Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Скачать)

Клирингтік  қызмет 
 

  • белгілі  себептерге байланысты клиринг  орталығының клирингке қатысушылар  алдындағы міндеттерін орындамауы;
  • клирингтік ұйым операциялық қауіп салдарынан болған  өз клиенттерінің шығынын жеке ресурстарының есебінен қайтаруға міндетті.
  • Айрықша тәуекел түрлері – бұл нарыққа қатысушылардың өз ішінде туындайтын қауіптер.
  • Олардың төмендегідей түрлері бар:
  • Өтімділік  тәуекелі – құнды қағаздарды сату-сатып алушы тараптардың бірінің өз міндеттерін кешіктіріп орындауының себебінен екіншісінің шығынға ұшырауы.
  • Міндеттерді орындамау тәуекелі- құнды қағаздарды сату-сатып алушы тараптардың бірінің өз міндеттерін орындамауының себебінен екіншісінің шығынға ұшырауы;
  • Жүйелі тәуекел- шартқа қатысушылардың біреуінің өз міндеттерін орындамауының салдарынан нарыққа қатысушылардың барлығының шығынға ұшырауы;

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • Құнды  қағаз  иеленушілерін  тіркеу қызметі.
  • Құнды қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі дегеніміз – құнды қағаздар иелерін тіркеу жүйесін құрайтын мәліметтерді анықтау, өңдеу, сақтау және мәліметтерді беру.
  • Құнды қағаздарды иеленушілерді тіркеу жүйесі- қағазға түсірілген немесе электрондық ақпараттар базасына енгізілген мәліметтер жиынтығы, ол  құнды қағаздар иелерін тіркеу жүйесіндегі  тізімге алынған номинал иелерін  мен құнды қағаздарды иеленушілерді идентификациялауға және олардың құқықтарын есепке алға, сондай-ақ   тіркелген тұлғалар туралы ақпараттарды алуға және жіберуге мүмкіндік береді.
  • Құнды қағаздарды иеленушілерді тізімдеу – иеленушілердің саны, олардың құнды қағаздарының түрі мен номиналдық бағасы көрсетілген, кез- келген уақытта иеленушілерді өздеріне тиесілі құнды қағаздармен сәйкестендіруге ықпал ететін  тізімдеу   жүйесінің бір бөлігі.
  • Тізім жүргізуші құнды қағаздарды иеленушілер тізімін жүргізу қызметін атқаратын заңды тұлға.
  • Келесі тұлғалар тізім жүргізуші бола алады:

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 

  • егер атаулы  құнды қағаздар шығарушылар саны 500 адамнан , ал акцияға қатысты  олардың  саны -50 адамнан аспаса  эмитент жүргізе алады.
  • Регистратор –тіркеуші – бұл құнды қағаз нарығының кәсіпқой қатысушысы, яғни эмитенке қатыссыз,  құнды қағаздар иеленушілерін тізімдейтін  мамандандырылған ұйым. 
  • Егер құнды қағаздарды иеленушілер саны 500 адамнан, (акция жағдайында  -50 адамнан асса ) көп болса, онда тізімдеу жұмысын міндетті түрде кәсіпқой қатысушы жүргізеді.
  • Құнды қағаздарды иеленшілерді тізімдеу жүйесін жүргізу   тек нарықтағы тіркеушінің ғана қызметі болып табылады, ол құнды қағаздар нарығындағы басқа ешқандай кәсіби қызмет түрімен қатар жүргізілмейді.  
  • Құнды қағаздардың  атаулы иесі (номинальный держатель).
  • Құнды қағаздарды тізімдеу жүйесінде құнды қағаздардың екі түрлі иеленушілері тіркеле алады:
  • 1) құнды қағаздардың иесі;
  • 2) құнды қағаздардың атаулы иесі.

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • Құнды  қағаздардың атаулы  иесі - тізімдеме жүйесінде тіркелген тұлға, ол депозитарийдың депоненті болып табылады, бірақ құнды қағаздардың иеленушісі емес.
  • Құнды қағаздардың атаулы иеленушілері екі түрлі жағдайда қажет:
  • 1) қажет болған жағдайда, құнды қағаздардың негізгі иесін құпия ұстау мақсатында;
  • 2) құнды қағаздар нарығында орталықтандырылған клиринг және есеп-қисап қызметімен қамтамасыз ету мақсатында.
  • Құнды қағаздардың атаулы иеленушілері болып орталықтандырылған депозитарий де, брокер де және дилер де тіркеле алады.
  • Атаулы иеленуші құнды қағаздарға байланысты құқықтарға ие бола  алады, мысалы, құнды қағаздардың негізгі иесінің берген өкілеттілігімен акционерлер жиналысына қатыса алады.
  • Атаулы иеленушілердің тұтынушыларының құнды қағаздары оның жеке кредиторларының пайдасы үшін тәркілеуге жатпайды. 
  • Құнды қағаздардың атаулы иеленушілерінің атқаратын негізгі міндеттері төмендегідей:

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • Тіркеуші  өз қызметінің құнын өзі тағайындайды, бірақ оның жеке шот иелеріне  көрсететін қызметінің ең жоғарғы  көлемі атқарушы билік органдары  бекіткен мөлшерден аспауы тиіс.
  • Сату –сатып алу мәмілесіне қатысатын әрбір тараптар тіркеушінің қызметіне жеке ақы төлейді.
  • Тіркеушінің негізгі ақылы қызметінің түрлері:
  • Жеке шот ашу;
  • құнды қағаздар иеленушілерінің тізімдемесіне мәліметтерді енгізу немесе өзгерту;
  • құнды қағаздармен жүргізілген операциялардың нәтижелеріне сәйкес жеке шоттарға өзгертулер енгізу;
  • тұтынушының талап етуі бойынша оның жеке шоты мен құнды қағаздар иеленушілер тізімдемесіне қатысты құжаттардың көшірмесін беру.

 

  

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • тізімдеме  жүргізу жүйесінде эмитент туралы, оның құнды қағаздары, ол құнды  қағаздардың тіркелген иеленушілері  туралы, оған иесілі құнды қағаздардың  саны мен түрлері туралы ақараттар  болуы тиіс.
  • Тізімдеу жүргізу жүйесіне өзгертулер бекітілген құжаттар негізінде енгізіледі,яғни құнды қағаз иесінің (атаулы иеленушінің) құнды қағаздарды тапсыру туралы өкімі, сондай-ақ құнды қағаздарды иелену құығының басқаға берілуін растайтын    басқа да құжаттар, мысалы, мұрагерлік туралы куәлік, сыйға тару құжаты, сот шешімі тб.
  • Тіркеуге жазылудан бас тартуға  болмайды, тек заңмен қарастырылған кейбір ерекше жайттарда ғана оған рұқсат етіледі.

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • Трансфер-агент 
  • шарт бойынша  құнды қағаз иеленушілерінің жеке шоттар ашуға қажетті ақпараттар мен құжаттарды қабылдау және өткізу шараларын іске асыратын және сол бойынша құнды қағаздар иеленушілерін тізімдеу жүйесінде жеке шот иесінен тіркеушіге, керісінше тіркеушіден жеке шот иесіне қарай жүргізілетін операцияларды жүргізетін заңды тұлға.
  • Трансфер –агент қызметінің қажеттілігі құнды қағаздар иеленушілерінің түрлі аймақтарға бөлінуіне байланысты.
  • Тіркеушінің өзі әдетте орталықтағы қалалардың бірінде жұмыс істейді, ал құнды қағаз иелері әр түрлі елдің тұрғындары болуы мүмкін. Трансфер-агент бір бірінен қашықта  тұратын құнды қағаз иелері мен тіркеуші арасында байланыс орнатады.

Құнды  қағаз  иеленушілерін тіркеу қызметі 
 

  • Трансфер-агенттің  міндеттері:
  • құнды қағаздарға байланысты белгілі бір операцияларды іске асыру кезінде жеке шот иелерінің құжаттарын қабылдау;
  • берілген құжаттар мен ондағы қойылған қолдардың түпнұсқа екенін тексеру;
  • бекітілген тәртіп бойынша құжатарды тіркеушіге тапсыру;
  • жек шот иелеріне қажетті құжаттарды тапсыру (құнды қағаздар сертификаттарын, тізімдеме көшірмесін т.б);
  • келісім бойынша құнды қағаздардан түскен табысты төлеу;

         Тіркеуші қызметінің ақысы.

                                   Тіркеушінің негізгі табыс көздері:

  • өзара жасалған шарт бойынша эмитент тіркеушіге келісілген көлемде ақша төлейді;
  • жеке шот иелері тіркеушіге ақы төлейді;

Депозитарлық  қызмет 
 

  • Депозитарлық  қызмет—  бұл құнды қағаздар сертификаттарын сақтау және құнды қағаздарды иелену құқығын есептеу және оның басқаға ауыстырылу бойынша көрсетілетін қызмет түрі. 
  • Құнды қағаздар сертификаттарын  немесе құжат түріндегі құнды қағаздарды сақтау  жеке қызмет түрі ретінде құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет болып табылмайды және ол қызметтің басқа қатысушылар арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, құжат түріндегі құнды қағаздар көбінісе жеке сейфте немесе банктердің сейфінде сақталады, яғни мұндай қызмет нарықаралық қызмет түріне жатады, себебі қай кезде де әр түрлі материалдық құндыдлықтарды сақтау қажеттілігі бар.
  • Құндылықтарды қоймада, коммерциялық банктерде де, құққытық конторда және мұражайда да сақтауға болады.
  • Эмиссиялық құнды қағаздардың көпшілігі құжатттандырылмаған түрде шығарылатын қазіргі кезеңде депозитарлық қызмет құнды қағаздарды иелену құқығын есепке алу және құқықтың басқаға берілуіне қатысты қызмет түрлерін көрсетеді. 

Депозитарлық  қызмет 
 

  • Депозитарий - бірінші нарыққа  қатысушы тіркеушімен  салыстырғанда ол  құнды қағаздардың  екінші нарығына  қатысушы.
  • Тізімдеме жүргізуші эмитент пен инвестор арасында байланыс орнатуға, оны сақтауға және жаңартуға жауап береді, яғни оның қызметі құнды қағаздардың бірінші нарығында жүзеге асырылады.
  • Депозитарий, керісінше екінші нарық кезінде жүзеге асырылатын құнды қағаз иеленуші құқығы ауысқан жағдайда инвесторлар арасындағы қарым-қатынасқа жауап береді. Оның міндеті - бір нарыққа қатысушының құнды қағаздарды иелену құқығының екінші қатысушыға берілуін тез әрі арзан қамтамасыз ету.
  • Депозитарий қызметін пайдаланушы адам депонент, ал оның атына ашылатын депозитарии шоты – депо шот деп аталады.
  • Депозитарийдегі құнды қағаздарды иелену құқығын куәләндіру тәсілін өзгерту.

Депозитарлық  қызмет 
 

  • Құнды  қағаздарды депозитарийге  тапсыру келесі  жолдармен жүзеге  асырылады:

1) Құнды қағаздар сертификаты депозитарийге сақтауға тапсырылған кезде.

  • Ондай жағдайда құнды қағаздарды иелену құқығының құжаттандырылған түрі құжаттандырылмаған түріне ауыстырылады, яғни аталмыш құнды қағаздарды есептеу операциялары әрі қарай депо шоттарына жазу арқылы жүзеге асырылады, оларға жаңа сертификаттар жазылмайды (құжаттандырылған құнды қағаздар эмиссиясының шарттарына байланысты – олар сертификат беруді қарастырған ба, әлде жалпы тек аталмыш құнды қағаздарды шығаруға арналған сертификат қана бар ма, басқа да жолдары болуы мүмкін).

2) депозитарий құнды қағаздар иеленушілерін тізімдеу жүйесінде құнды қағаздардың атаулы иеленушісі болған жағдайда.

  • Бұл жағдайда қажетті құнды қағаздар есебі тіркеушіден (олардың иелерінің жеке шотынан) депозитарийге өтеді (сол иеленушілердің депо шоттарына).
  • Депозитарий сол сияқты басқа да депозитарийдің депоненті бола алады немесе басқа депозитарийлерді өзіне депонент етіп алуына болады.

Депозитарлық  қызмет 
 

  •  Депозитарлық келісімшарт.
  • Депозитарлық шартта немесе депо шоттары туралы шартта төмендегі мәселелер көрсетіледі:
  • келісімшарт нысаны (құнды қағаздар құқығын сақтау немесе есептеу);
  • депозитарлық қызметті жүзеге асырудың стандартты шарттары;
  • келісімшарт мерзімі;
  • депоненттің құнды қағаздарына байланысты ақпараттарын депозитарийге беруі;
  • депозитарий қызметіне ақы төлену тәртібі;
  • құнды қағаздар эмитентінің депонентке ақпараттар мен табыс көздерін тапсыру ережесі;
  • депоненттің акционерлік қоғамды басқару (акцияға байланысты) құқықтарын жүзеге асыру тәртібі;
  • Депозитарлық қызмет көрсету мақсаттарына қарай депозитарийлер екі топқа бөлінеді: 
  • Есеп айрысу;
  • тұтынушылар (кастодиандық)

Депозитарлық  қызмет 
 

  • Есеп  айырысу  - бұл депозитарий ұйымдастырылған қор нарығының кәсіпқой қатысушыларына  қызмет көрсетеді. Ол өз қызметін сауда, клиринг және айналымдағы құнды қағаздарды есептеу жүйелерімен тығыз байланыста ұйымдастырады.
  • Есеп –қисап  депозитариінің қызметі құнды қағаздар нарығының кәсіби қызметтерінің тек келесі түрлерімен қатар жүргізіле алады: клиринг қызметі және сауда –саттық ұйымдастыру қызметі.
  • Тұтынушылар депозитариі – құнды қағаздардың тікелей иеленушілеріне барлық   қызмет түрлерін көрсетеді.
  • Тұтынушылар депозитариінің негізгі қызметтері:
  • тұтынушылардың құнды қағаздарын жеткізу және қабылдау мәмілелері бойынша есептеу шараларына қатысу және оларды тұтынушылардың депо шоттарына енгізу;
  • тұтынушының құнды қағаздардан түскен табысын беру (дивидент, пайыздық);
  • келесі жағдайларда эмитенттің корпоративті әрекеттерін бақылау:
  • бонустық эмиссия және құқық беру;
  • акцияны бөлу және шоғырландыру;
  • құнды қағаздарды жаңалау;
  • эмитент атауын өзгерту;

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"