Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 07:39, реферат

Описание работы

Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең маңызды құраушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті экономикалық қамсыздандырусыз әрекет ете алмайды. Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі.

Работа содержит 1 файл

kun@.doc

— 108.00 Кб (Скачать)


 

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің

қазіргі жағдайы

 

Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең маңызды құраушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті экономикалық қамсыздандырусыз әрекет ете алмайды.                Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі. Экономикалық қауіпсіздік дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің сапалы маңызды сипаттамасы ретінде қарастырылады, экономикалық жүйе халық өмірінің қалыпты жағдайын қолдау, халық шаруашылығының дамуын ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік мүдделерді тізбекті түрде жүзеге асыру қабілетін анықтайды  [1].

Қазақстандық экономист М.У. Спанов Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздерін атап көрсеткен, онда елдің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің мақсаттары, міндеттері, экономикалық басымдықтары мен қауіптері, құқықтық және институционалдық негіздері анықталған [2].

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесінің схемасы берілген. Онда экономикалық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері немесе елдің экономикалық қауіпсіздігі бағаланатын субъектілер, объектілер, нормативті-құқықтық база, қауіптер мен көрсеткіштер суреттелген (сурет 1).

Әрине, экономикалық қауіпсіздіктің қауіптерін болдырмау, оларға қарсы шығу және олардың жағымсыз әсерін жоққа шығару қабілеті де болуы тиіс.  Қауіптер жалпы экономикаға ғана емес, сонымен бірге оның құрамдас бөліктері болып табылатын салаларға, өнеркәсіптік аудандарға, жекелеген кәсіпорындарға және т.б. бағытталуы мүмкін [3]. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік ұлттық экономиканың тиімді динамикалық өсуіне, қоғамның, мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыруға, әр түрлі қауіптер мен залалдардан кепілдендіруші ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсеке қабілетін қамтамасыз ету қабілетіне жағымды ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы. 

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды қызметінің құрамына кіреді. Экономикалық қауіпсіздік мәселесі ешқашанда өзінен өзі әрекет етпеген. Ол қоғамның дамуының әрбір сатысындағы экономикалық өсу міндеттерінен шығатын туынды болып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесі.

 

табылады. Осы мәселенің нақты мазмұны қазіргі уақытта қалыптасқан ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты өзгереді  [4].

Республикалық және аймақтық деңгейде жасалатын және жүзеге асырылатын экономикалық саясаттың шаралары мен механизмдері Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қауіптерін жоюға бағытталған. 

ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементтеріне мониторинг және экономикалық қауіпсіздік қауіптерін анықтайтын факторларды болжау жатады. 

Мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру үшін экономиканың жай-күйінің сандық және сапалық параметрлері (шекті мәндері) әзірленуі тиіс, олардың шегінен шығу елдің экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін туындатады, ол мыналарды сипаттайды:

-         ЖІӨ-нің динамикасы мен құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің көлемдері мен қарқындары, көрсеткіштері, шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымы және жекелеген салалардың динамикасы, капитал салымдары және т.б.;

-         елдің табиғи-ресурстық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі;

-         шаруашылық механизмнің өзгермелі ішкі және сыртқы факторларға бейімделу қабілеті;

-         қаржылық-бюджеттік және кредиттік жүйенің жай-күйі [5].

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

1) экономикалық дамудың іс-жүзіндегі немесе болжанатын параметрлері экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқыған жағдайларды анықтау және елдің қауіпті аймақтан шығуы бойынша кешенді мемлекеттік шараларды әзірлеу; 

2) Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін жою немесе туындауына жол бермеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру [6, 23б.].

Сыртқы қауіптер тұрғысынан индикаторлар ретінде мемлекеттік борыштың шекті қол жеткізілген деңгейі, әлемдік нарықтағы позицияларды сақтау немесе жоғалту, ұлттық экономиканың және оның маңызды секторларының (соның ішінде қорғаныс өнеркәсібі) шетелдік техникаға, жинақтаушы бұйымдар мен шикізаттың импортына тәуелділігі қарастырылады [7].

Қауіпсіздіктің төмендеуінің шекті деңгейлерін жалпы шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық мәндегі көрсеткіштер жүйесімен сипаттауға болады, атап айтқанда төмендегілерді айқындайды:

-         экономикалық белсенділіктің, өндіріс көлемдерінің, инвестициялау мен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуінің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан тыс жағдайда техникалық заманауи, бәсекеге қабілетті базисте елдің дербес экономикалық дамуы, қоғамдық құрылыстың демократиялық негіздерін сақтау, қорғаныс, ғылыми-техникалық, инновациялық, инвестициялық және білім беру әлеуетін қолдау мүмкін емес;

-         халықтың көп бөлігінің өмір деңгейі мен сапасының шекті рұқсат етілген төмендеуі, одан тыс жағдайларда бақылауға көнбейтін әлеуметтік, еңбек, ұлтаралық және басқа қақтығыстар; «адам капиталының» ең өнімді бөлігін және өркениетті қоғамның  органикалық бөлігі ретіндегі ұлттың ең өнімді бөлігін жоғалту қаупі туындайды;

-         табиғи-экологиялық әлеуетті қолдау және ұдайы өндіру шығындарын төмендетудің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан тыс жағдайда, табиғи орта элементтерін қайтарымсыз бұзу, экономикалық өсудің өмірлік маңызды ресурс көздерін жоғалту, сондай-ақ өмір сүрудің едәуір аумақ-тарын, өндіріс пен рекреацияның орналасуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына түзетілмес зиянның келтірілуі және т.б. [8, 48б.]

Кестеде 2008ж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық деңгейінің шекті мәндерінің көрсеткіштері берілген (кесте 2).

 

Кесте 2– Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінің көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Шектік  мәндер

2008 ж.

нақты

мәндер

Нақты және шектік мәндердің арақатынасы

1

2

3

4

5

1

ЖІӨ құлдырау деңгейі

30–40%

 

2

Импорт азық-түлік өнімдерінің үлесі

30%

25%

- 5 %

3

Өңдеу өнеркәсібінің экспорттағы үлесі

40%

0,04%

- 39,96 %

4

Жоғары технология өнімдерінің экспорттағы үлесі

10–15%

0

 

5

Ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың  ЖІӨ-дегі үлесі

2%

0,26%

- 1,74 %

6

10% жоғары және 10% төмен қамтамасыз етілген халықтың ақшалай табыстарының қатынасы 

10:01

24/3,5

 

7

Кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан халықтың үлесі

10%

7,40%

- 2,6 %

8

Минимальды және орташа еңбек ақының арақатынасы

1:03

0,27

 

9

Жұмыссыздық деңгейі

8–10%

7,8%

- 0,2 %

10

Депопуляцияның шартты коэффициенті

1%

0,4%

- 0,6%

11

Туу жиынтық коэффициенті

2,14–2,15%

2,36%

0,22%

12

Орташа өмір сүру ұзақтығы

75–79

66,19

 

13

Халықтың  қартаю коэффициенті

1%

7,8%

6,8 %

14

Экологиялық төлемнен түсетін түсім сомасы,  ЖІӨ-ге % -бен

5%

0,6%

- 4,4 %

1

2

3

4

5

15

Қылмыстық деңгей (100 мың адамға қылмыс саны)

5–6 мың

918

 

16

Алкогольдік ішімдікті ішу деңгейі

8 л 

шамамен 3 л

 

17

1000 адамға шаққандағы  суицидтер

3%

0,27%

- 2,73%

18

1000 адамға келетін психопатологиялық патологияның таралу деңгейі

284

14,7

 

Дерек көзі: Автормен ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған.

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, шекті 40% қарсы экспорттағы өңдеу өнеркәсібінің нақты үлесі 0,04%-ды  құрайды, ал жоғары технологиялық өнімдердің экспорттағы үлесі қажетті 10–15%-ға қарсы нақты 0%-ды ғана құраған, яғни бұл экономиканың шикізатқа бағытталғанын және оның артта қалуының белгісі. Ғылымды қаржыландырудың ЖІӨ үлесі – 0,26% - бұл еліміздің интеллектуалды әлеуетін қирату қаупін туғызып отыр.

Сонымен, экологияға қаржы бөлу төмен болып қалып отыр. Экологиялық төлемдерден түсетін жиынтық қаржы ЖІӨ-нің 0,6%-ын ғана құрайды. Беріліп отырған ұсыныс - экономиканың жаһандануы кезінде мұндай аумалы күйдегі көрсеткіштерімен  Қазақстан нақты экономикалық қауіпсіздікке, экономикалық егемендігімізге және ұлттық экономикалық мүддемізге төніп тұрған қауіптен шығуды көздейді. Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік көрсеткіштер бойынша Қазақстан жеткілікті пайдалы деңгейде. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі, халықтың қартаю коэффициенті, қылмыстық деңгей, алкогольдік ішімдікті ішу деңгейі, туу жиынтық коэффициенттері бойынша шекті деңгейде.

Экономика саласында Қазақстанның ұлттық мүддесі ең басты мәселе. Қазақстанның мүддесін іске асырумен байланысты мәселелерді кешенді шешу, экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын сапалы шикізат және жабдықтармен, халық пен әлеуметтік саланы – тұтыну құралдары және қызметтермен, ал сыртқы сауданы – бәсекеге қабілетті экспорт тауарлармен қамтамасыз етуге қабілетті көпсалалы жоғары технологиялы өндірістің тұрақты жұмыс істеуі негізінде ғана мүмкін  [9, 56 б.]. 2008 жылы мұнай бағасы шамамен 67 доллар деңгейінде болды. Яғни, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Әйтсе де, мұнайды өндіру көрсеткішін алдыңғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалғанын көруге болады. Ал, сыртқы қарыздың жалпы көлемі сол уақытта екі есеге өскен. 2008 жылдың соңында сыртқы қарыз ЖІӨ-нің 95% ($77,9 млрд.) құрады. Сыртқы қарыздың жалпы көлемі 2008 жылы $9,4 млрд.-қа өссе,  2006 жылдың соңынан  $32,1 млрд.-тан  2009 жылдың басында $41,5 млрд.-қа дейін өскен. Бұл артық өсімде үздік ақша салған еліміздің банк секторы болды. Олар $9,4 млрд.-тың $7 млрд. құрады. Яғни, 2006 жылдан бері еліміздің банк секторының сыртқы қарызы екі есеге артты.

Қазақстан Республикасы экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс құрайды. Тәуелсіздік жылдарында өнеркәсіптің дамуы реформаның жүргізілуіне және саланың жағдайына біркелкі емес әсер еткен ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында өндірістік қуатты қолдану деңгейі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға қысқарса, ал түсті металлургия - 8%-ға, электротехникалық өнеркәсіп - 5,6%-ға, қара металлургия  - 2%-ға қысқарды.

Экономикалық реформа жылдарында Қазақстанның өнеркәсіптік құрылымында мұнай, газ және қара мен түсті металлургия өнімдерін өндірумен байланысты салалардың үлес салмағы артты.

2008 жылдың алғашқы екі айында ҚР-да өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2007 жылдың сол кезеңдерімен салыстырғанда 9,1%-ға өсті. Дәстүрлі  жоғарғы өсім қарқынын тау-кен өнеркәсібінен көруге болады (11,5%), дегенмен табиғи газ өндіру 51,5%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өсуі 7,5%-ға жетті. Жоғарғы өсімді көрсеткен химия өнеркәсібі (24,5%), мұнай өнімдерін өндіру 1,1%-ға қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің физикалық көлемінің индексі, соның ішінде  электро қуатын, бу мен суды өндіру мен бөлу 4%-ға өсті. [10]

Сонымен бірге, мұнай өндіру деңгейі мен бағасының өсуі, ЖІӨ көрсеткіші мен жалпы сыртқы қарыз, қалай болғанда ЖІӨ көрсеткішінің өкшесін басып қалуда. Дегенмен,  ерекше әсер ететін жай өткен екі жылдағы отандық банктердің сыртқы қарызының бес есеге көбеюі. Қазіргі кезде өнеркәсіптік өнімдерді шығаруды 812 мың адам еңбек ететін 2700 астам кәсіпорын жүзеге асыруда немесе материалды өндіріс аясында жұмыс істейтін адамдардың үштен бір бөлігі. 

Қазақстан ірі отын-энергетикалық аймақ болып табылады. Электроэнергетикалық саланың дамуы Қазақстанның алдыңғы 5-10 жылда  экономикалық негізделген энергетикалық еркіндік деңгейіне жетуді және өзінің жеке біріктірілуші қуатын озық деңгейде дамытуды көздейді.

Қазақстан мұнай қоры бойынша көптеген мұнай өндіруші елдердің алдында. Қазір республикамызда 172  мұнай, 42 конденсаттық және 94 газ кен орындары бар. Оларды барлаудағы алынған мәліметтер мынадай: мұнай және конденсат қоры 2,8 млрд.тонна, ал газ 1,9 трлн. метр. куб.

Әлемдік нарыққа Қазақстан мұнайының экспортқа шығу мүмкіндіктерін құру үшін мұнай құбырларының экспорттық құрылысын, ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарды газбен, республикалық мұнайды қайта өңдеуші зауыттарды Қазақстан мұнайымен қамтамасыз ету мақсатында мұнай және газ жүйесінің дамуын жеделдету мұнай өндірісін 1995 жылғы 20 млн.тоннадан 2003 жылы 40 млн. тоннаға, 2014 жылы 120-170 млн.тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемінің өсімі республиканың 7 аймағында байқалып отыр: Батыс Қазақстан (106,6%), Қарағанды (106,5%), Маңғыстау (102,9%), Қызылорда (102,1%), Оңтүстік Қазақстан (101,4%), Атырау (101,1%) облыстарында және Алматы қаласында (100,1%). 2007 жылы, алдыңғы жылдағыдай, экономиканың жеткілікті жоғары және тұрақты қарқынды өсімі сақталды. Дегенмен,  2007 жылы 2006 жылға қарағанда экономика үдемелі қарқынмен дамыды.

Соңғы жылдары Қазақстанда сөзсіз оң экономикалық жағдай қалыптасты. Тек қана ТМД елдері емес, сонымен қатар экономикалық жүйені жүйелі жаңартуды жүзеге асыратын елдер республикамызды өсімді макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша жетекші елдердің бірі деп мойындайды (кесте 3).

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы