Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Елдің төлем қабілеті – елдің өзінің сыртқы борышын несиегерге қолайлы валютамен уақтылы өтей алуы. Ол елдің ресурстарына,ЖҚӨ-нің көлеміне, экспортқа, халықаралық валюталық өтімділікке байланысты айқындалады. Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен,
Қазақстан Республикасынын Үкіметі республикалық
бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін
үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет
көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі
барлық активтермен қамтамасыз етілетін
Ұлттық банктің борышын өтеу және оған
қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган
билігінде тұрған меншік
құқығындағы мүлікпен,
қаржылық ресурстармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және
оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді
атқарады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері