас көмір мен қоңыр көмірдің, мұнай мен газдың, фосфориттің, ас тұзы мен асбестің үлкен қоры анықталған.
27 Ноября 2011, курсовая работа
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды
21 Октября 2011, реферат
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз.
30 Ноября 2011, лекция
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.
14 Января 2011, курсовая работа
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
06 Декабря 2011, курсовая работа
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республика-сындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) -екінші деңгейде сипаттайды, сондықтан да оларды ic-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
10 Января 2012, курсовая работа
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
23 Февраля 2012, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
21 Сентября 2011, курсовая работа
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде / 1851 – 1865 ж.ж / орасан зор гривналар /ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар / шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
24 Февраля 2013, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.
20 Февраля 2012, курсовая работа
Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
09 Апреля 2011, курсовая работа
Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.
13 Октября 2011, реферат
Сыртқыэкономикалық операциялардың түрлері:
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Толлингтік операциялардың есебі
Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі.
16 Ноября 2011, курсовая работа
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.