Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2011 в 12:44, реферат
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. XVII ғасырдың 40-жылдарынан Қазақстанға сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. 1711—1717 жылдар аралығындағы жоңғардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты. Жоңғария әскери ектемдігін пайдаланып, XVII ғасырдың аяғы.—. XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін жаулап алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1.Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосыла бастауының алғышарттары және барысы........................................................................3
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі................7
3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі....................................10
4. Қолданылған әдебиеттер............................................................................12
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Мемлелекеттік
және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы
Реферат
тақырыбы: Қазақстаның
Ресей
құрамына кіру
Талдықорған
қаласы 2011ж
Жоспар:
1.Қазақ
жерінің Ресей империясының
құрамына қосыла бастауының
алғышарттары және барысы........................
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі................7
3.
Кіші жүздің Ресей империясы
құрамына кіруі.........................
4.
Қолданылған әдебиеттер........
1.Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосыла бастауының алғышарттары және барысы.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер ушін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқым-дарыңың алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. XVII ғасырдың 40-жылдарынан Қазақстанға сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. 1711—1717 жылдар аралығындағы жоңғардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты. Жоңғария әскери ектемдігін пайдаланып, XVII ғасырдың аяғы.—. XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін жаулап алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
Қалмақтардың соққысының ауыр болғандығы соншалық, енді үш жүздің өкілдері жауға қарсы курес-ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп таныды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері. Қарақұм маңында бас қосьш, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады. Осы кеңестің шешіміне сай бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлері шығысқа қарай ығыстырылды. Күшті біріктіру кейінгі жылдары да тамаша нәтиже берді. 1711 жылы жоңғар феодаддары Қазақстанға шабуыл жасағанда қазақ батырлары тізе қосып халық жасақтарын бастап жауға соққы берді. 1712 жылы қазақ жасақтары Жоңғарияға кірді. 1718 жылғы жоңғар қонтайшысының қазақ жеріне жасаған жорығы да олар үшін сәтсіздікпен аяқталды. Алайда келесі жылы қазақ хандығы жоңғариядан жеңіліс тапты 1718 жылы Аягөз өзені бойында Қаракерей Қабанбай мен Шақантай (Жауғашар) батырлардың басшылығымен жоңғар қолын талқандаған жеңіс те қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек
3
жоңғар елінің ұдайы шабуылдары болып қойған жоқ Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір қазақтары елдің мазасын алса, оңтүстікке іргелес орналасқан Қоқан, Хиуа мемлекеттері де - қазақтардың қиын ахуалын өз мүдделеріне пайдалануға тырысты, Алайда - Қазақстанның тәуелсіздігіне әсіресе қауіп төндірген Жоңғария әскери-феодалдық мемлекеті еді. 1722 жылы Цинь (Қытай) императоры Канси (Юнь Чжен) өлғгеннен кейін осы елмен қарым-қатынасык ретке келтірғен Жоңғария барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алды.
1723 жылы қазақ феодалдарының өзара қырқысын әскерден жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса-көктеп кірді. Жетісуды жапыра,жоңғар әскері Қаратауды басып өтіп, Талас алқабында көшіп жүрген қазақ ауылдарына ойран салды. Бұл "Ақтабан шұбырындының" басы еді. Жаудың алғашқы соққысына төтеп бере алмаған ¥лы жүздің көпшілік рулары Орта жүздің бірқатар руларымен Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр саласынан сәл жоғарырақ өтіп, Ходжентке қарай беттеді. Орта жүздің басқа рулары Самарқанға қарай ойысты. Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне ығысты. Басқыншылармен арпалысқан қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясының шекарасына жақындады.
Жоңғарлардың
күтпеген жерден, бірнеше бағытта
ұйымдастырылған
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман,
. Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман»
Щұбырғанда ізіңнен қар борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Жоңғар шапқыншылығы
Орталық Азиядағы, халықаралық қатынастардың
өзгеруіне мейлінше әсерін тигізді.
Қазақстанның Орта Азия хандықтары мен
батыста Еділ қалмақтарының иелігіне
жақындауы көршілес мемлекеттермен
қарым-қатынастың біршама салқындауына
себепші болды. Жайық
4
бойындағы қазақтарға іргелес қоныстанған қазақтар, оңтүстік қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуыл жасап, жағдайды одақ да қиындатып жіберді. Әсіреесе,-қатты ойрандалған жер Жетісу өңірі еді.
Ел билігін қолында ұстаған хаңдар мен сұлтандар халықтың басына түскен ауыр күндерде жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ойдағыдай үйлестіре алмады. Тіпті, қалмақтар ауылдарды талқандап жатқанда, Шыңғыстың тұқымдары өздерінің ескі кәсібін ұмытпады. Олар бір-бірімен қырқысып, халықтық хал-ахуалының тіпті ауырлап кетуіне себепші бодды, Есімдері аңызға айналған Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, тағы басқа батырлар жеке қолдарға бас болып, күресті тоқтатпады. Атақты жыраулардың толғауларында ерліктері сипатталған халық батырлары ата-мекенді жаудан тазартуда ерекше орын алды Қазақ жалқынық жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 1725 жылы шабуылдарын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды Оңтүстік аудандарды елді мекендері мен керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалың қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар асқыншылардан туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Бір-біріне қарсы рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда, әсіресе белгілі би, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті.
1726 жылы Сарысудағы орта ағысы алқабында, ұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға- ойсырата соққы берді. Зеңбіректер мен және мылтықпен жете қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батыр-ларының біріккен күшіне төтен бере алмады "Қара сиыр" деген-жерде болған қанды шайқас қазақтардың толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ қолдарының тасталқаны шыққан сол жер кейіннен «Қалмақ- қырылған" деп аталып кетті.
Бұл
жеңістің қазақ Әйтекеби
халқының әскери, моральдық рухын көтеруде
орасан зор маңызы болды. Шайқастың табысымен
жігерленген қазақ руларының үш жүздің
басын құрап қана жоңғар қаупінен құтылуға
болатындығына сенімі күшейді. Ендігі
жалпы мақсат қазақ жерін түгел жаудан
тазартып, елдің толық тәуелсіздігін қалпына
келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы,
негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс
өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында,
соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де қалмақтар
үстемдік етті. Қауіпқатер әлі де жойылмады.
Қазақстанның шетел басқыкншыларынан
түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса бірігіп
күресу қажет еді.
5
Қазақ билеушілерінің өзара шешіміне сай жоңғарларға қарсы барлық жасақтарға дара қолбасшылық жасау бірауыздан Әбілқайыр ханға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы қазақ батырларын өз туының астына біріктіре білген тамаша қолбасшы Әбілқайыр халықтың мұңын терең түсінді.
Қазақстанның
оңтүстігінде, Ордабасы тауының етегіне
барлық қазақ жасақтарының жиналуының
айқын себебі де бар еді.
Осы жерден жау қолындағы Жетісуды азат
етуге аттануға жақын болды. Сонымен қатар
Алатау мен Қаратау сілемдерімең қоршалған,
ал шығысқа қарай тегіс ашық дала болып
келетін бұл жер мыңдаған адамнан тұратын
ондаған қолды
жоңғарларға байқатпай шоғырландыруға
мүмкіндік беретінді. Қазақ әскерінің
одан әрі жылжу бағыттары Боралдай Қошқарата
өзендерінің жоғарғы саласындағы
"Үлкенорда қонған", "Кішіорда
қонған",
" Әбілқайыр сайы" деген жер аттарынан байқалады. Бұл топонимикалық, мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1729 жылдың көктемінде Балқаш көлінің «қалмақтардың аңырауы, боздау», Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып, белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті, Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының шет басқыншыларына қарсы күресінде ерекше орын алады. Мұндай жеңілісті көрмей мейманасы асқан қалмақтар осы жолы жаппай қырғынға ұшыран, ұрыс даласы қан сасыды. Талқаны шығып жеңіліп, "күңіренген" қалмақтардың хабарын алғанда қонтайшы Цэван-Раб-дан сенер-сенбесін білмей, қайран қалған. 5.
Алайда,
осындай халық тағыдырының
Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін жеткізілмеді. Солай бола тұрса да, қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы мемлекет билеушілерінен Қазақстанды сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.
6
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың
басында Қазақ хандығы ішкі-
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін
(Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы
келген мақсаттары жүзеге аспай қалды.
Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады,
елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек
алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің
орнына отырған баласы Болат ханның тек
атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына
дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан
бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы
жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр
хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар
дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны
пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы:
“XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ
халқының өмірінде қасіретті кезең болды.
Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары
мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын
ойрандадаы» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ
көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі
шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы
екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс
Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының
бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар”
деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы
кезеңінде ойраттар қашанда армиясының
“сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор”
деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор”
– жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау
XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді
өзбек хандығына күйрете соққы берген
1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы
мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына
қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.