Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Скачать)

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • зейнетақы   заңдары   мен   зейнетақы   келісімшартында қарастырылған  шарттардың бұрмалануына жауап  береді;
  • алушының өтініші бойынша оның зейнетақы жинағын бір қордан екіншісіне аударуға;
  • бір,   үш,   бес,   он  күнтізбелік жылдарында   стандартты  уақыт кезеңі ішіндегі өз қызметі туралы статистикалык және басқа да ақпараттарды жариялауға, бұл арада жинақтаушы   зейнетақы   қорындағы   салым   ақша   бойынша 
    табыстың уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз ететін ақпарат жарияланбайды;
  • зейнетақы келісімшартына отырған азаматтардъщ бәріне бірдей жағдай жасауға;
  • ҚР заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға. 
    Қазақстаңдағы жинақтаушы  зейнетақы қорларына өзінің негізгі қызметімен қатар басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға тыйым салынған.
  • Тыйым салынған қызмет түрлері:
  • өндіріс;
  • бағалы қағаздарды және басқа да қаржылық құралдарды қоспағанда жылжитын   және   жылжымайтын   мүліктің сауда-саттығы;

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • сақтандыру;
  • зейнетақы активтерін кепілзатқа салу;
  • акциядан басқа бағалы қағаздарды шығару;
  • қордың «алтын акциясын» шығару.
  • Олар жыл сайьш аудит өткізіп тұруға және зейнетақы резерв мөлшерінің ағымдағы міндеттеме құнына сәйкестігін анықтауға заң тұрғысынан міндетті.
  • Мұндай міндеттеме барлық қорларға жайсыз тиюі мүмкін. Өйткені бұл нақты ұйымдастырушылык және материалдық шығындарды кажет етеді. Алайда бұл зейнетақы жинақтаушы корлары мемлекеттік емес зейнетақыны да төлейтін болғандықтан аса өзекті болып табылады.
  • Білікті актуарийдің жұмысы қордың сенімділігін арттырады, себебі ол қабылданған міндеттеменің сипатын, демографиялық сипаттаманы, инвестициялык саясаттың ерекшеліктерін қоса ескере отырып, оның жүмысынын нәтижелері мен келешегін нақгы бағалауға, сонымен бірге тапшылықтың болу мүмкіндігін ескертіп, кажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • «Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамтамасыз  ету туралы» Заң зейнетақы  активтері сақталатын кастодиан-банктерінде  қолданылмайды. Кастодиан-банкті мәжбүрлеп  жоюдың тәртібін реттейтін негізгі  нормативтік-құқықтык актіге 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазакстан  Реслубликасындағы банктер мен  банк қызметі туралы» заңдық  күші бар ҚР ПрезидентінІң  Жарлығы жатады.
  • Нарық жағдайында жинақтаушы  зейнетақы  қорлары  мен қаржы нарығының баска субъектілерінің арасында тиісті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда,  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, баламалы заңдары және бухгалтерлік есептің   халықаралық   стандарттарын   сақтауда   динамикалық өзара әрекет белгіленеді. Халықтың ұзақ мерзімді жинақ ақшасын білдіретін зейнетақы жинағы каржы нарығының дамуына өз әсерін тигізетін негізгі фактордың бірі ретінде қызмет етеді.
  • Екінші жағынан, мемлекетгік және корпорациялық бағалы қағаздар нарығы осы зейнетақы жинағын инвестициялайтын негізгі сала болып табылады, әрі салым ақшасын салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге және белгілі бір мөлшерде салу шартымен қарттықты қамсыздандыратын жеткілікті табыспен қамтамасыз етеді. ЖЗҚ қайта  құрылатын жағдайда  бүл  туралы  өтініш  ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберіледі.

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • Оған  мынадай құжаттар  тіркелуі керек:
  • жинақтауды   зейнетақы   қорын   қайта   құру   жөніндегі акционерлердің жалпы жиналыста кабылдаған шешімі;
  • жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың ұйғарылған  шарттары, формалары, тәртібі және мерзімі көрсетілген құжат;
  • оны қайта құрудан кейінгі зейнетақы жинақтаушы қорының есеп  айырысу балансын және  осы  қайта  ұйымдастырудың нәтижесінде жұмыс істейтін заңды түлғаларды қоса алғанда қайта қүру салдарының қаржылық болжауы.
  • Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бір айдың ішінде қарастырылуы керек, Қайта кұрылатын қор қайта құруға рұқсат алған күннен бастап екі аптаның ішінде өзінің барлық салымшыларына алда болатын өзгерістер туралы жазбаша хабарлауы керек және бүқаралык ақпарат күралдарына тиісті хабарландыруды жариялауы қажет.
  • ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ұйғарылған қайта құрудың нәтижесінде салымшылар мен алушыларға катысты монополияға қарсы заң талаптарының бұрмалануы, жалпы акционерлер жиналысының тиісті шешімінің болмауы негізінде зейнетақы жинақтайтын қордың қайта құрылуына рүқсат бермеуі мүмкін.

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • ЖЗҚ ерікті  түрде және мәжбүрлеп таратылуы  мүмкін.
  • Мәжбүрлеп тарату мынадай жағдайларда орын алады:
  • Агенттіктің рұқсаты болған жағдайда жалпы акционерлер 
    жиналысының шешімі бойынша;
  • ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайдағы сот шешімі бойынша.
  • ЖЗҚ-ны ерікті түрде тарату жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бір айдың ішінде қарастырылады. Таратылған қор  туралы(өзінің таратылғандығы жайлы) салымшылары мен алушыларына он күннің ішінде хабарлауға міндетті. Соңғылары (салымшылар мен алушылар) таратушы комиссия белгілеген мерзімде басқа қорды өз қалауынша тандай алады.
  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруы мүмкін. Бүтінгі танда республикада 150-ден аса филиалдар мен өкілдіктер жүмыс істейді. Мәселен, «ҚазақМыс»   ЖЗҚ   мен   «Филипп   Морис   Қазақстан»   ЖЗҚ, сондай-ақ салыстырмалы тұрде жас әрі шағын «Капитал» ЖЗҚ, Қонаев атындағы МЕЖЗҚ-ны айтуға болады.

 
Қазақстан Республикасында зейнетақы  қорларының құрылу және қызмет  ету тәртібі 
 

  • Осылардың  ішінде «Валют-Транзит корының» 34 филиалы мен өкілдігі бар. Олардың  көпшілігі республикалық маңызы  жоғары қалалар мен облыс орталықтарында  орналасқан.
  • Қазақстандағы осы зейнетақы корларының географиялык бөлінуіне келсек, олардың пропорционалды түрде орналасқанын айта кету керек. 16 ЖЗҚ-ның 12-сі Алматы каласында. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл қорларға шамамен 300 млрд теңге зейнетақы активтері шоғырланған. Бұл көрсеткіш нарықтың 91%-ынан көбін құрайды. Алайда зейнетақы жинағының барлық сомасын тек алматылықтар кұрап отыр деп түсінуге болмайды: Қазақстанның барлық аймактары мен қалаларының тұрғындары да осы аталмыш ЖЗҚ салымшыларының қатарына кіреді. Қарағанды қаласы мен облысында «Валют-Транзит қоры» ЖЗҚ, Ақтөбе қаласында «НефтеГазДем» ЖЗҚ, ал Алматы облысында — «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ-сы бар.
  • Алматы қаласына зейнетақы қорларының мұншама көп шоғырлануын оның елдегі бірден-бір қаржы орталығының болуымен ғана байланыстырьш түсіндіру жеткіліксіз — бүкіл техникалык инфрақұрылымды (орталық депозитарий, қор биржасы), ЖЗҚ-ға кызмет көрсететін қаржы нарығының көптеген субъектілерін (кастодиандар, брокерлік компаниялар және т.б.) тек осы мегополистен ғана табуға болады. Мұндай ахуал Алматы қаласының келешекте халықаралық аймақтық қаржы орталығына айналатынына кепілдік береді.

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"