Депозитарлық
қызмет
- Депозитарийлер
мен тіркеушілердің
өзара әрекеттестігі
1) тұтынушымен
жасалған шартқа сәйкес депозитарий
бұрын депозитарий тұтынушысының
атында болған белгілі эмитенттердің
құнды қағадарының атаулы иеленушісі
ретінде тіркеушілерге келіп
тіркеледі;
2) өз тұтынушыларының
құнды қағаздарды иелену құқығының
басқа адамға берілуін олардың
жеке шотын тіркеушіге қайта
тіркетпестен жүзеге асырады,
қайта тіркеу енді құнды қағаздарды
ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
3) тіркеушімен
өзара әрекеттестікті жаңарту.
Ол регистратордағы депозитарий
шоты өзгерген жағдайда, аталмыш
эмитент бойынша депозитаридегі
құнды қағаздардың жалпы саны
өзгерсе ғана іске асырылады.
- Құнды
қағаздарды тіркеу
есебінен депозитарлық
есептеудің артықшылығы.
- Белгілі бір
эмитенттің құнды қағаздарының атаулы
иеленушісі ретінде депозитариді пайдалану
құнды қағаздарды иеленушілердің ауыстыру
уақыты мен орнын ол бойынша жасалатын
мәміле орнымен неғұрлым жақындастырады.
- Соның
нәтижесінде депозитарлық
есептеудің төмендегідей
артықшылықтары айқындалады:
- құнды қағаздарды
физикалық ауыстыру қажеттілігі жоқ;
Депозитарлық
қызмет
- « жеткізу
төлемге қарсы» қағидасын жүзеге
асыру мүмкіндігі;
- қор нарығында
капитал қозғалысындағы «техникалық»
шектеулерді жою.
- Депозитарлық
жүйелер құнды қағаздарды қайта тіркеу
үдерісін жеңілдету мақсатында пайда
болған. Бұрын құнды қағаздар тек құжаттандырылған
түрде шығарылатын, соған сәйкес әрбір
мәміледен кейін жаңа сертификат жазу
қажет болатын.
- Депозитарий
институты құнды қағаздардың қатысушылар
арасында физикалық ауыстыруды қажетсіз
етті, сондықтан да оған жүйелі түрде жаңа
сертификат беріп отыру да қажет болмай
қалды.
- Құнды қағаздардың
депозитарлық есебінің тағы бір артықшылығы
– ол нарыққа қатысушылар арасындағы
құнды қағаздар ауысымы мен ақшалай қаражат
ауысымдары үдерістерін бір мезгілде
қатар жүргізуге мүмкіндік береді.
- Ондай үдеріс
төлемге қарсы жеткізу деп аталады (поставка
против платежа). Ақшаның сатып алушыдан
сатушыға қарай қозғалысы құнды қағазды
иелену құқығын сатушыдан сатып алушыға
ауыстыру үдерісімен қатар жүзеге асырылады.
- Егер аталмыш
үдерістер бір мезгілде, қатар (синхронды)
жүргізілмейтін жағдайда, не ақша алынады,
бірақ құнды қағаздар алынбайды немесе
керісінше , құнды қағаздар алынады да,
ақша алынбайды.
Депозитарлық
қызмет
- құнды
қағаздарды иелену құқын ауыстырудың
тек депозитарлық формасы ғана
қор нарығындағы депозиттерді
дамытуға мүмкіндік береді.
- Ол нарықтағы
құнды қағаздарды есептеу және жеткізу
шараларын жеделдетеді.
- Депозитарлық
қызметті дамыту бағыттары.
Әлемдік тәжірибе
Қор нарығының инфроқұрылымы депозитарий
мен тіркеуші арасындағы айырмашылықтарды
жою бағытында дамып келе жатқанын көрсетеді.
- Бұл
үдерістің дамуының
бірнеше себептері бар:
- құжаттандырылмаған
түрдегі құнды қағаздар санының күннен
күнге өсуі;
- есептеу қызметін
компьютерлендіру;
- Компьютермен
есептеудің бүгінгі таңдағы мүмкіндіктері
эмитенттердің де, инвесторлардың да құнды
қағаздарын қатар санауға мүмкіндік тудырады.
- Бұл жағдайға
бүкіл елдегі эмиссиялық құнды қағаздар
мен олардың барлық иеленушілерін есептеу
шаралары жүргізілетін ортақ депозитарлық
ұйым арқылы қол жеткізуге болады.
- Мұндай депозитарилер
еуропа елдерінің көпшілігінде құрылған,
ал АҚШ депозитарлық жүйе тіркеушілер
институттарын ығыстырып келеді.