Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.Төлем балансы. Табирова Гаухар.doc

— 1,000.00 Кб (Скачать)

      Неоклассикалық  теория бойынша төлем балансының негізгі элементі осы елдің тауарлары  мен қызмет көрсетулерінің экспорты мен импортының ара қатысы. Мұның  өзі жергілікті, немесе шетелдік тауарларды таңдап алудағы жергілікті және шетелдік резиденттердің алған бағыт-бағдарына бағынышты. Ұлттық немесе шетелдік тауарды сатып алу мәселесі олардың бағаларын салыстыру арқылы шешіледі. Басқаша айтқанда, классикалық теория бойынша төлем балансының шншуші параметрлеріне салыстырмалы біртекті тауарлар мен валюталардың айырбас курсы жатады. 

Кесте 1

АҚШ, Жапония  және Францияның 1992 жылғы төлем баланстары 

Негізгі баптар Елдер (млн.долл)
АҚШ Жапония Франция
A.  Ағымдағы операциялар -66300 117640 4109
      тауарлар экспорты (фоб) 440140 330870 225222
      тауарлар импорты (фоб) -536280 -198470 -223561
      сауда балнсы -96140 132400 1661
       қызмет көрсетулер (сальдо) 42320 -41420 20681
       инвестициялардан табыс  20450 31280 -9733
       трансферттер -32880 -4620 -8500
B.  Ұзақ мерзімді инвестициялар -17610 -30780 14963
       тікелей инвестициялар -32420 -14520 -9150
       портфельдік инвестициялар 14190 -28410 34180
       басқа ұзақ мерзімді күрделі  қаржылар 340 18480 -8256
       базистік баланс (А+В) -83910 86860 19072
C.  Кысқа мерзімді капиталдар (сальдо) 54190 -75770 -33997
D.   Қателіктер мен қалдырулар -12340 -10460 1831
      ресми есептеулер балансы (А+В+С+Д) -42060 630 -13094
F.  Шетелдікмемлекеттер алдындағы     міндеттемелер 38140 - 11519
G.   Резервтегі өзгерістер  3920 -630 1575
       монеталық алтын - - 1170
       қарыздардың арнаулы құқығы 2320 1400 1125
      МВФ-тағы резервтік позиция -2660 -1220 -887
      шетелдік валюта резервтері 4270 -810 168
 

      Кейнсиандық теория бойынша төлем балансы  өнім өндірумен байланыстырылады. Өнм өндіру шығындарынан жиынтық ішкі шығындарды шығарып тастасақ, «түбінде» төлем балансы қалады дейді аталған теорияны жақтаушылары. Валюта курсы,  бәсеке мүмкіндігі т.б. көрсеткіштер өнім өндіруге немесе жиынтық ішкі шығындарға тигізетін әсерлері арқылы ғана есепке алынады.

      Кейнсиандық теорияны жинақтаушылардың  ең көп  қолданылатын терминдерінің бірі «экспорттың  өсуін ынталандыру». Бұл теорияға сәйкес төлем балансы шығындармен  немесе өндіру көлемімен тығыз байланыстырылады. Егер, дейді кейнсиандықтар, өндірістің кемуі ішкі шығындардың қысқаруымен бір уақытта жүріп, өндірістің төмендеу көлемі шығындардың қысқару көлемінен салыстырмалы кемдеу болса төлем балансының жақсаруын күтуге болады.

      Монетарлық  төлем балансының бұзылуын ең алдымен  айналымға анық қажеттіліктерден артық ақша қаражаттарын шығарумен байланыстырылады. Егер артық ақша көлемі  белгіленген  деңгейден  асып кетсе, төлем балансының тапшылығы пайда болады. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі шетелдерден келетін валютаны пайдалануға  итермелейді. Валютаның қажет көлемінің  келуі немесе кетуі төлем балансының оң немесе теріс сальдосын қалыптастырады.

      Төлем балансының неоклассикалық, кейнсиандық  және монетаристік  теорияларын  жинақтап қарастырсақ, онда мынадай  қорытындыға келуге болады: аталған бағыттардың барлығы да негізінде тауарлар мен капиталдардың халықаралық айырбасын көрсететін  төлем балансының әртүрлі жақтарын сипаттайды.[1] 
 

1.3 Төлем балансының  баптарының сипаттамалары. 

   Тауарлар  мен қызмет көрсетулердің ұлттық шекарадан тысқары қозғалысына қарама-қарсы, төлем ақы ретінде қаржы-ақша қозғалысы пайда болады. Осы қарама-қарсы ағыстар төлем балансы баптарында қорытындылап көрсетіледі.

         Төлем балансы дегеніміз  – жекелеген ел мен басқа бір  елдер резидентінің арасында белгілі  мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.

         «Резидент» түсінігіне тоқталайық. Дипломаттар, әскерилер, туристер туған елдерінен тысқары жерде  жүрсе де, өздері азаматы болып  есептелетін елдің резиденттері болады. Бұл түсінік фирмаларға  да қатысты. Олар өздері қызмет бабымен жүрген  елдің емес, азаматы есебінде тіркелген елдің резиденті болып саналады. «Резидент» статусы тұрақты мекен-жайға қарай беріледі. Тек, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар ғана өздерінің мекенжайы орналасқан елдердің резиденттері емес.

         Төлем балансы елдің  төлемдері мен кірістерінің жағдайын анықтайды. Халықаралық валюта қоры есептеуші елдердің барлық экономикалық келісімдерін мерзіміне қарай  төлем балансы ретінде сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара келісімдерді емес, мемлекетаралық жиынтық келісімдері қорытындылып көрсетеді. Төлем балансы, әдетте бір календарлық жылды қамтиды.

         «Келісім» деп –  тауардың, экономикалық қызмет көрсетудің кез-келген айырбасын немесе активтерге меншік құқының бір елдің резидентінен басқа бір елдің резидентіне өтуін атайды.

         Қазіргі уақытта  төлем балансы елдің халықарадық  тауарлар, қызмет көрсетулер және капиталдар айырбасына қатысуы ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың мағызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналып отыр.

      Төлем балансының негізгі қызметі тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың өсуімен (валютаның елден кетуі) немесе шетелдік влютаның келуімен байланысты келісімдердің барлық түрлерін топтап көрсету.

      Қазақстанға шетел валютасын келтіруге ықпал  ететін сыртқы сауда келісімдерінің түрлеріне мыналар жатады:

  1. Тауарлар экспорты. Бұған Қазақстанның кедендік шекарасынан өтіп кететін тауарлардың барлығы жатады.
  2. Қызмет көрсету экспорты. Бұған елімізге келетін шетел туристеріне, дипломаттарына және бизнесмендеріне қызмет көрсетудің төлем ақылары кіреді.
  3. Шетелдік акцияларды иемденуші қазақстандықтарға төлейтін проценттер мен дивиденттер.
  4. Бір жақты ақша аударулар мен трансферттер. Бұларға зейнетақыны аудару, шетелдік мемлекеттерге көмек, эмигранттардың өз туыстарына аударатын еңбекақылыр және Қазақстанға келіп жатқан мемлекеттік немесе гуманитарлық көмектер жатады.Келісімнің бұл түрінің бір ерекшелігі келіп түскен  қаржылар     қарама-қарсы ресурстар ағысын тудырмайды.
  5. Қазақстандағы шетел резиденттерінің ұзақ мерзімді займдары мен инвестициялары. Бұлар қазақстандық фирмалар мен ұйымдардың шетел мемлекеттері мен компанияларынан алып жатқан зайымдар ы мен инвестицияларын қамтиды. Жеке меншік кәсіпкерлікке олардың қатарына шетелдіктердің  қазақмтандақ өнеркәсіп орындарын , құрылыстарды және басқа қозғалмайтын мүліктерді (недвижимость) сатып алуы жатады . Мұндай келісімдер кейбір жағдайларда капитал экспорты түрінде жинақталып көрсетіледі. Елдегі кәсіпорындарды, қозғалмайтын мүлікті т.б. сатудың өзі капиталды экспорттаудың ерекше бір түрі емес пе?
  6. Шетелдік фирмалар мен ұйымдардың Қазақстанға беретін қысқа мерзімді инвестициялары мен займдары. Бұл келісімдер жоғарыда көрсетілген келісімдергеұқсас, бар айырмашылығы олардың мерзімінің  қысқалығында.
  7. Шетелдік резервтер. Бұлардың қатарына шетел мемлекеттерінің Қазақстанның ұлттық банкінен алған валюталық немесе басқа резервтері жатады.

     Аталған келісімдердің әрқайсысының қарама-қарсы нысандары бар. Оларға шетел тауарларының импорты, зейнетақы және басқа қаражаттарды аудару, шетелдік мемлекеттер мен жеке меншік фирмаларға несиелер есебінде шетел валюталарының Қазақстаннан кетуі жатады.

      Тауарлардың экспорты мен импортын,  қызмет көрсетулерді, проценттер мен дмвидендтерді, бір жақты аударулар мен трансферттерді, алынған және берілген ұзақ және қысқа мерзімді займдарды, сондай-ақ мемлекеттік резервтердің келуі мен кетуін біріктірсек, онда халықаралық экономикалық әдебиетте қолданылатын «төлем балансы» атты құжатқа ие боламыз.

      Келісімдердің қарастырылған баптарын шартты түрде  үш топқа біріктіруге болады:

1) экспорт-импорт  операциялары жататын ағымдағы  есеп бойынша келісімдер;

2) капитал  қозғалысымен байланысты келісімдер;

3) ресми  резервтердің  есептері.

      Бірінші топтағы келісімдер тауарлар мен  қызмет көрсетулерге, меншік құқын  беруге байланысты операцияларды тіркейді; екінші топ – капиталға меншік құқын беруге байланысты, ал үшінші топ елдің  ұлттық банкінен ресми резервтерді алуды тіркейді.

      Қабылданған  ережелерге сәйкес төлем балансы  қосарланған есеп (двойной счет) принципі бойынша жасалады. Мұның  мәні мынада: әрбір келісім бір  уақытта екі есепке қатар жазылады; дебетте, тауардың немесе қаражаттың осы есепке келіп түскенін айғақтайды, және кредитте, тауардың босатылғанын (берілгенін) немесе осы есептен қаражаттың төленгенін сипаттайды. Жүргізілетін әрбір операцияның екі жағы бар, мысалы, тауардың келіп түсуі және оның төлемі. Тауарды алғаннан соң, ол үшін төлеу қажет. Жасалып жатқан балансқа дәстүр бойынша дебеттік жазбалар «минус» (-) белгісімен, ал кредиттік жазбалар «плюс» (+) белгісімен  түсіріледі.

      Нақты келісімді дебеттік немесе кредиттік  есепке жазуды шешу үшін мынаны есте ұстау  қажет. «+» белгісі бар кредиттік жазбалар түпкі нәтижесінде елге келіп түсетін ақшалар жөніндегі келісімдерге қатысты; «-» белгісі бар дебеттік жазбалар елдің валюта шығындарына қатысты келісімдерде көрсетіледі.

      Тауарлар  мен қызмет көрсетулер экспортты, капиталдардың келуі төлем балансының кредиттік есебінде «+» белгісімен жазылады.

     Тауарлар  импорты, шетелдік инвестициялар шетелге  кететін займдар мен несиелер, шетелдіктер аударатын зейнетақылар мен сыйлықтар мұның бәрі «-»  белгісімен дебеттік есепте көрсетіледі (кесте 2).

     Қазақстан тауарын Ресейге экспорттау мысалын  қарастырайық. Егер Қазақстан Ресей  рыногында ақ қаңылтыр сатқан болса, онда ресейліктер  оны төлеу үшін рубльді қазақстандық теңгеге айырбастауы  қажет. Нәтижесінде, экспорт халықаралық  рынокта теңгеге сұранысты ұлғайтады, сондықтан ол «+» белгісімен бағаланады. Ал, Ресейден тауарды импорттау кезінде жағдай керісінше болады. Қазақстан ұшін есеп шоттарға теңге түсіруді қамтамасыз ететін негізгі келісімдерге тауарлар экспорты мен шетелдіктерге қызмет көрсету келісімдері жатады.

     Қазақстанның  ұлттық валютасы – теңгенің қорын  кемітетіндерге тауарлар мен қызмет көрсету импортынан басқа туризмге шығындар, Қазақстандық әскерлерді шетелге  ұстап тұруға кететін шығындар жатады.

     Тауарлар  экспорты мен капиталдар экспортын келісімдердің біртекті түрлері деп қарастыруға болмайды. Олар өздерінің мәні бойынша тіпті қарама-қарсы, тауарлар экспорты шетелге  тауар жеткізуші мемлекетке шетелдік валютаны келтіреді, сөйтіп ол «+» белгісімен тіркеледі. Капиталдар экспорты, керісінше, ақшалай қаражаттың кетуін көрсетеді, сондықтан олар «-» белгісімен жазылуы тиіс. 

Кесте 2

 Төлем балансында « + » жəне « - » белгілерін пайдалану 

Операциялар « + »

Кредит

« - »

Дебет

1. Ағымдағы шот
Тауарлар  мен қызмет көрсетулер Тауарлар мен  қызмет көрсетулер

экспорты

Тауарлар мен  қызмет

көрсетулер  импорты

Кіріс Резидент еместерден түсімдер Резидентеместерге төлемдер
Ағымдағы  трансферттер Резидент еместерден түсімдер Резидент еместерге  төлемдер
2. Капиталмен жəне  қаржымен  операциялар  шоты жəне резервтер
Күрделі трансферттер Резидент еместерден түсімде Резидент еместерге  төлемдер
Қаржылық  активтермен жəне

міндеттемелермен  операцияла

Қаржы құралдарының келуі

(Резидент  еместердің алдындағы

міндеттемелердің  өсуі немесе

резидент  еместерге  талаптардың

азаюы)

Қаржы құралдарының кетуі

(Резидент  еместерге

талаптардың өсуі  немесе

резидент  еместердің алдындағы

міндеттемелердің  азаюы)

Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері