Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Скачать)

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокерлік  қызмет 

      Брокерлік қызмет —  тұтынушы атынан және соның есебінен немесе өз атынан және  шығынды өтеу туралы келісімшарт негізінде  тұтынушы есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау (сондай-ақ тұтынушының келісімімен эмиссиялық құнды қағаздарды шығару), яғни ол:

  • нарықтағы коммерциялық қызмет түрі;
  • делдалдық қызмет түрі;
  • айналым саласындағы қызмет түрі, бірақ өндіріс саласы емес.
  • Брокерлік қызмет түрі бойынша лицензия алу барысындағы талаптарға сәйкес  заңды тұлғаның құнды қағаздар операциялары бойынша есептеу және есеп беру жүйелерін іске асыру  ережелерінің болуы  қажет.
  • Құнды қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет басқа да кәсіби қызмет түрлерімен үйлесе алады (дилерлік, құнды қағаздарды басқару, депозитарлық) бірақ құнды қағаздар нарығанан басқа нарықтар қызметімен үйлесе алмайды.
  • Мұндай шектеулер тек коммерциялық банктердің қызметіне ғана қойылмайды, олар банк қызметін құнды қағаздар нарығындағы көптеген кәсіби қызмет түрлерімен ұштастыра алады, оған брокерлік қызмет түрі де жатады. 

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокерлік  келісімшарт түрлері:
  • тапсырыс шарты;
  • комиссия шарты;
  • агент болу шарты.
  • Тапсырыс шартының төмендегідей сипаттары бар:
  • ШАРТ ЖАСАУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АТАУЛАРЫ:
  • аталмыш келісімшарт бойынша брокер сенімгер, клиент – сенім білдіруші деп аталады.  
  • Тұтынушы брокерге келісімшартта қарастырылған әрекеттерді жүзеге асыруына сенімхат жазады.  

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • КЕЛІСІМШАРТ  МАЗМҰНЫ :
  • брокер тұтынушының атынан және соның есебінен белгілі бір құқықтық әреттерді жүзеге асырады, ең алдымен  құнды қағаздарды сату-сатып алу шараларын атқарады. 
  • ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:   брокер арқылы іске асатын мәміле бойынша тұтынушының өз  құқықтары мен міндеттерін  өзі анықтайды.  
  • БРОКЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ:
  • Тұтынушының тапсырмаларын (бұйрығын) орындау;
  • Тұтынушыны тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету; 
  • Мәміле бойынша алынған құнды қағаздар мен басқа да ақшалай пайданы тұтынушыға беру; 
  • Келісімшарт бойынша тапсырыстар орындалғаннан кейін немесе келісімшарт күшін жойғаннан кейін брокер тұтынушыға шартты қайтарып береді.
  • БРОКЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰНЫ:
  • тұтынушы брокерге сыйақы және кеткен шығынды төлейді.

  

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • КОМИССИЯ  БОЙЫНША ШАРТ:

         ШАРТ ЖАСАУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АТАУЛАРЫ:

        аталмыш шарт бойынша брокер –комиссионер, ал тұтынушы- комитент деп аталады;

  • КЕЛІСІМШАРТ МАЗМҰНЫ:
  • брокер тұтынушының келісімі бойынша өз атынан және тұтынушының есебінен белгілі бір құқықтық әрекеттерді атқарады, алдымен құнды қағаздарды сату-сатып алу шараларын жүзеге асырады. 
  • ТАПСЫРЫСТЫҢ КЕЛІСІМШАРТТАН БАСТЫ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ:
  • мәміле бойынша брокердің комиссионер ретінде атқаратын міндеттерді тұтынушы мәміледе көрсетілсе де және үшінші тұлға арқылы мәміленің орындалуына қатысса да брокердің өзі анықтайды.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • БРОКЕРДІҢ  МІНДЕТТЕРІ:
  • тұтынушының тапсырысын неғұрлым тұтынушыға тиімді жағдайда (бұйрығын) орындау;
  • егер брокер шартты тұтынушы ұсынғаннан да пайдалы етіп жүзеге асырса, онда одан түскен қосымшаны олар өзара бөліп алады;
  • Тұтынушыны тапсырысының орындалу барысы туралы хабардар ету ;
  • Мәміледен түскен   құнды қағаздар мен басқа да ақшалай пайданы тұтынушыға беру;  
  • Келісімшарт комиссиясын  орындаудан бас тарту құқы жоқ, егер шерт мерізімі аяқталса, брокер тұтынушыға ол жөнінде 30 күн бұрын хабарлауы тиіс.
  • Үшінші тараптың атқарған мәмілесіне  жауап беру Брокердің тұтынушы алдындағы міндетіне жатпайды, ол үшінші тұлғаны таңдауда қателескен жағдайда немесе мәмілені жүзеге асыруды өз мойнына алса («делькредере» деп аталады) ғана міндетті. 
  • БРОКЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰНЫ:
  • тұтынушы шартта көрсетілген келісім бойынша брокерге сыйақы береді және кеткен шығынды төлейді. Егер шарт тұтынушының қалауымен орындалмай қалған жағдайда да, брокердің сыйақы алу құқығы бар.

 

  
 

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • АГЕНТ  БОЛУ ШАРТЫ.
  • ОНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ:
  • ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ  АТАУЛАРЫ: аталмыш шарт бойынша брокер  -агент, ал тұтынушы  - принципал деп аталады. Тұтынушы брокердің  шартта көрсетілген келісімдер аясында әрекет етуіне сенім білдіреді.
  • брокер тұтынушының атынан және соның есебінен белгілі бір құқытық әреттерді жүзеге асырады, ең алдымен  құнды қағаздарды сату-сатып алу шараларын атқарады. 
  • ШАРТТЫҢ МӘНІ:
  • егер брокер құнды қағаздарды сату-сатып алу шараларын тұтынушының атынан және соның есебінен жүзеге асырса, онда шарт бойынша тұтынушы міндетті болады, ал агент болу шарты тапсырыс шартына ұқсас болады;

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • егер брокер  құнды қағаздарды сату-сатып алу  шараларын өз  атынан және тұтынушы  есебінен жүзеге асырса, онда  шарт бойынша тұтынушы міндетті  адам брокердің өзі болады, ал  агент болу шарты комиссия  шартына ұқсайды;
  • Осылайша, агент болу шарты бір шартта екі түрлі шарт комбинацияларын жүзеге асырады – тапсырыс және комиссия, сондықтан брокер мен тұтынушыны арақтынасына байланысты онда бірінші шарттың да, екінші шарттың да нормалары қарастырылады. 
  • БРОКЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
  • Брокер – құнды қағаздар нарығындағы басты делдал. Ол көптеген жеке тұтынушылардың (инвесторлардың) нарықпен және басқа кәсіпқой қатысушылармен байланысын орнатады немесе қарым-қатынастарын қаматамсыз етеді.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокердің  өз тұтынушыларына  көрсететін қызмет  түрлері мен сипаттары  үш түрлі жағдайға  байланысты:
  • өзінің лицензиясында немесе құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушының лицензиясында көрсетілген шектеулер:
  • нақтылы тұтынушыға  брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны,  онда көрсетуге тиіс қызмет түрлерінің тізімі қарастырылған;
  • брокер – компаниясының көлемі және оның нарықта алатын орны. Брокерлік компания неғұрлым ірі болса, ол өз тұтынушыларына соғұрлым потенциалды қызмет түрлерін ұсына алады.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокердің  ең маңызды қызметі  және ұсынатын  қызмет түрлері  төмендегідей:
  • құнды қағаздар мәмілелерін жасау (брокер мұндай мәмілелерді тұтынушының мүддесіне сәйкес, немесе өзінің жеке мүдделерін ескере отырып жасауы мүмкін);
  • құнды қағаздар операцияларына қатысты  инфрақұрылымдар (әдістемелік, құқытық, бухгалтерлік, есеп айырысу т.б);
  • тұтынушыларға ақпараттық және кеңес беру қызметін көрсету, сондай-ақ, әсіресе құнды қағаздар нарығындағы болуы мүмкін қауіптер туралы кеңес беру;
  • эмиссиялық құнды қағаздарды орналастыру бойынша қызмет көрсету; оған брокердің эмитентке құнды қағаздарды салу аясын дайындау бойынша кеңес беру қызметі жатады. 
  • тұтынушыларды сақтандыру операциялары т.б.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокерлік  компанияның типтік  құрылымы.
  • Құнды қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсететін брокерлік компаниялар жауапкершілігі шектеулі қоғам немесе акционерлік қоғам формасындағы коммерциялық ұйымдар болып табылады.  Брокерлік компания неғұрлым ірі болса, оның ұйымдастыру құрылымдары соғұрлым күрдделі және көп болады. Онда қызмет етушілер саны әдетте бірнеше адамнан, жүздеген, мыңдаған қызметкрелерге дейін жетеді, мысалы,    құнды қағаздар нарығында жұмыс істейтін немесе барлық елдердегі тұтынушыларға  қызмет көрсететін компаниялар.
  • Брокерлік компанияларының әлдеқайда  жақсы дамыған ұйымдастыру құрылымдарының төрт бөлімшелік топтары болады:
  • фронт-офис – құнды қағаздар нарығында мәмілелер жасауға жауап беретін және тұтынушылармен шарт жасайтын, оларға кеңес беру қызметімен айналысатын бөлімше тобы.
  • бэк-офис – аталмыш компанияда қабылданған ережелерге сәйкес тұтынушылармен құнды қағаздарға байланысты жасалатын мәмілелерді, операция түрлерін, құнды қағаздар түрлерін ішкі  тіркеу қызметіне (компания ішінде) жауап беретін бөлімше;
  • сараптамалық (аналитикалық) қызмет – бұл қажетті нарықтарды зерттеу және компанияның өз мүддесі тұрғысынан тұтынушыға, басқа да нарыққа қатысушыларға нұсқаулар жасаумен айналысатын бөлімше.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Бухалтерия (есептеу бөлімі) – компанияның ішкі есептеріне жауап беретін бөлімше, ол бухгалтерлік есеп беру  және есеп-қисап стандарттарына сай әрекет етеді.
  • Брокерлік қызмет көрсету туралы келісімшарт.
  • Брокерлік қызмет көрсету шарты немесе брокерлік шарт тұтынушы мен брокер арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негізі болып табылады. Аталмыш шарт алдын ала көрсетілген құқықтық формаларға сәйкес жасалады (тапсырыс, комиссия, агент болу) және оның мазмұны бір жағынан аталмыш брокерлік компния үшін мамандандырылған, екінші жағынан – жалпы брокерлік қызмет түріне қарай белгілі бір дәрежеде типтік болады.
  • Брокерлік шарт тұтынушының ерекшеліктеріне, (жеке немесе институционалді, шағын немесе ірі, сенімді немесе онша сенімді емес т.б),  құнды қағаздармен жүргізілетін операция түрлері мен мерзіміне (бір реттік шарт немесе белгілі бір ұзақ мерізімге арналған шарт) қарай әр түрлі болуы мүмкін.
  • Белгілі бір мерзімге жасалатын брокерлік шартта тұтынушының өзі туралы мәліметтері: мекен-жайы, қаржы жағдайы, нарықтағы инвестициялық мақсаттары, беретін кепілдіктері жөніндегі мәліметтер  көрсетілуі тиіс.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Брокерлік  шартта құнды қағаздар нарығында  операциялар жүргізуге қажетті  тұтынушының шоттарын ашу мәселелері  де қарастырылады.
  • Брокерлік компанияларда әрқашанда екі түрлі шот болады:
  • 1) жеке шот – бұл брокердің өзінің жеке меншік қаржысы сақталатын шоттар;
  • 2) тұтынушы шоты – брокердің тұтынушының қаржысын сақтау мақсатында ашқан шоттары.

Брокерік  қызметті жүзеге асыру 
 

  • Тұтынушының  шоты өз  кезегінде  брокердің құнды  қағаздар нарығында  атқаратын операцияларының  түріне байланысты  болады, ондай операциялардың  түрлері :
  • КАССАЛЫҚ – тұтынушының брокердің көмегімен алған құнды қағаздарына  арналған қаражаты сақталған шоттар;
  • МАРЖИНАЛЬДІ – брокер тарапынан тұтынушы мәмілелерін жасау үшін алынған құнды қағаздар түріндегі немесе ақшалай  ссуда түріндегі шоттар;
  • СЕНІМ ШОТТАРЫ –келісімшарт негізінде брокердің басқаруына сеніп тапсырылған, брокер емін-еркін жұмсай алатын тұтынушының ақшалай қоры салынған шоттар.
  • Құнды  қағаздар бойынша мәмілелерді  жүзеге асыру үдерісі барысында  брокер мен тұтынушы арасындағы  жиі қайталанатын және типтік  байланыс түрлері:
  • Тұтынушыдан тапсырыс алу және оны өңдеу,
  • Тұтынушы тапсырысын брокерге жеткізу,
  • Тұтынушы тапсырысын құнды қағаздар нарығында жүзеге асыру,
  • Тұтынушыны тапсырысты орындау туралы хабардар ету,
  • Брокердің сату-сатып алу келісімшарттар және есеп шоттары мен операциялар туралы есеп беруі ,
  • Тұтынушыға барлық қажетті келісімшарт және есеп-қисап құжаттарын беру,
  • Мәмілелер бойынша есеп-қисап жүргізу  және құнды қағаздарды жаңа иеленушіге тіркеу.
 

 

 

  

Нарықтағы  дилерлік қызмет 
 

  • Дилерлік  қызмет
  • Дилерлік қызмет – құнды қағаздарды өз атынан және сату бағасын жариялау арқылы өз есебінен сату-сатып алу немесе  белгілі бір құнды  қағаздарды  осындай қызметпен айналысатын  тұлғаларға сол бағада сатуға немесе сатып алуға міндеттене отырып сату-сатып алу.  
  • Құнды қағаздарды өз есебінен сату-сатып алудың қарапайым түрімен, яғни өз мүддесіне сай құнды қағаздар нарығының басқа да кәсіпқой қатысушылары айналыса алады, мысалы брокерлер.
  • Бірақ белгілі бір құнды қағаздар тобын сату-сатып алу котировкасын ашық жариялау үшін, құнды қағаздар нарығының дилері статусын алу қажет. Соған байланысты:
  • біріншіден, дилерлік қызметті құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрі деп тану қажет;
  • екіншіден, дилерлік қызметті өз қаржысының есебінен жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі ретінде де қабылдау қажет.

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"