Қазақстан Республкасының кіріс-шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Описание работы

Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

финансы.docx

— 21.99 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республкасының кіріс-шығыстары

Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін  мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. 
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория. 
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады. 
Мемлекеттік кірістер  бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады. 
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің  алатын орны зор.     Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы  біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады: 
- ішкі 
- сыртқы 
Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен  ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)

Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі: 
1)материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер; 
2)өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер. 
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі: 
1)Салықтық 
2) Салықтық емес.

Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні 

Мемлекеттік шығыстар бұл  мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды  айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар –  бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар  жүйесі арқылы жүзеге асырылатын  тікелей шығындардан тұрады.

Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі

Мемлекеттік шығындардың кейбір түрлері экономикалық мәні мен мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді: 
1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар. 
2) Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар 
3)Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары 
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты 
Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.

 
Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды максималды түрде  тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан  Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықты ң салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 кестені қараңыз). (2009 жылғы Бұл мэліметтерді қосымшалардан қараңыз).

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атып өтілгендей, 40,9%ды құрайды, олардың ішінен әлеуметтік салық - 13,7%, жеке табыс салығы - 14,6% басым болып отыр. Сөйтіп, түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың (Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары) бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді қаржыландырудың колайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 70 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты.

Бұл аспектіде республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар механизмінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады, яғни объективті қағидаттарға негізделген бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді. Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық әлуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының 7%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне, қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде түсімдердің тағы жартысын аударады. Қарсы жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік әлуетте 2,6% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған әдебиеттер

1)Google

2) http://sachok.kz/referat/show/132

3)Wikipedia.kz


Информация о работе Қазақстан Республкасының кіріс-шығыстары