Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шетелдік күрделі салымдардың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады.

Содержание

Кіріспе
І тарау Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың экономикалық сипаты
1.1. Күрделі салымдар және олардың түсінігі
1.2.Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың ерекшеліктері
1.3. Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалану мәселелері
ІІ тарау Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау
2.1. Ұйымға сипаттама, оның қызмет объектілері мен функциялары
2.2. Күрделі салымдарды қалыптастыру көздері
2.3. Күрделі салымдарына баға беру
ІІІ Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды басқару жолдары мен қазіргі жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ҚР өнеркәсібіндегі күрделі салым.doc

— 178.00 Кб (Скачать)


                                                                      Мазмұны

Кіріспе

І тарау Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың экономикалық сипаты

1.1. Күрделі салымдар және олардың түсінігі

1.2.Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың ерекшеліктері

1.3. Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалану мәселелері

ІІ тарау Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау

2.1. Ұйымға сипаттама, оның қызмет объектілері мен функциялары

2.2. Күрделі салымдарды қалыптастыру көздері

2.3. Күрделі салымдарына баға беру

ІІІ Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды басқару жолдары мен қазіргі жетістіктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шетелдік күрделі салымдардың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық  климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.

              Күрделі салымдар макро және микро деңгейде де маңызды роль атқарады. Олар мемлекеттің болашағын анықтауға, жеке шаруашылық субьектілерінің қызметін анықтауға және экономиканы дамытуға септігін тигізеді. Ал мемлекетке шетел инвестицияларын тарттыру және оларды дұрыс пайдалану оның өндірістік потенциалын көсетуге себеп болады және мемлекеттің техникалық және басқару ерекшеліктерін шетелге таныстырудың негізгі құралы болып табылады.

Күрделі салымдардың экономикадағы ролі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б., сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.

              Күрделі салымдарды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық  климат өз әсерін тигізуде. Күрделі салымдар негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.

              Күрделі салымдар кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етеді және мына мәселелерді шешеді:

      қаржылық және материалдық қордың көбеюіне байланысты кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

      жаңа кәсіпорын ашуға, кәсіпкерліктің жаңа түрлерін меңгеруге.

Жеке меншік кәсіпкерліктің дамуы кәсіпорынның нарық базарында нық орында тұрғанын, оның шығарған өнімдеріне сұраныс барын, халыққа көрсетілетін қызмет түрлеріне мұқтаждық барын көрсетеді.

Инвестиция қызметінің субьектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестиция қызметіндегі обьект иелері, банк пен сақтандыру ұйымының қызметкерлері табылады.

Инвесторлар жеке меншік заемдік қаржыны инвестиция түрінде салып, оны дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.

Тапсырыс берушілер инвесторлардың өздері болуы да мүмкін, басқа жеке және заңды тұлғалар инвестордың тапсырымен инвестициялық жобаларды іске асырады.

Салым  қызметін пайдаланушылардың қатарына инвесторлар, жеке және заңды тұлғалар мемлекет және муниципалды органдары шетел мемлекеттері кіреді.

              Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Репсубликасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалана отырып, экономикалық ерекшеліктерін ашу болып табылады.

              Курстық жұмыстың міндеттері:

-         берілген тақырыптың теориялық сипатын қарастыру;

-         күрделі салымдардың эконмоикалық қажеттіліктерін көрсету;

-         өнеркәсіптегі күрделі салымдардың маңызын айқындау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың экономикалық сипаты

1.1. Күрделі салымдар және олардың түсінігі

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуге жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі- инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру,ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, жобаны талдау мен басқару барысында өте  маңызды болып саналады. Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер  жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

Біздің өнеркәсіпті қоғамымызда инвестициялар әр түрлі себептерге байланысты жүзеге асады. Егер фермер уақыт жұмсауға өз бөлімін арнаса онда орнына мәдениеттен өнім алу арқылы уақытты инвестициялайды. Ол тұтынудан сақтайды, сондықтан қазіргі кезде болашақ мақсатпен үлкен тұтынуды қамсыздандырады. Нақты таза табысты ңмөлшері оның сақтаудағы мөлшерін айырмамен анықтайды және шығындарын тұтынады. Ол  сонымен қатар инвестициялайды өйткені ферма өзінің өндіріс мүмкіншіліктерінің жақсаруы үшін таза ақша қаражатын жұмсайды.

              Біздің қоғамымызда капиталмен таза немесе инвестициялау өнеркәсіпті немесе сауда кәсіпорындарымен жүзеге асады. Егер бірлестік немесе ұсақ кәсіпорын үлкен инвестицияға мүмкіншілігі болса, өз табыскерлерінің үлкен бөліміне салу оларды иелермен арбауды сынайды. Сондықтан маңызды дәрежелер өнеркәсіпті сақтау инвестицияларына түзу де тәуелді болады.

              Инвестициялардың қаржыландыруына арналған кәсіпорындар өзіне  меншікті және тартылған құралдарды қолдану арқылы болашақта анықтап қарап, келесі мәселелерді ерекшелеуге болады.

              Кәсіпорын қаражатының жетіспеушілігі өз өнім бағаларының жоғарылау шотының артынан толықтыруға тырысады. 2003 жылға барлық халық шаруашылықта пайда артуы бағаның факторымен анықталды. Инвестиция көптеген кәсіпорындардың банкроттық шекараларына шек қоя алады. Мәселен күрделі волгалық автомобильдік зауыт болды. Инвестиция  үшін қажетті құралдарды қамсыздандыру үшін, ол автокөліктерге бағаларды тұрақты көтере білді, шетелдік үлгілерді пайдалана отырып жигули автокөліктері болаттан да қымбатқа көбірек түсті. Үкімет өлшенген өлшемдерді қабылдады, өндірісті дамытуға арналған қаржылық қорлардың құруы кәсіпорындарға жеңілдетілді, олар экономикаға ақша қаражатын жұмсауға  негізгі қайнарлардың біреуімен ғана келеді.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың ерекшеліктері

Елімізде салаларға  тартылған барлығы инвестицияның ең көп бөлігі өнеркәсіп салаларына тиесілі болып отыр. Мысалы 2008 жылы экономиканың барлық салаларына тартылған  инвестиция көлемі 720900млд.тг болса,соның ішінде өнеркәсіп саласына 587953 млрд.тг немесе бүкіл инвестицияның 81,56%-і тартылды. Ал өңдеу  және жеңіл өнеркәсіп салаларына әлі күнге дейін инвестиция көлемі аз көлемде таратылуда. Мысалы 2008 жылы бұл салаға 27521 млрд.тг  тартылған. Ол жалпы инвестиция көлемінің 30,76% құрап отыр. Және инвестициялар көлемінде мынадай тенденция байқалады: өнеркәсіп салаларына инвестиция көлемі жылдан жылға артуда, ол өңдеу өнеркәсібіне керісінше азаюда. Осы жоғарыдағы айтылған еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін және оның жүзеге асырылу барысын өзіміздің Ақтөбе облысында қарастырып көрейік. Ақтөбе облысы бойынша  2004жылы негізгі қорға 138,5млрд. теңге немесе 114,7%көлемінде инвестиция тартылды. Мұның ішінде Республикалық аймақтың үлесі 9,1% құрады. Өткен жылы тартылған шетелдік инвестиция көлемі 2,5есеге өсті. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылардың өсу көлемі тиісінше 165% және143% болды. Салынған инвестициялар арқасында жыл ішінде 54 ірі өндірістік және әлеуметтік маңызы бар обьектілер, 321шағын және орта бизнес обьектілері іске қосылды. Негізгі қордағы инвестициялар құрылымдағы негізгі үлесі Ш.Ж.С. өз қаржыларына тиесілі. Көлемді инвестицияларды тау-кен байыту өндірісіне салу үрдісі сақталып отыр. Металлургиялық өндірісті дамытуға инвестиция салу көлемі ұлғайды. Дегенмен, 2003жылға қарағанда өңдеу өндірісіне, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісіне қаржы салу төмендегіні байқалды. Бүгінгі күні өнімді өңдеу кәсіпорындары негізінен ішкі қаржыландыру көздеріне иек артуға мәжбүр, өйткені шетелдік инвесторларды көбіне шикізат ресурстары қызықтырады. Осыған байланысты кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы департаменттерінің басшылықтары тікелей инвестицияларды көтермелеу жөніндегі мемлекет құрған механизмдерді, тиімді пайдалану арқылы , тиісінше  салық жеңілдіктерімен беруді қолдана отырып, инвестицияларды өндірістің өңдеу саласында тарту жөніндегі  жұмыстарды жандандыруға тиіс.[6,48-50б].

              Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы және инвестициялық саясаттың қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция негіздері түпкілікті өзгереді.

              Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін сондай-ақ әлеуметтік экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерді ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны оның сапалы жағдайы бірталай төмендеді және нақты потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияға сәйкес келмеді. Ол кезеңде экономикада елеулі ғана алға басулар орнады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3% ғана сәйкес келеді, ал материалдардың энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден 2-3 және одан да көп есе артық болды. Сол кезеңдегі инвестцияларды басқару ерекшелігі олардың соңғыға емес аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестициялардың негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталды.

              Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғары түпкі нәтижеге жұмылдырылмады. Республикада құрылысты өз күшімен елуден артық әртүрлі министрліктер жүргізді.

              Республиканың әлеуметтік экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болды. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде  заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалану мәселелері

Қазақстан экономикасының дамуы көптеген жаңа өндірісті тудыру мен дамытуды, сонымен қатар қызмет етіп жатқан өндірістік инфрақұрылымды қажет етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияның қомақты көлемін тек тартуды емес, оны рацоиналды пайдалануды да талап етеді. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша инвестицияның көп бөлігі мұнай – газ секторына бағытталған: 2007 жылы 32 %, 2008 жылы – 78%, 2009 жылы – 88%. Бұл тенденция алдағы жылдары да сақталады деп күтілуде. 2015 жылға дейін жылу энергетика комплексі 74 млрд. доллар шамасында инвестицияланады.

      Жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 2006 жылдың I жарты жылдығында 5303,5 млн долларды құрады, оның ішінде шетел инвестициясының көлемі – 4248,8 млн доллар,ал отандық – 1055 млн доллар. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланудың дамуына өз үлесін қосып жатқан республикада негізгі инвесторлар АҚШ (27%), Недерланды (23%), Оңтүстік Корея (8%) фирмалары болып табылады. Басқа елдің инвестициялары 2% дан аспайды. Қазіргі кездегі Қазақстандағы инвестициялық қызмет сферасында бірнеше негізгі тенденцияларды көрсетуге болады:

                                                                                                       Қазақстан постсоветтік кеңестіктегі шетел капиталын тартатын негізгі реципиент мемлекет болып табылады. Мұнда жан басына шаққандағы инвестиция  көлемі Батыс Европа және ТМД елдері арасындағы Венгриядан кейінгі бесінші орынды алады.

                                                                                                     Эксперттердің бағалауы бойынша Қазақстан 2008 жылы Орта Азияға  түсетін барлық тікелей инвестицияның 80% - ын алған. Бұл Бүкіләлемдік Банк Қазақстандағы инвестицияның ең көп мөлшерін қызықтыратын 20 елдің қатарына қосты. Осылайша, Қазақстан жылына 1 млн доллар инвестиция тартатын әлемнің 200 елінің ішінде елуінші орынға тіркелді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау