Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары...........................4
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..........................4
1.2. Кәсіпкерлік қызметінің белгілері мен принциптері.........................5
1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары............................................... 7
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары.................................................................................................9
2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері.............................9
2.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары....................12
2.3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»......................... .....................15
2.4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы................................22

Работа содержит 1 файл

курсовая работа Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.docx

— 67.48 Кб (Скачать)

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

 

Жоспар

 

 Кіріспе..................................................................................................................... 3

  1. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары...........................4
    1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..........................4
    2. Кәсіпкерлік қызметінің белгілері мен принциптері.........................5
    3. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары............................................... 7
  2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамыту және қолдау  бағдарламалары.................................................................................................9
    1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері.............................9
    2. Кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау бағдарламалары....................12
    3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»......................... .....................15
    4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы................................22
  3. Қорытынды......................................................................................................24
  4. Әдебиеттер тізімі............................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
 
 
}

«...Еңбек етуші халықтың 60 % - ы

шағын жəне орта бизнесте жұмыс  істеген кезде

Қазақстан тұрақтылыққа қол  жеткізетін болады...»

Қазақстан Республикасының  Президенті

Н.Ə. Назарбаев

 

 

   Кіріспе? 


3

 

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін  әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып  отырады. Қазіргі уақытта бұл  тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.                               Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын  және орта кәсіпкерлікті дамыту,  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  елу елдің қатарына енуге бет  алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 

Мен курстық жұмысты әзірлеуде экономикалық оқулықтарды, экономика туралы журналдарын, Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын, біздің еліміздегі кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлеріне, ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік бағдарламаларға, статистикалық агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп 2 тараудан: теориялық және проблемалық тұрғыдан бөліп қарастырдым.

1 тарауда кәсіпкерліктің экономикалық мәні, мазмұны, белгілері мен принциптері, ұйымдық формалары туралы қарастырылса, 2 тарауда Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары   туралы қарастырдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары

 

    1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны

Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар  мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. Сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.

Қазақстан республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев 

|«Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі» деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.

Кәсіпкерлік мәнінің шетелдік анықтамасына шолу жасайтын болсақ, шет  елдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік  дегеніміз жаңа кәсіпорынды құруда жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын және тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет  ететін қызмет деп түсініктеме береді.

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі  Ричард Кантильон (1650-1734жж.) енгізді. Бұл  ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті  ұйымдастырудағы адам белсенділігін  жатқызды.

Кәсіпкерлік – адам  қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.  Бұған кезінде атақты неміс экономисі  Гарвард университетінің профессоры  Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән  берді. Оның айтқан мынандай  сөзін  эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер  болу – басқаның істегенін істемеу».  Ол “Экономикалық сараптаудың тарихы” атты еңбегінде жаңа шаруашылық тәсілдердің орындалуын кәсіпкерлік, ал оларды жүргізуші адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды.

Екінші жағынан кәсіпкерлер  – алдымен кәсіпкерлік жұмысты  ұйымдастырушылар. Ол туралы француз  экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды  өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». [1, 191б.]

Ағылшын экономисті “Саяси экономияның қағидалары“ деген  белгілі еңбектің авторы Д. Миль (1806-1873) кәсіпкерлік терминді одан ары танымал  етті.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік  түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті  қолдау және қорғау туралы” Қазақстан  Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз меншігіне немесе мемлекеттік  емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген  және заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.

 

Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды  ұйымдастыруымен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе  қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.

Кәсіпкерлік өндірістегі  жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді  жасауды және т.б. жүзеге асыруды  білдіреді[3,53].

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын  балама түрінде қарастыру жиі  кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік  жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс  әкелетін кез келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз  кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан  да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан  ешуақытта  кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда  «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген  ұғым бар.  Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз  адамның  бизнесте жаңалықты  аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске  қатысатындардың  барлығының қолынан  бұл келе бермейді [1,191б.].  Басқа  жұрт қалғып, қыдырып, той думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа  жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда  айналасына  басқаша  көзқараспен  қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің  ішінен  мұндай қабілеттілікпен  оқшауланатындар жиі кездесе  қоймайды. Демек, бизнес бұл табыс  әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік бұл да адамның  экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске  бағыттайды және  осы  жаңалықты жүзеге  асыру үшін тәуекелге  бас ұрады.

 

 

    1. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері

 

Алдымен «кәсіпкерлік» ұғымына  қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің  негізгі белгілері содан туындайды.

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б.1т.-на сәйкес «Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне  қарамастан, азаматтар мен заңды  тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағатттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік  кәсіпорынды шаруашылық басқару  құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік  қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел  етуімен және мүліктік  жауапкершілігімен  жүзеге асырылады. Бұл анықтама толық  емес шығар, бірақ оны талдауы  кәсіпкерліктің  төмендегідей  белгілерін атауға мүмкіндік береді:

  1. Дербестік.

Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде  бөліп көрсетуге болады. Қызметтің  экономикалық базасы сияқты мүліктік  дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік  мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік  көлемі  негізінде  осы мүліктік  субьекті  жататын  заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік – кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкінілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау – мұның бәрі – ұйымдық дербестіктің көрінуі.

  1. Тәуекелділік.

Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге  ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде  мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол  берген әкімшілік – жоспарлы экономика  кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік  тәуекел – табысты жұмысқа  қуатты ынта.

  1. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
  2. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде  заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.

Енді кәсіпкерліктің негізгі  құқықтық принциптеріне қысқаша  тоқталайық. Оларға мыналар жатады:

  1. Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі.

Бұл негізгі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-б. 1т.-да: «Әркімнің  кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік  қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп бекітілген.

  1. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады».
  2. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және  жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке  жол бермеу принципі. Бұл принцип сақтау нарықтық экономиканы  дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001ж. «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.
  3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында – кәсіпкерлердің және мемлекеттің жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.
  4. Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске аырылуы құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
  5. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принцип түпкі мақсатты – тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік  бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады[8, 15].

Кәсіпкерлердің үстел  үстіне қоятын кітаптар қатары мынадай  болуы керек:

  • 1995ж. 30-тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • 1994ж.27-желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексі(Жалпы бөлім);
  • 2001ж. 12-маусымдағы ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі;
  • 2001ж. 30-қаңтардағы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі
  • 1995ж. 17-сәуірдегі ҚР «Лицензиялау туралы» заңы;
  • 1999ж. 10-желтоқсандағы ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы;
  • 2004ж. 28-ақпандағы ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы» заңы.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы