Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2011 в 10:34, реферат
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.
Сагимбаева
А.Ю.
Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.
Ғалымдар
мен мамандардың көпшілігі жиі
қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар
себептерін экономиканы басқару
модельдерінен іздейді. Осыған орай,
анағұрлым қолайлы басқару
Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі - басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі - өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде олардың арасындағы байланыстар өндірістің капиталистік және социалистік тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған болатын. Басқарудың ұштасқан екі үлгісінің арасындағы ажырап қалған байланысты қалпына келтіру арқылы әлем елдерінің көпшілігінде қолайлы экономикалық басқарудың сапалы жаңа технологиясы құрылуы мүмкін.
Басқарудың аталған негізгі екі түрін талдау нәтижесінде бірінші үлгінің жеке секторды дамытуға негізделіп, нарықтық әдістермен басқарылғандығын, ал екіншісінің – экономиканың мемлекеттік секторын дамытуға негізделіп, жоспарлық әдістермен басқарылғандығы көрінеді. Бұл жалпы жүйелік айырмашылықтар салдарының нәтижесінде көптеген батыс елдерінің мемлекеттік басқаруларында қаржы ағындары арқылы реттелетін экономиканы басқару тәжірибесі қалыптасты, ал бұрынғы КСРО-да тауар ағындары арқылы реттелетін экономикалық дамудың үлгісі басым қолданылды [1, б.5].
ҚР егемендігін алысымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен ұлттық экономиканың негізгі салалары нарықтық қатынастарға бағытталды. Кеңес дәуірінде мемлекет өзі ғылыми зерттеулерге тапсырыс жасап, қаржыландырып, оларды мемлекеттік кәсіпорындарда іске қосатын болса, енді Қазақстан өнеркәсіптерінің 90% жуығының жекешелендірілуіне орай мұндай байланыс жойылып кетті.
Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі - әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланатын болды [2]. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында нақты әрі тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» [3].
Әрине, жаңаша көзқарастың қалыптасуына бірталай уақыттың кететіні сөзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та үлгерді деп айтуға болады. Оған 2003-2015 жж. арналған ҚР Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық саясат – экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның ролін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Қазақстандағы ғылымның дамуына басқа индустриалды дамыған елдердегімен салыстырғанда түбегейлі ерекшеліктер тән. Дамыған елдерде іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға кететін шығындарға жыл сайынғы өсім, ғылым мен жекеменшік сектордың интеграциясы арқасында ғылыми жаңалықтарды жедел іске қосу, ғылымның корпоративтік секторын құру мен дамыту, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалану тән.
Атап айтсақ, 2000 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда – 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25%), ал Швецияда – 7,6 млрд.долл. (ЖІӨ-нің 4,0%) [4, б. 373].
Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алайда, Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне орай, 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен аталған көрсеткішті ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу көзделіп отыр [4, сол жерде].
Кейбір ғылыми-зерттеулерді қажетті деңгейде қаржыландырмау мен жауып тастау салдарларынан көптеген жас ғалымдар ғылым саласынан кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ғылымның материалды-техникалық базасы тозып, ескірді.
Индустриалды-
Бүгінгі таңда мемлекет ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, оларды қаржыландырады, алайда олардың тәжірибе жүзінде пайдаланылуы іске аспай қалады. Өйткені жекеменшік сектор оларды қажет етпейді. Осылайша, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс ажырап кетті. Мұның себебі қазақстандық өндірістің ғылыми жаңалықтарды керек етпеуінде емес, керісінше отандық өндіріс үшін жоғары технологиялар өте қажет, сол себепті де олар шет елдерден дайын технологияларды сатып алуға мәжбүр.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені оның түпкілікті нәтижесі болып өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары технологиялық өнімнің көлемі табылады, ал бұлар, өз кезегінде – мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.
Индустриалды
дамыған елдерде кадрларды
Қазіргі
кезеңде Қазақстан
Қазақстанның
ғылыми-технологиялық саясаты
Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сәйкесінше 2,8-3,2% және 12,0-14,0% құрап отыр [4, б.375]. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын инновациялық кәсіпкерліктердің дамуына олардың бәсекеге қабілетті өнім өндіре алмауы кедергі жасап отыр. Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктердің ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету бойынша табиғи монополиялардың қызметтерін шағын бизнестің бәсекелік ортасына ауыстыру тетіктерін жасау қажет. Сондай-ақ, шағын бизнестегі инновациялық және ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар алу және франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми зерттемелерді нарықтық тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі, менеджмент маркетинг және талдау салаларында білікті мамандар жетіспейді. Сол себепті де қазақстандық мамандарды шет елдердегі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарында, компанияларында тәжірибеден өткізу үрдісін қалыптастыру қажет, сондай-ақ отандық кадрларды дайындау үшін шет елдік білікті мамандарды шақыру қажет.
Қазақстан
ғылымының қазіргі кезде
Осылайша, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекет саясатының басты бағыттары келесілер болуы керек:
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 және 2007 жылғы Халыққа жолдауларында қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату керектігін, әсіресе ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жекеменшік сектордың үлесіне тиесілі болу қажеттігін баса көрсеткен болатын.
Осы тұрғыда елімізде көптеген игі бастамалар қолға алынып та үлгерді. Айталық, «Парасат» холдингі өндіріс пен мемлекеттің ғылыми зерттеулерге тапсырысында «байланыстырушы арнасы» ретінде құрылып, холдингтің ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметін атқарады. Содай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісіне ғылыми зерттеулердің озық нәтижелерін іске қосуда ынтымақтасуды көздеп, қазақстандық экспорт өнімдерінде жоғары технологияның өнімдерін арттыруды мақсат тұтады.
Ғылыми-технологиялық саладағы мемлекет пен жекеменшік салалардың өзара серіктестігі механизмдерін пайдалану ғылыми кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық формаларын өзгерту арқылы оларды акционерлік қоғамдарға айналдыру нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекет экономиканы тек қана саяси тұрғыда басқарады, ал өнеркәсіптік активтер бойынша менеджер функциясын жекеменшік сектор мен ұлттық компаниялар атқарады. Осыған сәйкес, ғылым да табиғи технологиялық дамуында сол ғылым жемісін пайдаланатын тұтынушылармен бірдей құқыққа ие болуы қажет.
«Парасат» холдингі 2008 ж. 3 шілдеде ҚР үкіметінің қаулысымен жүз пайыздық мемлекеттік акция пакетімен құрылған болатын. Холдингтің негізгі қызметі Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдай туғызу.
2008
ж. 21 тамызында Елбасы Н.Ә.
Аталған холдингтің компанияларының құрамына бес заңды тұлғалар: АҚ «Жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталығы», АҚ «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы», АҚ «Ғылыми қоры», АҚ «Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығы», АҚ «Ақпараттандыру ұлттық орталығы» кіреді. Холдинг ғылыми-инновациялық қызметтің – ақпараттан бастап зерттеулерге дейін және олардың нәтижелерін өндіріске ендіру сияқты – барлық аспектілерін қамтиды.
Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері