Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа
ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.
Кіріспе................................................................................................................. 8
Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26
Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44
3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67
Қорытынды ......................................................................................................... 69
Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71
АтМГИ. Мамандығы 050506-Экономика. Экономика кафедрасы
Дипломниктің аты-жөні Муканова Элеонора Жауынбаевна
Аннотация
Экономическая безопасность - это материальная основа национальной безопасности. Она выступает гарантией устойчивого, стабильного развития страны, ее независимости. В настоящее время используется немало различных определений понятия " экономическая безопасность". Так, в законе "О национальной безопасности Республики Казахстан" отмечается, что экономическая безопасность - это состояние защищенности национальной экономики Республики Казахстан от внутренних и внешних условий, процессов и факторов, ставящих под угрозу ее устойчивое развитие и экономическую независимость.
The summary
Economic
security - is the material basis of national security. It acts as a guarantor of sustainable and stable development of the country's independence. Cu
Мазмұны
Кіріспе.......................
2.3 Ұлттық экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік
тәжірибесі....................
3. Экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару
және бақылауды жетілдіру.....................
3.1 Қазақстан
Республикасының экономикалық
әлеуметтік–экономикалық даму
болжамы.......................
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер
..............................
КІРІСПЕ
ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ел тәуелсіздігінің кепілі, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтаудың маңызды тетігі. Экономика әлсіз әрі тиімсіз болса, ішкі және сыртқы қатерлер қысымына шыдау, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мықты әскерді құру, оны ұстап тұру қиын болады.
2008 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің ІІ сессиясын ашқанда «Ендігі біздің міндетіміз – экономикалық қауіпсіздіктің әлде қайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету», деп басып айтқан болатын.
Жұмыстың мақсаты мен
міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты
Қазақстан Республикасының
2009 жылғы Қазақстан халқына «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздікке бағытталған ойларын ортаға салды.
Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.
2010 жылғы Қазақстан
халқына жасаған Жолдауында
Жұмыстың мақсаты
мен міндеттері. Зерттеу жұмысының
мақсаты Қазақстан
Жұмыстың объектісі – ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйін сипаттайтын Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Сайып келгенде, елдегі әлеуметтік шиеленістің сақталуы, экономикалық қылмыс, елден капиталдың кетуі және сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке тікелей қауіп төндіретіні рас. Сондықтан осы жағдай 1998 жылы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 18 бабында көрсетілгендей, экономикалық қауіпсіздікті ұлттық, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық, әскери қауіпсіздіктер сияқты қауіпсіздіктің маңызды түрі деп есептеудің қажеттігін туғызды.
Заңнамада қолданылатын
«экономикалық қауіпсіздікті
Бұдан шығатын
қорытынды, қазіргі кезде экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасында әлеуметтік-
Осыған байланысты
ұлттық қуаттың басты элементі экономикалық
қауіпсіздікті мемлекеттік
Сонымен қатар, диплодықлық зерттеудің өзектілігі бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатерді болдыртпау мәселесінің әлі күнге дейін толық шешілмей отырғанында. Бұл мәселе Қазақстанға экономикалық (материалдық) зиян келтірмеу мақсатында сауықтыру (профилактикалық) шаралар жүргізуді көздейді. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық үдерісті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін бақылаудың тиімді жүйесін жасау қажеттігі туындайды.
Түптеп келгенде, экономикалық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі мынадан туындайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне бүгінгі күні төніп тұрған қатерлер Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлі қауіптердің біріне айналып отыр.
Екіншіден, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне бүгінгі күнгі қауіптен келіп отырған материалдық шығынның көлемі мен деңгейі (мысалы, экономикадағы қылмыстық іс, экономикалық қылмыстың деңгейі, шет елге
кеткен «капиталдың» көлемі) қауіптің басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым жоғары.
Үшіншіден, қазіргі заманғы қауіп-қатердің бұдан әрі де сақталып қалуы мен таралуының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың бұзылуына және экономикалық ортада әлеуметтік тәртіп нормаларының жойылуына әкеліп соқтыратыны ең басты қауіп болып отыр.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады
1. Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық аспектілері.
1.1 Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті мақсатқа сай және жүйелі қорғаушы ұйымдық жүйе ретінде тек ХХғ. құрыла бастады. Бірақ, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қорғау мәселелерінің теориялық түсінігі Рузвельттік Федералдық Комитеттің құрылуына дейінгі жүз жылдықта пайда болды. Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық концепциялары – бұл ұлттық мемлекеттің тиімді экономикалық саясатының пайда болуына арналған барлық базалық экономикалық концепциялар.
Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және онымен қалай күресу керектігі бойынша экономист-теоретиктердің үш негізгі тәсілі құрылды (1- кесте):
( ХIХғ. ортасынан бастап );
( ХХғ. аяғынан бастап ).
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің камералисттік түсінігі осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күрестің негізгі ауыртпалығы импортты шектеу бойынша заңдарды бастаушы орталық үкіметке, сонымен қатар шетел тауарларының контрабандасымен күресті жүргізетін кеден және шекара қызметкерлеріне түседі деп болжайды.
Кейнсшілдер ұлттық экономика үшін негізгі қауіптер шетел тауарларының бәсекелесі емес, жұмыссыздық және экономикалық тоқырау болып саналды. Осы қауіптермен күресу үшін үкіметке шаруашылық қызметін белсенді реттеуді тек субсидия мен мемлекеттік тапсырыстарды үлестіріп беру арқылы ғана емес, сонымен қатар бәсекелестікті тікелей әкімшілдік бақылау орнату арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
ХХғғ. екінші жартысында кейнсшілдердің әсері азайып, неоклассикалық экономикалық теорияның приоритетті әсері пайда болды. Егер кейнсшілдер мемлекеттік реттеуді дұрыс деп үміттенсе, ХХғғ. екінші жартысындағы неоклассиктер оның шектеулілігін алға тартты.
Дегенмен, неоклассиктер ұлттық экономикалық мүддеге қауіптермен күресу әдісін ұсынды. Олар осынысымен кейнсшілдерден ерекшеленді. Бірақ, олар сол мүдделерді түсінуге кейнсшілдермен ұсынылған тәсілді қабылдады. ХХғғ. екінші жартысында неоклассиктер декларация деңгейінде жалғыз экономикалық субъект индивид деп сендіруді жалғастырды.
Кесте 1
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік түсінігі парадигмаларының эволюциясы
Парадигмалар сипаттамалары |
Камералисттік концепция |
Кейнсиандық концепция |
Институтционалдық концепция |
Пайда болу уақыты, концепция негізін қалаушы. |
1840 жж., Фридрих Лист. |
1930 жж., Джон М. Кейнс. |
1980 жж., Эрнандо де Сото. |
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерінің түсінігі. |
Бәсекелестік немесе шетел мемлекеттерінің басқа іс-әрекеттері. |
Нарық «құлдырауы» - экономикалық өсу тұрақсыздығы, жұмыссыздық, инфляция. |
Мемлекет «құлдырауы» - әкімшілік тосқауыл-дары, рента іздеушілік. |
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік үшін күрес мақсаты. |
Экономикалық тәуелсіздік. |
Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық. |
«Құқықтарды басқару», меншік құқықтарын қорғау. |
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік үшін күресу әдістері. |
Протекционисттік сауда саясаты. |
Өндірісті, жұмысбастылықты және ақша айналымын мемлекеттік басқару. |
Тіркеу процедуралары мен төлемдерін төмендету, бюрокра-тизм және жемқорлық-пен күрес. |