Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:23, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
1. Пластикалық карточкалар……………………………………………….7
1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.
1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері
1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі
2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік……………25
2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі
2.2 Технологиялық мультибанк
2.3 Халықаралық төлем карточкалары

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...36

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым  министірлігі 
 

  Қазақ экономика, қаржы  және халықаралық  сауда университеті 
 

  «Есеп және қаржы» факультеті 

  «Банк ісі» кафедрасы 
 

  «Банк ісі» пәні бойынша 

  Курстық жұмыс 

  Тақырып: Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы. 
 
 

                
 
 
 
 
 

                             Студент: Екінші курс, ЕҚ-201 топ, күндізгі бөлім 

      Орманбаев Нариман 
 

                      Ғылыми жетекші: э.ғ.к. доцент 

                  Ильяс Ақылбек Абсаямович 

ЖОСПАР 

  КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3 

1. Пластикалық карточкалар……………………………………………….7

    1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.

    1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері

  1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі 

2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік……………25

    2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі

  2.2 Технологиялық мультибанк

  2.3 Халықаралық төлем карточкалары 
 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………33 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...36 
 

 

                                                        КІРІСПЕ  

  Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң  әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.

  Кезінде Кеңестер одағы деген құдіретті орталыққа біріккен бұрынғы одақтас республикалар халқы одақ тарқаған уақытта не істерін білмей дағдарып қалғаны рас. Қанша жыл қалыптасқан шаруашылық байланыстар быт-шыт үзілгенде күрмеуі қысқа тірлікті қалай үйлестіру керектігін көп адам білген жоқ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанда да үзілген жіпті жалғау оңайға түспеді. Қанша құжат, қаншама заң қабылданғанымен шегесі бір босап кеткен одақтың қиюы көпке дейін келісе қоймады. Осы уақытта өмірге Еуразиялық экономикалық қауымдастығы деген құрылым келді.

  Осы ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттерде тұратын жеке тұлғалар бір-біріне қаржы жібергенде ақшаны қалай аударады?

  Ол үшін қажетті заңдық негіздер жасалған ба? Осы сектор саласындағы түрлі қызметте бәскелестік бар ма?

  Қаржы аударымдарын жіберу жылдамдығы қаншалықты дәрежеде?

  Қауымдастыққа қарасты елдердегі орталық банктерден алынған ақпараттарға қарағанда және  жеке тұлғалардан ақша аударымдарын жасаумен айналысатын коммерциялық банктердің деректеріне көз жүгірткенде мұндай аударымдардың өз ерекшеліктері мен ереже, тәртіптері бар екендігін аңғаруға болады.

  ЕурАзЭҚ елдеріндегі ұлттық заңнамалардың басым көпшілігінде азаматтардың ақша аударымдарын жасау жөніндегі іс-қимылына байланысты аса бір күрделі айырмашылықтар жоқ. Заңдар көбіне бір-біріне сәйкестендірілген. Бұл жердегі әңгіменің инвестициялық, кәсіпкерлік қызметке, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алушыларға қатысы жоқ. Қауымдастық елдеріндегі валюталық заңнамалар жеке азаматтардың ақша аударымдарын жасау ісіне кедергі келтірмейді. Банк аударымдарын жасау кезінде азаматтар ЕурАзЭҚ елдеріндегі өкілетті банктердің кез келгенін таңдай алады. Сондай-ақ, кез келген валютаны таңдап, есеп-шот ашу арқылы да, есеп-шотсыз да ақша жібере алады.

  ЕурАзЭҚ елдерінің бәрінде ақша аударымдарын жасау үшін ақшаны жіберуші және алушы азаматтардың аты-жөні, ақша аударымының көлемі, аударымның мақсаты, жеке тұлғаның қолы мен аударым жасалған уақыт көрсетілуі міндетті.

  Банк аударымдарын жасау үшін жеке тұлғалардан талап етілетін тізбеде кейбір айырмашылықтар да жоқ емес. Мәселен, Қазақстан        Республикасының    азаматы    ақша

  жібергенде және алғанда салық төлеушінің нөмірін көрсетуі тиіс. Ал Қырғыз Республикасында банк аударымын жасаушы резиденттен тұрғылықты жері мен туған жылы туралы деректерді көрсетуі міндетті түрде талап етіледі.

  Қырғыз және Тәжікстан Республикаларында жеке тұлғалардың есеп-шот ашқаны үшін бірқатар коммерциялық банктер белгілі бір дәрежеде комиссиялық ақша ұстап қалады.

  Бірақ, жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жасау ісі барысында ақша көлемі жөнінде ұлттық шектеулер де жасалады. Беларусь және Қырғыз Республикаларында резиденттер мен резидент еместерге ақша аударымының көлеміне шек қойылмаған. Ал Қазақстан Республикасында 10000

  АҚШ доллары көлемінен аспайтын, кәсіпкерлік қызметке, инвестиция жасауға және жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ ақша аударымдарын есеп-шот ашып та, ашпай да жіберуге  болады. Ақша аударымының немесе төлемнің негізділігін дәлелдейтін құжаттарды ұсынып жату қажетсіз. Ресей Федерациясында жеке тұлғалар есеп-шот ашпай-ақ 5000 АҚШ долларына тең шетел валютасын немесе Ресей рублін тікелей жібере береді. Резидент емес жеке тұлғалар шетел валютасымен ақша аударымдарын қалаған сумма мөлшерінде аударып жібере алады. Тәжікстан Республикасына жеке тұлғалар шетел валютасымен қалаған мөлшерде ақша аударымын жасай алады.  Ал ел ішіндегі жеке тұлға – резиденттер мен резидент еместер Тәжікстан Республикасынан 2000 АҚШ доллары көлемінде ғана шетел валютасын сыртқа аудара алады. Онда да бұл қаржының шыққан көзін куәландыратын құжаттарды ұсынуы тиіс.

  Жедел ақша аударымдары халықаралық деңгейде маманданған Western Unіon, MoneyGram, Trabalex Worldwіde Money Ltd, VІP Money Transfer сияқты аударым жүйелері арқылы жүзеге асырылады. ТМД мемлекеттерімен жұмыс істеуге бағдар ұстаған ресейлік ірі банктер шоғыры да бар.

  Қазір бәсекелестіктің бәкісі қайта-қайта қынынан шығып тұрған кез. Қомақты қаржы дестесін қырқып алуға ұмтылмайтын құрылым аз. Осындай жағдайда ақша аударымдарын жасайтын жүйелер қызмет көрсету мен тарифтерді төмендету мәселесінде сен тұр, мен атайын деп жалақтап отыр. Мамандандырылған халықаралық ақша аударымдарын жасау жүйелері тұтас алғанда тарифтердің біркелкі жүйесін ұсынады. Ол көп ретте жіберілетін сумма көлеміне байланысты болады. Трансшекаралық ақша аударымдарын жасау ісі бойынша Қауымдастық елдеріндегі коммерциялық банктердің тарифі де шамамен алғанда бір деңгейде. Бұл аударылатын қаржы көлемінің 1,5-3 пайызы мөлшерінде. 

  Еуразиялық экономикалық қауымдастық  елдерінің барлығында пошта қызметі ақша аударымдарын жасауда өз қызметін ұсына алады. Оның тәртібі мен регламенті   пошталық ақша аударымдарын жасау  жөніндегі екіжақты                    келісімдер бойынша    реттелген.

  Бұл сала бойынша көрсетілетін қызметтерге келсек, мұнда да ептеген ерекшеліктер мен айырмашылықтарды байқауға болады. Беларусь Республикасында бір пошта аударымының ең жоғары мөлшері былайша белгіленген: Ресей Федерациясына – 90 000 рубль (электронды) және 30 000 рубль (пошталық), Қазақстан Республикасына – 500 АҚШ доллары (электронды)

  1. Пластикалық карточкалар 
 

  Пластикалық карточкалар- ақшаның қолма-қол емес түрі , қолма-қол ақшаға қарағанда қолайлы болып саналады.

  Пластикалық карточка электрондық ақшаның қолма-қол ақша  және қолма-қол емес ақша түрлеріндегі кейінгі төлемі бойынша банктің нақты несиелік міндеттемесі болып табылады. Өйткені, сатып алушы сатып алынған тауарды пластикалық карточкамен төлей отырып, сатушыға тиісті соманың несиелік міндеттемесін береді.

  Есеп айырысудың негізгі екі сызбасы белгілі: дебеттік пластикалық картаны пайдалану және несиелік пластикалық картаны пайдалану. Дебеттік пластикалық карта арнаулы картадағы клиент шотындағы есеп айырысуды қамтамассыз етеді. Несиелік пластика картасы арнайы карта шотында дебет қалдығын қалыптастыруды, яғни клиентке өзінше несие беруді ұйғарады.

  Пластикалық карталарды пайдалану арқылы есеп айырысудың артықшылығы қандай да бір затты немесе қызметті сатып алу үшін аса ірі ақша сомасын өзіңмен бірге алып жүрудің қажеттілігі болмайды; карточка жоғалған жағдайда оның жоғалғандығы туралы банкке хабарласаңыз жетіп жатыр, банк бұл карточка бойынша барлық есеп айырылысуға тосқауыл қояды.

  Қолма-қол емес ақша - ірі мекемелерде аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдер.

  Қолма-қол емес ақша есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі.

  Вексель чектердің , несие карточкалардың , электрондық ақшалардың т.б . арқасында қолма-қол емес ақша жүзеге асады .

  Электрондықтар ақша - голландиялық талдаушы Дэвид Чомоммен ұсынылған, цифрлік нақтылықтың мәні осыған сүйенеді, ақшалардың электронды түрге көшіп өтуі. Ұлу қабыршағынан, қоладан , алтыннан, қағаздан, әйтеуір, ақпараттық дәуірге, адамзаттың дамуына байланысты лайықты түрге көшті.

  Жалпы электронды ақшалардың екі түрі бар.

  Физикалық.Цифрлық қолма-қол ақшаларды сақтауға арналған карточка болып саналады, оған smart- cards жатады. 

  Smart – cards- қарапайым несие карточкасына ұқсас келеді. Басқа карталарға қарағанда айырмашылығы бар, smart- cards-тың кішкентай микросхемасында өзімен бірге бүтін компьютер , яғни , процессор , сақтау функциялары бар .

  Виртуалды. Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін  қонақүйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды. 

     1. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi белгiлеген шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау жəне басқа операциялар үшiн қолданады.

   2. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен, не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ғана төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.

   Сенаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сауда (қызмет көрсету) ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлемдердi төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдауға мiндеттi.

   3. Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi сауда (қызмет көрсету) ұйымы ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдi қабылдау туралы келiсiм берген кезден бастап туындайды. Сауда (қызмет көрсету) ұйымының осы ұйыммен төлем карточкаларына қызмет көрсету туралы келiсiм жасасқан банкке қатысты аталған ұйым қабылдаған төлем сомасында ақша талап ету құқығы туындайды. Аталған банктiң сауда (қызмет көрсету) ұйымының ақша талап етуiн орындау мiндетi туындайды.

  Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң жұмыс iстеуiне жəне төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң арнайы ұйымының қызметiне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтдық актiлерiмен белгiленедi. 
 

    1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі. 

    Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен  қаржы нарығында басты орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді  және дұрыс жүзеге асырылуы – экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми тұлғалардың, оның ішінде Ұлттық Банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы – коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында Ұлттық Банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін тексереді. Ұлттық Банк коммерциялық банктерді төлем жүйесіауқымында пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.

Информация о работе Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы