Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Скачать)

Нарықтағы  дилерлік қызмет 
 

  • Дамыған  алдыңғы қатарлы елдерде қабылданған  терминология бойынша, кәсіпқой  дилерлік қызмет маркет-мейкерлік қызмет деп те аталады.
  • Маркет-мейкер – белгілі бір құнды қағаздар нарығына жауап беретін, оның өтімділігін қамтамасыз ететін, белгілі бір құнды қағаздарға деген сұраныс пен ұсыныстар негізінде олардың ағымдық бағасын анықтайтын дилер.
  • Әдетте дилер нақтылы бір құнды қағаздар түрі немесе тобы бойынша мамандандырылады, себебі:
  • құнды қағаздар саны  өте көп және  бір ғана нарыққа қатысушы оның барлығын бірдей қамти алмайды.
  • дилер нарыққа белгілі бір құнды қағаз бойынша маман ретінде шығады және соған байланысты ол басқа нарыққа қатысушыларға қарағанда өзі маманданған қағаздар бағасының өсуін жіті қадағалай, әрі болжай алады. 

Нарықтағы  дилерлік қызмет 
 

  • нарықта  көбінесе қомақты капиталы бар  ірі компаниялар дилер қызметін  атқарады, ондай компанияларсыз  құнды қағаздар нарығының «жұмысын»  жүргізу мүмкін емес.
  • Әдетте дилерде құнды қағаздар саны жеткілікті болады (жеке портфель), ол дилерге аталмыш құнды қағаз түріне байланысты барлық сұраныстар мен өзгерістерді (баға ауытқулары) қамтамасыз етеуіне және оған деген коньюктуралық сұраныс азайған кезде барлық артық қағаздарды сатып алатындай дәрежеде болуына ықпал етеді.
  • Дилерлер көбінесе нарықта өзіне ұнайтын кез -келген қатысушымен жұмыс істейді, бірақ көбінесе тұтынушылармен тікелей жұмыс жасамайды, оларға брокерлер арқылы шығады.
  • Тұтынушымен құнды қағаздар арасында тікелей шарт жасасу тек өте ірі мәмілелер кезінде ғана (көлемі жағынан ірі) жүзеге асырылады.
  • Брокерлермен салыстырғанда дилерлердің табысы сататын қағаздарының бағасы  мен оларды басқа нарыққа қатысушылардың сатып алу бағасының  айырымынан құралады.

Нарықтағы  дилерлік қызмет 
 

  • Дилердің  негізгі қызметтері. Дилерлік қызмет дегеніміз брокерлік қызметті нарықтағы сауда-саттық делдалы рөлін арттыру бағытында дамыту болып табылады. Оның маңызды қызметтері:
  • құнды қағаздар нарығында брокерлер атқаратын қызметті және оған қоса қаржы кеңесшісі қызметін атқарады;
  • белгілі бір құнды қағаздар айналымын ұйымдастыру және қолдау (маркет-мейкерлік).
  • Екінші қызмет :
  • сауда жүйесіне сәйкес құнды қағаздардың сату және сатып алу бағасын жариялау;
  • құнды қағаздарды жарияланған сату-сатып алу бағасы бойынша бұйрық түскен кезден бастап сату және сатып алу;
  • жарияланған баға бойынша сатып алынуы немесе сатылуы тиіс құнды қағаздардың ең жоғарғы немесе төменгі санын анықтау;
  • қажетті жағдайда жарияланған бағаның әрекет ету мерзімін нақтылайды.

Нарықтағы  дилерлік қызмет 
 

  • Дилердің  нарықтағы міндеттері.
  • Дилер тікелей нарық ішінде жұмыс істейтін болғандықтан, ол нарық жағдайын нақты әрі жақсы түсінетіндіктен,  дилердің нарықтың басқа қатысушылары мен тұтынушыларының алдында көптеген артықшылықтары бар.
  • Соған байланысты дилерге бірқатар қатаң талаптар қойылады.
  • Олар:
  • әрқашанда өзінің тұтынушысының мүддесіне сай әрекет етуі тиіс;
  • өз қажеттіліктерінен бұрын тұтынушының бұйрықтарын қанағаттандыруы қажет.
  • тұтынушыға  бағаға, орындалу мерізіміне және мәміле көлеміне байланысты қолайлы жағдайды таңдай білуі қажет.
  • нарыққа қатысушыларға дер кезінде құнды қағаздар туралы мәлімет беріп отыруы тиіс және  қате ақпарат бермеуі керек;
  • тұтынушыларды мәміле жасауға мәжбүрлемеуі керек;
  • бағаға қатысты қулық, айла-шарғы жасамау;

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"