Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.Төлем балансы. Табирова Гаухар.doc

— 1,000.00 Кб (Скачать)
 

      Қосарланған есеп принципі теңдік немесе нольдік  сальдоны ұйғарады. Мұның өзінде белгілі  бір логика бар, тауарлар немесе  капиталдар қозғалысы келісімдерін түгел есептеудің тұпкі нәтижесі нөлге тең болуы тиіс.

      Егер  фирманың немесе  мемлекеттің табысынан  шығыны көп болса, артық кеткен қаражат  қалай да қайтарылуы тиіс. Ол үшін сақтық қоры пайдаланылады немесе банкіден қарыз алынады. Қандай жағдайда да табыстар мен шығыстар сальдосы нөлге тең болуы қажет.

      Теріс (пассив) немесе оң (актив) сальдо төлем  балансының мына бөлімдеріндегі тепе-теңдіктің  бұзылғанын көрсетеді: а) «көз көріп, қол  ұстайтын» сауда, ол тауарлар сауда-саттығымен байланысты; б) «көзге көрінбейтін» сауда, оған әр түрлі қызмет көрсетулер мен көлік тасымалдары жатады; в) капиталдың бір елден екінші елге қозғалысы.

      Бір жағынан ағымдағы, немесе капиталдармен  операциялардың есебі бойынша дебеттің жалпы сомасының кредиттің жалпы  сомасынан артуынан пайда болатын  нетто-дебет төлем балансының  тапшылығын (дефицитін) сипаттайды. Бұл тапшылықтың орны халықаралық резервтерді өзгенртумен (ұлғайтумен)  толықтырылуы тиіс.

      Екінші  жағынан, егер  ағымдағы және капиталдармен операциялар бойынша кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасынан артса,  мемлекет  оң (актив) төлем балансына ие болады. Оң сальдоға халықаралық резерв есебіндегі дебеттік балансты кеміту арқылы қол жеткізіледі.

      Төлем балансында қолданылытын қосарланған есеп принципі жазбаларға сәйкес екі әрекеттен (келісімнен) тұрады. Бір әрекет екінші әрекетті  толықтырады, немесе екіншісінің түпкі  нәтижесін көрсетеді. Мысалы, сатып алушы қажет тауарды ақша төлеп алады. Мұндағы ең маңыздысы тауар сатып алу жөніндегі шешім. Оның салдары сатушыға тауар үшін ақша төлеу. Тауарлар немесе қызмет көрсетулер импортында да алғашқысы тауар сатып алу жөніндегі ұйғарым, екіншісі оы төлеу.

      Төлем балансының баптары да осыған  сәйкес дербес (автономный) және теңгермелі (балансируюший) болып бөлінеді.  Дербес  немесе негізгі  баптарға тауарлар мен капиталдар қозғалысын көрсететін баптар жатады. Теңгермелі, баланстаушы баптарға тауарлар немесе капиталдар қозғалысын  қамтамасыз ететін, қаражаттарды аударуды көрсететін баптар жатады.

      Дербес  немесе негізгі баптар тауарлар мен  қызмет көрсетулердің экспорты мен  импортын көрсетеді. Сондай-ақ негізгі  баптарға өндірістік орта жасауға қажет  инвестициялар да қосылады.

      Теңгермелі  баптарда төлем балансы сальдосын  реттейтін әдістер мен деректер көрсетіледі. Бұларға валюталық резервтердің қозғалысы, қысқв мерзімді активтер көлемінің өзгерісі, мемлекеттік жәрдем, мемлекеттік займдар және халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттері кіреді.

      Төлем балансы баптарының дербес (негізгі) және теңгермелі (баланстаушы) болып бөлінуі көрер көзге анық болғанымен, практика жүзінде тіпті басқаша болуы мүмкін. Мысалы, үкімет төлем балансының теріс сальдосына байланысты ұзақ мерзімді займ алу мәселесін қоюы мүмкін.  Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді займ шын мәнәнде теңгермелі бапқа тән болады. Сол сияқты үкіметтің тауарларды төлеу үшін «кепілдіктер жүйесін» (залоговая система) енгізуі төлем балансының негізгі баптарына кіргізілетін қысқа мерзімді кредиттеуді көрсетеді.

      АҚШ-қа есеп ставкаларын жоғарылатумен  байланысты қысқа мерзімді кредиттердің көптен келуі жағдайын қарастырайық. Бұл жағдай 80-жылдардың басында өкімет билігіне Р.Рейган әкімшлігінің келуімен байланысты қалыптасты. Көптен келіп жатқан капиталдар сомасы төлем балансы тұрғысынан дербес (негізгі) пе әлде теңгермелі (баланстаушы) ме?

      Капитал қожаларының өз қаражаттарын американдық  құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсау қажеттігі бойынша шешімі дербес қабылданады, сондықтан олар төлем балансының негізгі бабына жатады. Дегенмен, американ үкіметінің шешімі бойынша есеп ставкаларын жоғарылату нәтижесінде келген қысқа мерзімді капиталдар төлем балансының дефицитін (тапшылығын) жоюға бағытталған шара болатын, сондықтан олар теңгермелі (баланстаушы) бапқа жатады. Сонымен практика жүзінде төлем балансының бір бабында негізгі де, теңгермелі де келісімдер көрсетілуі әбден мүмкін.[1] 
 
 

1.4 Төлем қабілеті  және оның міндеттері 

     Төлем қабілеті, төлем төлеуге қабілеттілік – мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың төлем бойынша өз міндеттемелерін өздерінде бар ақшалай қаражаттың есебінен толық орындауға қабілеттілігі. Кәсіпорын, егер өзінде бар ақшалай қаражат, қысқа мерзімді қаржы салымы (бағалы қағаздар, басқа кәсіпорындарға уақытша ақшалай көмек) және актив есептесулер (дебиторлармен есептесулер) өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін (қысқа мерзімді несие мен қарызды, кредиторлық берешекті) өтейтін болса, төлем төлеуге қабілетті деп саналады. Төлем қабілеті кәсіпорынның жұмылдырылма қаражатының оның ағымдағы міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, яғни өтімді ресурстары (қолма-қол ақша, мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер, банктердің, акционерлік қоғамдардың аса өтімді бағалы қағаздары, т.б.) неғұрлым көп болса, ол қойылатын талаптарды, ағымдағы міндеттемелерді соғұрлым тезірек орындай алады. Өтімді активтер көлемінің азаюы кәсіпорынның үмітсіз берешегінің көбейгені сияқты оның Төлем қабілетінің деңгейін төмендетеді. Өтімді активтер мен талаптардың көлемінен міндеттемелердің артуы кезінде де осындай жағдай қалыптасады. Кәсіпорынның Төлем қабілетінің деңгейін белгілі бір дәрежеде оның айналым қаражатының күйі де айқындайды. Өндірістік үдерістің іркіліссіз жүруі үшін кәсіпорынның айналым қаражатының бір бөлігі өтімді нысанда болуға тиіс. Бұл ағымдағы төлемдерді, жалақыны төлеу, т.б. үшін қажетті қаражат. Егер кәсіпорынның айналым қаражатының елеулі бөлігі осы айналымнан басқа жаққа тартылатын болса және басы артық босалқы шикізат қорларының құрамында болса немесе басқа кәсіпорындарға қамсыздандырылмаған коммерциялық несие беру үшін пайдаланылса, сондай-ақ өтімділігі төмен бағалы қағаздарға салынатын болса, онда кәсіпорынның өз міндеттемелерін өтеу мүмкіндігі күрт төмендеп, оның төлем қабілеті азаяды. Төлем қабілеті коэффициенті пайыз түрінде тұлғаланады және әріптестің тәуекелдік дәрежесін көрсетеді. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді қарызы бойынша Төлем қабілетін көрсететін коэффициент қарыз капиталының меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі.[10]

     «Төлем қабілетсіздігі және банкроттық» ақпараттық жүйесі (әрі қарай Жүйе) ұйымның төлем қабілеттілігін сипаттайтын кредиторлық қарыз және негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру динамикасына бақылау жиынтығын жүзеге асыру, салық қарызын төлеттіру жөнінде сәйкес шаралар қабылдау, төлем қабілетсіздігі жоқ, қаржылық жақсарту, жойылуын алдын ала ескерту ұйымдармен жұмыс істеу бойынша шаралар мониторингі, сонымен бірге дәрменсіз ұйымдарға банкроттық процедураларын өткізу үшін ұсынылған. Жүйе, Салық Комитетінің (СК), дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (ДБЖК), оның территориялық бөлімшелерімен, ҚР Қаржы Министрлігінің орталық аппараты, сонымен қатар банкроттық процедурасын өткізуде тікелей қатысқан конкурстық және оңалту басқарушыларының барлық деңгейін қамтуы қажет.  «Төлем қабілетсіздігі және банкроттық» ақпараттық жүйесін екі шартты тәуелсіз ақпараттық ішкі жүйелерге бөлуге болады: Мерзімінде орындалмаған салық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерді қолдану, салық қарыздарын мәжбүрсіз төлеттіру жөніндегі шараларды қолдану жүйесі. Оңалту және мәжбүрсіз жою процедураларын өткізу кезіндегі жүзеге асырылатын шараларды бақылау және мониторинг жүйесі – «Банкроттық». 
             «Төлем қабілетсіздігі» ішкі жүйесінің мақсаты және міндеттері. 
Мақсаты: Төлем қабілетсіздігі жоқ ұйымдарды шығару және салық қарызын төмендету.  
Міндеттері:

  • Мерзімінде орындалмаған салық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және салық қарызын мәжбүрсіз төлеттіру шараларын қолдану;
  • Төлем қабілетсіздігі жоқ ұйымдарды анықтау және жіктеу;
  • Қасақана банкроттықты болдырмау мақсатында банкроттық процедурасын өткізгенге дейін салық төлеушінің мүліктерін (активтерін) алу белгісін шығару.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Қазақстан Республикасындағы   төлем балансының  тапшылығы және  оның төлем қабілетсіздігіне  әсері 

2.1 Қазақстан Республикасындағы  төлем балансы тапшылығының себептері 

      Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын  тауарлар мен  қызметтерге ішкі сұраным отандық  тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға  қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

     Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

   Валюталық бағамның қажеттігі:

  1. тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  2. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
  3. фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал  етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.[12]

       Қазақстан Республикасының 2009  жылғы төлем балансы  (алдын ала нəтижелер).  Қазақстан    экспортының негізгі тауарларына əлемдік бағалардың баға конъюнктурасы,  ұлттық валютаның айырбастау бағамын түзету,  банктік емес корпоративтік сектордың заем операциялары жəне банктердің сыртқы борышына қызмет көрсету 2009  жылы төлем балансының жай-күйіне ықпал еткен айқындаушы факторлар болды.

     Алдын ала жасалған деректер бойынша Қазақстан  төлем балансының ағымдағы шотының  тапшылығы қаңтар-қыркүйек айларында 3,4 млрд АҚШ долларын құрады. Мұндай деректер Ұлттық банктің сайтында жарияланған. Сонымен қатар I тоқсанда ағымдағы шоттың тапшылығы 1,088 млрд долларды құраса, II тоқсанда – 2,587 млрд доллар, III тоқсанда – 285,9 млн доллар профицит болды. Сол арада 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ағымдағы шоттың тапшылығы профицитпен құралып 6,659 млрд доллар деңгейінде болды. Сауда балансының профициті 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9,058 млрд доллар (2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – профицитпен 28,153 млрд доллар болды). Қызмет көрсету балансы қаңтар-қыркүйек айларында теріс шамамен құралып 4,270 млрд болды (2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында - 5,143 млрд доллар тапшылығымен). Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестициялар есеп беру кезеңі бойынша 7233,5 млн доллар болса,  2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстыратын болсақ, онда 7717,3 млн доллар болған. 

         Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты I-ші жарты жылдықта 3,7 млрд долларды құрады деп хабарланған Ұлттық банктің сайтында. «Төлем балансының статистикасы» есебінде 2009 жылдың I-ші жарты жылдығында анықталған ақпарат бойынша Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 3,675 млрд доллар тапшылығымен құралды. Сонымен бірге I тоқсанда ағымдағы шоттың тапшылығы 1,088 млрд теңгені құраса, II тоқсанда 2,587 млрд долларды құрады. Сол арада 2008 жылдың I жарты жылдығында ағымдағы шоттың     төлем балансы 3,805 млрд доллар деңгейіндегі профицитпен қалыптасты. Сауда балансының профициті 2009 жылдың I жарты жылдығында 4,116 млрд долларды (2008 жылдың I жарты жылдығында 17,971 млрд доллар көлемінде болатын) құрады. I тоқсанның сауда профициті 2,039 млрд долларды, ал II тоқсанда 2,077 млрд долларды құрады делінген банктің есебінде. [8]

         ҚР-дың 2009 жылғы қаңтар- науызда төлем балансының ағымдағы шот тапшылығы - $1,1 млрд-ты құрады. Капитал және қаржылық операциялардағы шоты $527 млн профицитпен қалыптасты.                                     

         2009 жылдың бірінші тоқсанында сауда балансы $2 млрд профицитпен аяқталды. Тауарлар экспорты $8,19 млрд, ал импорты – $6,15 млрд-ты құрады. Қызмет алмасу балансы $1,1 млрд. тапшылықпен қалыптасты. Қызметті экспорттау көлемі $789 млн, ал импорттау көлемі  - $1,9 млрд болды. Еңбекақыны төлеу мен инвестициялық кіріс балансы $1,8 млрд тапшылықта, оның ішінде резиденттр еместердің Қазақстанға тікелей инвестииядан кірісі 2009 жылғы қаңтар-наурызда  $1,3 млрд-ты құрады. Қазақстан    экспортының негізгі тауарларына əлемдік бағалардың баға конъюнктурасы,  ұлттық валютаның айырбастау бағамын түзету,  банктік емес корпоративтік сектордың заем операциялары жəне банктердің сыртқы борышына қызмет көрсету 2009  жылы төлем балансының жай-күйіне ықпал еткен айқындаушы факторлар болды. [18]                                                                                                                                  

     Əлемдік бағаның тұрақтандырылуы 2009 жылғы  екінші жартысынан бастап тауар экспортының  жəне сауда балансы профицитінің айтарлықтай өсуіне əкелді. 2009 жылғы 4-тоқсанда сауда балансы профициті 2009  жылғы 3-тоқсандағы деңгейден 24,5%  асып, 6 млрд.  АҚШ долл.  астам болды.  Нəтижесінде ағымдағы шоттың тапшылығы қысқарды жəне алдын ала бағалау бойынша тұтастай алғанда, 2008 жылғы 6,6 млрд. АҚШ долл. Оң сальдоға қарағанда 2009 жылы  2,8 млрд. АҚШ долл. болды. 

     Сонымен қатар, төлем балансының негізгі  факторларына қатынасы бойынша 2008 жылғы  ерекшелікті ескере отырып, 2009  жылдың нəтижелерін бұрынғыжылдармен салыстыра  отырып бағалау орынды.  Мəселен, 2009 жылғы  15,2 млрд. АҚШ долл. Сауда  балансының профицитін 2007  жылғы осындай көрсеткішпен (15,1  млрд.  АҚШ долл.) салыстыруға болады,  бұл 2008  жылмен салыстырғанда 54,6% (2008  жылы 33,5  млрд. АҚШ долл.)  қысқарды.  Бұл ретте 2009 жылы Қазақстандық экспорттың орташа келісімшарттық бағасы 2008 жылғы көрсеткіштен 41,6%, ал 2007 жылмен салыстырғанда – 14,4% төмен.  Алайда 2009  жылы кеден статистикасы белгілеген ресми экспорттың нақты көлемінің орташа жылдық өсімі барлық тауарлар бойынша 2008  жылғы көрсеткішпен салыстырғанда орташа есеппен 3,9% жəне 2007 жылмен салыстырғанда 5,7% болды. Бұл өсім негізінен тиелген мұнай жəне    газ конденсаты экспортының саны есебінен қамтамасыз етілді,  ол 2008  жылмен салыстырғанда 10,8%  жəне 2007  жылмен салыстырғанда 10,6%  өсті,  ал 2009  жылы өткен жылдармен салыстырғанда қара жəне түсті металдардың топтары бойынша сандық экспорттың түсуі байқалды.

Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері