Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 15:54, реферат
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқарады. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының территориясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет— санитариялық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жасайтын және орындайтын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқарады. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының территориясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап.
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат;
2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi;
3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы;
4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;
5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;
6) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кемiргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің мiндеттерi мен принциптерi
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi мен принциптерi:
1) азаматтардың денсаулығын сақтауға, тiршiлiк етудiң қолайлы жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру;
2) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды орындау және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын мiндеттi түрде сақтауы;
2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттiк органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн бiртұтас жүйе болып табылады.
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, оның Мемлекеттiк шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы аумақтық бөлiмшелерi;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi жатады.
5-бап. Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының жұмыстар мен қызметтер орындағаны үшiн түсетiн қаражаттар;
3) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
6-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) орталық атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуiне және таралуына санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудің тәртiбiн белгiлейдi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында iндет пайда болған кезде халықтың өмiр сүруiнiң және шаруашылық қызметiн жүргiзудiң ерекше жағдайлары мен режимдерiн белгiлейдi;
7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныс енгізеді;
3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларды айқындайды;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметін регламенттейтін санитарлық ережелерді және нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
7) жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін белгілейді;
9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi
1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
1) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
2) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;
3) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
4) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
10-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.
11-бап.
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
12-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттiк органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;
14-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды
адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке немесе заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына не сотқа шағымдануы мүмкiн.
15-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау
1. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау:
нормативтiк құқықтық актiлердiң негiздемесi бойынша бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi және олардың әзiрленуiн бақылауды;
нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi), сараптауды, бекiту мен жариялауды;
нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеудi, қолдану практикасын қорытындылауды, қолданылуын бақылауды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрыңғай деректер банкiн түзу мен жүргiзудi;
санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.
16-бап. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың мынадай жекелеген түрлерi:
1) халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн, өндiрiске алғаш рет енгiзiлген және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негiзiнде дайындалған материалдар мен препараттар (бұдан әрi - заттар);
2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнген, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын тағамдық қоспалар, бояғыштар, бұйымдар мен материалдар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады.
17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер:
1) өндiрiстiк, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын күтiп-ұстау мен пайдалануға және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау шарттарына;
2) құрылыс салуға жер учаскесiн таңдауға;
3) объектiлердi жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;
4) өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдерге;
5) жеке және тұрмыстық мұқтаждарға арналған тауарларға және оларды өндiру технологияларына;
6) тамақ өнiмдерiне, оларды өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және сатуға;
7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмге;
8) халықтың қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрi-дәрмек заттары мен материалдарын қолдануға;
3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердәі және
заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
18-бап. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы:
1) адамның және оның келешек ұрпағының денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн факторлары бар қолайлы тiршiлiк ету ортасына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенiмдi ақпаратты, соның iшiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын уақтылы алуға;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiндегi iс-шараларға қатысу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер құруға;
19-бап. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аумақтың, объектiнің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi туралы уақтылы сенiмдi ақпарат алуға;
Информация о работе Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру