Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 19:48, реферат
Қазақстан аумағында мемлекеттердің құрылуы. Бұл – Қазақстанның саяси, әлеуметтік –экономикалық, мәдени және этностық жағынан жан-жақты дами бастаған кезеңі.Шыңғыс хан жаулап алған жерін өзінің төрт баласына бөліп бергенде, оның үш баласы Жошыға, Шағатайға және Үгедейге Қазақстанның жері тиген.Үлкен Жошыға Қазақстанның орталығы, солтүстік-батысы, Сыр және Арал теңізінің аймағы тиіп, бұл жер Жошы ұлысы аталған.
Қазақстан аумағында мемлекеттердің құрылуы. Бұл – Қазақстанның саяси, әлеуметтік –экономикалық, мәдени және этностық жағынан жан-жақты дами бастаған кезеңі.Шыңғыс хан жаулап алған жерін өзінің төрт баласына бөліп бергенде, оның үш баласы Жошыға, Шағатайға және Үгедейге Қазақстанның жері тиген.Үлкен Жошыға Қазақстанның орталығы, солтүстік-батысы, Сыр және Арал теңізінің аймағы тиіп, бұл жер Жошы ұлысы аталған.
Жетісу және Оңтүстік
Кейін XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Ақ Орда аталған Орда Еженнің жері жеке мемлекет болып, өз алдына жеке билік жүргізген. Ақ Орданың бұлай аталуы Алтын Орданың ханы Өзбек (1312-1342 жж.) өзінің Тыныбек деген ұлын Сығанақ қаласына жіберіп, Орда Ежен ұрпақтарының оған бағынуын талап еткен. Алайда Тыныбек хан Орда Ежен тұқымдарының қолынан қаза тапқан.
Кейбір деректерде XIV ғасырдың соңғы кезінен Ақ Орда Өзбек ұлысы деп те аталған. Орданың жері шығысында – Алтай тауларынан Сырдарияның төменгі ағасы Арал теңізіне дейін,ал терістігі – Орал тауынан Жетісу жеріне дейінгі аймақты алып жатқан. Осындай кең байтақ жерді алып жатқан Орда Еженнің ұрпақтары Алтын Ордаға бағынудан бас тартады.Әсіресе өз аттарынан ақша шығарған Мүбарак пен Орыс хандарының кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан мүлде бөлектенген.Алайда Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың екі жүзді саясатының әсерінен,Әмір Темірдің және оның әулетінің шапқыншылығынан Ақ Орда мүлде әлсіреді. Орданың далалық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандағы қалыптасқан дәстүрлі сауда-экономикалық қатынастары бұзылды. Бірақ Орыс ханның немересі Барақ ханның кезінде Ақ Орданың жағдайы біраз жақсард.Барақ ханның алдына қойған басты мақсаты – Сырдария бойындағы қалаларда өз билігін нығайту болды. Ол өзінің Ұлықбекке жолдаған хатында Орыс ханның мұрагері ретінде бұрынғы Ақ Орданың иелігінде болған жерді алуға құқығы бар екендігін ашық айтып: «Менің атам Орыс хан Сығанақта тұрып, сонда құрылыс салғандықтан, Сығанақ жайылымдары заң бойынша да, әдеттегі құқық бойынша да маған тиесілі», - дейді. Сөйтіп, ол Ұлықбекке қарсы 1426 – 1427 жылдары жорыққа шығып,женіспен оралады.Ал XV ғасырдың 20-жылдарының соныңда Барақ ханның қаза болуына байланысты билік Шайбани (Жошының бесінші баласы) ұрпағы Әбілхайыр ханның қолына көшеді.
Сонымен
XV ғасыдың екінші ширегінде Ақ Орданың
орнына Әбілхайыр хандығы құрылады. Шайбани
ұрпақғы Жұмадық хан 1428 жылы Маңғыт әмірлерімен
және Жошы ұрпағы Қажы-Мұхаммедпен болған
шайқаста қаза тапқаннан кейін Әбілхайыр
(1428-1468 жж.) хан сайланады.Махмұд ибн Уәлидің
дерегіне қарағанда,Әбілхайыр 17 жаста
болған. Оның хан болуын ру-тайпалардың
200-ден астам ірі өкілдері қолдаған. Әбілхайыр
хан найман,қонырат,қаңлы,қарлұқ,
Хан
шежірешісінің жазуына
Алтын
Орданың ыдырауының
Қазақстанның оңтүстік-шығысында да айтарлықтай тарихи өзгерістер болып жатты.Бұл аймақ Шағатай ұлысының қарамағында болатын. Ұлыстың ыдырауына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жері жаңа құрылған Моғолстан мемлекетінің құрамынаенді. Мемлекет Жетісу мен Шығыс Түркістан және Қырғыз жерін алып жатты. Мемлекеттің алғашқы ханы Тоғылық – Темір болды. Оның орталығы – Алмалық қаласы. Тоғылық Темір ислам дінін енгізудің жолында көп әрекет жасаған хандардың бірі. Хан Орталық Азиядағы Шағатай ұлысы кезіндегі иеліктерді өз қол астына қайта біріктіруге әрекет жасаған. Алайда бұл әрекеттерінен еш нәтиже шықпайды. Орталық Азияда өзінің империясын құрған Әмір Темір жие жорық жасап,басқа да елдермен саяси талас-тартысқа толы тынымсыз өмір сүрген.
Информация о работе Қазақстан аумағында мемлекеттердің құрылуы