Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.Төлем балансы. Табирова Гаухар.doc

— 1,000.00 Кб (Скачать)

Мазмұны 

Кіріспе 5
1 Төлем  балансы және оның  мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем  балансының түрлері 10
1.3 Төлем  балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы  төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан  Республикасындағы  төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан  Республикасындағы  төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан  Республикасындағы  төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31
 
Қорытынды
35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

   Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға  болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының  экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

        Төлем балансы еліміздің тауармен, қызметпен және капиталмен халықаралық алмасуға қатысуын  сипатайтын  негізгі макроэкономикалық ауыспалыларды экономикалық талдаудың негізін қалады.

   Төлем балансы – осы елдің резиденттері мен қалған әлемнің арасында белгіленген уақыт кезеңінде, әдетте, жыл ішінде жасалған барлық экономикалық мәліме  қорытындыларының жүйеге келтерілген  жазбасы. Төлем  балансының шоттары осы елдің резиденттері мен қалған әлем арасындағы нақты ағындарды (тауардың, қызметтердің, сыйлардың және т.б.) және қаржы ағындарын (түрлі формада  қарыз алу және беру) көрсетеді. Төлем балансы жеке емес, осы ел мен басқа мемлекеттер арасында жасалған жиынтық мәлімелерді көрсетеді.[3]

   Төлем балансының негізгі қызметі тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың өсуімен (валютаның елден кетуі) немесе шетелдік влютаның келуімен байланысты келісімдердің барлық түрлерін топтап көрсету болып келеді.

   Зерттеу объектісі – төлем балансы, елдің төлем қабілеті, төлем балансының тапшылығы және төлем балансының статистикалық жағдайы.

   Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәсәлелері.

   Зерттеу мақсаты – төлем балансының мағынасын ашу, Қазақстан Республикасындағы  төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсерін анықтау болып табылады.

   Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу  логикасын анықтайтын мынандай міндеттер  қойылған:

  • төлем балансының құрылымы, оның түрлерін, реттеу механизмін түсіну;
  • төлем балансын реттеудегі қазіргі жағдайларды бейнелеу;
  • төлем қабілетсіздік мәселелері мен спецификасын ашу;
  • Қазақстан Республикасындағы  төлем қабілетін жетілдіру жолдары.

   Төлем балансы елдің төлемдері мен  кірістерінің жағдайын анықтайды. Халықаралық  валюта қоры есептеуші елдердің барлық экономикалық келісімдерін мерзіміне қарай  төлем балансы ретінде сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара келісімдерді емес, мемлекетаралық жиынтық келісімдері қорытындылып көрсетеді.

   Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

  1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар(мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
  2. капитал қозғалысының балансы : ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей  және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
  3. тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да  қаржы көздері;
  4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

   Қазіргі уақытта төлем балансы елдің  халықарадық тауарлар, қызмет көрсетулер және капиталдар айырбасына қатысуы ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың мағызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналып отыр.

   Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын  тауарлар мен  қызметтерге ішкі сұраным отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

   Зерттеу кезінде ғылыми және оқу әдебиеттерінің, мерзімді басылымдар мақаларының талдауы, сонымен бірге экономико-статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылады.

   Курстық жұмыс 37 бетте орындалған, кіріспе, 2 тарау, 7 тараушалардан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Төлембалансы және  оның  мәні 

1.1 Төлем балансының құрылымы 

   Төлем балансы дегеніміз – жекелеген ел мен басқа бір елдер резидентінің арасында белгілі мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

   Төлем балансы қосарлы  шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық  мәлімелердің екі жақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі жағы болады: егер сіз өзіңіздің шетелдік әріптесіңізден  бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.

   Кредитке  нәтижесінде құндылықтар жылыспайтын  және елге валюта түсетін мәмілілер  жатады ( олар «плюс» белгісімен жазылады). Мәселен, шетелге ұшақ сату, шетел  туристеріне  қызмет көрсету, шетелден зейнетақы алу, шетелдіктердің отандық компаниялардың акцияларын сатып алуы кредитке жазылады, өйткені аталмыш мәлімелер шетел валютасының түсімін «көрсетеді».

   Дебетке нәтижесінде ел сатып алынатын құндылықтарға  айырбас ретінде валюта шығындайтын мәлімелер жатады (олар «минус» белгісімен жазылады). Төлем балансының дебет шотында, мысалы, автокөлік импорты, лицензия  сатып алу, шетел компанияларының кірісін осы елден аудару, ұзақ мерзімді қарыз беру сияқты мәлімелер көрсетіледі. Осындай мәлімелер резиденттің шотындағы шетел валютасы қорын азайтады. [3] 

 

белгілі бір уақыт ішінде шетелде жасалған және сол уақыт

аралығында  сол елге келіп түскен төлем сомалары арақатынасы

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 1. Төлем балансының құрылымы

   Ағымдағы  операциялар есебі тауарлар мен  қызметтер экспорты және импортымен байланысты шетел валютасының барлық түсімдері мен шығындарын, сондай-ақ елдің әлемнің басқа мамлекеттеріне трансферттік төлемдерін белгілейді. Капитал қозғалысы есебі біржыл ішіндегі материалдық және қаржылық активтерді сатып алу-сатуға байланысты капитал ағымын көрсетеді. Ағымдағы операциялар бойынша теңгерімсіз төлем балансының ресми резервтері қолданылады (Сурет 1).

   Экспорттық  операцияларды көрсететін төлем  балансы баптары  кредит ретінде жүреді, өйткені түсімдерді, шетел валютасын «табуды» білдіреді; импортқа байланысты операцияларды білдіретін баптар дебет (берешек, борыш) болып есептеледі, өйткені шетел валютасы шығынын білдіреді.[2]

   Ағымдағы  операциялар шотында (балансында) бейрезиденттерге тауар мен қызмет сатудан түсетін барлық  түсім және резиденттердің шетелдіктерге сататын тауарлар мен көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығысы, сондай-ақ инвестициялардан түсетін таза кіріс пен таза трансферттер көрсетіледі.

   Тауар экспорты мен тауар импорты арасындағы айырма сауда балансын құрайды. Сауда балансы баспасөзде жиі жарияланады, өйткені кеден қызметтерінен алынатын ақпараттың негізінде оны есептеу қиын емес. Экспорттың импорттан асуы , яғни сауда балансының актив сальдосы экономиканың қалыпты жай-күйінің көрсеткіші болып  саналады. Актив сальдосында берілген елдің тауарларына әлемдік сұраныс артады және  ішкі нарықтағы сатып алушылар  талғамдарын импорттық тауардың орнына жергілікті өндіріс тауарларына береді.

   Алайда  сауда балансының жай күйін осылай бағалау әркезде әділ бола бермейді. Елдің қолайлы инвестициялық ахуалы (теміржол, зауыт, шахта және т.б. салу) сауда балансы тапшылығының себебіне айналуы мүмкін, осының салдарына жаңа импорттық жабдық сатып алу қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда сауда балансының тапшылығы елдің қолайсыз экономикалық жағдайының дәлелі болып табылмайды.

   Ағымдағы  операциялар шотында, сондай-ақ зиялылық меншікті (патент, технология, авторлық құқық) пайдалану төлемдері, халықаралық  туризммен, көлікпен, сақтандырумен байланысты шығыс жататын қызметтердің экспорты мен импорты да тіркеледі.

   Ағымдағы  операциялар балансында инвестициялардан түсетін таза кіріс көрсетіледі. Ол кредиттік қызметтің «таза  экспортымен», яғни шетелде салынатын  ұлттық  ақша капиталының қызметімен байланысты. Осы бапқа тегінде инвестицияларға кіріс, борышқорлық міндеттемелер бойынша пайыздар, сондай-ақ шетелде жұмыс істейтін резиденттердің еңбекақысы кіреді. Егер шетелдегі ұлттық капитал осы елге инвестицияланған шетел капиталымен салыстырғанда пайыз бен дивидендтің көп мөлшерін әкелсе, онда инвестициялардан түсетін таза кіріс оң, ал кері жағдайда – теріс болады.

   Ағымдағы  таза трансферттерге жауап ретінде  тауар немесе қызмет (зейнетақы, сый, шетелге ақша аударымы немесе шетел  мемлекеттеріне тегін көмек) алмай жеке меншік және мемлекеттік қаражатты басқа елдерге аудару кіреді.

   Егер  елдің тауар мен қызмет экспортынан  түсетін кірісі мен шетелден келетін  трансферттері оның тауар мен  қызмет импортына жұмсайтын шығысынан  асып кетсе, онда осы елдің ағымдағы операциялар балансы бойынша сальдосы оң болады. Егер ел шетелдік  тауарлар мен қызметтерге, сондай-ақ шетелге трансферттерге, шетелге тауар мен қызмет сатудан кіріс  түрінде алатынмен салыстырғанда көп жұмсаса, онда осы елдің ағымдағы операцмялар балансы тапшы болады.

     Ағымдағы операциялардың маңызын ЖІӨ құрылымын қайта қарастыра отырып түсінуге болады. Ұлттық шоттардың негізгітепе-теңдігі жиынтық шығарылымының мөлшері, ішкі шығыс пен ағымдағы операциялар балансының өзара байланысын көрсетеді. Егер біз ағымдағы операциялар балансын экспорт (ЕХ) пен импорт (ІМ)  арасындағы айырма ретінде анықтасақ, онда ұлттық шоттардың тепе-теңдігін мына түрде көрсетуге болады: 

NX=Y- (C+I+G),                                                (1) 

Ағымдағы  операциялар балансы = шығарылым – ішкі шығыс. 

   Егер  шығарылымның мөлшері ішкі шығыстан асып кетсе, онда ел айырманы экспорттайды: ағымдағы шоттың сальдосы оң болады. Егер шығарылымның мөлшері ішкі шығыстың орнын толтырмайтын шамаға дейін төмендесе, онда ел айырманы импорттайды: ағымдағы шоттың импорты теріс болады.

   Ел  ағымдағы операциялар балансының тапшылығымен қездессе, онда ол осы тапшылықты төлеуге  тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері