Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:54, курсовая работа
Қазақстан - 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы - Парламент. Ол республиканың заң шығарушылық қызметін жүзеге асырады.
ҚР басқару жүйесі үш сатыдан тұрады: 1.Заң шығарушы орган (Парламент ). 2. Атқарушы орган (Үкімет). 3. Сот билігі.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейін 10 күн ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы республиканың Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады.
Кіріспе
I-бөлім. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1.2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымы
II-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары
2.1. Министрлiктiң негізгі функциялары (міндеттері)
2.2. Министрлiктiң құқықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I-бөлім. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1.2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымы
II-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары
2.1. Министрлiктiң негізгі функциялары (міндеттері)
2.2. Министрлiктiң құқықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан - 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы - Парламент. Ол республиканың заң шығарушылық қызметін жүзеге асырады.
ҚР басқару жүйесі үш сатыдан тұрады: 1.Заң шығарушы орган (Парламент ). 2. Атқарушы орган (Үкімет). 3. Сот билігі.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейін 10 күн ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы республиканың Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады.
ҚР Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі 6 жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.
ҚР-да сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған ҚР Жоғарғы Соты және республиканың жергілікті соттары болып табылады. Жергілікті мемлекттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік ( маслихат ) пен атқарушы органдар ( әкімшілік ) жүзеге асырады.
ҚР-ның М и н и с т р л і г і мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрліктің басшысы болып табылатын министрді де Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вице-министрлері), сондай-ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа - кеңесші орган құрылады. Министр өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бүйрықгар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган болып табылады.
Ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, саларалық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттіе қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық ббюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасауды өз мойнына алады.
«Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі: құрылымы мен міндеттері» тақырыбындағы бұл курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ең алдымен ҚР Үкіметі, содан соң ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оның құрылымы туралы жалпы баяндадым.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі атқаратын міндеттері мен құқықтарына тоқталып өттім.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтілген
I-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920-24ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов), 1925-36ж. Казақ АКСР Халкомсов, 1936-46ж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946-95ж. Қаз КСР Министрлер Кабинеті деп аталды. Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Ү к і м е т і мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыс, аудан және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құкықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституция Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституциялық заңның, ҚР-ның зандары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және кызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орталық аткарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Казақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол:
Үкіметке мынадай негізгі конституциялық өкілеттіктер берілген:
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда жөне үкімет туралы конституциялық занда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты.
ҚР-ның П р е м ь е р - М и н и с т р і үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды. Олар өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер-Министрдің алдында жауап береді. Парламенттің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тындауға хақылы. Үкімет мүшесі зандарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзыреті шегінде бүкіл мемлекет аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президенттің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мөжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агентіктер, бірінші басшылар қатысады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады. ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы констиуциялық занда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған. Егер Үкімет, оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі орындау мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері аткдрып отырған кызметінен босатылуға тиіс.