Коммерциялық
банктердің делдалдық операциялары
- Факторинг
— бұл төлемдерді өндіріп алу бойынша
және клиенттің табыстауымен бухгалтерлік
есепті жүргізу операциясы.
- Мамандандырылған
филиалдарды немесе компанияларды ұйымдастыратын
коммерциялық банктер факторинттік операцияларды
белсенді жүзеге асырып жүр.
- Бүгінгі таңда
Қазақстанның банк жүйесінде коммерциялық
банктердің әртараптану деңгейінің төмендігі
байқалып отыр. Отандық банктер негізінен
әмбебап банктер болып табылады. Еліміздегі
заңдар оларды (банктерді) өздері жүргізіп
отырған операция түрлері бойынша мамандандыруды
қарастырмақ. Алайда кейбір банктер өздерінің
атауымен өз функцияларын (функциялық
ерекшеліктерін) белгілеген: «Каспийский»,
«Нефтебанк», «Тұрғын үй құрылыс банкі»
және т.б.
- 2003-2015 жылдарға
арналған ҚР Индустриялық-инновациялық
даму стратегиясына сәйкес, екінші деңгейлі
банктерге тәуекелдікті корпоративтік
тұрғыдан басқару жүйесін енгізу жоспарында
банк секторын одан ары дамытумен қатар
(бір деңгейде) белгілі бір банк қызметін
көрсету бойынша мамандандырылған банктерді
құру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
- Мысалы, тұрғын
үй құрылысының жинақ ақша жүйесі аясында
мамандандырылған ипотекалық банктерді
кұру өзекті мәселе болып табылады және
т.т.с.
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- Қазақстан
Республикасында жүргізілген зейнетақы
реформасының нәтижесінде өз
активтерін халықтың қаражат
есебінен қальштастыратын жинақтаушы
зейнетақы қорлары құрылды. Зейнетақымен
қамтамасыз етудің жаңа жүйесі
1997 жылдың 20 маусымында қабылданған
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы» Заңына
сәйкес оның нақты жұмысына, ең
бастысы — зейнетақы жинағының
сақталатындығына кепілдік береді.
- 1999 жылдың
басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті
зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі
өзгертілді. Алайда бүл арада аударудың
тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы
жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен
емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде
ұсталады. Міне, осы тәртіпті заңдастыру
арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті
құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне,
әрбір келісімшарт бойынша салымшының
есеп кітапшасы рәсімделеді. Тағы бір
кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші
қызметкердің келісімінсіз зейнетақы
келісімшартын бұза алмайды.
- Жинақтаушы
зейнетақы қор — бұл ҚР заңында белгіленген
тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және
зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын занды тұлға.
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- Жинақтаушы
зейнетақы қорлары салымшылардың
міндетті жарнасын шоғырландырып,
оларды әр түрлі бағалы қағаздарға
орналастыру арқылы қордың инвестициялық
портфелін қалыптастырады. Олар
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорына (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қорына (МЕЖЗҚ)
бөлінеді.
- Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны
білдіреді. Оның құрылтайшысы-мемлекет.
Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы
жарнасын алады және зейнетақы алушыларға
зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы
активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік
бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің
депозиттеріне, халыкаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздарына инвестициялайды.
- Мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың
міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын
алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын
төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін
қалыптастыру және оларды инвестициялау
бойынша қызметтерді жүзеге асыратын
заңды түлға. Ол міндетті қорларға қарағанда
ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады.
Ерікті зейнетақы жарнасын сальмшылар
заңда және зейнетақы келісімшартында
белгіленген тәртіппен және мөлшерде
өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы
активтері ЖЗҚ-дан зейнетақының төленуін
қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады.
Қор зейнетақы активтерін инвестициялау
аркылы инвестициялык табысқа қол жеткізеді.
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- Жоғарыда
аталған ЖЗҚ түрлерінен өзге
ашық ЖЗҚ мен корпорациялық
ЖЗҚ-ны бөліп көрсетуге болады.
- Ашык ЖЗҚ
салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс
орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан
қабылдай береді. Резидент болып табылатын
занды және жеке түлғалар да, резидент
емес заңды және жеке тұлғалар да оның
құрылтайшылары мен акционерлері бола
алады. ҚР резидент емес қатысушысы бар
ашық ЖЗҚ - бұл 25%-дан да көп дауыс берушінің
акциялары төмендегілердің меншік иесінде
немесе басқаруында болатын зейнетақы
қоры:
- ҚР резиденті
еместер;
- 50%-дан да
көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде
немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің
заңды тұлғасы;
- ҚР резиденті
еместерінің бағалы қағаздарына атаулы
ие болып табылатын ҚР резиденттері.
- Корпоративтік
осы қордың акционері және құрылтайшысы
ретінде алға шығатын ҚР бір немесе бірнеше
заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері
үшін құрылады.
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- Ашық ЖЗҚ
қызметі кезінде немесе оған
құрылтайшы болған кезеңде бірде
бір тұлғаның дауыс құқығы
бар акцияның жалпы санында 25%-дан
артық акцияны тікелей немесе
жанама иеленуге, өкім жүргізуге
немесе басқаруға кұқығы болмайды.
- Корпоративтік
ЖЗҚ-да мұндай шектеулер жок, Алайда зейнетақы
жинағының нақты құны кеміген жағдайда
соңғы акционерлердің жауапкершілігі
үлкен болады, әрі инвестициялық табыс
ысырабының орнын толтырады.
- Зейнетақы
активтерін алғашқыда ЗАБК (зейнетақы
активтерін басқару компаниясы) ғана орналастыра
алады.
- ЖЗҚ жарна
түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады,
ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі
бағалы кдғаздарға орналастыруға міндетті.
Бір ЖЗҚ тек бір ғана ЗАЕК-мен келісім-шартқа
отыра алады, ал Компания өз кезегінде
бірнеше ЖЗҚ-ға қызмет көрсете алады.
- Бүгінгі таңда
оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ - зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйым.
- Жинақтаушы
зейнетақы қорларына инвестициялық портфельді
қалыптастыру барысында активтерді дербес
орналастыруына рұқсат етілген.
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- ЗАИБЖҰ
қаржы нарығының кәсіби қатысушысы,
заңды тұлғасы болып табылады
және АҚ формасында құрылады.
Оның қызметін ҚР Қаржы нарығы
мен қаржылық ұйымдарды реттеу
және қадағалау жөніндегі агенттігі
лицензиялайды. Агенттік Компанияның
қызметін мынадай шарттармен
лицензиялайды: жарғылық капиталдың
мөлшері бойынша белгіленген
талаптар мен нормативтердің
орындалуы, 3 санатты біліктілік
куәлігі бар мамандардың штатта
болуы, зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаратын қызметте реттейтін
ішкі құжаттардьң болуы.
- ЗАИБЖҰ өз
қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық
портфелін қалыптастырады, зейнетақы
активтерін ұдайы бағалай, зейнетақы жинағын
зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне
бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі туралы
зейнетақы қорларына және ҚР Қаржы нарығы
мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау
жөніндегі агенттігіне үдайы есеп беріп
отырады, сондай-ақ өзінің атқарған жүмыстары
туралы ақпаратты жариялайды.
- Алайда
ЗАИБЖҰ қызметінде белгілі бір
шектеулер бар.
- Ішінара
мыналарға тыйым салынған:
- акциядан
басқа бағалы қағаздарды шығаруға;
Зейнетақы
қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы
түсінік
- банктерден
өзіндік капиталдың мөлшерінен
артық мөлшерде 3 ай мерзімнен
көп мерзімге қаражат тартуға;
- үлестес түрғыдан
бағалы қағаздарды тартуға жоне олармен
басқа мәмілелерді орындауға;
- қарызды кез
келген тәсілмен беруге;
- зейнетақы
активтерінің құрамына кіретін бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сатуға;
- ЖЗҚ-ға тиесілі
емес бағалы қағаздарды сату бойынша келісімшартты
және эмиссиялық емес бағалы қағаздарды
сатып алу жөніндегі келісімшартты бекітуге;
- тапсырма
мен кепілдік беруге, мәмілелерді зейнетақы
активтерін кепілге салып орындауға;
- инвестициялық
зейнетақы активтері
бойынша табыстың уәдесін және кепілдігін
қамтитын ақпаратты жариялауға;
- бағалы қағаздар
мен қаржылық құралдардың саудасынан
өзге материалдық өндіріс пен сауда саласында
қызметті жүзеге асыруға.
Қазақстан Республикасында зейнетақы
қорларының құрылу және қызмет
ету тәртібі
- Қазақстандық
жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі
берген лицензияның негізінде жүзеге
асырады. Бұл лицензияда зейнетақы қорларының
тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз
етуге маманданатынына, мәселен саудамен
немесе өндіріспен айналыспайтынына кепілдік
беріледі.
- Жинақтаушы
зейнетақы қорлар лицензия алу үшін Агенттікке
өз мамандарының біліктілігі туралы аттестаттың
және олардың қаржы институттарында кем
дегенде 2 жыл жұмыс істегенін айғақтайтын
құжаттың нотариалдық тұрғыдан расталған
көшірмелерін береді.
- Жинақтаушы
зейнетақы қорлары АҚ формасында құрылады.
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы акциямен калыптасады
және ақша қаражатпен ғана төленуі тиіс.
Мұнда акцияның төлемі үшін заңды тұлғаның
қаражаты оның өзіндік капиталы немесе
таза табысының шегінде пайдаланылады.
Лицензияны алу туралы өтініш берілетін
сәтте жарғылык капитал толық төленіп
бітуі тиіс.
- ҚР резиденттері
болып табылатын заңды және жеке тұлғалар
ЖЗҚ-нын құрылтайшылары және акционерлері
болуы мүмкін. Ал рейтинггік агенттіктердің
бірінде нақты рейтингісі бар ҚР резиденті
болып табылмайтын заңды түлғалар ашық
ЖЗҚ-ның қүрылтайшысы және акционері болуы
мумкін. Мемлекеттік кәсіпорындар ЖЗҚ-ның
құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
Қазақстан Республикасында зейнетақы
қорларының құрылу және қызмет
ету тәртібі
- Қордың
өзіндік капиталы құрылтайшылардың
(акционерлердің) жарғылық капиталындағы
салым акшасының есебінен, комиссиялық
сыйақыдан, сонымен бірге өзіндік
капиталды орналастырудан түскен
өзге табыстан және негізгі
кызметті орындаумен байланысты
қызмет көрсетуден түскен табыстан
қалыптасады. Бұл капитал басқа
ұйымдарды құруға, міндеттемені, кепілдікті
қамтамасыз ету ретінде уақытша
қаржылық көмек көрсетуге пайдаланылмауы
керек.
- Комиссиялық
сыйақының шекті шамасы
ҚР Үкіметі бекіткен
мыналардың шегінде
белгіленеді:
- инвестициялық
табыстың 15%-ы шегінде;
- айына зейнетақы
активтерінің 0,05%-ы шегінде,
- Ол жылына
бір мәртеден артық өзгертілмейді және
күнтізбелік жылдың басына дейін ең аз
дегенде бір ай бұрын жариялануы керек.
- Зейнетақы
қорларының қызметі
мынадай принциптерге
негізделеді:
- қорды
жеке басқарады және салымшылар
қорды өз қалауынша тандаудың мүмкіндігіне
ие;
- қарапайымдылық,
сенімділік және айқындық;
Қазақстан Республикасында зейнетақы
қорларының құрылу және қызмет
ету тәртібі
- мемлекеттік
өкілетгі органдардың тарапынан
қатаң реттеледі әрі қадағаланады;
- операциялық
тиімділік;
- салымшыға
оның зейнетақы жинағының мөлшері туралы
ақпаратты береді.
- ЖЗҚ өз қызметінде
зейнетақы жарнасын жинай алады, өзінің
кызметі үшін комиссиялық сыйақы алады
және зейнетақы келісімшартының шарттарына
сәйкес басқадай құқықтарды жүзеге асырады,
зейнетақы активтерін инвестициялык,
баскаруды жүзеге асыратын үйымдармен
келісімшартка отырады.
- Сонымен
қатар жинақтаушы зейнетақы
қорлары мыналарға міндетті:
- зейнеткерлердің
зейнетақысын төлеуге;
- зейнетақы
жинағы мен төлемдерінің
есебін дербес жүргізуге;
- салымшы мен
зейнеткерге (алушыға) онын зейнетақы
жинағының жағдайы туралы ақпаратты жылына
бір мәрте және олардың сұрау салуы бойынша
беруге;
- алушының
зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың
құпия болуын қамтамасыз етуге;