Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 09:02, курс лекций
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы күні дүниежүзі халқының бір миллиард халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде.
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы күні дүниежүзі халқының бір миллиард халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде.
17-ші қазан
БҰҰ тарапынан әлемдік "
Негізінде кедейшіліктің үш түрі, атап айтқанда абсолютті, салыстырмалы кедейшілік пен мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікке түсініктеме берілген.
Мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікте әртүрлі қиындықтар, атап айтқанда азық-тұлік пен киім тапшылығы, тұратын мекеннің, медициналық және білім алу мүмкіндіктердін жоқтығы байқалады. Негізінде бұл әлеуметтік тапшылықтың бір түрі болып табылады.
Салыстырмалы кедейшілікте адамдардың кірістері мемлекеттің орта кірісімен салыстырылады. Әр елдің орта кірісі бойынша, оның жартсынан аз кірісі бар адамдар кедей болсып саналады.
Абсолютті кедейшілік БҰҰ берген түсініктеме бойынша, адам күніге 2 доллардан төмен кіріспен өмірін кешеді.
БҰҰ-ның мәліметтері
бойынша осы уақытта
Әлемдік банкінің мәліметінше, ұзақ мерзімге созылған құрғақшылықтан туындап отырған Африка мүйісі елдеріндегі төтенше жағдай және оның әсерінің соғыстан зардап шеккен Сомали жерлерінде байқалуы 2008-ші жылдан бастап бұл аймақтағы азық-түлік бағасын күрт көтерілуіне себеп болды.
Мәліметтер бойынша, өткен үш айда тек бір Сомалидің өзінде бес жасқа да толмаған 29 мың бала қаза болды және басқа 600 мыңының жағдайы өлім қатеріне тірелді. Дәл осы уақытта құрғақшылық апаты Африка құрылығының Сомали, Эфиопия, Джибути, Кения, Уганда және Судан елдеріндегі 12 миллион халықтын жанынақауіп төндіріп отыр. Кедей елдердегі халық санының көбеюіне көңіл бөле, әлемдегі аштардың саны көбейеді деп болжауға болады. Әрине, кедейшілік тек Африка мүйісі елдеріне ғана қатысты апат емес.
Соңғы жылдардағы экономикалық дағдарыстар Америка қоғамына да әсер етті. Американың статистика ұйымының мәліметі бойынша, бұл елдердегі кедейлер саны 46 миллионнан асты. Бұл өткен 17 жылдағы ең жоғары мөлшер. Айта кететін жәйіт, кедейшілік америкалық қара түстілер арасында басқалармен салыстырғанда жылдамрақ таралып, 27 пайыздан асып кетті. Мәліметтер Америкада бүкіл халқының 10 пайызын құрайтын байлары елдің байлығының 70 пайызына және 20 пайызының бұл елдің кірісінің жартсына ие екенін көрсетеді. Миллиондаған халық кедейшілік пен жұмыссыздықта және әлеуметтік, сонымен қатар медициналық қызметтерден пайдаланбай күнін көріп жатыр. Еңбек ақылардың төмендеуі, банкілік қарыздар, жұмстан айырыламыз деп алаңдау, экономикалық тоқырау – миллиондаған американдықтарға алаңдаушылық тудыратын мәселелерге жатады.
2000-шы жылдың
қыркүйек айында БҰҰ Бас
Бұл мақсаттарға баларды оқытуға жағдай жасау, балалардың денсаулығы, жыныстық тендік, балардың өлімін азайту, аналар денсаулығы, малярия мен спид сынды ауруларға қарсы тұру, тұрақты дамуға жету мәселері кіреді. 2000-шы жылдан бері БҰҰ-ның отырыстарының көбісі кедейшілік пен аштыққа қарсы тұру жолдарын қарастыру мақсатымен өтті. Бірақ 2015-ші жыл жақындаған сайын әлемдік қоғам әлемдік экономикалық дағдарыс пен табиғи апаттардға көңіл бөліп, кедейшілікті жою қиын екенін түсінді. Әлемдік қоғам 2015-ші жылға дейін кедейшілік пен штық мәселесін шешетін қажетті шаралар қолданып отырған жоқ. БҰҰ 2015-ші жылға дейін үкіметтер, көмек көрсететін ұйымдар мен жеке адамдар арқасында 40 миллиард доллардан астам қаржына кедей елдерге көмектесуге жинап беретінін жариялады. Мұндай қаржы 16 миллион әйел мен баланы өлімнен құтқарады. Мамндардың есебінше, мақрұм аймақтардағы аналар мен балаларды өлімнен құтқару үшін 2015-ші жылға дейін 169 миллиард доллар қаржы қажет.
Батыс үкіметтері БҰҰ-на берген уәделерін тек жартылай орындап отыр. Қазіргі қаржы дағдарысқа көңіл бөле, бұл үкіметтердің кедей халыққа көмек көрсетуді колдайтын халықаралық жобаларға беретіні азаяды деген болжамдар бар. Кедейшілік пен аштыққа ұшырап отырған әлсіз үкіметтер көбірек қолдуға мұқтаж. Өйткені аш халық кедейшілік шынжырын үзе алмайды және қоғамдық зияндармен көбірек бетпе-бет келіп, жұқпалы ауруларға төзбейді. Аш балалар дұрыс өсіп-дамымайды. Сол себепті тұрмысы жоғары мемлекеттер әлемдік қоғамның алдында жауапты екендерін түсінулері керек. Кедейшіліктен тұрмысын жақсарту жаққа қадам басу үшін кедей мемлекеттердің экономикасы, әлеуметі және мәдениеті дамуы қажет. Экономикасы дамымайтын елдің экономикалық мүмкіндіктері де төмен болады. Сол себепті олар халқының тұрмысын жақсарту мақсатнына жете алмайды. Кедейшілікпен күресу үшін жұмыс орындар ашып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына инвестиция салу жолдарын іздестіріп, ішкі өнім өндіріп, әлемдік нарыққа белсенді қатысу керек.
Қоғамдық әділет орнатып, табиғи ресурстарды халық арасында әділ бөлу теңсіздікті жоюғс әсер ететін жолдардың бірі болып табылады. Басқалардан көбірек зардап шегетін балалар үшін жұмсайтын қаржыны көбейту осы мыңжылдықтың мақсаттарына жететін ең дұрыс жол, өйткені олардың өлімін азайтады.
Кедейшілік пен аштық – адамзатты шырмаған абыройсыздық екенін ұмытпайымыз керек, әлімнің бүкіл халқы кедейшілік пен аштықтың тамырын жоюға жауапты.