Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:57, реферат
Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.
Қазақстан Коммунистік партиясы
Партияның бірінші
хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы.
Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген,
2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді.
ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды
құрайды. Республиканың барлық облыстарында
партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері,
негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері,
жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады.
Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада
ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген,
еркіндік және әлеуметтік әділеттілік
қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік
қоғамдық құрылыс құру деп есептейді.
2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан
Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.
"НҰР ОТАН" Халықтық Демократиялық Партиясы
Төраға –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның
1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
"НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы
1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың
12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде тіркелді. Партия мүшелерінің
саны 607 557 адамды құрайды. Қазақстанның
барлық облыстарында, Астана және Алматы
қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары
бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік
ұйымдардың қызметкерлері, студенттер,
ғылыми және шығармашылық зиялы қауым,
шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды
одан әрі демократияландыруға бағытталған
экономикалық және саяси реформалардың
жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу;
азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру;
әлеуметтік әділеттілікті бекіту және
елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық
және конфессияаралық келісімді нығайту;
азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен
Қазақстан Республикасының жан-жақты
және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін
тәрбиелеу деп жариялады. Мәжілісте "НҰР
ОТАН" парламенттік көпшілікке ие. 2007
жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары
бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР
ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі
палатасына партиялық тізім бойынша 98
депутат сайланды.
Қазақстан Патриоттары Партиясы
Төраға - Қасымов
Ғани Есенкелдіұлы.. Партия 2000 жылғы 4 тамызда
тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден
өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай
мақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының
ұлттық өркендеуін қалыптастыру және
жүзеге асыру; құқықтық демократиялық
мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық
қоғам құру; қоғамның әлеуметтік белсенді
бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді
басқаруда қатысуға тарту; елдің тұрақты
дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары
сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау
және азаматтардың денсаулығына басым
көңіл бөлу. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда
партия 0.78% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы
Партия төрағасы
– Қалиев Ғани Әлімұлы.. Партия 2002 жылғы
1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде
партия қайта тіркеуден өтті. Партия
мүшелерінің саны 61 043 адамды құрайды.
Қазақстанның барлық облыстарында партияның
өз құрылымдық бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен
партия аграрлық секторды мемлекеттік
реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл
еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды;
қоғамды одан әрі демократияландыруға
бағытталған экономикалық және саяси
реформалардың жүзеге асуына белсенді
түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынастардың
негізделген нысандарын экономиканың
барлық салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың
өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді.
2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.51%
дауыс алып, Парламентке өтпеді.
Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы
Партия төрағасы
- Перуашев Азат Турлыбекулы Партия
2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия
мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды.
Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші,
демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі
құндылықтары: демократия, тәуелсіздік,
еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды
одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар
жасау жөніндегі келісу комиссияларының
жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің
үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа
ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия
3.09% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
"Руханият" партиясы
Партия төрайымы
- Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия
2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің
саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары
облыс орталықтарында, Астана және Алматы
қалаларында жұмыс жасайды. Партияның
әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық
сақтау, ғылым және мәдениет салаларының
қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер
және т.б. Өзінің басты міндеттері экономиканы
көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу,
адамгершілігі жоғары және рухани бай
қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы
Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып,
Парламентке өтпеді.
Партия төрағасы
- Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы.2004 жылғы
14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің
саны 70 000 адамды құрайды. Партия аумақтық
қағидат бойынша құрылды және республиканың
барлық облыстары мен Астана және Алматы
қалаларында өз бөлімшелері бар. Партия
Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік
мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған
экономикалық жүйе жасауды, азаматтық
қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті
деп есептейді. 2004 жылы Мәжіліске сайлау
қорытындыларына сай партиялық тізімдер
бойынша дауыс беру кезінде партия 0.76%
дауыс алды. Мәжілістің үшінші шақырылымында
бір мандаттық округ бойынша сайланған
бір депутаты бар. 2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет»
Демократиялық партиясының V съезінде
оның Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық
Партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды.
2007 жылғы 20 қазанда «Әділет» Демократиялық
партиясының VI (кезектен тыс) съезінде
«Әділет» ДП-ның «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ға қосылуы
туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін
жою туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы
Бірінші хатшысы
- Косарев Владислав Борисович. 2004 жылғы
21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуден
өтті. Тіркелу сәтінде партия қатарында
90 000 адам болған. Партия қатарында жұмысшылар,
студенттер, зиялы қауым, зейнеткерлер,
кәсіпкерлер және т.б. Партияның саяси
тұғырнамасына сай ҚКХК қызметінің негізінде
қоғамдық дамудың жаңа жағдайларына бейімделген
маркстік-лениндік идеология жатыр. 2004
жылы Мәжіліске сайлаудың қорытындылары
бойынша партия 1.98% дауыс алды. 2007 жылы
Мәжіліске сайлауда партия 1.29% дауыс алып,
Парламентке өтпеді.
Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы
Төраға - Әбілов
Болат Мұқышұлы Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде
құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз
АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген. Мүшелерінің
саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында
өз филиалдары бар. «АЗАТ» - орташа таптың
партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет
пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші,
демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін
азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру.
2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық
партияға қосылу туралы шешім қабылданды.
2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде
бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы
қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды.
2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында
«Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп
қайта атау туралы шешім қабылданды, осы
атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.
24 қазан 2009 жылы
«Азат» ҚДП және ЖСДП
Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)
Төраға: Тұяқбай
Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары:
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия
2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы
25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны
- 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана
мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары
бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық
партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық,
әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика
құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге
асыру міндеттерін қойып отыр. Партия
әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың
құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік,
Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның
саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында
дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске
сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке
өтпеді.
24 қазан 2009 жылы
«Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші
съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық
партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға
байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға
тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды
дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай
мен Болат Әбілов сайланды. Партияның
Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.