Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.Төлем балансы. Табирова Гаухар.doc

— 1,000.00 Кб (Скачать)

     Төлем балансының ағымдағы операцияларының тапшылығы:

  1. активтің бөлігін шетелдіктерге сату жолымен, яғни шетел капиталын осы елдің экономикасына тікелей немесе қоржындық инвестициялар түрінде салу арқылы;
  2. шетел банктерінен, үкіметтерінен немесе халықаралық ұйымдардан алынған шетел қарызының көмегімен;
  3. Ұлттық банкте сақталатын ресми валюта резервін қысқарту есебінен қаржыландырылуы мүмкін.

     Ел активімен жасалатын барлық халықаралық мәмілелер (оны сатып алу және сату) капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялардың шотында көрсетіледі. Капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялардың шотына, сондай-ақ таза қаржы  күрделі трансферттер (негізгі капиталға меншікті тегін беру) де кіреді. Оған мысалы, жол, емхана, әуежай салуға берілген инвестициялық гранттар жатады.

     Капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялар шоттарының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттерді беру мен алу қамтылатын баптары бойынша сальдосында активтермен жасалатын барлық мәлімелерден шетел валютасының таза түсімі көрсетіледі.

     Ұзақ мерзімді кредит «тікелей» және «қоржындық» инвестиция түрінде беріледі. «Тікелей» инвестицияға айтарлықтай  дәрежедегі инвестордың өз меншігі болып саналатын кәсіпорынға салынған  инвестициялар жатады, ал мұның өзі оған осы кәсіпорындардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді инвестициялардың қалған  барлық түрлері «қоржындық» инвестицияларға жатады.

      Активтермен жасалатын барлық халықаралық мәлімелер (Ұлттық банкке тиесілі ресми валюта резервін қоспағанда) капитал қозғалысы шотына шартты түрде бөлінеді. Капитал қозғалысы шотының оң сальдосы елге капиталдың таза құйылымы ретінде анықталады. Керісінше, таза жылыстауы (немесе капиталдың әкетілімі) шетелде актив сатып алуға жұмсалатын шығыс оны шетелде сатудан түсетін кірістен асып, осының салдарынан капитал қозғалысы шотының тапщылығы байқалғанда пайда болады. Ағымдағы операйиялар балансын капитал қозғалысы шотының баптарымен толықтыру төлем балансының жалпы сальдосын алуға мүмкіндік бкркді: 

Төлем балансының жалпы  сальдосы =

= ағымдағы операциялар  балансының сальдосы +              (2)

+ капитал қозғалысы балансының сальдосы. 

     Төлем балансының жалпы сальдосына, сондай-ақ «Таза өткізу және қателіктер» деген бап енгізілді. Теориялық тұрғыдан әрбір мәліме балансында – дебет және кредит бойынша  екі рет қамтылуға тиіс болса да – іс жүзінде аталмыш талап көбінесе орындалмайды. Бірқатар жағдайларда жасалатын мәмілелерде түрлі қызметтер ескерілуге тиіс, ал олардың ақпараты уақыты бойынша да, сондай-ақ саны жағынан да сәйкес келе бермейді. Кейбір экономикалық құндылықтар ағыны, әсіресе іс заңсыз мәмілеге қатысты болған жағдайда, статистикалық есептен мүлдем тысқары қалуы мүмкін. Осындай ескерілмеген ағындардың жалпы сомасын кредит пен дебет бойынша жалпы қорытындыны есептегеннен кейін анықтауға болады.

      Қосарлы шот принципі бойынша жасалатын төлем балансы анықтама бойынша нөлге тең болады, яғни елдің борышы түгелдей  төленуге тиіс дегенді білдіреді. Сондықтан ағымдағы операция шоты бойынша тапшылық капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялардың шоты бойынша оң сальдоға дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. Егер төлем балансының жалпы сальдосы тапшылықты білдірсе, онда берешекті өтеуі Ұлттық банк  шетел валютасының ресми резервін қысқарту арқылы (егер Ұлттық банк айырбастау бағамын нақтылаудан бас тартқан жағдайда) жұзеге асырады. Төлем балансының жалпы сальдосы оң болған жағдайда ресми валюта резерві жинақталады.[3] 
 

1.2 Төлем балансының  түрлері. 

     Халықаралық есептеулердегі елдің төлем жағдайын бағдарлау үшін ең алдымен экспорт пен импорттың ара қатынасын анықтайды.

     Шетелден сатып әкелінген және шетелге сатылған тауарлар көлемінің қорынынды көрсеткіші сауда балансы деп аталады. Кедендік мекемелердің сауда-саттық жөніндегі жинап, өңдеген статистикалық материалдары негізінде тұрақты түрде сауда балансы есептеледі. Экспорт пен импорттың айырмасын көрсететін сауда балансы ақпараттың мол көзі бола алмайды. Дегенмен, ол халықаралық экономикалық қатынастар көлемінің 80%-ін құрайтын сыртқы сауданың өте маңызды бастапқы көрсеткіші.

     Сауда балансының сальдосын шығару үшін дүниежүзілік статистикада экспорт – ФОБ бағаларымен (оған көліктің, қамсыздандырудың т.б. құны кірмейді) есептеледі. Импорт болса көліктің де, қамсыздандырудың да шығындарын қоса есептейтін – СИФ бағалары бойынша анықталады.

     Қызмет көрсетулер саудасына шетелге саяхаттар, теңіз тасымалдары т.б. жұмсалған қаржылармен байланысты  шығындар кіреді. Жекелеген елдер үшін төлем балансының, «қызмет көрсетулер» бөлімі орасан  мол пайданың көзі. Мысалы,  Греция мен Испанияда шетелдік туризмнен түскен табыс тауар экспорты құны көлемінің 60-80%-ін құрайды.

     Халықаралықесептеулердегі елдің төлем жағдайын шетелден аударылатын зейнетақы, сыйлықтар, тегін қаржылай жәрдемдер де сипаттайды. Іс жүзінде мұның өзі тегін жәрдем нысанында елге импортталып  жатқан шетелдік тауарлар.

     Төлем балансының тағы бір түрін ағымдағы операциялар балансы деп атайды.

     Ағымдағы операциялар (есептер) балансы елдің экономикалық жағдайы туралы едәуір мол ақпарат береді.

     Ағымдағы операциялардың оң сальдосы елдің шетелге шығаратын тауарлары мен қызмет көрсетулері көлемінің оларды шетелден сатып алу көлемінен артық екендігін көрсетеді. Ал, аталған операциялардың  теріс сальдосы елдің басқа елдерге берешегінің ұлғайғанын дәлелдейді.

   Ағымдағы  операцияларға ұзақ мерзімді аударулар  мен төлемдерді қоссақ, онда базистік баланс шығады. Базистік (негізгі) баланс елдің ең маңызды  макроэкономикалық көрсеткіштерін: сыртқы және ішкі бағалардың ара қатысын, валюта курсын, табыс көлемін, өсу қарқынын т.б. қамтиды. Бұлар сирек өзгеретін тұрақты көрсеткіштер. Жалпы қағидаға сәйкес, базистік баланс болашақта нөлге тең болуы тиіс, өзге жағдайларда елдің берешегі көбейіп кетеді.

     Базистік балансқа «қысқа мерзімді борыш» бабын қосу бірқатар мәселелер туындатады.

     Қысқа мерзімді борыш бабы елдің қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерінің бар немесе жоқ екендігін көрсетеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінің ұлғаюы елді қиын жағдайда қалдыруы  мүмкін. Қысқа мерзімді қарызы қалыпты мөлшерден (нормадан) асып кеткен ел шетелден қысқа мерзімді несие алуға немесе тіпті өз валютасын уақытша құнсыздандыруға (девальвациялауға) мәжбүр болады.

     Базистік балансқа (қысқа мерзімді капиталдың қозғалысы) бабының қосылуы автономды (дербес) есептеулер балансын береді. Халықаралық қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысы уақытша құбылыс емес, елдің экономикасының дамуымен байланысты болған жағдайда бұл баланстың маңызы күшейеді. Мысалы, ірі халықаралықфирмалар өзінің даму қарқынын бәсеңдету үшін қысқа мерзімді шетелдік несиелер алуға құштар болады; халықаралық операцияларда пайдалану үшін шетелдік азаматтар ұлттық валютаны көптеп сатып ала бастайды т.с.с.

     Мұндай жағдай 70-жылдары мұнайдың бағасы (ол доллармен есептелетін) жоғарылауымен байланысты долларға сұраныс көбейіп, оның курсын халықаралық валюта рыноктарында арттырды.90-жылдары бұрынғы КСРО азаматтары ұлттық валюталардың құнсыздануынан өздерін қорғау үшін жаппай доллар сатып ала бастады т.с.с. мысалдарды көптеп келтіруге болады.

     «Қателіктер және қалдырулар» бабына ерекше тоқталу қажет. Бұл бап активтер мен пассивтер арасындағы айырманы нөлге келтіру үшін қолданылады.

     Толыққанды баланс жасау үшін әрбір келісім теория жүзінде баланста екі рет көрсетілуі қажет болса, практика жүзінде бұл талап орындала бермейді. Мұның себептері статистикалық есептеулердің  көпшілігі немесе тіпті келісімнің өзінің заңсыздығы болуы мүмкін. Төлем балансын жасау үшін статистикалық мәліметтерді  жинаушы адамдардың өздерінің келісімдер жөнінде толық хабардар болмауы да ғажап емес.

      «Қажеттіліктер  және қалдырулар» бабы бойынша сомалардың көлемі статистикалық қызметтің  сапасына, құжаттарды дайындау дәрежесіне және т.б. байланысты. Бұл сомалардың жедел дағдарыс кезінде, елдің экономикалық жағдайынның төмендеуі тұсында анық көрінеде және олардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін.

      Төлем балансының тағы бір түріне өтімділік балансы (баланс ликвидности) жатады. Бұл баланстың дербес есептеулер балансынан айырмашылығы «қателіктер мен қалдырулар», резидент еместердің қолындағы қысқа мерзімді міндеттемелері, ел резиденттерінің  қарауындағы шетелдік қысқа мерзімді міндеттемелері баптарын қосу, немесе қоспау мүмкіндіктеріне байланысты.

      «Мемлекеттік резервтер» бабын қарастырайық. Бұл баптың  құрамына  мемлекеттің алтын қоры, шетелдік валюталар қоры, халықаралық валюта  корының (МВФ) резервтік квоталары (үлестері)  мен аталған қордың билігіндегі «қарыздардың арнаулы құқықтары» кіреді.

      Мемлекеттік резервтердің ролі көпжақты. Бұған  ұлттық валюта курсын қамтамасыз ету  кепілдіктерін беруді, егіннің шықпай қалуымен байланысты төтенше жағдайларды, стихиялық  апаттарды  қамтамасыздандыру, азаматтық  жөнсіздіктер мен әскери қимылдарды реттеу қызметтері жатады. Резервтер елдің несие алу мүмкіндіктеріне кепілдік жасайды және несиелер берілген жағдайда олардың тиімділігін қамтамасыз етіп, ел бюджетіне қосымша пайда әкеледі.

      Төлем балансының теріс сальдосы қалыптасқан жағдайда ұлттық валютаның курсын қолдау валюта  резервтерін сатумен тікелей байланысты. Күтпеген төтенше жағдайларға байланысты елді қажет заттармен қамамасыз ету мәселелеріндегі мемлекеттік резервтердің рөлі тіпті ерекше.

      Алтын-валюта резервтерінің  өсуі елдің халықаралық беделіне оң әсерін тигізіп, бұл елдің экономикалық жағдайының тұрақты да, сенімді екендігіне күмән келтірмейді.

      Девальвацияға ұшыраған шетелдік валютаны жинап, резервте ұстаудың ешқандай болашағы жоқ. Ол сұранысқа  ие болмайтын «өлі капитал» деп аталады.

      Жекелеген елдердің тәжірибесінде халықаралық  инвестициялық борыш балансы  пайдаланылады. Мұнда міндеттемелер  мен қаражаттардың артуы, немесе кемуі айқындалады. Бұл баланста капиталдар қозғалысы бөліміндегі  төлем мерзімі өтіп кеткен дебеттік және кредиттік  есептердің толық сомасы көрсетіледі.

      Жекелеген елдердің экономикалық жағдайын талдау үшін халықаралық  валюта қоры жариялайтын  төлем балансы схемасы өте  пайдалы.

      Кесте көрсеткіштері бойынша сауда  балансында да, ағымдағы операциялардың кредиттік (оң) сальдосында да ірі активтердің иесі – Жапония

( кесте  1).

      Үш  елдің 1992 жылғы сауда балансының көрсеткіштерін талдау, АҚШ пен Жапонияның капиталдарды экспорттаушы ірі елдер  екендігін анықтайтын. АҚШ негізінен  тікелей инвестицияларды экспорттаса, Жапония тікелей эәне портфельдік инвестицияларды шетелге шығарушы ел. 1992 жылы жапондық портфельдік инвестициялар осы елдің ішінен тікелей инвестицияларымен салыстырғанда 2 еседей артық болды. Ал, Франция болса керісінше, ұзақ мерзімді кредиттердің импорттаушысы болып табылады.

      Қысқа мерзімді капиталдардың  қозғалысы, олардың Франция (34 млрд.долл.) мен  Жапониядан (76 млрд.долл.) кетіп,  есеп проценті ставкасының жоғарылауының  ықпалымен АҚШ-қа  қарай ұмтылысын  көрсетеді.

      Басқа елдердің американ долларымен (38 млрд. доллардан аса) және Француз франкімен (11,5 млрд.долл. сомасында) жинаған валюта резервтері де көңіл аударарлық .

      Төлем балансының соңғы  бөлімі де оны  тепе-теңдік жағдайда ұстап тұру мәселесін  шешуде әр елдің өздеріне тән бағыттары бар екендігін көрсетеді.

     Сыртқы  экономикалық қызметтердің жан-жақтылығын көрсететін төлем баланстарының  көптүрлілігі олардың теориясына да өз әсерін тигізді.

      Төлем балансы жөніндегі әрбір теория мемлекетаралық қатынастар жүйесіне өзіндік  түсіндірмелерін бере отырып, өз көзқарастарын бұл қарым-қатынастардың жекелеген аспектілерімен (тауар, қаржы-қаражат, ақша т.б.) байланыстырады

     Төлем баланстары теорияларының бізге  белгілі түрлеріне неоклассикалық, кейнсиандық және монетарлық теориялары жатады.

Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері