Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 14:28, реферат

Описание работы

Сыртқыэкономикалық операциялардың түрлері:
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Толлингтік операциялардың есебі
Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі.

Работа содержит 1 файл

2 тақырып,.doc

— 254.00 Кб (Скачать)

    Шынтасов  Жасулан, гр. Э-102 

Сыртқыэкономикалық  операциялардың түрлері:

  • Шетелдік валюта операцияларының есебі
  • Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
  • Тауарлардың экспорты бойынша  жасалатын операциялардың есебі
  • Толлингтік операциялардың есебі
  • Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты  басқа да операциялардың есебі
  • Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі.

      Валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулерді жою жөніндегі бағыттар мен іс-шараларды көрсететін осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 753 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, валюталық режимді ырықтандыру мақсатында әзірленді. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасын одан әрі іске асырудың негізін қалайды. Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың нәтижелеріне негізделеді, онда оның қисынды жалғасы болып табылатын ырықтандырудың бірінші кезеңінің іс-шаралары айқындалды.

      Ырықтандырудың  бірінші кезеңін іске асыру «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне банк қызметі, валюталық  реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы             8 мамырдағы Заңының күшіне енуінен басталды. Осы заңға сәйкес валюталық реттеу жөніндегі барлық нормативтік құқықтық актілер қабылданып, жаңа немесе өзгертілген редакцияда қолданылуда.

        Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың  2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:

      1) валюталық операцияларды лицензиялаған  кезде (резидент еместерді экспорт-импорт  мәмілелері бойынша кредиттеуді  қоспағанда) қаржыландыру көзін (жеке тұлғалар үшін 10 мың доллардан астам, заңды тұлғалар үшін - 100 мың доллардан астам), салым объектісінің құнын растауды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың 100 мың АҚШ доллары баламасынан астам барлық валюталық операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімін қоса алғанда, талап етілетін құжаттардың тізбесі кеңейтілген;

      2) 10 мың долларға дейінгі экспорт-импорт  мәмілелері бойынша лицензиялаудың  ең төменгі шегі ұлғайтылды. Сонымен қатар, ең бастысы, сомасы лицензиялау шегінен төмен келісім-шарттар бойынша тұрақты жиынтық дебиторлық берешекті бақылау мәселесінің және шектеу шараларының шешілмеуінен және уәкілетті банктер мен валюталық бақылау органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-әрекет жүйесін негізді қайта қарау қажеттілігінен экспорт-импорт мәмілелерін бақылаудың екі деңгейлі жүйесі қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер шеңберінде іске асырылған жоқ. Осы айтылғанға байланысты, экспорт-импорт мәмілелерін бақылаудың екі деңгейлі жүйесін енгізу 2007 жылдың бас кезіне таман аяқталады және қайтару туралы талаптың сақталуын қамтамасыз етуге арналған, бақылаудың екі деңгейлі жүйесінің мақсаттары мен тәсілдеріне барынша сәйкес келетін экспорт-импорт валюталық бақылаудың жаңартылған және жеңілдетілген жүйесінің бір бөлігі болады;

      3) капитал ағындарына байланысты  тәуекелдерді азайту жөніндегі          іс-шаралар жүзеге асырылуда.  Атап айтқанда, сыртқы елдік тәуекелдер  республиканың әлеуметтік-экономикалық  дамуының индикативтік жоспарының сценарийлері шеңберінде төлем теңгерімін талдағанда және болжам жасағанда бақыланып отырады әрі ескеріледі. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне жеткілікті капиталдандыру ережесі енгізілді, бұл сыртқы борыштың қолайлылығын бағалаудың басты өлшемдерін жақсартуға және халықаралық резервтер деңгейінің жеткілікті болуымен қатар қысқа мерзімді перспективада шетелдік өтімділікке және ұзақ мерзімді перспективада төлем жасау қабілетіне байланысты болуы мүмкін проблемалардың осал жақтарын азайтуға жанама ықпал етуге тиіс;

      4) Ұлттық Банк басқа арналар  бойынша ақпараттың қайталануына  жол бермеу, төлем теңгерімі мен  сыртқы борыш жөнінде жетіспейтін  талдау ақпаратын алу мақсатында, сондай-ақ жүргізілетін операциялардың  берілген лицензиялардың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      Сонымен бірге, валюталық режимді одан әрі  ырықтандыру үшін қажетті шарт болып  табылатын қаржы секторының тәуекелдерін азайту және пруденциалдық реттеуді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі  
№ 250 қаулысымен Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілді. 2003 жылы барлық екінші деңгейдегі банктер банктерде тәуекелдерді басқару жүйелерінің бағасы және олардың бар екенін растау мазмұндалған уәкілетті аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептерін ұсынды. 2003 жылдың ішінде банктер аудиторлық ұйымдардың және Ұлттық Банктің ескертулеріне сәйкес көрсетілген жүйелерді ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою жөніндегі жұмысты жүргізді.  Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысымен Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық қабылданды. 2003 жылғы 4 шілдеде "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" және 2003 жылғы 10 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, олар 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі құрылды.

      "Заңсыз  жолмен алынған кірістерді жария етуге (ақтауға) қарсы іс-әрекеттер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу, сондай-ақ ішкі валюта рыногындағы валюталық операциялардың жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2004 жылға арналған жоспарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 287 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген.

      Валюталық реттеудің жаңа рәсімдерін және валюталық  режимді ырықтандырудың тәсілдерін пысықтау және жетілдіру мақсатында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеу мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылданды.

      "Валюталық  реттеу және валюталық бақылау  туралы" Қазақстан Республикасының  жаңа Заңы 2004 жылғы қыркүйекте  Қазақстан Республикасының Парламентіне  енгізілетін болады және осы  Бағдарламаға сәйкес валюталық режимді ырықтандырудың бірінші кезеңінің іске асырылуын аяқтай отырып және екінші кезеңін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны құра отырып 2005 жылы күшіне енеді.

      Заң базасы негізінде 2005 жылы заң аясындағы  бірыңғай нормативтік құқықтық кесім әзірленетін болады, ол экспорт-импорт валюталық бақылау және айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу рәсімдерін қоспағанда, валюталық операцияларды жүргізудің тәртібі мен барлық рәсімдерін айқындайтын болады.

  1. Валюталық ырықтандырудың проблемалары мен перспективаларының қазіргі жай-күйін талдау
 

      Капитал ағынына шектеулерді жою сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың әкімшілік шығасыларын азайтумен  жалғасады, бұл кәсіпкерлік қызметтің  кең еркіндік алуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, валюталық режимді ырықтандыру процесінде капиталды жұмылдыруға байланысты тәуекелдерге бірдей жауап беретін тиімді экономикалық саясатты жүргізуге қойылатын талаптар артады, мұндай жағдайда рынок субъектілерінің ішкі немесе шетелдік активтерге салымдар туралы шешімдер қабылдауы экономикалық факторлармен айқындалады, мұндайда әкімшілік шығасылардың ықпалы барынша азаяды. Осы тұрғыдан алғанда, валюталық режимді ырықтандыруға тікелей немесе жанама түрде байланысты мынадай мәселелер қарастырылуы тиіс.

    1. Капитал ағындарының құрылымы
 

      Төлем теңгеріміндегі капиталдың ағындарын  талдау, егер 1995-2000 жылдардағы кезеңде  капиталды әкелудің және әкетудің негізгі  көздері сыртқы сауда операциялары болса, ал соңғы жылдары резиденттердің халықаралық қаржы рыногына және капитал рыноктарына қатысуының жандана түскенін көрсетеді (1-кесте).

          1-кесте
Капитал ағындары
              млн  . АҚШ  долл.
  2000 2001 2002 2003    Анықтама  үшін
          1995-2000 2001-2003
Капиталдың  әкелінуі 16928,1 21289,8 25122,6 33580,6 100% 100%
Тауарлар  және қызмет көрсету  экспорты 10948,7 10899,1 12321,5 15897,6 65% 49%
    Кіріс 138,6 230,8 241,4 272,5 1% 1%
    ШТИ 2693,2 4665,0 4121,6 4457,1 14% 17%
    Портфельдік инвестициялар 30,4 134,2 53,5 212,3 1% 1%
    Басқа инвестициялар 2698,5 4873,8 7621,7 12255,7 17% 31%
      Оның ішінде мемлекеттік басқару  секторы 160,8 372,6 441,8 537,2 4% 2%
      Оның ішінде мемлекеттік емес, банк секторы 547,6 790,9 1933,4 3868,7 3% 8%
         Қысқа мерзімді 472,1 640,1 1463,8 2315,1 2% 6%
         Ұзақ мерзімді 75,6 150,8 469,7 1553,6 0% 3%
         Оның ішінде мемлекеттік емес,

         банктік емес сектор

1990,1 3710,4 5246,5 7849,8 11% 21%
         Қысқа мерзімді 1485,5 2502,5 3544,3 5225,7 7% 14%
         Ұзақ мерзімді 504,5 1207,9 1702,2 2624,2 4% 7%
Капиталдың  әкетілуі -16787,4 -20905,0 -24587,5 -32047,1 100% 100%
Тауарлар  және қызмет көрсету импорты -9380,6 -11103,2 -12173,7 -14060,8 66% 48%
    Кіріс -1392,7 -1467,8 -1368,8 -2013,4 5% 6%
    ШТИ -1415,0 -1804,4 -1958,2 -2269,1 4% 8%
    Портфельдік инвестициялар -85,5 -1451,6 -1300,3 -2073,3 0% 6%
    Басқа инвестициялар -3059,0 -3803,3 -7173,4 -9869,7 14% 27%
      Оның ішінде мемлекеттік басқару  секторы -520,5 -110,9 -133,4 -315,1 1% 1%
      Оның ішінде мемлекеттік емес, банк секторы -228,2 -421,7 -1621,1 -2035,0 3% 5%
         Қысқа мерзімді -180,2 -350,6 -1542,0 -1551,3 3% 4%
         Ұзақ мерзімді -48,0 -71,1 -79,2 -483,6 0% 1%
         Оның ішінде мемлекеттік емес,

         банктік емес сектор

-2310,3 -3270,7 -5418,9 -7519,7 9% 21%
         Қысқа мерзімді -1634,6 -2184,9 -4087,6 -5672,0 6% 15%
         Ұзақ мерзімді -675,7 -1085,7 -1331,3 -1847,7 4% 6%
  Қателер және қалып қойғандар -994,5 -832,3 0,0 -1097,8 7% 2%
        сыртқы сауда айналымынан үлес

        (тауарлар және қызмет көрсету)

-5,2% -4,0% 0,0% -3,9%    
Резервтік активтердің өсуі 140,7 384,7 535,1 1533,5    
        капиталдың жалпы ағынынан үлес 0,8% 1,8% 2,1% 4,6% 1% 3%
Анықтама  үшін            
    «Капиталдың жылыстауы» -1143,5 -514,8 -543,3 -1544,1    
        тауарлар және қызмет көрсету 

        экспортынан үлес

-10,4% -4,7% -4,4% -9,7% -9% -7%
        капиталдың жалпы әкелінуінен  үлес -6,8% -2,4% -2,2% -4,6% -6% -3%
        сыртқы сауда айналымынан үлес -5,9% -2,5% -2,4% -5,5% -5% -3%
Ескерту:  1. Капитал ағындары төлем теңгерімінің барлық плюстерін (әкелу)  және минустерін (әкету) жинақтайды, сондықтан да төлем теңгерімінің көрсеткіштерінен айырмашылығы болады
            2.Капиталдың жылыстауы  мемлекеттік емес банктік емес сектордың қысқа мерзімді операцияларының таза сальдосы ретінде есептеледі, оған төлем теңгерімінің қателіктері мен қалып қойғандары қосылады.
 

      Төлем теңгерімінің ақпараты бойынша шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) ағыны өткен бес жылдық кезеңдегі 22%-ға қарағанда 2000-2003 жж. тауарлар, қызмет көрсету импортының орташа алғанда шамамен 36%-ын қаржыландырды. Қайтарылған кірістердің, оның ішінде тікелей инвесторлар кірістерінің үлесі тауарлар, қызмет көрсету экспортына қарағанда 10-12% деңгейінде тұрақты сақталуда. Жеке сектордың қысқа мерзімді операцияларының өсуіне қарамастан, соңғы 3 жылда қысқа мерзімді  капиталды әкелу оны әкетудің орнын жабады. Осы ағындар ең алдымен, өндірістік және қаржылық қызметтің нақты жағдайларына байланысты операциялардың басым бөлігін көрсететінін ескере отырып, қысқа мерзімді операциялар үлесінің өсуін алыпсатарлық капитал ретінде біржақты қарастыруға болмайды.

      Ұзақ  мерзімді капитал бойынша салыстыру  тиісті кезеңде әкелудің әкетуден 1,5 есе артқанын көрсетеді. Сонымен  бірге, капиталдың жылыстауы 1995-2000 жылдардағы кезеңдегі тиісінше 9% және 6%-бен салыстырғанда 2001-2003 жылдардағы кезеңде орташа алғанда тауар және қызмет көрсету экспортының 7%-ын немесе капиталдың жалпы әкелінуінің 3%-ын құрайды, бұл «капиталдың тұрақтамау» көлемінің біршама төмендегенін көрсетеді.

      Тұтастай  алғанда, қысқа мерзімді қаржы операциялары үлесінің өсуіне қарамастан, капитал  ағындарының құрылымы мейлінше тұрақты. Қазақстанның халықаралық инвестициялық  ұстанымының деректері бойынша, Қазақстанның жинақталған сыртқы міндеттемелерінің 60%-ын шетелдік тікелей инвесторлар қамтамасыз етеді. Жиынтық қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесі республиканың сыртқы міндеттемелерінің 6-8%-ы деңгейінде қала отырып, іс-жүзінде өзгермейді. Резиденттер активтерінің құрылымындағы едәуір үлесті Ұлттық Банктің ұзақ мерзімді шетелдік активтері құрайды, ал жеке сектор болса, ұзақ мерзімдіден гөрі қысқа мерзімді сыртқы активтерді жөн көреді.

      Орташа  мерзімді болашақта ШТИ-дың таза ағынының біршама қысқаруы шетелдік қатысуы бар компаниялардың  ұзақ мерзімді заем капиталын тартумен өтелетін болады. Солтүстік Каспийдің жаңа кен орындарын өнеркәсіптік пайдаланудың басталуына байланысты экспорттан түсімдердің көбеюі экономикадағы ішкі жинақ ақшаның өсуін ынталандыра отырып, сол арқылы резиденттердің сыртқы рыноктарға қатысу ауқымдарының өсуіне ықпал етеді.

    3.2.Валюталық  режимді ырықтандыру бойынша  жүзеге асырылатын шаралардың  тиімділігі

 

      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау жөніндегі  ақпаратты талдау инвестицияларды жүзеге асыру және жеке тұлғалардың шоттар ашу тәртібін жеңілдету, резидент еместерге банктер беретін кредиттерді лицензиялауды жою, сондай-ақ экспорттан түскен валюта түсімдерін және импорт бойынша орындалмаған аванстық төлемдерді қайтару мерзімін ұзарту (Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасының                   іс-шараларын жүзеге асыру) 2003 жылы берілген лицензиялар санын екі еседен астам азайтуға мүмкіндік берді (2-кесте). 

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру