Қазақстан Республикасының Қаржы секторын мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:30, реферат

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: Елдегі қаржы секторын мемлекеттік реттеудегі әдістер мен проблемаларды зерттеу
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Қаржы жүйесін реттеу әдістерін зерттеу
Қаржы секторының қазіргі жағдайын талдау
Қаржы секторын дамыту проблемаларын анықтау мен оларды шешу жолдарын зерттеу

Содержание

Кіріспе
Қаржы секторын мемлекеттік реттеу әдістері
ҚР қазіргі кездегі қаржылық жағдайын талдау
Қаржы секторын дамыту проблемалары және оларды шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қаржы секторын реттеу.docx

— 37.35 Кб (Скачать)
 
 
 

                                               Мазмұны 
 
 

Кіріспе 
 

  1. Қаржы секторын мемлекеттік реттеу әдістері
  2. ҚР қазіргі кездегі қаржылық жағдайын талдау
  3. Қаржы секторын дамыту проблемалары және оларды шешу жолдары
 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        Кіріспе 
 

     Қаржы секторын мемлекеттік  реттеу – экономиканы тұрақтандыру мен дамыту мақсатында жүзеге асырылатын негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет фискалдық және монетарлық саясат негізінде бюджетті, салық нарқын, несие нарқын, ақша массасын, валюта тұрақтылығын, инфляцияны т.б. реттеу арқылы экономикалық тұрақтылыққа, елдің жалпы қаржылық жағдайының жақсарып, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесінің қалыптасуына қол жеткізеді.

     Жұмыстың  мақсаты: Елдегі қаржы секторын мемлекеттік реттеудегі әдістер мен проблемаларды зерттеу

     Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  1. Қаржы жүйесін реттеу әдістерін зерттеу
  2. Қаржы секторының қазіргі жағдайын талдау
  3. Қаржы секторын дамыту проблемаларын анықтау мен оларды шешу жолдарын зерттеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Қаржы секторын мемлекеттік реттеу әдістері
 

     Әр  елдің қаржы жүйесі мемлекетпен  бақылауға алынып реттелмесе, оның тұрақты әрі тиімді қызмет етуі мүмкін емес. Біздің мемлекетіміз жалпы қаржы секторын реттеуде көптеген әдістерді қолданады. Соның ішіндегі ең негізгі әдістері – бюджет-салық (фискалдық) саясаты және ақша-несие (монетарлық) саясаты. Осы саясаттар арқылы мемлекет қаржы жүйесін реттеп, жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырады.  

     Фискалдық саясат – мемлекеттік бюджетті, салық жүйесін, мемлекеттің қаржы  ресурстарын басқаруға, реттеуге, тиімді жұмсалуын ұйымдастыруға бағытталған  іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясат мемлекетке қажетті ақша құралдарының мобилизациялануын, тартылуын, таратылуын, олардың тиімді қолданылуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

     Фискалдық саясаттың жалпы міндеттері:

  1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
  2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.
  3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.

     Қаржылық  процестерді реттеуде мемлекет бюджет-салық  саясатымен қоса ақша-несие (монетарлық) саясатын да қолданады.   
 

     Ақша-несие  саясаты – ақша қатынастарын реттеу арқылы елдің ақша жүйесіне ықпал  ету саясаты. Ақша – несие   саясаты елдің банктік    пайызды   ставкаларын, валюта  курсын, төлем қабілеттілігін анықтау    жолымен іске  асады. Сонымен қатар ақша  массасы көлемінің кеңеюіне    немесе  оның  қысқаруына  бағытталады. Төлем   айналымы    және    оның    біздің    елдегі    қалыптасуы   мен   жұмыс    жасау    қарқыны   ақша-несие    саясатының    негізгі    мақсатының бірі,   мұнымен   қоса   инфляциялық    тежелуді    қамтамасыз    ету   және    қаржы    нарығының    тұрақтылығын    қадағалау   қызметтері   де   жүктеледі.  

     Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

  • өндіріс көлемін өсіру;
  • толық жұмысбастылық;
  • инфляцияны төмендету.

     Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

  1. Ашық нарықтағы операциялар.  Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
  2. Резервтік норманы өзгерту  - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
 
     
  1. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк  несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады.  Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
  2. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
  3. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 

  1. ҚР қазіргі  кездегі қаржылық жағдайын талдау
 

     Банк  секторы 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 39 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 1 058,5 млрд. теңгеге немесе 8,8%-ға ұлғайды, банктік займдар және «кері РЕПО»  операциялары 596,4 млрд. теңгеге немесе 6,6%-ға ұлғайды, резервтер (провизиялар) 355,3 млрд. теңгеге немесе 11,1%-ға ұлғайды.

     2011 жылғы шілде айында ЕДБ-ның  активтері 350,4 млрд. теңгеге немесе 2,8%-ға көбейді, банктік займдар  және «кері РЕПО» операциялары 321,2 млрд. теңгеге немесе 3,4%-ға ұлғайды,  резервтер (провизиялар) 302,8 млрд. теңгеге  немесе 10,5%-ға ұлғайды.

     Жіктелуі  тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басынан бастап 1 327,0 млрд. теңгеге немесе 9,6%- ға ҧлғайды. Бұл ретте жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 773,3 млрд. теңгеге немесе 11,5%-ға ұлғайды, күмәнділері – 165,0 млрд. теңгеге немесе 3,3%-ға ұлғайды, үмітсіздері – 388,7 млрд. теңгеге немесе 18,3%-ға ұлғайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 592,9 млрд. теңгеге немесе 22,2%-ға азайды.

     Екінші  деңгейдегі банктердің несие портфелі 609,6 млрд. теңгеге немесе 6,7%-ға ұлғайды. Стандартты займдар 25,0 млрд. теңгеге (1,0%), күмәнділері – 213,4 млрд. теңгеге (4,4%), ұлғайды, үмітсіздері – 371,2 млрд. теңгеге (20,4%) ұлғайды. Займдар бойынша қалыптастырылған провизиялар 373,9, млрд. теңгеге (13,3%) ұлғайды.

     Екінші  деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2011 жылдың басынан бастап 905,2 млрд. теңгеге  немесе 8,4%-ға ұлғайды. Міндеттемелер  құрылымында заңды тұлғалардың  салымдары 645,2 млрд. теңгеге немесе 14,1%-ға және жеке тұлғалардың салымдары 288,5 млрд. теңгеге немесе 12,8%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары 23,7  

     млрд. теңгеге азайды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 106,7 млрд. теңгеге  немесе 19,5%-ға азайды. Шетел валютасындағы  салымдар ағымдағы жылдың басынан бастап 54,5 млрд. теңгеге немесе 2,1%-ға ұлғайды.

     Банк  секторының жиынтық міндеттемелері ағымдағы жылдың шілде айында 318,0 млрд. теңгеге немесе 2,8%-ға ұлғайды. Заңды  тұлғалардың салымдары өткен  айда 288,9 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардың салымдары 58,3 млрд. теңгеге немесе 2,3%-ға өсті. 
 

     2008-2011 жылдар аралығындағы Қазақстанның  жалпы қаржылық жағдай көрсеткіштері  төменгі кестеде берілген:

Атауы 2008 жыл                    2009 жыл                2010 жыл                  2011 жыл,                     қыркүйек                         
Жалпы ішкi өнiм,                                                       млрд. теңге   16 052,9 1 17 007,6 1 21 815,5 1   ………..
өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi нақты есептеудегi %-бен   103,3   101,2   107,0   ……….
Мембюджетке кірістер,                       млрд. теңге   4 034,4   3 505,3   4 299,1   3 509,9
ЖIӨ-ге %-бен   25,1   20,6   20,0   ……….
Мембюджеттен  шығындар,                             млрд. теңге   3 394,1   3 746,8   4 457,2   3 228,5
ЖIӨ-ге %-бен   21,1   22,0   20,7   ………
Таза  бюджеттік кредит беру, млрд. теңге   42,5   27,5   22,2   95,5
ЖIӨ-ге %-бен   0,3   0,2   0,1   ………
Қаржылық  активтермен болатын  операциялар бойынша  сальдо, млрд. теңге   931,1   223,7   347,0   287,0
ЖIӨ-ге %-бен   5,8   1,3   1,6   ………
Мембюджеттiң  тапшылығы (-) / профицитi (+), млрд. теңге   -333,2   -492,7   -527,3   -101,0
ЖIӨ-ге %-бен   2,1   2,9   2,5   ……..
Тұтыну  бағаларының индексі                
өткен жылдың желтоқсан айына,            %-бен   109,5   106,2   101,7   106,2
орташа  есеппен өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi кезге арналған,                            %-бен   117,0   107,3   107,1   108,5
Орташа  айлық атаулы жалақы                  1 қызметкердың, теңге   60 734   67 639   77 482   85 255
өткен жылдың тиiстi кезеңiне                              %-бен   114,1   111,4   114,6   113,7
Экспорт, млн. АҚШ долл. 71 183,6 3 43 195,7 3 59 216,6 3 56 707,5 3
өткен жылдың тиiстi кезеңiне                                         %-бен   149,0   60,7   137,1   145,6
Импорт, млн. АҚШ долл. 37 889,0 3 28 408,7 3 29 760,0 3 22 960,8 3
өткен жылдың тиiстi кезеңiне                     %-бен   115,7   75,0   104,8   122,3
Сауда балансының сальдосы,                                  млн. АҚШ долл. 33 294,6 3 14 787,0 3 29 456,6 3 33 746,7 3
Теңгенiң  АҚШ долларына  қарағандағы ресми  айырбас бағамы:                
кезеңнiң  аяғындағы    120,8   148,4   147,4   146,4
кезең бойынша орташа    120,3   147,5   147,4   146,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Қаржы секторын дамыту проблемалары және оларды шешу жолдары
 

      «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

      Қойылған  міндеттерді шешуде бюджеттік жүйеге маңызды рөл тиесілі. Еліміздің  басты экономикалық ведомстволарының бірі және бюджетті атқару жөніндегі  уәкілетті орган болып табылатын  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  ең алдымен салық салу, бюджеттің  атқарылуы, бюджеттердің атқарылуы  туралы есеп пен есептілік саласында  мемлекеттік саясатты іске асыруды  қамтамасыз етеді.

      Осыған  байланысты бірқатар проблемаларды  шешу қажет.

      Салық салу саласында мынадай  проблемаларды шешу қажет:

      - салық төлеушілерді есепке алуды  жүзеге асыру және жеке шоттарын  жүргізу кезінде; 

      - салық есептілігін электрондық  түрде берген және жеке шоттарға  қашықтықтан қатынауды ұйымдастыру  кезінде;

      - ҚҚС бойынша электрондық камералдық  бақылауды жүзеге асыру кезінде;

      - «Салық аудитін электрондық бақылау» (САЭБ) біріктірілген салықтық ақпараттық  жүйенің (БСАЖ) мамандандырылған  құрауышының көмегімен салық  тексерулерін жүргізу және тексеру  рәсімдерін құжаттандыру кезінде; 

      - жұмыс істемейтін салық төлеушілердің  банктік шоттарында ақшалай қорлардың  қозғалысы туралы ақпаратты алу  жөнінде екінші деңгейдегі банктермен  жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған  өзара іс-әрекеттің болмауы болып  табылады;

      - салықтық әкімшілік жүргізудің  ақпараттық жүйелерін қолданудың  тиімділігіне теріс әсер ететін  ақпараттық технологияларды ағымдағы  пайдалану кезінде.  

      Сондықтан бірінші бағыт ретінде қаржы ресурстарын жұмылдыру бөлінді, оның мақсатына нәтижелік көрсеткіштеріне, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету кіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Қаржы секторын мемлекеттік реттеу