Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................

3
1.тарау. Салық жүйесіне түсінік................................................

4
1.1 Салықтың экономикалық мәні, мазмұны.......................................
4
1.2 Салықтардың атқаратын қызметі, түрлері......................................
5
1.3 Салық жүйесінің элементтері. Салық саясаты...............................

8
2.тарау. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері..............................................................................

11
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұнғыш салық жүйесі..................
11
2.2«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы...............................................................................................
13
2.3 Салық кодексі....................................................................................
14
2.4 ҚР-ның қазіргі салық жүйесі............................................................
19
2.5 Жаңа салық кодексіндегі дағдарысқа қарсы бағытталған шаралары............................................................................................................
.
24
Қорытынды...............................................................................................

27
Қолданылған әдебиеттер........................................................................
29

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 255.00 Кб (Скачать)


Жоспар:

 

 

 

Кіріспе.............................................................................................................

 

3

1.тарау. Салық  жүйесіне түсінік................................................

 

4

         1.1 Салықтың экономикалық мәні, мазмұны.......................................

4

          1.2 Салықтардың атқаратын қызметі, түрлері......................................

5

          1.3 Салық жүйесінің элементтері. Салық саясаты...............................

 

8

2.тарау. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері..............................................................................

 

11

          2.1 Қазақстан Республикасындағы тұнғыш салық жүйесі..................

11

     2.2«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы...............................................................................................

13

         2.3 Салық кодексі....................................................................................

14

         2.4 ҚР-ның қазіргі салық жүйесі............................................................

19

          2.5 Жаңа салық кодексіндегі дағдарысқа қарсы бағытталған шаралары............................................................................................................

.

24

Қорытынды...............................................................................................

 

27

Қолданылған әдебиеттер........................................................................

29

 

 

 


Кіріспе

 

Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуі ролі артып келеді. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесіне айтарлықтай әсер етеді.

Мемлекет бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90%. Салықтардың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімделері бойынша салық төлейді.

Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдануға кеңінен пайдаланылады. Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын  алады.Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.    Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір  көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.

Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады. Қазақстанның экономикасын көтеру үшін мынадай шаралар жүргізілу керек: салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту, кейбiр салықтардың ставкасын төмендету,салық салу жүйесiн жеңiлдету, тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру, халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудiң болуы, шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және енгiзу.


1 тарау. Салық жүйесіне түсінік.

 

1.1    Салықтың экономикалық мәні, мазмұны

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның  экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен  және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Салық мәселесі мен салық  салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит  „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды:

1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.

2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.

3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.

4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

            біріншіден, салықтар  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының  қалыптасуындағы қаржылық  қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.

            екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының  өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар  әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

 

1.2Салықтардың атқаратын қызметі, түрлері

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін  олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

      фискалдық

      реттеушілік

      бақылаушылық

  Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар  мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер – салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын  реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине салықтық реттеу  тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың  басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз  байланыста болуы керек.

Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық  ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу  өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық  ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.

Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді.

      егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;

      егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндіріске әкеледі.

      егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың келесі негігі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау.

Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы  салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет  саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық  бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:

1.      Салық салу объектісіне байланысты;

2.      Қарауына қарай;

3.      Салық салу органына байланысты;

4.      Экономикалық ерекшелігіне байланысты;

5.      Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салық салу объектісіне қарай салықтар: тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

1.Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады.

 корпорациялық табыс салығы;

 жеке табыс салығы;

 жер салығы;

 көлік құралдарына салынатын салық;

 мүлік салығы;

 жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;

 әлеуметтік салық.

2. Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:

 қосылған құнға салынатын салық;

 акциздер;

Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және  арнайы болып жіктеледі.

Информация о работе Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері