Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 9
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21

3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жалпы ұлттық өнім.doc

— 596.50 Кб (Скачать)

   Аннотация 

   Бұл жұмыста жалпы ұлттық өнімнің  түсінігін, нақты атауларын, сонымен  қатар қазіргі таңда ҚР-дағы негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштердің  динамикасы талданған.

   ОҚО-дағы ЖҰӨ-нің даму динамикасы көрсетілген  және Жалпы ұлттық өнімнің Республика экономикасындағы рөлі сипатталды.

   Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдарындағы ЖҰӨ көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 3 диаграммалардан, 1- кестеден, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1 қосымшадан тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны 

Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы  ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық  көсеткіштер 7
1.2 Нақты  және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы  ұлттық өнімді есептеу әдістері 9
Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз  жылдарындағы Қазақстан Республикасының  ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік  Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің  дамуының ерекшеліктері 21
 
3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
 
25
3.1 Қазақстан  Республикасындағы макроэкономикалық  өсудің жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 

   Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.

   Зерттеу объектісі - макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.

   Зерттеу пәні - экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.

   Зерттеу мақсаты- барлық көрсеткіштер қалай есептелінуі мен олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.

   Көрсеткіштер  мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға  сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

   Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің  сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

   Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын  анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:

    • жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштерін анықтау;
    • нақты және атаулы жалпы ұлттық өнімін анықтау;
    • жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістерін көрсету;
    • тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау;
    • жалпы ұлттық өнім мен қор және ағыннын көрсету;

   Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалалардың талдауы, сонымен бірге экономико – статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.

   Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 3 диаграммалардан, 1- кестеден, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1 қосымшадан тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын  

   1.1 Жалпы ұлттық өнім  және негізгі макроэкономикалық  көсеткіштер 

   Ұлттық  өнім көлемін өлшеуде экономикалық теория және статистика бірнеше көрсеткіштерді қолданады, оның ішінде жалпы ұлттық өнімнің орны ерекше.

   Жалпы ұлттық өнім - бір жыл ішінде экономикада өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің соңғы нарықтық құны. Бұл орайда мемлекет азаматтарының мемлекет ішінде, әрі шетелде өндірген барлық тауарлар мен қызметтерінің көлемі есептелінеді. Сонымен қатар, мекемелердің, халықтық ұйымдардың материалдық және материалдық емес кірістердің сомасы да ЖҰӨ болып түсіндіріледі. ЖҰӨ қолданылатын тауарлардың (станок, машина және т.б.) құнының бір бөлігін дайын өнімге қоса алғанда пайда болатын амортизациялық аударымдарды да есептейді. Жалпы ұлттық өнімді есептеу үшін бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтерді тек 1 рет есептеу керек. Бұл екі рет есептеу мен ЖҰӨ-нің құнын көтермелеудің алдын алуға көмектеседі, шындығында, көптеген тауарлар өңделіп, соңғы тауарға айналғанға дейін бірнеше рет есептелінеді. Екі рет есептеуді болдырмауға фирмалар сатылымы мен құрал-жабдық, жанар-жағармай, энергия, қызмет және т.б. сатып алуы арасындағы айырымды көрсететін артық құн көрсеткіші зор үлес қосады, яғни артық         құн - бұл фирманың жабдықтаушылардан сатып алып қолданылған шикізат және материалдардың құны кемітілген фирма өнімінің нарықтық бағасы. 

   Барлық  мекемелер жасаған қосылған құндардың  сомасынан ЖҰӨ-ді анықтауға болады, ол барлық шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы болып табылады [2].

   Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ЖҰӨ-нің маңызды модификациясы  болып табылады, ол резиденттер деп  аталатын барлық тауар мен қызмет өндірушілердің қосылған құндарын қосындылайды. Резиденттер - елде 1 жылдан кем тұратын шетелдіктерді қоспағандағы, берілген елдің аумағында тұратын азаматтар.

   Егер  ЖІӨ көрсеткішіне шекарадан тыс  өндіріс факторлары (факторлы табыстар) мен берілген елде шетелдік инвесторлардың алған факторлық табыстарының түсімдерінің арасындағы айырмашылықты қоссақ ЖҰӨ-ді аламыз. Мысалы, Франция үшін ЖҰӨ көрсеткішін есептегеннен кейін Ұлыбритания, АҚШ, Германиядан және т.б. түсетін факторлық таыстарды қосу керек те, Францияда қызмет ететін британдық, американдық, германдық нарық шаруашылығы объектілерінің табыстарын алып тастау қажет. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылық шамалы, ЖҰӨ-нен ±1% ауытқып тұрады.

   БҰҰ-ның  статистикалық қызметі Ұлттық есептер  жүйесін құруда негізгі көрсеткіш  ретінде ЖҰӨ-ді қолдануды ұсынады.

     

 

    1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 

   Ұлттық  өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері  нарықтық бағалар арқылы есепленінеді. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшері атаулы шама түрінде  болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетеді. Атаулы жалпы ұлттық өнім өндірістің көлемінің өзгеруіне де, бағалардың деңгейіне де тәуелді болады. Нақты жалпы ұлттық өнім тек қана өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді [3].

   Атаулы  жалпы ұлттық өнім -  тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалар көлемі.

   Нақты жалпы ұлттық өнім - тауарлар мен қызметтердің өндірісінің тұрақты бағалармен көрсетілген көлемі. 
 

   

   Сурет 1. ЖҰӨ бөлінуі 

   Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары болады. Олар:

  • пайдаланылатын ресурстардың - еңбектің және капиталдың өсуі (сандық факторлар);
  • технологиялық өсу - өндірістің жаңа технологияларды енгізу, ғылым және техниканы қолдану жолымен көбеюі, бұл сапалық фактор болып табылады.

   Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы  циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты болады. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байданысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Мәселен, демалуға ыңғайлы кезеңде демалысқа шығу өте көп болады және жаңа жыл сыйлықтарын алу да сол сияқты [20].

   

   Сурет 2. Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары

   Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің ауытқулары мен басқа да экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде, олардың қозғалысын маусымдық факторлардан «тазалау» қажет. 

   1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 

   Көптеген  өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден  өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін  басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Жалпы ұлттық өнімге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді.

   Көптеген  тауарлар және қызмет түрлері жалпы  ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен  есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен  көрстілген қызмет түрлері нарықта  сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ, Дегенмен, осы көрстеілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға беруші адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрі бір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады, яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары падаланатын қызмет есебі үшін жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайда және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол тәжірибеде жүзеге асырылмайды, яғни жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн - жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар (бұлардың бәрі адамдардың жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді, яғни арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрстеілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен, осы қателіктер жалпы ұлттық өнімге онша әсер етпейді [4].       

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы