Рефераты по теории государства и права

Қазақстан көппартиялы мемлекет

29 Ноября 2011, реферат

Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.

Қазақстан Республикасы прокуратура туралы заң

18 Февраля 2013, реферат

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

20 Февраля 2012, курсовая работа

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Қазақстан Республикасындағы нотариат

21 Октября 2011, реферат

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

20 Февраля 2013, практическая работа

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары

12 Октября 2011, курсовая работа

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті

21 Декабря 2012, реферат

Ағымдағы Қазақстан Республикасының Президенті —Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері

27 Сентября 2013, реферат

1) 1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазакстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат кабылдау кажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасы

03 Марта 2013, лекция

Құқықтың жалпы теориясында қандайда болмасын заңдылықтар саласын кең және тар мағынада түсіну жолға қойылған. Заңдылықтар саласын тар мағынада түсіну деп белгілі бір жағдайға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің заңдар жиынтығын тануға болады. Осыған орай, қылмыстық-атқару заңнамалары деп жазаны атқаруға (өтеуге) қатысты және сотталушыларға түзеу ықпалының шараларын қолдану барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жүйесін айтуға болады.

Қоғамның саяси жүйесі

20 Октября 2011, курсовая работа

Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік

Қоғамның саяси жүйесі қызметі

22 Ноября 2011, курсовая работа

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

ҚР еңбек кодексі

25 Октября 2013, реферат

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

ҚР сот жүйесі

24 Февраля 2013, реферат

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

ҚР-ның құқық қорғау органдары

27 Марта 2012, контрольная работа

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі

12 Марта 2012, реферат

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
1. Қылмыстық құқық нолрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

10 Марта 2013, дипломная работа

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Құқытану

22 Февраля 2013, курсовая работа

«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің білім беру процесі, оқу жұмыс бағдарламасы Жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Оқу бағдарламасы нақты кәсіп пен мамандық үшін білім беру ұйымы әзірлеген және бекіткен құжат.




2012-2013о/ж қорытынды
Оқу жұмыс бағдарламасы
Бөлімі: қазақ
Оқу нысаны: күндізгі
Мамандығы: «Құқықтану»
Біліктілігі: Кеңесші-заңгер




«Құқықтану» әдістемелік бірлестігінің төрайымы,
«Құқытану» пән оқытушысы: Муналова Ғ.Б.





Қордай 2012
Түсініктеме парағы

«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің білім беру процесі, оқу жұмыс бағдарламасы Жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Оқу бағдарламасы нақты кәсіп пен мамандық үшін білім беру ұйымы әзірлеген және бекіткен құжат.
1. Жалпыға міндетті стандартына сәйкес, маман даярлауда кәсіптері бойынша пәндет оқытуға тиісті:
- жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді табысты игеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды;
- кәсіптік дағдыларды иелену және бекіту үшін өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибесін өтуге.
2. қызмет еңбегінің неғұрлым күрделі кәсіптері, мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда оқуға тиісті:
- жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік арнайы пәндерді;
- кәсіптік дағдыларды иелену және бекіту үшін өндірістік оқу мен кәсіптік тәжірибені;
3. Қызмет көрсету еңбегінің жоғары білікті мамандарын даярлаудаоқуға тиіс:
- кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2куртарының білім беру бағдарламаларын қоса:
- кәсіптік қызмет обьектісіне сәйкес оқытылатын жалпы кәсіптік пәндерді;
- біліктілік деңгейін ескере отырып кәсіптік құзыреттіліктің негізін құрайтын арнайы пәндерді;
- кәсіптік тәжірибені;
0201000 - «Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру стандартының мазмұнында:
- экономиканың әр саласындағы техника, технология, өндіріс бойынша қазіргі жетістіктерінің көрініс табуы;
- тиісті деңгейлі білікті мамандардың қажетті құзыреттері еңгізілуі.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқу типтік жоспары әзірленіп бекітіледі. Оқу жоспарына еңгізілген пәндер мазмұны әрбір кәсіп пен мамандықтар бойынша білім беру оқу жоспарына сәйкес айқындалады.Оқу процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қажеттіліктермен қамту арқылы орындалады. Оқу нысаны мен мамандығына байланысты білімгерлерді топтарға бөліп,, топ жетекшісі, оқу кабинеттері белгіленеді. «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының әзірлемесі 4 бөлімнен тұрады:
1. Мамандықтың жалпы сипаттамасы;
2. Типтік оқу жоспарынан;
3. Оқу білім бағдарламасының құрылымынан;
4. Білім беру бағдарламасын іске асыру;
5. Өндірістік тәжірибе жұмыс бағдарламасының қамтылуы.
Әрине, оқу процессін ұйымдастыру тиімділігі және оңтайлылығы үшін тәрбие беру бағдарламасы да есепке алынады. Тәрбие бағдарламасы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын, ұлтжанжалдығын және азаматтылығын, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттілігін дамытуға бағытталған.








Мамандықтың жалпы сипаттамасы

Бөлімі: қазақ
Оқу нысаны: күндізгі
Мамандығы: «Құқықтану»
Біліктілігі: Кеңесші-заңгер











Мамандықтың жалпы сипаттамасы
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша орта кәсіптік білім беру ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады (МЖМБС).
0201000 «Құқықтану» мамандығының жіктелуші біліктілігі 0201023-Кеңесші заңгер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР МЖМБС сәйкес:
Орта кәсіптік білім мамандығы бойынша біліктілік – алынған мамандық бойынша оқытылу деңгейі, белгілі бір қызмет түрінің орындалу дайындығы.
Мамандандыру – кәсіптік қызметінің шектелген саласында қолдануға бағытталған білім, білік, дағдылардың нақты жиынтығы.
Оқу типтік стандартта белгіленген бағыттар бойынша оқу бағдарламасы жүзеге асырылады:
- Жалпы білім пәндері;
- Жалпы гуманитарлық пәндер;
- Әлеуметтік-экономикалық пәндер;
- Жалпы кәсіптік пәндер;
- Арнайы пәндер;
- Білім ұйымымен анықталатын пәндер;
- Өндірістік оқыту;
- Кәсіптік практика;
- емтихандар
- Консультациялар;
- Факультативтік сабақтар;
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіптік білімдік бағдарламаны меңгеру нысаны:

- іштей;
- сырттай.

Күндізгі оқу бөліміндегі біліктілік деңгейі бойынша білім беру оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:
Жалпы білім беру базасында қабылдау:

- негізгі орта білім базасында;
- жалпы орта білім базасында.

0201000 – «Құқықтану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру біліктілік деңгейіне сәйкес, білім бағдарламасымен іске асырылады:
- орта буын маманы.
Күндізгі оқу бөліміндегі біліктілікке сәйкес кәсіптік білім беру бағдарламасымен меңгерудің нормативтік мерзімі:
Қабылдаудың білім беру базасы Біліктілік атауы, коды Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бюағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі
Негізгі орта білім базасында Орта буын маманы:
020101 3 –Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман
020102 3 - Кеңесші-заңгер Орта буын маманы:
2жыл 10ай

2жыл 10ай
Жалпы орта білім базасында Орта буын маманы:
020101 3 –Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман
020102 3 - Кеңесші-заңгер Орта буын маманы:
1жыл 10ай

1жыл 10ай

0201000-«Құқықтану» мамандығы бойынш

Құқық және экология

03 Ноября 2011, курсовая работа

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік үкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері

17 Марта 2012, курсовая работа

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Құқық нормасы

07 Февраля 2013, реферат

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.
Құқық нормасына тəн белгілер:
- мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;
- субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды;
- ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие;

Құқықтық сана және мәдениет

17 Сентября 2011, реферат

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекшетүрдетану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.

Құқықтық мемлекет

09 Декабря 2011, курсовая работа

Құқықтық мемлекет – көпшілік- саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретінде оның қарым – қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылылығы, құқықтық шындығы және индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.

Құқықтық мемлекет - азаматтық қоғамның саяси нысанда ұйымдасқан көрінісі

03 Марта 2013, реферат

Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген.

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

26 Декабря 2012, реферат

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Құқықтық мемлекет. Мемлекет және қоғам

13 Февраля 2013, доклад

1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық нормалардың құрылымы

11 Декабря 2011, курсовая работа

Менің бұл курстық жұмысты жазу себебім осы құқық және құқық нормаларын қарастырғым келді. Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

құқықтықтың қайнар көздері

08 Января 2012, курсовая работа

Курстық жұмыста құқық нысанының түсінігіне, нормативтік-құқықтық актілердің түрлеріне және нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі туралы жете тоқталып өтеміз.

“Құқықтық нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.

Құқықтың пайда болуы мен дамуы

06 Февраля 2013, курсовая работа

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары

12 Апреля 2012, курсовая работа

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың қайнар көздері

06 Февраля 2013, курсовая работа

Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.