Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:47, курсовая работа
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Кіріспе 5
1 Төлем балансы және оның мәні 7
1.1 Төлем балансының мәні мен құрылымы 7
1.2 Төлем балансының түрлері 10
1.3 Төлем балансының баптарының сипаттамалары 15
1.4 Төлем қабілеті және оның міндеттері 20
2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының тапшылығы және оның төлем қабілетсіздігіне әсері 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы тапшылығының себептері 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетін жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2011 жылғы 1 тоқсандағы алдын ала деректерді қалыптастырудың дерек көздеріне мыналар кіреді:
1. 2011 жылғы
қаңтар-наурыз аралығындағы
2. 2011 жылғы
1 тоқсандағы екінші деңгейдегі
банктердің статистикалық
3. 2011 жылғы 1 тоқсандағы Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының статистикалық есептілігі (алдын ала деректер);
4. Банктік
емес сектордың валюталық
5. Қазақстанда
бір жылдан астам жұмыс
6. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Қорының
операциялары және алтынвалюта
резервтерімен операциялар
2.3
Қазақстан Республикасындағы
төлем қабілетін
жетілдіру жолдары.
Елдің төлем қабілеті – елдің өзінің сыртқы борышын несиегерге қолайлы валютамен уақтылы өтей алуы. Ол елдің ресурстарына,ЖҚӨ-нің көлеміне, экспортқа, халықаралық валюталық өтімділікке байланысты айқындалады. Елдің төлем төлеуге қабілеттілігін талдау үшін әлемдік тәжірибеде бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады. Сыртқы борыш елдің ЖҚӨ-мен салғастырылады, бірақ бұл көрсеткіш бойынша әмбебап өлшем жоқ. Әр елдің өзіндік өлшемдік деңгейі бар. Сыртқы борышты өтеу бойынша төлем төлеудің түрлі кестесін ескере отырып, басқа көрсеткіш: борышты өтеу бойынша төленетін төлемнің ЖҚӨ-ге қатынасы есептеледі. Борышқор мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ескере отырып, үшінші көрсеткіш: борыштың тауарлар мен борыш бойынша көрсетілетін қызметтер экспортына қатынасы есептеледі.
Сыртқы
борыш - шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір
күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын
елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік
практика болып саналады. Алайда, оның
шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың
артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік
сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың
көлемі - елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта
резервтерінің 50 пайызынан acпауы тиіс.
Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда
тарту кредитор - елдерге экономикалық
және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Сурет 4. Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері
Мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін әлемдік практикада Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынған арнаулы көрсеткіштер пайдаланылады (Сурет 4).
Әлемдік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсету коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз болып саналады. Бірақ, Қазақстан борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.
Елдің
жиынтық сыртқы борышының едәуір
бөлігін мемлекет кепілдендірмеген,
жекеменшік секторының борышы, соның
ішінде фирмааралық берешек алып отыр. Борыштың
бұл бөлігі несиелік капиталдың сыртқы
рыноктарында экономикалық субъектілердің
кредиттік өзара қатынастарының кеңеюімен
байланысты. Фирамааралық берешек Қазақстанда
жұмыс істеп тұрған еншілес кәсіпорындарға
шетелдік бас компаниялар мен фирмалар
тарапынан берілген кредиттер бойынша
өзара қатынастарды білдіреді. Бұл тәрізді
берешекті ел экономикасы мен қаржылары
үшін бейтарапты берешек деп санауға болмайды.
Жекеменшік сектордың сыртқы кредиттері
валюта бағамының ұнамсыз ауытқуларын
туғызады, монетарлық биліктердің ақшалай-кредиттік
саясатының таңдап алынған бағыттарын
жүргізуде проблемаларды тереңдете отырып,
валюта рыногында қалыптасқан тепе-теңдікті
бұзуы мүмкін, ақша айналысының тұрақтылығына
әсер етеді. Егер фирмааралық берешек
үлкен көлемдерге жетсе немесе пайыздардын
жогары мөлшерлемелерімен ресімделсе,
онда шығындарға кіріктіріле отырып, салықтық
төлемдердің азаюына соқтыра отырып, салықтық
шегерімнің мөлшерін көтеріп жібереді.
Және тұтас алғанда кредиттік, лизингтік ж
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы
борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің
халықаралық абыройын төмендетеді
және ел үкіметінің саясатына халықтың
сенімін кетіреді.
Ірі және
созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік
борыштың болуының келеңсіз зардаптары
микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен
бірігеді.
Инвестициялардың «ығыстыру әсерінен»
басқа, мемлекеттік бағалы
қағаздар бойынша
пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын
тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны
сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел
инвестицияларын отандық бағапы қағаздарға
жүмсаудың артықшылығы Ұлттық валютаға
сұранымды арттырады және халықаралық
валюта рыногында оның бағамының өсуін
тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың
қымбаттауына және импорттың арзандауына
жеткізеді, мұның нәтижесінде экспортқысқарады,
ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды.
Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті
болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс
сальдосы Ұлттық өндіріске тежеушілік
ықпал жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқылы қаралған үдерістерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым салу құқығын белгілеуі мүмкін.
1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған
Қазақстанның сыртқы борышы 3,2 миллиард
АҚШ долларын құрады. 1993 жылдың аяғында
Ресей Федерациясымен бұрынғы КСРО-ның
сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік
борышы мәселесін реттеген «нөлдік нұсқаны»
келісімге қол қойылғаннан кейін және
берешектің бір бөлігін мемлекеттік борышқа
қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның
сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды құрады.
Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар
Қазақстан Республикасы үшін көп емес
еді. 1995 жылдың аяғында Халықаралық валюта
қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы
сыртқы борыш 3,09 миллиард. долларды құрады
(шамамен ІЖӨ-нің 19%). 1999 жылдың аяғында
жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге
- 8,0 миллиард долларға жетті (ІЖӨ-нің 50,5 %),
соның ішінде тура мемлекеттік және Үкімет
кепілдендірген сыртқы борыш - 4,0 миллиард
доллар, Үкімет кепілдендірген сыртқы
борыш - 2,8 миллиард доллар. Ішкі жалпы
борыштың жылдық экспортқа қатынасы 115,3%-ды,
ал берешекке қызмет ету сомасының экспортқа
қатынасы 27,3%-ды, халықтың жан басына шаққандағы
ішкі жалпы борыш 533,8 долларды құрады.
Бұл уақытта сыртқы борыш статистикасында
жекеше сектордың борышын, соның ішінде
фирмааралық берешекті бөліп көрсету
басталды (Кесте 6).
Кесте 6
Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд АҚШ долларында
2010 жылдың 1 каңтарындағы жағдай боынша өзара талаптарды есепке алмағанда мемлекеттік борыш 2 триллион 39 миллиард, соның ішінде үкіметтік борыш 1 триллион 618 миллиард теңге болды. Үкіметтік борыштың құрылымында ішкі борыш 1 тириллион 289 миллиард теңгені, сыртқы борыш 329 миллиард теңгені құрайды.
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналғанреспубликалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Қазақстан
Республикасынын Үкіметі
Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.[10]
Қорытынды
Зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде қорытындылай келе:
Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық мәлімелердің екі жақты жазбасы болып табылады.
Ағымдағы операциялар шотында (балансында) бейрезиденттерге тауар мен қызмет сатудан түсетін барлық түсім және резиденттердің шетелдіктерге сататын тауарлар мен көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығысы, сондай-ақ инвестициялардан түсетін таза кіріс пен таза трансферттер көрсетіледі.
Капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялар шоттарының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттерді беру мен алу қамтылатын баптары бойынша сальдосында активтермен жасалатын барлық мәлімелерден шетел валютасының таза түсімі көрсетіледі
Сонымен, төлем балансы дегеніміз – жекелеген ел мен басқа бір елдер резидентінің арасында белгілі мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.
Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтеріне қарайтын болсақ, онда төлем балансының 2010 жылғы ағымдағы шотының дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 8,5%-ға жуықты, жалпы төлем балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 4%-дан астамын құрайды.
Қаңтар-қыркүйек
айларының аралығында капитал мен қаржы
операцияларының ауқымы 5,7 млрд. долларға
жетті, өткен жылы 1,154 млрд долларлық профицит
айқалған еді.
Қаңтар-қыркүйек
айларының аралығында Қазақстанның төлем
балансы 9,3 млрд. долларға жетті. 2010 жылы
аталған көрсеткіш 3,2 млрд-пен шектелген
еді. Бұл ақпаратты елдің Ұлттық банкі
таратып отыр. Осылайша, аталған көрсеткіш
2,9 есеге артты. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек
айларында оң сальдо болды. Оның ауқымы
32,4 млрд. долларға жетті. Дәл осы уақыт
аралығында баланстың тапшылығы 3,8 млрд.
долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда
19,6 пайызға азайды.
Информация о работе Қазақстан Республкасының төлем қабілетсіздік мәселелері